Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі



бет69/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

5. Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне бір ай мерзімде қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс орындарын еңбек шарттары бойынша аттестаттау жүргізу ережелері
2. Аттестаттау мақсаттары
3. Аттестаттау міндеттері
4. Аттестацияға дайындық тәртібі
5. Аттестация өткізу тәртібі
6. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау
7. Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі

15 практикалық сабақтың тақырыбы: Өндірістегі еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз

  1. Экономикалық залалды құрайтын ұстанымдардың есептері;

  2. Еңбек қорғау жəне еңбек жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың экономикалық тиімділігін бағалаудың ұстанымы;

  3. Әлеуметтік-экономикалық маңызы;

  4. Еңбек қорғаудың қаржыландыру көздері мен экономикалық механизмі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет