Кафедра меңгерушісі: с.ғ. к., доцент Бердібаев Р. Ш



Pdf көрінісі
бет30/36
Дата08.11.2022
өлшемі2.43 Mb.
#464303
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
ДЖ-Бұлттық сервистер

4.1.4 Электр қауіпсіздігі
Қоғамдық ғимараттардың электротехникалық құрылғылары Қазақстан 
Республикасының электр қондырғыларын орнату ережесіне, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-
2001 [23] талаптарына сәйкес жобаланады.
Жергілікті электр жарақаттары электр тогының дене ұлпалары мен 
мүшелерін зақымауы: күюлер, электр таңбалары, терінің электр металдануы 
және электроофтальмия (көздің қарығуы) болып табылады.
Токтың келесі шектік мәндерін бөліп атауға болады:
− токты сезу шегі –ең аз сезілетін ток (0,5 -1,5мА); 
− босатпайтын ток шегі –адам өз бетімен бұлшық еттері электродтармен
қамтылған әрекеттен босана алмайтын ең аз ток мөлшері (6-10мА). Бұдан 
аз токтар босататын болып есептеледі;
− қаза ететін (100 мА және одан астам) ток.
Изоляцияның бүлінуінің әсерінен кернеу астында қалған металды
құрылымдарды немесе электр құрылғылардың корпусын ұстау нәтижесінде
алынатын электрлік жарақаттарды болдырмау және аппаратураларды қорғау 
үшін қорғанысты жерлендіру орналастырылады. Ол электр қондырғылардың 
метал бөліктерін жермен әдейі жалғау арқылы жасалынады.
Жерлендіру құрылғыларын (ЖҚ) жобалау кезінде адамның электр тоғымен 
жарақат алу ықтималдылығы ескеріледі. Алайда, бірде-бір салада және жалпы 
өмірде адамдардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан, ЖҚ-ның аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін 
адам электр тоғымен жарақат алу қаупі жағдайының болу ықтималдылығын 
азайтылады.
Тиімді жерлендірген желілерде электр қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп 
жерлендіргіштегі φж потенциалы 10 кВ-тан аспайтын, ал жерлендіргіштің 
нәтижелі кедергісі жылдың кез-келген мерзімінде 0,5 Ом-нан аспайтын болып 
саналады. 


58 
4.2 
Есептеу бөлімі
4.2.1 Жерге тұйықтау есебі 
Есеп әдістемелік нұсқауларымен жүргізілді [25]. Жұмысты электр 
қондырғыларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүргізеді. Сонымен 
қатар электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша 
кіріспе және мерзімді нұсқамалар сақталды, еңбек тәртібін орындалды , жұмыс 
орнын дұрыс ұйымдастыралды. Жерге тұйықталу шиналары қол жетімді 
жерлерде орналасқан. Қорғау үшін жабдық пен аспаптардың ток өткізгіш 
бөліктеріне жанасу оқшаулауды, ток өткізгіш бөліктерінің орналасуы мен 
қоршауын пайдаланады. Жабдықтың металл бөліктеріне жанасу кезінде 
кездейсоқ кернеу астында болуы мүмкін электр тогының зақымдануынан қорғау 
үшін, қондырғы корпусын қорғағыш жерге қосылды. Жерге тұйықтау есебін 
шығару үшін бастапқы деректер қажет олар 4.1 кестеде көрсетілген. 
4.2 кесте – жерге тұйықтауды есептеу үшін бастапқы деректер 
Топырақт
ың 
меншікті 
кедергісі, 
Ом*м 
Жерге 
тұйықтағыш
тың 
диаметрі, d, 
м 
Жерге 
тұйықтағыш
тың 
ұзындығы, 
L, м 
Жерге 
тұйықтағыш
тың
орналасу 
тереңдігі, h, 
м 
Жерге 
тұйықтағы
штар 
арасындағы 
қашықтық, 
Жолақт
ың ені, 
b, м 
300 
0,05 
2,0 
0,7 
6,0 
0,02 
Бір жерге тұйықтағыштың кедергісі мына формула бойынша анықталады: 
𝑅тк = p ∗ ( lg ( 2 ∗ L / d ) + 0,5 ∗ lg (( 2 ∗ 4 ∗ t + L ) / ( 4t ∗ L ))) / 2 * п * L 
(4.1) 
мұндағы Rтк - жерге тұйықтағыштың кедергісі; 
ρ – топырақтың меншікті кедергісі;
L – жерге тұйықтағыштың ұзындығы;
t – жерге тұйықтағыштың орналасу тереңдігі;
d – жерге тұйықтағыштың диаметрі. 
Rтк = 300 ∗ ( lg ( 2 ∗ 3 / 0,05 ) + 0,5 ∗ lg (( 4 ∗ 2,2 + 3 ) / ( 4 ∗ 2,2 * 3 ))) / 2 * 
3,14 * 3 = 15,57 Ом 
Жерге тұйықтағыштың саны мына формуламен есептеледі: 
𝑛 = 𝑅тк / 𝑅нк, (4.2) 
мұндағы, n - жерге тұйықтағыштың саны;
Rтк - жерге тұйықтағыштың кедергісі;


59 
Rнк - нормалар бойынша жерге тұйықтағыштың кедергісі (4 Ом).
Жерге тұйықтағыштар арасындағы қашықтық мынадай формула бойынша 
есептеледі: 
𝑎 = 2 ∗ 𝐿 (4.3)
мұндағы, a - жерге тұйықтағыштардың арақашықтық;
L - жерге тұйықтағыштың ұзындығы. 
𝑎 = 2 ∗ 3 = 6 м 
Олардың өзара экрандалуын ескере отырып, жерге тұйықтағыштардың 
саны мынадай формула бойынша анықталады: 
nЭ = 
𝑛/𝜂
жс
(4.4) 
мұндағы, n
Э
- өзара экрандалуын ескергендегі жерге тұйықтағыштар саны; 
n - өзара экрандалуын ескермегендегі жерге тұйықтағыштар саны
𝜂
жс

жерлендіргіштерді өзара экрандалуын ескеретін пайдалану коэффициенті.
𝑛э = 4/0,88 = 5 
Жерге тұйықтау өткізгіштерінің ұзындығы мынадай формула бойынша 
анықталады: 
𝐿𝑛 = 1,05 ∗ 𝑎 ∗ 𝑛
э
(4.5) 
мұндағы, Ln - жерге тұйықтағыш өткізгіштердің ұзындығы; a - жерге 
тұйықтағыштардың арақашықтық; n
э
- өзара экрандалуын ескергендегі жерге 
тұйықтағыштар саны;
𝐿𝑛 = 1,05 ∗ 6 ∗ 5 = 31,5 м 
Жерге тұйықтағыш өткізгішінің кедергісі мынадай формула бойынша 
болады:
𝑅п = 𝜌 ∗ ( 𝑙𝑔 ( 2 ∗ 𝐿𝑛 / 𝑏 ∗ 𝑡 )) / 2 * п * 𝐿 (4.6) 
мұндағы, Rж - жолақтық болаттан жасалған жерге тұйықтау өткізгішінің 
кедергісі; Ln - жерге тұйықтағыш өткізгіштердің ұзындығы; b - жерге 
тұйықтағыш өткізгіш жолағының ені; t - жерге тұйықтағыштың орналасу 
тереңдігі.
𝑅ж = 300 ∗ ( 𝑙𝑔 (2 ∗ 31,5 / 0,02 ∗ 0,7 )) / 2,5 * 3,14 * 2 = 30,03 Ом 
Барлық токтың ағуына кедергі жерге тұйықтау құрылғысының мынадай 
формула бойынша есептеледі:
𝑅жт = 𝑅тк* 𝑅ж / ( 𝑅тк ∗ 𝜂 ∗ 𝑛 + 𝑅ж ∗ 𝜂
жс
∗ 𝑛) (5.13) 
мұндағы Rжт - барлық жерге тұйықтағыштың токқа ағу кедергісі.
𝑅жт = 30,03 ∗ 15,57/(5 ∗ 30,03 * 0,8 + 15,57 ∗ 1,1) = 3,41 Ом 


60 
Жерге тұықтағыштардың нақты саны мынадай формула бойынша 
анықталады: 
𝑛 = 𝑅ж / 𝜂жс * 𝑅жт (4.7) 
ықтағыштардың нақты саны.
𝑛 = 15,57 / (0,88 ∗ 3,41) = 5 
Осылайша бөлмеде жерге тұйықтағыштардың нақты саны 5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет