К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет169/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Жануарлардың гиподерматозбен 
зақымдалуы тек жазғы уақыттарда болады. Инвазия көзі гиподерматозбен 
ауратын жануарлар болып табылады. Жануарлардың дернәсілдермен 
зақымдалғыштығына және бөгелектердің көбеюіне малдардың тығыз 
орналасуы, сондай-ақ, бөгелектердің өмірінің ұзақтығына және дамуына әсер 
етуші климаттық жағыдайлар маңызды факторлары болып табылады. Үлкең 
жануарларда нәзік ұлпаларының аз болуына және терінің үлкең жуандықта 
болуына байланысты жас жануарларға қарағанда, бөгелек дернәсілдерімен аз 
дәрежеде зақымдалады. Үлкең жануарлардың зақымдалуының аз пайызына 
пайда болған иммунитетте әсер етеді. 
Патогенезі. Жануарлардың тері астына еніп, кейін жұлын каналына, 
өңешке және басқада ішкі ағзаларға теріасты бөгелегінің дернәсілдері 
регрессивті-экссудативті түрдің қабыну құбылыстарымен сүйемелденетін 
ұлпаның механикалық зақымдалуын тудырады және нітежиесінде ауыр 
созылмалы аурулар, сауын мөлшері мен салмақтың төмендеуін тудыратын 
жалпы токсинді әсер көрсетеді. Жыл сайын әр зақымдаған дернәсілден 
сиырлар 80 – 200 л сүт кем береді (жылдық сауынның 4,5% - ы), бұзаулар 
орта есеппен 13 – 18 кг ет аз береді. Жұмыртқадан жарылған дернәсілдер тері 
арқылы теріасты клетчаткасына өтеді. Дернәсіл тері арқылы кірген кезде
оларда жара түзіледі, одан серозды экссудат бөлінеді. Біраз уақыт өткеңнен 
кейін жара қабықшамен жабылады, ал экссудат құрғап қалады. Ұлпаға тері 
асты бөгелегі дернәсілдерінің ену кезеңі өте ауырсынулы және жануарларда 
қатты тынышсыздықпен сүйемелденеді. Өңеш дернәсілдері жүйке-тамыр 
өрімін қарай жылжып, кілегей қабығы арқылы өтеді. Өзінің қозғалысы 
кезінде қан жасушалары мен зақымдалған тамыр эксудаттарының ағуымен 
сүйемелденетін, ұлпаның зақымдалуын туғызады. Жергілікті ауырсынумен 
және ісінуме сүйемелденетін қабыну процесінің дамуы болады. Қабыну 
тынымдалғаннан кейін ұлпаның зақымдалған бөліктері дәнекер ұлпасымен 
орынын ауыстырады. 
Жануарлар ағзасында 1 сатыдағы дернәсілдердің көшіп қонуы кемік 
майы каналына бағытталған, сондай-ақ, тамыр және жүйке өзегінің маңынан 
өтеді. 
Өңеште дернәсілдердің үлкең мөлшерінің жиналуы кезінде оның 
функуиясының бұзылуы пайда болады, ол өңештің өткізгіштігінің 
кішіреюімен, 
ісінумен 
сүйемелденеді. 
Тері 
асты 
бөгелектерінің 
дернәсілдерікемік майын каналында үлкең мөлшерде жиналып, аяқ-қолдың 


184 
шала салдануына әкелуі мүмкін. Тері асты клечаткасына дернәсілдердің 
жиналу үрдісі жануарларда қабынумен сипатталады. Сондықтан
дернәсілдердің жартсы өледі және ақырындап сорылады, ал қалған хитинді 
кутикула бірінші болып жасушалық пролифератты қоршап алады. 
Жануарларға 2-ші және 3-ші сатыдағы дернәсілдер айрықша үлкең зиян 
келтіреді, олар тері асты қаяу капсулаларда паразиттеледі. 
Дернәсілдердің өсу дәрежесі бойынша, қабыну ошағы мен капсула 
ұлғайады. Пальпация кезінде тері қабынған бөліктері ыстық және ауырады. 
Дернәсілдердің үлкең мөлшері кезінде қабынған бөліктер клиникалықынан 
жазық іріңді беткей түзіп, өз ара шаырайды. Жеке жануарларда 
капсулалардың бүтіндігінің жоғалуы болады және дернәсілдер өледі, қабыну 
үрдісі бұлшық ет ұлпасы мен тері асты клетчаткасына таралып, іріңді 
некротикалық сипатқа ие болады. Анафилактикалық шок болуы мүмкін, 
кейде ақыры өліммен аяқталады. Осындай жануарларда қабақтары, еріндері, 
анал аумағы қабынады және жануар ауыр демалады. 
Түзілген ақаулар дәнекер ұлпасымен толысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет