К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді жою



Pdf көрінісі
бет151/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді жою. Малды кенелерге 
қарсы акарицид дәрілерімен, олар малға жабыспас бұрын дәрілеген жөн. Ол 
үшін, неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді таңдап алу пайдалы. Бірақ 
әр акарицидтік дәрілердің балаңкене, нимфа және имаго сатыларына 
тигізетін әсері әр қилы екеңін ескеру керек. 
Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне 
төл және арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал. Күннің 
ыстығы да дәрінің организмге тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға 
дейінгі төлге, тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі қолдануға 
болмайды. Уланудан сақтандыру үшін малды күннің салқын кезінде 
дәрілеген абзал. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының мөлшері, оның 
паспортында көрсетілуі керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид 
дәрілер улы болғандықтан, оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау 
мерзімі және қолданылу мөлшерін мұқият қадағалап отырады. Мал 
ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес 
жүргізгенде, кене денеге жабысп ай.ас үшін арнайы комбинезон киу, малмен 
жұмыс істігеннен кейін денені қарап шығу және т.б. сақтық шараларын 
қолдану қажет. 
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы 
немесе тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды 
шомылдыру үшін арнаулы, жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа 
кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалатын күрделі құрылыс. Қой 
тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы 
тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. 
Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады. 
Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2 % бензофосфат, 0,5 % 
циодрин, 0,15 % дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л 
мөлшерде қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол 


164 
баллонын әр малға 60-80 г есебімен қолданады. 
Қойды арнайы тоғытпада шомылдырады. Ол үшін 0,2 % бензо-фосфат, 
0,05 % неоцидол, 0,1 % дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын 
шомылдырады. Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын 
кенелер кездеседі. Оларға қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды 
дустпен емдеу клиникалыққы аула ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы 
дайындықтан өткең және арнаулы киімі, көз әйнегі, қолғабы және тыныс 
алатын аспабы бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты әуелі сеуіп, сонан соң оны 
кенесі бар жерлерге ысқылау керек. Әрбір ірі малға 300-400 г дуст 
жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет