Пререквизиттер:«Антика тарихы», «Ежелгі Шығыс тарихы»
Постреквизиттер:Азия және Африка тарихы
Күтілетін нәтижелер:
Алғашқы қоғамның қалыптасу, гүлдену және ыдырауының жалпы заңдылықтарының, негізгі кзеңдері мен ерекшеліктері жөнінде көрініс алады.
Алғашқы қоғамның қалыптасу, гүлдену және ыдырауының жалпы заңдылықтарын; таптық қоғам қалыптасуының негізгі заңдылықтарын ашу; тарихи фактілерге, құбылыстарға талдау жасай білу, салыстыра білу;
Ғылыми көзқарастарға баға беру білу икемдерін, дағдыларын қалыптастыру; Істей білуі керек: Тарихи үдерістің себеп-салдар байланысын орнату, салыстырмалы талдау негізінде тарихи құбылыстар мен оқиғаларды саналы түрде игеруі керек, тарихи білімдерді шығармашылық тұрғыдан тәжірибеде орындай білуі керек,
Тарихи эволюция заңдарын түсіндіру, тарихилық принцип негізінде, тарихи өткенімізді талдай білу, жазбаша жұмыстарды (конспект, аннотация, реферат, баяндама, эссе) жаза білу және оларды дұрыс рәсімдей білуге дағдылану, өзінің қорытындыларын салиқалы негіздей білу
Тарихи құбылыстарды талдау, семинарларға дайындалу барысында қолда бар ғылыми әдебиетке өз бетінше сын көзбен талдау жасай білу;
Тарихи деректерді жіктеп, талдай білу; картаны жақсы бағдарлауға дағдылану және оны ауызша жауап беруден пайдалана білу
Тарихи құбылыстардың болжамдарын жасай білуі керек. Әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениеттеріне төзімді болуы тарихи білімнің теоретикалық, қолданбалы және бағалылық аспектілерін көрсете білу, оларды күнделікті, сондай-ақ, кәсіби өмірде практикалық шешімдерді негіздеуде қолдана білу.
Пәннің мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |