3. Шу мен дірілдің деңгейлерін нормалау және бақылау
Санитарлық нормалаудың мақсаты бүкіл жұмыс күнінде күнделікті және көптеген жылдар бойы жүйелі түрде әсер етуі адам денсаулығында айтар-лықтай өзгерістер туғызбайтын және оның қалыпты еңбек қызметіне кедергі жасамайтын шудың ғылыми негізделген шекті мүмкін шамаларын белгілеу болып табылады.
Өндіріс жағдайында шуды өте төмен деңгейлерге дейін азайту көптеген жағдайларда техникалық жағынан өте қиын, сондықтан шуды нормалау кезінде оптималды (комфортты) шарттарды емес, шыдамды шарттарды, яғни шудың адамға зиянды әсері білінбейтін немеес шамалы білінетін шарттарды алады. Санитарлық нормалар – ғылым мен техниканың дамуының қазіргі кезеңінде техникалық мүмкіндіктер және гигиеналық талаптар арасындағы компромисс.
Жұмыс орындарындағы шудың сипаттамалары мен мүмкін деңгейлері ГОСТ 12.l.003-83. «Шум. Общие требования безопасности» арқылы реттеледі.
Тұрақты шудың нормаланатын сипаттамасы ретінде 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 ортагеометриялық жиіліктерінде октавалық жолақтардың децибелмен өлшенетін дыбыстық қысым деңгейлері есептеледі.
Жоғарғы шектік жиілігі ƒж және төменгі шектік жиілігі ƒт болатын жолақ-тың ƒор ортагеометриялық мәні ƒор =ƒж ƒт өрнегімен анықталады (октавалық жолақ үшін ƒж мәні ƒт мәнінен екі есе үлкен болады), мысалы, ƒор= 63Гц бол-ғанда, ƒт = 45 Гц-ке және ƒж = 90 Гц-ке тең.
Жиіліктердің октавалық жолақтарындағы дыбыстық қысымның сегіз мүмкін деңгейінің жиынтығы шекті спектр, ал аталған нормалау әдісі – шуды шекті спектрі бойынша нормалау әдісі деп аталады.
Тональды және импульсті шу үшін мүмкін деңгейлер 5 дБ-ге төмен қабыл-дануға тиіс, ГОСТ 12.1.003-83 жұмыстың ауырлығына байланысты еңбек қыз-метінің кейбір түрлері үшін анағұрлым қатаң нормаларды белгілеуге рұқсат етеді.
Тұрғындық пен қоғамдық үймереттердің және олардың аумақтарындағы шуды нормалау СНиП 11-12-77 және ГОСТ 12.1.036-81 сәйкес жүргізіледі.
Адамға әсер ететін дірілді гигиеналық нормалау еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді. Дірілдің адам ағзасы жүйелеріне әсерін баға-лаудың күрделілігі және діріл әсерінің нормаланатын бірыңғай параметрлерінің жоқтығына байланысты дірілді гигиеналық нормалаудың негізі ретінде адамның белгілі бір қарқындылықтағы дірілге объективтік физиологиялық реакция-лары, сондай-ақ түрліше кәсіп жұмысшыларына дірілдің қолайсыз әсер етуінің субъективтік бағамдары алынады. Техниканың қазіргі даму жағдайында дірілді абсолютті қауіпсіз деңгейге дейін азайту барлық кезде мүмкін болмай тұр. Осыған байланысты нормалау кезінде жұмыс барынша қолайлы жағдайларда емес, шыдамды жағдайларда, яғни дірілдің зиянды әсері байқалмайтын немесе кәсіби ауруларды туғызбайтын шамалы байқалатын жағдайларында мүмкін болады деп қабылданады.
Қазіргі кезде дірілдің жіктелімі, дірілдің гигиеналық нормалары, өндіріс-тік жабдықтар мен көліктік құралдардың дірілдік сипаттамалары қойылатын талаптар ГОСТ 12.1.012-90 «ССБТ. Вибрационная безопасность. Общие требования» және СН 2.2.4/2.1.8.566-96 құжаттарымен анықталады.
Өндірістік дірілдің зияндылығын бағалаудың негізгі сипаттамалары ре-тінде тербеліс амплитудасы, жиілік, жылдамдық және үдеу есептеледі.
Тербеліс жиілігі – уақыт бірлігі ішіндегі толық тербеліс саны. Ол герцпен (Гц) өлшенеді, бір герц бір секундтағы бір тербеліске тең. Тербеліс жиілігі – тербеліс периодына кері пропорционал шама. Тербеліс периоды – толық тербеліс циклы жүретін уақыт бөлігі.
Тербеліс амплитудасы – тербелетін нүктенің бейтарап жағдайдан ең үлкен ығысуы. Тербеліс амплитудасы миллиметрмен өлшенеді.
Діріл жылдамдығы – ығысудың уақыт бойынша бірінші туындысы, м/с.
V = 2π∙ f ∙А,
мұнда f – діріл жиілігі, Гц;
А – діріл амплитудасы, м.
Діріл үдеуі – ығысудың уақыт бойынша екінші туындысы, төмендегі формуламен анықталады, м/с2
а = 4π2 ∙ f2 ∙А.
Дірілдің гигиеналық сипаттамасы ретінде діріл жылдамдығы мен діріл үдеуінің логарифмдік деңгейлері саналады, дБ
LV = 20lg V/Vo
La = 20lg a/ao
мұнда Vo және ao – жылдамдық пен үдеудің нақты тиімді мәндері: Vo = 5 ∙10-5 мм/с,
ao = 0,3 мм/с2.
Діріл жиіліктің әрбір октавалық жолағында белгіленен әрбір бағыт бой-ынша нормаланады. Жалпы және оқшау дірілдер үшін нормаланатын параметрлер ретінде жиіліктің октавалық жолақтарындағы дірілжылдамдықтың орта-квадраттық мәндері саналады. Дірілдің гигиеналық нормалары жұмысшыларға діріл ұзақтығы 8 сағаттық ауысым бойы әсер етеді деген есеппен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |