31
Қоздырушысы. Ауески ауруының вирусы - герпесвирус
тұқымдастығына, альфагерпесвирус тармағына жатады. Алғашқы
рет 1902 жылы Венгр ғалымы А.Ауески анықтады. Бұл ауру
энзоотия түрінде Америка, Африка және Азия елдерінде таралған.
Герпес вирустың морфологиясы:
Герпесвирустар
екі жіпшелі сызықшалы ДНҚ, күрделі
вирустарға жатады, төрт қабаттан тұрады: өзекшеден, капсидтен,
мембрана қабықшасынан, суперкапсидтен,
виронының пішіні шар
тәрізді, 85-250 нм құрайды, капсид симметриясы куб тәрізді, 162
капсомері бар. Сыртқы қабықшасы екі қабатты гликопротеидтен
және
липидтен тұрады, қосымша талшықтары бар. Бұл
тұқымдастыққа жататын вирустар көп уақыт жасырын түрде
жануарлардың ағзасында сақталады.
Төзімділігі. Вирус 50-60
0
С-та белсенділігін 30-45 минутта
жояды. 80
0
С вирус 3 минутта өледі. Төменгі температура вирусты
консервілейді-1-4
0
С-та 160 күннен 4 жылға дейін сақталады, қыста
қида 2-3,5 ай сақталады.
Дезинфекциялық заттар: формальдегидтің 1%-ті
ерітіндісі,
натрий гидрототығының 3%-ті ерітіндісі, 20%-ті жаңа сөндірілген
әк (известь) вирусты 5-20 минутта өлтіреді. Вирус өте сезімтал
эфирге, хлороформға, ультрокүлгін саулесіне 1 минутта жойылады,
күн сәулесі 6 сағатта вирусты бейтараптайды. Ал тұзды суда 3 айға
дейін сақталады, шіріп жатқан өлекседе 1 айға дейін сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: