170
таралады.
Малды қорада бағуда және жаппай салқындаудың түсуінд
табын
арасында ауру клиникалық пайда болады. Ең көп зақымдалулар сау
жануарлардың ауру жануарлармен зақымдалуы кезінде жүреді. Бұған
жануарларды дымқыл және тар ғимаратта жияңқы күту мүмкіндік туғызады.
Байламды күтіп-бағу кезінде аула алаңдарында және анлологиялық
жағыдайларда ауру жануарларды
сау жануарлармен байланыстыру,
байланбаған жүйе кезінде терең ауыстырылмайтын төсеніште ұстағанда ауру
жануарлар арасында қарқындырақ болады.
Жылу түсуімен ауру ақырындап өшеді, ал ары қарай аурудың
клиникалық белгілері жоғалады. Жазда кенелердің (ауаның құрғақтығы, күн
сәулесінің әсері, түлеуден кейін тері ылғалдылығының төмендеуі, жануарлар
ағзасының резисттентілігінің жоғарлауы) дамуына қолайсыз жағыдайлар
туындайды. Кенелер осы уақыттарда
паразиттеуге қолайлы, күн сәулесінің
әсерінен қорғалған орындарға тығылады (құйрық маңы теі қабаттарында,
құлақ қалқанында, ұма және бұт аумақтарында);
кенелер осы жерлерде
сақталады және аурудың белгілерін тудырады. Ауырған және емделмеген
жануарлар, жылдың алдағы салқын кезеңінде қайта аурады және ауру көзі
болады. Айтарлықтай дәрежеде псороатоздың дамуына биттер мен бүргелер
мүмкіндік береді.
Патогенезі. Терідегі кенелер қатты тартылған хелицерлерге ие болып,
қабыну үрдісінің
дамуын тудыратын, токсинді секрет бөледі және өзінің
тұмсығымен эпидермисті теседі. Тері рецепторларының механикалық және
химиялық тітіркеңулерінің әсерінен қышу пайда болады. Жануарлар
маңайындағы заттарға немесе тістерімен
қышу орталықтарын қасиды;
осының ақыры зақымдалған ошақта ылғалдылық көтеретін, сілекейлермен
терінің ылғалдануына әкеледі.
Тері беткейінде экссудат бөлінуі ұлғайады. Ол шаңмен және
эпидермистің жойылған жасушаларымен араласып жүн жапсырады.
Зақымдалу
ошағында ісіктік, диффузды жасушалық инфильтрация дамиды.
Шашты буылтықтардың қоректенуінің бұзылуы жүннің түсуіне әкеледі.
Физико-химиялық өзгеру салдарынан эпидермис жасушалары күшейген
түрде азғындалады, олар қышымаларға айналады және қиын бөлінеді. Уақыт
өте келе қабыршақ жұмсақтан қаттыға (құрғайды) айналады, сынғыш келеді
және өлген шаштармен ақырындап жұлынады. Зақымдалу ошағындағы
қабыну өшеді, инфильтрат сорылады, тері бездері және тері элементтерінің
серпімді элементтері қалпына келеді. Ошақ
ақырындар эпителденеді және
жүнмен жабылады. Аурудың осындай ағымы қолайлы деп саналады. Ол
жылы ауа рай тұскеңде немесе емдегеннен кейін болады. Сирек
жағыдайларда қабыун іріңді микрофлораның енуімен асқынады.
Достарыңызбен бөлісу: