Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Желдету жүйелерінің өнімділігін бақылау



бет29/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Желдету жүйелерінің өнімділігін бақылау
Пайдалануға енгізілетін желдетуші жүйелер өндірістік үйжайлардағы қа-жетті ауа алмасуды қамтамасыз етеді, осының салдарынан жұмыс уақыты ке-зінде ауа ортасының тиісті параметрлері ұсталып тұрады. Алайда агрессивті газдар мен буларды шығару кезінде ауаөткізгілер айтарлықтай тез тозады. Шаңның кейбір түрлері (цементті, т.б.) ауаөткізгілердің қабырғаларына жабысу қасиетіне ие болып келеді, бұл олардың көлденең қимасының кішіреюіне әкеледі. Ауаөткізгілерге одан өтетін ауадағы шаңның қонуына желдетуші же-ліні дұрыс монтаждамау, соның ішінде оның элементтерінің жобалық көлбеу-лік бұрыштарын сақтамау септігін тигізеді. Сондықтан желдеткіш қондырғы-лардың өнімділігін кезеңді түрде бақылап отыру қажет.
Желдету жүйесі жұмысының тиімділігі практикада екі әдіспен: тура және жанама әдіспен бақыланады.
Тура әдіс желдетудің өнімділігін ауаөткізігілердің ашық ойықтарындағы ауа қозғалысы жылдамдығын анемометрлер көмегімен өлшеу арқылы тексеруді қарастырады. Ауаөткізгінің көлденең қимасын (SB, м2) анықтаған соң, уақыт бірлігі ішінде өтетін ауа көлемін (м3/сағат) мына формуламен есептеуге болады:
L = 3600Sвv,
мұнда v – бақыланатын қимадағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
Ауаөткізгі көлденең қимасының ауданы үлкен болатын болса, онда анемометрмен өлшеуді осы қиманың бірнеше нүктелерінде жүргізеді де, сосын осы өлшеулер нәтижелерінің орташа мәнін анықтайды.
Бақылаудың жанама әдісі желдету жұмысының тиімділігін өндірістік үй- жай ауасындағы зияндылықтардың нақты концентрациясын аспаптық өлшеу- лер көмегімен тексеруді қарастырады. Концентрацияның алынған мәндері шек- ті мүмкін шамадан аспайтын болса, онда желдету жүйесін жеткілікті түрде ти- імді деп санайды.
5. Өндірістік үй-жайларды жылыту
Жылыту жылдың суық мезгілінде өндірістік үйжайлардағы нормаланатын ауа температурасын ұстап тұруға арналған. Сонымен қатар ол үймереттер мен жабдықтардың жақсы сақталуына ықпал етеді, өйткені бір мезгілде ауа ылғал- дылығын да реттеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта түрліше жылыту жүйе- лері жасалады.
Жылдың суық және өтпелі кезеңдерінде адамдардың болу уақыты 2 са- ғаттан асатын барлық үймереттер мен ғимараттарды, сондай-ақ температураны технологиялық жағдайлар бойынша ұстап тұру қажет етілетін үйжайларды жылыту қажет. Бұл талап жұмысы еңбек жағдайлары бойынша үймереттен тысқары жұмысқа теңестірілетін немесе адамдардың тұрақты болуы міндетті емес (мысалы, қоймалар, т.б.) үйжайларға қатысты емес.
Жылыту жүйелеріне мынадай санитарлық-гигиеналық талаптар қойыла- ды: үйжай ауасын бірқалыпты қыздыру; бөлінетін жылу мөлшерін реттеу және жылыту мен желдету процестерін үйлестіру мүмкіндігі; үйжай ауасын зиянды заттар және жағымсыз иістермен ластаудың болмауы; өрт- және жарылысқау- іпсіздігі; пайдалану мен жөндеу ыңғайлығы.
Өндірістік үйжайларды жылыту әсер ету радиусы бойынша жергілікті және орталық болып келеді.
Жергілікті жылыту ауданы 500 м2-ден кіші болатын бір немесе бірнеше шектес үйжайларға орнатылады. Мұндай жылыту жүйелерінде жылу генера- торы, қыздырушы аспаптар және жылу беруші беттер конструктивтік түрде бір құрылғыға біріктіріледі. Мұндай жүйедегі ауа көбінесе пеште жанатын отын- ның (ағаш, көмір, шымтезек, т.б.) жылуын пайдалану есебінен қыздырылады. Өз бетінше қыздырушы аспаптар ретіндегі электрқыздыздырушы элементтер орнатылған едендер немесе қабырғалық панельдер, сондай-ақ электрорадиа- торлар сирек қолданылады. Сонымен бірге жергілікті жылытудың ауалық (негізгі элементі – калорифер) және газдық (қыздырушы аспаптарда газ жағы- лады) жүйелері бар.
Орталық жылыту пайдаланылатын жылутасығыш түріне байланысты сулы, булы, ауалық және құрама болуы мүмкін. Орталық жылыту жүйелері құрамында жылу генераторы, қыздырушы аспаптар, жылутасығышты жеткізу құралдары (құбыртүтіктер) және жұмысқабілеттілікті қамтамасыз етуші құрал- дар (жапқыш арматура, сақтандырғыш клапандар, манометрлер, т.б.) болады. Әдетте, мұндай жүйелерде жылу жылытылатын үйжайлардан тысқары жерде өндіріледі.
Жылыту жүйелері құрылыстық қоршамалар арқылы шығындалатын жылуды, енгізілетін суық ауаны, сырттан келетін шикізат, жабдықтарды қыздыруға және технологиялық қажеттілікке жұмсалатын жылу шығындарын өтемдеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет