2. Қажетті ауа алмасуды анықтау
Қалыпты микроклимат және зиянды заттар болмағанда немесе олардың мөлшері норма шегінде болғандағы ауа алмасу, м3/сағ, мына формуламен анықталады:
L = nL1
мұнда п – жұмыскерлер саны; L1 – бір жұмыскерге ауа шығыны, м3/сағ, бір жұмыскерге келетін үйжай көлемі 20 м3-ден аз болғанда – 30-дан; 20...40 м3 кезінде – 20-дан, жарықсыз саңылаулары бар өндірістік үйжайлар үшін – 40-тан кем болмауға тиіс.
Бір жұмыскерге келетін үйжай көлемі 40 м3-ден жоғары және табиғи желдету (ашық есік, терезекөз, т.б. арқылы) болған жағдайда ауа алмасуға есеп- теу жүргізілмейді.
Санитарлық-тұрмыстық, қоғамдық және қосалқы үйжайлардағы зиянды- лықтарды шығаруға қажетті ауа мөлшерін ауа алмасу еселігі бойынша анық- тауға рұқсат етіледі. Мысалы, ауа алмасу еселігінің коэффициенті әкімшілік үйжайлар үшін – 1,5-ке (шығару), вестибюльдер үшін – 2-ге (енгізу), 100 адамға дейінгі мәжіліс залдары үшін – 3-ке (енгізу және шығару), темекі шегетін бөл- мелер үшін – 10-ға (шығару), демалуға арналған үйжайлар үшін – 5-ке (енгізу) және 4-ке (шығару), жуыну бөлмелері үшін – 1-ге (шығару) тең болып келеді.
Өндірістік үйжайлардың ауасына зиянды заттар бөлінген жағдайда, ауа тартатын және шығаратын желдету жүйелерінің өнімділігін үйжайда бөлінетін зияндылықтардың мөлшері бойынша анықтау ұсынылады.
Жұмыс аймағындағы ауа ортасының қажетті параметрлерін қамтамасыз етуге тиісті ауа мөлшерін былайша есептейді:
а) жылу бөлінетін үйжайлар үшін – айқын жылудың артық мөлшері бой- ынша;
б) жылу және ылғал бөлінетін үйжайлар үшін – жұмыс аймағындағы ай- қын жылу, ылғал және сезілмейтін жылудың артық мөлшері бойынша;
в) зиянды газдар мен шаң бөлінетін үйжайлар үшін – жұмыс аймағына түсетін зияндылықтардың мөлшерін оларды шекті мүмкін концентрацияға дейін төмендету шарты бойынша. Жұмыс аймағы шегінде бөлінетін зиянды- лықтардың мөлшері белгісіз болса, онда ауа алмасуды бөлінетін зияндылық- тардың толық мөлшері негізінде бүкіл үйжай бойынша есептеу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |