Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет1/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
















Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Математика және информатика кафедрасы

КG 3208 «Компьютерлiк сызба»


Пән бағдарламасы

(Syllabus)

Павлодар,
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
2014 ж.


Пән бағдарламасы

(SYLLABUS)






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультетінің деканы

___________ Н.Испулов

2014 ж. «___»________



Құрастырушы: ______аға оқытушы Алимова Ж.С.

5В060200 Информатика мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған
КG 3208 «Компьютерлiк сызба»
Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2014 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2014 ж. «___»_________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2014 ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. «____»_____________


1 Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы КG 3208 «Компьютерлiк сызба»
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5



Жалпы сыйымдылық – 135 сағат

Аудиториялық сағаттар – 45 сағат (дәріс – 15сағат, практикалық сабақтар –30 сағат)

СӨЖ – 90 сағат (оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат)
Бақылау формасы

Емтихан – 5 семестр


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Алимова Жанар Сагидуллаевна

Информатика магистрі, аға оқытушы

Математика және информатика кафедрасы: А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-20), jarasovajanar@mail.ru


3 Пән, мақсаттары мен міндеттері

Оқу пәні жобалаудың әмбебап сызба жүйелері ортасында сызба жұмыстарын автоматтандыруда қолданылатын негізгі ұғымдарды және сызбаның түрлері мен классификациясына сәйкес сызба ортасында жұмыс істеуді қарастырады.

«Компьютерлік сызба» пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің компьютерлік сызба туралы түсінігін қалыптастыру, компьютерлік сызбаның математикалық және алгоритмдік негіздерімен таныстыру. Сонымен бірге, күрделі сызба жұмыстарын автоматты түрде орындай отырып, студенттердің жалпы техникалық және графикалық мәдениетін арттыру, кеңістікте ойлау қабылетін дамыту.

Пәнді оқудың міндеттері


  • студенттерді қолданбалы геометрияның әдістерімен таныстыру;

  • сызбаларды құрастыру және оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • ДЭЕМ-де жұмыс барысында сызбаларды жасау, рәсімдеу және безендіру әдістерін меңгерту.

  • сызба геометриясы, сызу пәндерінен алған білімдерін сызба жұмыстарын автоматтандыруда қолдануын меңгерту;

  • сызба редакторларын қолдану аймағына қарай жіктей білуге және қолдана білуге үйрету;

4 Пререквизиттер мен постреквизиттер

4.1 Пререквизиттер

Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет: геометрия және сызу (орта білім деңгейінде), автоматты жобалаудың бағдарламалық жабдықтары, ақпараттану пәндері.



4.2 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта, мультимедия жүйелерін жобалау мен модельдеу және веб-технология пәндерін меңгеруде қажет.



5 Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар

Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:



  • Сызба объектілерін тұрғызу алгоритмдерінің негіздерін;

  • Компьютерлік сызбаның фундаменталды математикалық әдістерін;

  • Растрлық бейнелер, векторлық объектілер құрудың шексіз мүмкіндіктері туралы;

білуі қажет:

  • Бейнелерді анимациялауға және динамикалық веб түйіндерді құруға арналған редакторларды;

  • Сызба редакторларының негізгі командаларын, графикалық бағдарламалық жүйелердегі графикалық примитивтерін, сызба элементтерін түрлендіруді;

  • Әмбебап графикалық жүйелері ортасында іске асырылған, сызба жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын;

қолдана білуі:

  • Графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды қолдануды;

  • Кешенді сызбаларды жасағанда компьютерді ақпаратты басқару құралы ретінде қолдануды;

меңгеруі қажет:

  • ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде заттың кешенді сызбаларын жасауды және өңдеуді;

  • Берілгендер арқылы екінші түрдегі объектіні тұрғызуды;

  • Үшөлшемді фигуралардың жазықтықтағы бейнелері бойынша берілген позициялық және метрикалық есептерді шешуді;

құзіретті болу:

  • Әмбебап графикалық жүйелерінде жұмыс істей білу;

  • Іскерлік, анимациялық және иллюстрациялық компьютерлік графиканы пайдалана білу.


6 Пәннің тақырыптық жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет