Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

 
 
№2 сабақ 
Тақырыбы: Бейтараптау реакциясы (БР)
 
Мақсаты: Студенттерді бейтараптау реакциясын қою әдісімен 
таныстыру және зерттеліп отырған қан сарысуының вирусты 
бейтараптандыру белсенділігін анықтау. 
Кілтті сөздер: қан сарысуы, антиген, клетка өсінділері, 
зертханалық жануарлар, тауық эмбриондары, инфекциялық доза, 
ауыртатын доза. 
Сұрақтар: 1. БР-ның вирустық ауруларға балау қоюдағы орны. 
2. БР-ның компонеттері және оларды дайындау. 
3. Вирустың мөлшері тұрақты ал қан сарысуының
мөлшері өзгермелі болған жағдайда БР-сын қою. 
4. Қан сарысуының мөлшері тұрақты ал вирустың 
мөлшері өзгермелі болғанда БР-сын қою 
5. Қан сарысуын екі еселеп сұйылту. 
6. Вирусты он еселеп сұйылту 
7. ЛД
50, 
ИД
50,
ТКИД
50,
ТПД
50
дегендер не? 
8. БР-ның нәтижесін есептеу. 
Бейтараптау реакциясы вирустың зардаптылық қабілетін 
арнамалы иммунды антидене арқылы жоюға негізделген. Вирус пен 
иммунды қан сарысуын қосқанда вирус өзінің ауру туғызатын 
қасиетін жоғалтады. Вирус пен қан сарысуы қосындысының әсерін 
биологиялық жүйелерге (жануарлар, тауық эмбрионы, клетка 
өсіндісі) сынама қою арқылы тексереді. Ол жүйелерді вирустардың 
қасиеті 
мен 
түріне 
сай 
тандайды. 
БР-да 
вирустың 
бейтараптанғанын мынандай нәтижелер арқылы білуге болады: 
1. Зақымдалған жануарлар мен тауық эмбриондары тірі қалады, 
патологиялық өзгерістер болмайды. 
2. Тауық эмбриондарының аллантоис немесе амнион 
сұйықтықтарында гемагглютиндер жиналмайды 
3. Клетка өсінділерінде зақымдалған жерлер таңбалар пайда 
болмайды. 


13 
Бейтараптау реакциясының мәні – иммунды қан сарысуы 
вирустың инфекциялық қабілетін тежеуінде. 
Бейтараптау реакциясы 2 түрде қойылады: 
1. Қан сарысуының мөлшері тұрақты ал вирустың мөлшері 
өзгермелі. 
Бұл 
жағдайда 
қан 
сарысуындағы 
вирусты 
бейтараптандыратын антиденелердің мөлшері (титрі) анықталады. 
2. Вирустың мөлшері тұрақты ал қан сарысуының мөлшері 
өзгермелі. Бұл жағдайда вирустың мөлшері анықталады. 
БР-на 3 түрлі компонент қатыстырылады:
1) Антиген;
2) Иммунды қан сарысуы; 
3) Биологиялық жүйе 
Алдымен ауру малдан алынған зағадаттан вирус (антиген) 
қойыртпағын дайындайды. Содан соң материалдағы вирусты 
титрлейді. Оны 50% өлтіруші мөлшерімен есептейді. ЛД
50
– 50% 
өлтіруші доза, яғни вирустың 10 зақымдалған зертханалық 
жануардың жартысын өлімге ұшырататын мөлшері. 
ИД
50
– ауруға ұшырататын немесе инфекциялық доза, зерттеліп 
отырған вирустың жануарлар немесе тауық эмбриондарының 50%-
ын ауруға ұшырататын мөлшері. 
ТКИД
50 
– ұлпа өсіндісін 50%-ын зақымдайды (ТК – тканевая 
культура). 
ТД
50 
– клетка өсіндісін 50% зақымдайды. 
Вирус титрін Рид, Мэнч әдісімен есептейді. БР қою үшін 
вирусты 100 немесе 1000 есе көп, яғни I ЛД
50 
емес 100 ЛД
50 
алады. 
БР үшін арнайы егілген немесе ауырып жазылған 
жануарлардың қан сарысуларын қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет