Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет1/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.8 Mb.
#123846
  1   2   3   4   5   6   7   8   9









Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Математика және информатика кафедрасы

IG 2207 «Инженерлік сызба»


Пән бағдарламасы

(Syllabus)

Павлодар,


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
2014 ж.

Пән бағдарламасы

(SYLLABUS)






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультетінің деканы

___________ Н.Испулов

2014 ж. «___»________



Құрастырушы: ______аға оқытушы Алимова Ж.С.

5В060200 Информатика мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған
IG 2207 «Инженерлік сызба»
Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2014 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2014 ж. «___»_________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2014 ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. «____»_____________




1 Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы IG 2207 «Инженерлік сызба»
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Жалпы сыйымдылық – 90 сағат

Аудиториялық сағаттар – 30 сағат (дәріс – 15сағат, практикалық сабақтар –15 сағат)

СӨЖ – 60 сағат (оның ішінде СӨОЖ – 15 сағат)
Бақылау формасы

Емтихан – 3 семестр


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Алимова Жанар Сагидуллаевна

Информатика магистрі, аға оқытушы

Математика және информатика кафедрасы: А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-20), jarasovajanar@mail.ru


3 Пән, мақсаттары мен міндеттері

Оқу пәні геометриялық есептерді сызбаларды қолданып шешу, алдын ала берілген геометриялық немесе тағы басқа қасиеттері бар объектілердің проекцияларын және инженерлік іс-әрекеттің нақтылы саласындағы заттар мен объектілердің кескіндерін құру тәсілдерін қарастырады.

«Инженерлік сызба» пәнін оқытудың мақсаты –студенттердің кеңістік туралы ұғымын, геометриялық логикасын дамыту, сонымен қатар AUTOCAD, КОМПАС және т.с.с. жобалаудың әмбебап графикалық жүйелері ортасында инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандырудың әмбебап ортасын зерделеуі және меңгеруі болып табылады. Сонымен бірге, ҚҚБЖ стандарттарын қанағаттандыратын құжаттарды орындау сапасы бойынша және стандарттардың талаптарын сақтау бойынша, конструкторлық құжаттаманы алу үшін, графикалық редакторларда жобалау мен конструкциялауды меңгеру.



Пәнді оқудың міндеттері

  • студенттерді қолданбалы геометрияның әдістерімен таныстыру;

  • сызбаларды құрастыру және оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • ДЭЕМ-де жұмыс барысында сызбаларды жасау, рәсімдеу және безендіру әдістерін меңгерту.

  • сызба геометриясы, сызу пәндерінен алған білімдерін сызба жұмыстарын автоматтандыруда қолдануын меңгерту; компьютерлік сызбада алған білімдерін тереңдету;

  • сызба геометриясы, сызу және компьютерлік сызба пәндерінің арасында пәнаралық байланыс жасай отырып, студенттердің кеңістіктік бейне туралы түсінігін жетілдіру;

4 Пререквизиттер мен постреквизиттер

4.1 Пререквизиттер

Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет: геометрия және сызу (орта білім деңгейінде), автоматты жобалаудың бағдарламалық жабдықтары, компьютерлік сызба.



4.2 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта екіөлшемді және үшөлшемді бөлшектерді жасауды талап ететін әртүрлі салаларда жобалау–конструкторлық жұмыстарды автоматтандыруда, және ақпараттық жүйелерді жобалау пәндерін меңгеруде қажет.



5 Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар

Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:

  • геометриялық екіөлшемді және үшөлшемді примитивтерді бейнелеудің теориялық негіздерін, сонымен бірге, проекциялық сызудың негіздерін;

  • ҚҚБЖ (құжаттарды құрастырудың біріккен жүйесі) стандартындағы шарттарды салу тәсілдерін;

білуі қажет:

  • Графикалық редактордың негізгі командаларын, графикалық бағдарламалық жүйелердегі графикалық примитивтерін, сызба элементтерін түрлендіруді, қатты денелі модельдерді жасауды;

  • AUTOCAD, КОМПАС және т.с.с. жобалаудың әмбебап графикалық жүйелері ортасында іске асырылған, инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын;

қолдана білуі:

  • Графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды қолдануды;

  • Кешенді сызбаларда ҚҚБЖ ережелерін қолдануды;

  • Компьютерді ақпаратты басқару құралы ретінде жұмыс істеуді;

меңгеруі қажет:

  • ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде заттың кешенді сызбаларын жасауды және өңдеуді;

  • Екі берілгендер арқылы үшінші түрдегі объектіні тұрғызуды;

  • Үшөлшемді фигуралардың жазықтықтағы бейнелері бойынша берілген позициялық және метрикалық есептерді шешуді;

  • Кешенді сызбаларды ҚҚБЖ ережелеріне сәйкес безендіруді, заттың кешенді сызбаларын оқуды;

құзіретті болу:

  • Кешенді сызбаларды ҚҚБЖ ережелеріне сәйкес орындай білу;

  • AUTOCAD, КОМПАС және т.с.с. жобалаудың әмбебап графикалық жүйелерінде жұмыс істей білу.


6 Пәннің тақырыптық жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет