Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология



бет12/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
8 Сабак

Ірің микробтарымем қоса асқынған актиномикоздың клиникалық көрінісі. Егер актиномикозға ірің микробтары қосылса, бет-жақ аймағында флегмона, абсцесс белгілері көрінеді. Яғни аурудың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі, әр жерде абсцесстер мен флегмоналар пайда болады. Оларды емдегеннен кейін, актиномикоздың

Сурет-68. Актиномикоз.
клиникасы жоғарыда айтылғандай болады. Айта кететін жағдай, актиномикозға ірің микробтары қосылмағанның өзінде, бұл сырқат өте қатерлі науқас болып есептеледі.
Ажырату нақтамасы-диагнозы. Т. Г. Робустованың айтуынша, стацио-нардан тыс, тек 8% ауруға ғана актиномикоз деген нақтама-диагноз дұрыс қойылады. Бұндай жағдайдың басты себебі, дәрігерлердің актиномикоз ауруының клиникалық көрінісін нашар білуімен қатар, бұл науқас бір көрініспен ғана аяқталады деген болжамның болуында. Осыған байланысты дәрігерлер актиномикозды ақыл тіс артындағы оститтен, жедел және созылмалы остеомиелиттен, одонтогендік теріасты гранулемадан, туберкулез бен сифилистен клиникалық белгілері мен келесі қосалқы әдістемелерге сүйене отырып ажырата білу қажет:
1) Сәулелі саңырауқұлақ шоғын (друзын) микроскоп арқылы анықтау.
2) Жыланкөзден шығатын іріңді жағындыны шыны арқылы тексеру.
3) Д. И. Аснин әдістемесі бойынша актинолизатпен тері-аллергиялық сынақ жасау. Бұл сынау әдісі: білектің ішкі жағына (оң және сол жағына) тері ішіне 0,3 мл актинолизат енгізіледі. Бақылау үшін одан 8-10 см төмен 0,3 мл ет-пептонды сорпа немесе физиологиялық ерітінді енгізіледі. Сынақты 24 сағаттан кейін оқиды. Егер: 1) теріде тек иненің орны қалса реакцияның жоқтығы (-); 2) сынаған және бақылау орындарында бірдей қызыл түсті кішкене қызару пайда болса, реакция күдікті (+); 3) ине шаншылған жерде (сынау) әр түрлі көлемді қызғылт түсті эритема пайда болса, реакция бар бірақ әлсіз (+); 4) тері эритемасы ашық-қызғылт түсті, сипағанда ауырса реакцияның болғаны (++); 5) эритема ашық-қызыл болып, тері домбығып ісіп ауырса реакцияның күшті болғаны (+++); 6) актинолизат жіберілген жерге байланыссыз организмде жалпы немесе ошақты өзгерістер болса реакцияның өте күшті болғаны (+++).
4)Агарға себу арқылы сәулелі саңырауқұлақты бөліп алу.
5) Биопсия арқылы анықтау.
6) Жалпы қанды тексеру (лейкопения, гемоглобин азаюы. ЭТЖ көбеюі. С реактивтік белок пайда болуы).
7) Комплимент байланысы реакциясын ауру сарысуымен тексеру. Актинолизат антиген болып есептеледі.
8) Рентген сәулесі арқылы тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет