Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері және оны мөлшерлеу



бет35/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

3. Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері және оны мөлшерлеу
Жасанды жарықтандыруды есептеу үш әдіспен орындалады:
а) жарық ағыны әдісі;
б) нүктелік әдіс;
в) меншікті қуат әдісі.
Жарық ағыны әдісі бойынша есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
ФЛ = ЕНҚ / (nηZ),
мұндағы Ф – бір жарықтандырғыштан шығатын жарық ағыны, лм;
S – жай ауданы, м2; ЕНнормаланатын жарықтандыру;
КҚ – жарықтандырғыштардың ластануын ескеретін қор коэффициенті,
КҚ = 1,2...2,0; n – жарықтандырғыш саны; η – еден, төбе шағылуын, жай ауданын, жарықтандырғыш типі мен оның іліну биіктігін ескеретін жарық ағынын пайдалану коэффициенті, η = 0,1...0,7; Z – жарықтандырғыштар типін, олардың ара қашықтығын және іліну биіктігін ескеретін жарықтандыру бірқалыпсыздығының коэффициенті, Z = 0,5...0,99 .
Анықталған Ф – жарық ағыны бойынша арнайы кестеден ең жақын стан-дартты лампаны таңдап алады.
Нүктелік әдіс оқшауланған және жергілікті жарықтандыруды есептеу үшін қолданылады:
Е = I cos3 α / Кқ h,
мұндағы Е – жарықтандыру, лк; I – жарық көзінің жұмыстық бет нүктесіне бағытталған жарық күші, кд; α – жұмыстық бетке түсірілген нормаль мен есептік нүктедегі жарық ағыны бағыты арасындағы бұрыш, град.; КҚ – қор коэффициенті, КҚ = 1,2...2,0; h – жарықтандырғыштың жұмыстық бет үстіне іліну биіктігі, м.
Осы формула бойынша есептік нүктедегі әрбір лампадан болатын жарық-тандыруды анықтап, нәтижелерді қосады.
Алынған соманы нормаланатын жарықтандырумен салыстырады.
Меншікті қуат әдісін тек қана жуықтау есептеулерінде қолданады. Осы әдіспен жай ішінде нормаланатын жарықтандыруды жасайтын әрбір лампаның қуатын анықтайды:
РЛ = РМSЕ / nЛ
мұндағы РМ – меншікті қуат, Вт/м2; SЕ – жай ауданы, м2; nЛ – лампа саны.
РМ шамасы нормаланатын жарықтандыруды – ЕН, жарықтандырғыштар-дың іліну биіктігін – h, қабырға мен төбенің шағылу коэффициентін ескереді және анықтамалықтан алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет