Кафедра отырысында ұсынылған 20 ж



Дата17.07.2016
өлшемі159.13 Kb.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
«Менеджмент» кафедрасы


ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН
«______________________________________________________________________________________________________________________» пәні бойынша
Құрастырушы (лар):________________________________________________
Кафедра отырысында ұсынылған «__» ______________20__ж., № __хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________________________Г.Р.Байтаева
Павлодар


  1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Әлеуметтік саланы реттеу ғылымдардың ішінде ең негізгі орынды алады.Ол экономикалық білімнің үзілмес бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік ортаны басқару мен құрудың әдістемелік аспектілерін қарастырады. Қазақстанның әлеуметтік саясатының басты бағыттары, қаржылық әдістемелік орта мен нарықтық қарым –қатынастарды реттеу қағидаларын қалыптастырады. Халыққа әлеуметтік көмекті көрсетуді жандандырады.

Курстың мақсаты: әлеуметтік саланың салаларын ұйымдастыру, жоспарлау, басқару, қаржыландыру, кадрлармен қамтамасыз ету; әлеуметтік саланы жетілдіру және тиімділігін арттыру.



Пәннің міндеттері

  • әлеуметтік саланы реттеудің негізгі ұғымын және санатын оқып білу;

  • әлеуметтік саланың негізгі мәселелері мен оны шешу жолдары;

  • нарықтық экономика шараларындағы мемлекеттің ролі мен қызметтерін оқу;

  • экономикалық өзгерістерді қадағалау.

Бұл пәнді үйренгенненкейін студенттер мыналарды айқындауы керек:

  • әлеуметтік саланы реттеудің объектісі, субъектісі және пәні туралы

  • әлеуметтік саланы реттеудің қалыптасуы туралы;

  • әлеуметтік және экологиялық саясат туралы

білуі керек:

- әлеуметтік салаға байланысты негізгі ұғымдар;



  • Қазақстанның әлеуметтік саясатының басты бағыттарын;

  • салааралық қатынастарды шешудегі мәселелер;

  • әлеуметтік саланың қаржылық әдістемелік ортасы;

істей білуі керек:

  • әлеуметтік саланың мәселерін шешудегі қолданылатын іс-шаралар;

  • әлеуметтік сфераның салаларының жұмысына жалпы баға беру;

  • әлеуметтік бағдарламалар;

Негізгі

  1. Қазақстан Республикасының конституциясы.

  2. Батурин Л.А., Бутов В.И. Социальная сфера в рыночной экономике. Ростов на - Дону, 2000.

  3. Основы современного социального управления (теория и методология). М., 2000.

  4. Шевченко Ю.Л. Приоритетные задачи отечественного здравоохранения на 2004 // Вестник обязательного медицинского страхования. 2004. №1.

  5. Шейман И.М. Возможные стратегии реформы развития системы гарантий в здравоохранении // Экономика здравоохранения. 2000. №5,6.

  6. Атаманчук Г.В. Государственное управление: организационно-функциональные вопросы. - Москва, 2000г.

Қосымша


  1. Казақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы. 2000ж. 17 акпандагы № 344 Жарлығы. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің aктiлеp жинағы. - 2000ж. -№8. - 2б.

  2. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования // Экономика и статистика. - 2000г. - №1. - с.117-124.

  3. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства // Транзитная экономика. - 2001г. -№4. - с .49-58.

  4. Қадырбекова А., Раисова Г. Мемлекеттік қызметші: оқыту, жетілдіру жүйесі // Ақиқат. - 2000ж. - №5. - 48-53б.

  5. Найманбаев С. Мемлекетік баскару: маңызы, ерекшеліктері // Ақиқат. - 2000ж. - №5. - 48-53б.

  6. Нұрғисаев С. Мемлекеттік баскарудьң кәсібилігі бағытында // Қазақстан жоғарғы мектебі. -2000ж. - №3. - 51-55б.





2 КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет:

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жөне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің әртүрлі модельдері.

Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы. Экономикаға мемлекеттің араласу шектері. «Рыноктың кемшіліктері» және «мемлекеттің кемшіліктері». Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік- экономикалық жөне шаруашылық мүдделері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Мемлекеттік экономикалық рөлі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттарын;

- Қоғамдық- экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілерін;

- ЭМР-дің обьектілері мен мақсаттарын,

- ЭМР-дің субьектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.



істей білуге тиісті:

- Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі мен оның мәнін негіздеуді.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,10.)
2.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет:

Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бәсекелес және бір-бірін қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын дайындау, мақсаттарға жету үшін құралдар тобын таңдау.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын;

- ЭМР-дің мақсаттар жүйесін.



істей білуге тиісті:

- Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтауды.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,10.)
2. 3 Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет:

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа қызметтері. Әкімшілік-құқықтық реттеу. Экономикалық реттеу. Экономикаға мемлекеттің тікелей және жанама әсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық билік ету жүйесі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні және даму белгілері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа қызметтерін;

- Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдарын.



істей білуге тиісті:

- ҚР экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымын көрсете білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,15.)
2. 4 Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның

заңдылықтары

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Мемлекеттік реттеудің қазіргі әдістері: ғылыми болжау, жоспарлау,


бағдарлама жасауға. Болжаудың негізгі түрлеріне. Болжаудың қағидалары:
кешенділігі, ғылыми негізделуі, баламалылығы, мақсатқа сай бағытталуы.
Болжау әдістернеі. Жоспарлаудың мәні және негізгі мақсаттарына.
Жоспарлаудың түрлеріне: директивті жөне индикативті. Жоспарлаудың
қағидаларына. Экономикалық бағдарлама жасауға. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге асыру тәсілдеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Мемлекеттік реттеудің қазіргі әдістерін;

- Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге асыру тәсілдерін.



істей білуге тиісті:

- Мемлекеттік ұлттық бағдарламаны құрастырудағы жоспарлау мен болжаудың ролін аңықтай білуге.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,18,15.)
2.5 Экономиканы реттеудің қаржы - бюджеттік әдістері

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Фискалды саясат қаржы-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары, негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет экономиканы қаржылық реттеудің негізіне. Бюджет жүйесін құрудың қағидаларына: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің қызметтеріне. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының әдісі ретінде. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдарына: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыз- экономиканы реттеудің құралдарына.



Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының ерекшеліктеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдерінің басыңкылығы мен құрамын;

- Салық салудьщ заңнамалық негізін қамтамасыз етуін.



істей білуге тиісті:

- Мемлекеттің фискалды саясатын күшейтудін қажеттілігін және оны жүзеге асырудың басты әдістері негіздеуді.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,10, 23.)
2.6 Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері.

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Ақша- несиелік реттеудің теориялық негіздеріне. Ақша-несиелік реттеудің неоклассикалық және кейнстік модельдеріне. Ақшаның монетарлык теориясына.

Ақша- несиелік реттеудің мақсаттарына. Орталық банктің кызметтеріне. Классикалық монетарлық құралдарына: ашық рыноктағы операциялар, пайыз қойылымы саясаты, міндетті резервтерді реттеу.

ҚР даму сатыларындағы ақша- несиелік саясатының ерекшеліктеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Мемлекеттің ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмаларын;

- Классикалық монетарлық құралдарын: ашық рыноктағы операциялар, пайыз қойылымы саясаты, міндетті резервтерді реттеу.



істей білуге тиісті:

- ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің рөлін анықтауды.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (2, 6,7,8,9,10, 23.)
2.7 Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары.

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторларына. Экономикалық өсу және қоршаған ортаға. Тұрақты экономикалық өсу және тұрақты экономикалық даму түжырымдамасына. Экономикалық өсудің модельдеріне. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттарына. Өндірістің тиімділік көрсеткіштеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістерін;

- Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттарын.



істей білуге тиісті:

- Тұрақты экономикалық өсу және тұрақты экономикалық даму тұжырымдамаларын түсіне білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (3,5,2, 6,7,8,9,20.)
2.8 Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде. Ақпараттық-телекоммуникациялық төңкеріс жағдайындағы ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктеріне. Ақпараттық технологиялардың адам факторына әсеріне. Ғылыми- техникалық жөне инновациялық саясаттардың қалыптасуына. 2003-2015ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясына.

Постиндустриалды қоғам құрудағы іргелі жөне қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөліне. НИОКР-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздеріне. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ҚР даму институттарының рөліне. Венчурлық кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды ынталандыруына.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- ҒТП–ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесін;

- ҒТП-ке әсер ететін мемлекеттің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмдерін.



істей білуге тиісті:

- Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ҚР даму институттарының рөлін айыра білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (3,4,5,2, 6,7,8,9,22.)
2.9 Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымына. Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштеріне: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор- салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс- шараларына. Белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттігіне. Ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларына. Өнеркісіптік саясаттың түрлеріне. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шараларына.

Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлнеі. Инвестициялаудың субъектілері мен объектілеріне. Инвестицияның негізгі пайда болу көздеріне. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарына: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандарына: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие және амортизациялық саясат.

Ұлттық шаруашылық құрылымын өзгертудің қажеттігі- Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылуының маңызды шартына.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларын;

- Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарын: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару.



істей білуге тиісті:

- Ұлттық шаруашылық құрылымын өзгертудің қажеттігін негіздей білу - Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылуының маңызды шарты.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (3,5,2, 6,7,16,18,19,23.)
2.10 Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктеріне. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөліне. Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтеріне. Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандарына: ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету. Аграрлық саясаттың іс- шараларына. Агробизнесті қалыптастыруына. Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаларына. Аграрлық кластерлерге.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Жерді пайдаланудың экономикалық жөне экологиялық тиімділігін арттырудағы жөне егін мен мал шаруашылығын ғылыми-технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңберін;

- Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтерін.



істей білуге тиісті:

- Агроөндірушілерді мемлекеттік қолдау негізгі нысандарын аңықтай білу: ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету;

- Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөлін негіздей білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (1, 2, 13, 6, 7, 8,13.14.)


2.11 Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Бәсекелік ортаны қалыптастыру постиндустриалды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде. Монополияға қарсы саясатқа: мазмұны, түрлері, әсер ету әдістері. Әділетсіз бәсекенің түрлері және түтынушылардың құқықтарын қорғауға ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымына.

Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және олардың дамуына. Мемлекет-бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепіліне. Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативті-қүқықтық аспектілеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Монополияға қарсы саясатын: мазмұны, түрлері, әсер ету әдістері;

- Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативті-қүқықтық аспектілерін.



істей білуге тиісті:

- Бәсекелік ортаны қалыптастырудың қажеттілігін негіздей білу - постиндустриалды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (1, 6,11,9,10,17,18.)
2.12 Жүмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылым мен қағидаларына. Еңбек рыногы субъектілері, объектілері, реттеу механизмдеріне. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатына. Белсенді және белсенді емес модельдеріне.

Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілеріне. Табыстарды бөлудегі теңсіздік мәселесіне. Қазіргі рыноктық экономикадағы әлеуметтік басымдықтарына. Адам капиталын қалыптастыруда мемлекеттің рөліне. Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланысына. Денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік реттеуіне.

ҚР әлеуметтік саясаттың ерекшеліктеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылым мен қағидаларын;

- Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін.



істей білуге тиісті:

- Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланысын аңықтай білу;

- Қазіргі рыноктық экономикадағы әлеуметтік басымдықтарын белгілей білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (4, 8,9,10,22,20,19,18.)


2.13 Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесіне. Өндіріс және сыртқы әсерлеріне. Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік. Табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеуіне. Табиғи ресурстарды пайдалануды экономикалық және әкімшілік реттеуіне. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметіне. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламаларға.

ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттің саясатына.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік әрекеттерді іске асыру мен құрастыру әдістері (бағдарламалар);

- Табиғи ресурстарды пайдалануды экономикалық және әкімшілік реттеуін.



істей білуге тиісті:

- ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттің саясатын қажеттілігін негіздей білу;

- Мемлекеттің табиғатты қорғау реттеідегі мемлекеттің ролін негіздей білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған ((1, 2, 13, 6, 7, 8,13.14.)


2.14 Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетіне: мәні және негізгі бағыттары. Сыртқы сауда саясатының мақсаттарына. Еркін сауда мен протекционизм саясаттарын салыстырмалы талдауына.

Сыртқы сауда мен валюта бағамын либерализациялау. БСҮ кіруге дайындық жағдайындағы экспорт-импортты реттеуіне. Сыртқы экономикалық реттеудің негізгі құралдарына. Тарифтік және тарифтік емес реттеуіне. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің заңдық-қүқықтық аспектілері.

Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің басымдықтары мен болашағына.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетіне: мәні және негізгі бағыттарын;

- Сыртқы экономикалық реттеудің негізгі құралдарын.



істей білуге тиісті:

- Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің басымдықтары мен болашағын негідей білу.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (1,3,5,2, 6,7,8,9,20.)
2.15 Такырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет: Аймақ экономикаларының қызмет етуінің теориялық әдістемелік негіздеріне. Аймақтардың өндірістік-ресурстық әлеуетінің негізгі элементтері, олардың ерекшеліктерін анықтайтын факторларна. Аймақтық саясатына. Аймақтық рыноктарды басқаруына. Инвестициялық саясаттың аймақтық аспектілеріне. Аймақтардың өлеуметтік дамуы экономикалық әдістер мен реттеу құралдарын аймақтандырудың негізгі мақсаты ретінде. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындау жөне жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының аймақтары мен Орталықтың мүдделерін оңтайлы үйлестірудің механизмдеріне.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Аймақ экономикаларының қызмет етуінің теориялық әдістемелік негіздерін;

- Аймақтық саясатын.



істей білуге тиісті:

- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындау жөне жүзеге асыруының қажеттілігін аңықтай білу.



Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мұна әдебиетте ұсынылған (12,1,3,5,2, 6,7,8,9,22.)
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет