135
дозада, арасына тәулік салып, 7% -дық ерітінді түрінде, екі рет қалың етке
егу арқылы емдейді. Бірақ, киеңкіден айыққан мал, рецидив беріп,
қайта-
қайта ауыра береді.
Шағылыстыру науқаны қарсаңында жылқыны түгелдей барлық
диагностикалық тәсілдерімен тексеріп, мал ішінде киеңкінің бар-жоғын
анықтау керек. Аурудың көмескі белгілері бар жылқыны оқшаулап емдеу
орынды. Айғырларды үйірге қосар алдында, сақтық шара
ретінде наганинмен
0,01 г/кг мөлшерде егеді. Одан басқа антрицид, трипамидий, неоазидин,
батризин және т.б. трипаноцидтік дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, құрал-
саймандар зарарсыздандырылады.
Таза емес шаруашылықтарда мал табынын жасақтауға, клиникалықтан
мал қосуға, мал сатуға,
әкетуге және ауыстыруға, сонымен қатар
клиникалық малымен ұрықтандыруға жол берілмейді.
Шаруашылықтағы мал басы және ондағы есек, қашыр түгелімен
киеңкіге тексерілуі тиіс. Ауруға шалдыққандарын сояды немесе жояды, ал
оған күдікті малдарды аралығына 30 күн салып, серологиялық әдістермен екі
рет тексереді. Жылқы қанын тексеруді қатарынан екі рет теріс нәтиже
алғанша жалғастыра береді.
Жылқы табынан соңғы рет ауру шыққанына 6 ай өткең соң және 4, 6
айларда екі рет қатарынан серологиялық реакциялар
теріс нәтиже берген
жағдайда,
қорытынды
шаралар
жүргізілген
соң,
шаруашылықты
трипаносомоздан таза деп, жариялауға болады.
Киеңкіден тазартылған шаруашылықтарда, жылқыны шағылыстыру
мерзімінің аралығында, жыныс жасындағы барлық малды үш қайтара
серологиялық тексеруден өткізеді. Біріншісін- шағылысу кезеңі өткең соң, 1-
5
айға кейін, екіншісін - бірінші тексеруден 3 ай өткең соң, үшіншісін –
екінші тексеруден 1 ай өткең соң жүргізеді.
Мал басын киеңкіден тазартқан соң, 1-5 жылдан кейін малды
шаруашылықтан шығаруға, сатуға рұқсат беріледі.
Жылқы киеңкісі өзінің
қауыптілігіне байланысты, Халықаралық эпизоотиялық бюроның есебіне
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: