Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Өртке қарсы сумен жабдықтау және оны есептеу



бет59/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оны есептеу
Өрт орнына суды қажетті мөлшерде және жеткілікті арында беруге ар-налған құрылғылардың кешені өртке қарсы сумен жабдықтау деп аталады.
Сыртқы өрт сөндіру су құбыртүтіктерінің арын жасау тәсілдері мынадай болып келеді:
1) тұрақты жоғары қысымды су құбыртүтігі: материалдық шығындар-дың көп жұмсалуы, оны пайдалану уақытының шектеулігі және биік суарын-ды мұнара немесе пневматикалық қондырғыны орнату қажеттілігіне байла-нысты сирек қолданылады;
2) жоғары қысымды су құбыртүтігі: мұндағы су қысымы тек қана өрт кезінде жоғарылатылады және жоғары өрт қауіптілігімен ерекшеленетін обьектілерде (мұнай өңдеу зауыттары, қағаз өндіруші комбинаттар, т.б.) қолданылады. Мұндай су құбыртүтігін шаруашылықтық-ауызсулық құбыр-түтікпен жалғайды;
3) төмен қысымды су құбыртүтігі:мұндай су құбыртүтіктері тек қана шаруашылықтық су желілері бар елді мекендерде қолданылады. Өрт кезінде берілетін су көлемі ғана ұлғайтылады, ал желіде 0,1 МПа-дан кем емес қысым ұсталады. Сондықтан су алу әкелінетін өрт сорғыларымен (автосорғылар, мотопомпалар, т.б.) жүргізіледі.
Өртке қарсы ішкі су құбыртүтігін мына жағдайларда қарастырмауға болады:
а) Г, Д категориялы өндірісі бар және отқа төзімділігі I, II дәрежелері үйжайларда олардың көлеміне байланыссыз;
б) осындай категориялы өндірісі бар, отқа төзімділігі III...V дәрежелі үйжайларда олардың көлемі 1000 м3 төмен болғанда.
Өрт сөндіруге қажетті су қорын есептеу төмендегі формулалармен жүр-гізіледі.
Сыртқы өртті сөндіруге қажетті су қоры, м3
QС = 3,6gСTӨ nӨ,
мұнда gС – сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын меншікті су шығыны;
TӨ – бір өртті сөндіруге шығындалатын есептік уақыт, 3 сағат деп қабылдайды;
nӨ – бір мезгілде мүмкін өрт саны.
Ішкі өртті сөндіруге қажетті су көлемін, м3, бір ағынға жұмсалатын су шығынын және бір мезгілде әсер ететін ағын санына байланысты анықтайды
QІ = 3,6gІ mTӨ nӨ,
мұнда gІ және m – тиісінше бір ағынға жұмсалатын су шығыны және ағын саны.
Өрт резервуарының толық сыйымдылығы, м3
W = QС + QІ + QT,
мұнда QT – шаруашылықтық-техникалық қажеттілікке арналған судың реттелетін қоры, м3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет