Калекеева меруерт сматовна



бет2/2
Дата21.06.2016
өлшемі429.65 Kb.
#151854
1   2

2-сурет. Химия-экологиялық білім жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделі

Лабораториялық жұмысты орындағаннан кейін оқушылар теориялық сипаттағы тапсырмалар, сандық есептер проблемалық элементі бар тапсырмалар алады, оның шешу нәтижелері келесі семинар сабақтарында талқыланады.

Жазбаша сұрау сабағы оқушылардың химия-экологтялық білімдерді меңгеруді бақылау мақсатында жүргізіледі: оқушыларға сандық есептер, экологиялық мазмұндағы теориялық сипаттағы тапсырмалары бар бақылау жұмысы өткізіледі.

Бастапқы оқыту кезінде түсіндіру иллюстративті әдіс және проблемалық баяндау әдістерін қолданған тиімді. Білім жинаталуына қарау проблемалық әдіс қолданылып, жүйелі оқытудың ақырғы негізінде зерттеу әдісін қолданады.

Экологиялық мазмұндағы есептер мен лабораториялық жұмыстарды пайдалану әдістемесі жаңа білімдерді қалыптастыру сабақтарында алынған оқушылардың экологиялық білімдерінің одан әрі өзектілігін арттыруға, химия курсын оқуға деген мотивациясын жасауға бағыталған.

Экологиялық мазмұндағы есептерді шешу есептің экологиялық жақтарын алдын-ала талдаудан, онда көтерілген экологиялық проблеманың мәнін ашудан, қажетті химиялық реакциялыр теңдеулерін жазудан бастау қажет. Шешуі мен алынған жауабында түсіндіру қажет. Есептің химиялық және экологиялық бөліктері тығыз байланысты, себебі түрлі қосылыстардың табиғи орта нысандары мен адам организміне әсерін түсіндіру, экологиялық проблемалардың пайда болу себептері көп жағдайларда химиялық білімдерге негізделген.

Экологиялық мазмұндағы есептерді, есеп шартында бар проблеманың мазмұнына байланысты жүйелеуге болады:

- табиғи жүйелердің болуын ашатын, соымен қатар өзгеруі кезеңдері экологиялық проблемаларды көрсететін есептер;

- табиғи орынның жай-күйін жақсарту, антропогендік жағымсыз әсердің зардаптарын болдырмау бойынша шараларды жасау мәселелерін қамтитын есептер;

- химия-биологиялық нысандардың сандық құрамын анықтауға арналған есептер;

- түрлі организдердегі заттардың айналулары туралы білімдерді пайдаланатын;

- қауіпті ситуацияларды бағалау есептері;

- оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға әсер ететін есептер (этикалық нормалар, табиғатта болу, оны аялау т.б.)

Экологиялық бағытталған химиялық экспериментті белгілі бір реттілікпен сатылай жүргізу ұсынылады:

- оқытып отырған қосылыстар немесе құбылыстың экологиялық аспектілерін ашатын әңгімелесу, оқушылардың экспериментті орындау үшін қажетті дәріс сабақтарында алған білімдерін өзекті ету;

- экспериментті жоспарлау мен орындау;

- алынған нәтижелерді талдау;

- дәптерге есебін жазу, сұрақтарға жауап беру, қорытындылау.

Мектеп химия пәнін оқыту барысындағы оқушыларға экологиялық білім беру негізінен мына төмендегі негізгі жолдармен:

1. мектеп химия курсының бөлімдері бойынша теориялық материалдарды беру кезінде;

2. экологиялық мазмұндағы есептер мен жаттығулар шығару кезінде;

3. экологиялық мазмұндағы лабораториялық және сарамандық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.

Мектеп химия курсының әрбір тақырыбы мұғалімге, оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбие беруді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қарастыра отырып, оқушыларға химия – экологиялық сұрақтар мен есептер беруге болады. Оларды құрастырған кезде төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйену қажет:


  1. Есептің шарты мен шешімінде практикалық мәнді ақпараттар болуы тиіс;

  2. Ол ақпарат бағдарламалық материалмен және шын экологиялық проблемамен тығыз байланыста болуы тиіс.

  3. Есептер сол сынып оқушылары шығара алатындай болуы тиіс.

  4. Есепті шешу әртүрлі пәндер бойынша білімдер кешеніне, мүмкіндіктерге негізделуі тиіс.

  5. Есептер бақылау кезінде, түсіндіру, білімді қолдану мен жетілдіру кезінде қолдануға арналған.

Химия-экологиялық сұрақтар мен есептерді мазмұны бойынша үш типке бөлуге болады:

  1. Табиғи нысандардың химиялық сипаттамасы бар есептер;

  2. Ластану көздері жөнінде, қоршаған ортаны ластаушылар түрлері жөнінде есептер;

  3. Табиғатты қорғау шаралары және ластану зардаптарын жою жөніндегі есептер.

Құрастырылған есептердің шешуі жалғыз болуы міндетті емес, олар проблемалық талқылауға, дискуссияға, алдағы қойылған оқу-танымдық проблеманың тиімді шешу жолдарын іздеуге арналған.

Химия сабақтарында мұғалім көптеген экологиялық проблемаларды көтеріп, оқушылармен оларды шешу жолдарын талқылайды.

Химиялық білім беруді экологияландыру жағдайында экологиялық мазмұндағы сандық және шығармашылық есептердің ролі артуда. Химия сабақтарында мұндай есептерді пайдалану туған өңірдің байлықтарын зерттеуге бағытталған экололгиялық проблемалардың мәнін түсінуге әсер етіп, гуманитарлық тәрбие беруге итермелейді.

Есептер – бұл өзіндік проблема, оны шешу үшін процестердің заңдылықтарын, түсініктерді білу қажет. Шешу процесі - ол абстрактіден нақтыға қарай көтерілу, ол есеп әрқашан нақты. Ол оқушылардың білімінің берік меңгерілуіне экологиялық тәрбие алуына әсер ететін құрал.

«Оқушылардың химиялық білім жүйелерін меңгеруіне мазмұнның экологиялық компонентінің әсерін тәжірибелік зерттеу» бөлімінде педагогикалық тәжірибенің мәні, мәліметтерді өңдеу әдістері және педагогикалық зерттеу нәтижелері баяндалған, химия курсының мазмұнының оқушылармен тиімді меңгерілуіне химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастырудың әсері анықталды.

Педагогикалық зерттеу 2010-2012 жылдары Қызылорда қаласының №4 дарынды балаларға арналған мектеп интернаты және №3 мектеп-лицейде жүргіледі. Зерттеуге 6 мектеп мұғалімдері және153 оқушы қатысты. Мектептерде эксперименттік және бақылау сыныптары құрылады.

Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық эксперименттері 3 кезеңде жүргізіледі: анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдері.

Эксперименттін анықтау кезеңінің мақсаты:

- оқушылардың экологиялық мәселелерге қатынасы, қызығуы, оны түсінуге ұмтылып, химико-экологиялық білімінің болу және оны пайдалану нәтижесін бағалау;

- химия пәні мұғалімдерінің химия-экологиялық білім беру проблемасына деген көзқарасын анықтау;

- химия пәні мұғалімдерінің бұл тұрғыда кездестіретін қиыншылықтарын зерттеу;

- орта мектепте химия курсын экологияландырудың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу мен талдау.

Эксперименттің бұл кезеңінде сауалнама, құжаттарды талдау, бақылау, тестілеу әдістер пайдаланылды.

Оқушылардың тест тапсырмаларын орындау нәтижесінде экологиялық білімдерінің жоғары емес деңгейін оқу мотивациясынның төмендігін көрсетті. Қоршаған ортада жүретін түрлі процестердің химизмін түсіндіруді талап ететін сұрақтарды, кейбір қосылыстардың адам организмімен табиғи нысандарға әсерін түсіндіру; суды, табиғи газды тазалаудың негізгі ілімдерін пайдаланып құбылыстарды түсіндіру т.б. сұрақтарында қиналған.

Оқушылардың химия сабақтарында экологиялық проблемаларды оқуға ынтасының жоғары екендігі байқалады, сонымен қатар химияның және экологияның білімдерді бір жүйеге келтіретін әдістемелік құралдардың аздығы, экологияладырылған лаботориялық пратикумының дұрыс жасалмауы, экологиялық мазмұндағы сандық есептерді шешу әдістемесін құралдарының аздығы көрсетілген.

Осы жоғардағы көрсетілген жағдайларды ескере отырып, мектеп химия курсын экологияландыру бойынша химия курсына экологиялық компонентті енгізуге жаңа келісті жасау қажеттілігі ұсынады. Бағдарлама көлемін сақтап, оқыту мотивациясын жоғарылатып, оқушыларда химия-экологиялық білімдердің жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады .

Сондықтан да, қалыптастыру педагогткалық эксперименттінде 9 және 10 сыныптарында, оқушылардың эксперименттік және бақылау топтары алынды. Бақылау және эксперименттік топтарда сабақтар бір мұғаліммен, бірдей сағат көлемінде жүргізілді. Эксперименттік топтарда экологиялық компонент химия-экологиялық білімдер жүйелі түрде дәріс және семинар сабақтарында, экологиялық есептер шешуде, экологиялық мазмұндағы лаботорияның жұмыстары организм негізінде енгізілді. Ал бақылау топтарын экологиялық проблемалар туралы, олардың себептері, зардаптары зерттелетін нысандарды жан-жақты қарастырылмай жалпы түсініктер берілді. Зерртеу процесі негізінде химияны сақтау кезінде ұсынылып отырған білімдерді қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тексеру үшін мына төмендегі көрсеткіштер пайдаланылды:


  • меңгерілген білімнің толықтығы мен дұрыстығы;

- нысанды сипаттау үшін пайдаланылған байланыстар орта ша саны (сипаттаудың ғылымилық көрсеткіші);

- бір жұмыста пайдаланылған химия-экологиялық ғылыми түсініктердің орташа саны.

Осы жұмыстағы педагогикалық зерттеу жұмысына мектеп химия курсының 5- және 6-топ р-элементтері және оның қосылыстары, қаныққан көмірсутектермен олардың туындылары таңдап алынды.

Бұл тақырыптарды таңдаудың себептері төмендегідей:

- оттегі мен азот топшалары мен элементтерінің қосылыстары барлық тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызды рол атқарды және оттегі мен азот заттар айналымында қатысады;

- азот топшасы қосылыстарының мысалында ауыл шарушылықтарында минералдарды, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану қарастырылады;

- күкірт қышқылы, аммиак, азот қышқылы синтездерін өткенде өнеркәсіп өндірісінің негіздері туралы, оны тиімді, экологиялық қауіпсіз ұйымдастыру туралы білімдер берілді;

- қаныққан көмірсутектер және олардың ғылыми туындылары – органикалық химияның маңызды бөлімдерінің бірі, онда (органикалық қосылыстар құрылысы, изомерия, гомология т.б.) қарастырылады.

Жоғарыда көрсертілген тауарларды оқытқаннан кейін, меңгерілген білімнің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін бақылау жұмысы алынды, онда экологиялық мазмұндағы тапсырмалар берілді. 1-кестеде 9,10-сыныптардағы бақылау жұмысының қорытындылары талданған. Ондағы эксперименттік топтағы дұрыс және толық жауаптардың үлесі, бақылау тобындағыға қарағанда жоғары. Бұл химия-экологиялық білімдердің тиімді меңгерілгендігін көрсетеді.

Бақылау жұмысының нәтижелері бойынша–білімді меңгеру коэффициенті (кб.и), химиялық шығарманы тексеру арқылы–белгілі түсініктерді басқа әдістермен салыстырғанда меңгеру толықтығы мен байланыстарды меңгеру толықтығы коэффициенттері анықталды. Алынған нәтижелер 2-кестеде берілген.

1-кесте. 9,10-сыныптардағы бақылау жұмысын талдау нәтижелері

Бөлім

Дұрыс және толық жауаптардың үлесінің жалпы санына қатынасы (экологиялық мазмұндағы тапсырмалар), %

Дұрыс және толық жауаптардың үлесінің жалпы санына қатынасы (барлық берілген тапсырмалар), %

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

V топ

р-элементтері



69

34

68

36

VI топ

р-элементтері



78

35

77

34

Көмірсутектер мен олардың туындылары

64

25

78

42

2-кесте. Эксперименттік және бақылау топтарындағы білімді меңгеру коэффициентінің, белгілі түсінікті басқамен салыстырғанда байланыстар мен қарым-қатынасты меңгеру толықтығы

Бөлім

Кб.и

М

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

V топ

р-элементтері



0,86

0,57

0,70

0,45

VI топ

р-элементтері



0,85

0,57

0,76

0,50

Көмірсутектер мен олардың туындылары

0,97

0,77

0,80

0,56

Білімді меңгеру коэффициенті мен мазмұнның бес блогы арасындағы байланыстарды меңгеру толықтығын сипаттайтын коэффициентті А.В.Усова әдісі бойынша анықталды. Алынған нәтижелер көрсеткеніндей, анықтау және қалыптастыру кезеңдеріндегі бақылау тобындағы білімдерді меңгеру коэффициенті шамамен бірдей, қалыптастыру кезеңінде эксперименттік топта едәуір ертқан. Оқушылардың бақылау топтарындағы баяндамалары экологиялық проблемалар, олардың себептері мен зардаптары туралы жалпы көзқарастары химиялық білімдерді меңгеруге едәуір оң әсер ете алмаған. Мұның басты себебі, біздің ойымызша химияның экологиялық проблемалардың пайда болуы мен шешуіндегі химияның ролін жеткілікті ашылмауы деп түсінеміз.

Білімді меңгеру коэффициентінің бақылау және эксперименттік топтарындағы қалыптастыру кезеңіндегі және сабақ кезіндегі оқушыларды кезінде өзгеру динамикасы көрсеткеніндей, эксперименттік топтағы оқушылардың қойылған проблемаға деген ынтасы, қызығушылығының күшейгенін, химияны оқуға деген мотивациясының күшейгенін, оқушылардың білімдерді меңгеру тиімділігінің артқанын көреміз.

Оқушылардың экологиялық ойлауының қалыптасуын тексеру үшін. «Мен ... туралы білетінім ... (оттегі, озон, күкірт, күкірт, күкірт (ІV) оксиді, күкірт (VІ) оксиді, күкіртті, күкірт қышқылдары, сульфиттер, сульфаттар, азот, аммиак, азот оксидтері, азотты қышқылдар, азот және фосфор тыңайтқыштары, метан, этан, фтортрихлорметан, дифтордихлорметан) тақырыбында химиялық шығарма жазу ұсынылды. Химиялық шығарманы тексеру нәтижелері 3-кестеде берілген.

Алынған мәліметтерден көрінетіндей, эксперименттік топтарда сипаттаудың ғылымилығының көрсеткіші, түсініктер аппараты 2 есе бақылау тобындағыға қарағанда жоғары. Оқушылар электрон, протон, химиялық байланыс типі (ковалентті полюсті немесе полюссіз, иондық), гибридтену типі, валенттік электрондар, тетраэдрлік бұрыш, энтальпия, энтропия және изобаралы-изотермиялық потенциалдар өзгерісі, канцероген, ұлылық, озон қабатының бұзылуы, эвтропикация, қышқыл жаңбыр, парниктік әсер, фреондар сияқты ғылыми терминдерді, сонымен қатар периодтық жүйедегі элементтердің орнын сипаттайтын терминдерді жиі пайдаланатыны көрінді.

Нысандарды сипаттау кезінде химияның негізгі блоктарының мазмұнын пайдалануы 1-суретте берілді.

(1 – заттар құрылысы жөніндегі блок;

2 – элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты өзгеруі жөніндегі блок;

3 – химиялық термодинамика жөніндегі блок;

4 – химиялық кинетика туралы блок;

5 – химиялық экология туралы блок)
3-Кесте. Химиялық шығарманы тексеру нәтижелері

Көрсеткіштер

Бөлімдер

V топ р-элементтері

VI топ р-элементтері

Көмірсутектер мен олардың туындылары

Эксп. топ

Бақылау тобы

Эксп. топ

Бақылау тобы

Эксп. топ

Бақылау тобы

1. Нысанды сипаттау үшін қолданылған блоктардың орташа саны (сипаттаудың ғылымилық көрсеткіші)

4

2

3

2

4

3

2. Бір жұмыста пайдаланылған ғылыми терминдердің орташа саны

9

4

8

4

10

6




а)

б)

в)




(«V топ р-элементтері» (а), «VІ топ р-элементтері» (б), «көмірсутектер мен олардың туындылары» (в) бөлімдері бойынша)
3-cурет. Химиялық шығармадағы нысандарды сипаттау үшін мазмұнның блоктарын пайдаланған оқушылардың саны, %

3-суретте көрсетілгеніндей, химия курсының мазмұнын экологиялық компонентпен күшейту химиялық білімдердің деңгейін жоғарылатып, химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастыру оларды табысты меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында оқушыларды байқау нәтижесінде көрсеткеніндей, эксперименттік топ оқушылары жоғары белсенділік көрсетіп, экологиялық проблемаларды шешудің жолдарын, себептерін, зардаптарын сапалы түсіндіре білді, олардың алдына қойылған оқу проблемаларын шешуге қосылып отырды, дұрыс емес жауаптары мен дұрыс емес ұсынылған гипотезалары үшін қорқыныштар болған жоқ (дұрыс ұсыныстар ғана емес, барлық ұсынылған гипотезалар да бағаланды).

Эксперименттік зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, химия курсына экологиялық компонентті қосу химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастыру, нысандарды жан-жақты мазмұнның блоктары тұрғысынан қарастыру, экологиялық есептерді шешу, экологиялық бағытталған лабораториялық жұмыстарды орындау оқушыларда қарастырылып отырған мәселеге деген қызығушылығын арттырып, химияны оқуға деген мотивациясын күшейтіп, химиялық білімдер жүйесінің меңгерілу тиімділігін арттырады.
Қорытынды

Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденциялардың бірі - бұл химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру болып табылады.

Жүргізілген зерттеу ұсынылған гипотезаны дәлелдеп, төмендегідей қорытындыға алып келеді:

1. Химия курсына экологиялық компонентті жүйелі енгізу біріншіден, оқушылардың химиялық білімдер жүйесін тиімді меңгеруіне алып немесе, екіншіден, экологиялық мазмұнды тиімді меңгертуге алып келеді.

2. Теориялық экологиялық білімдер, демонстрациялық тәжірибелер, сандық есептер және лабораториялық жұмыстары бар экологиялық мазмұнды химия курсы оқу пәні жүйесіне сәйкес құрылуы тиіс. Онда химиялық экология туралы, заттар құрылысы, химиялық процестер бағыты (химиялық термодинамика), химиялық процестер жылдамдығы (химиялық кинетика), элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы блоктар болуы қажет.

3. Оқу пәні жүйесіне сәйкес құрастырылған химия курсының экологияландырылған бағдарламасы оқушылардың химиялық және экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыруды химияның бес негізгі блоктары тұрғысынан қарастыра білу қабілеттерінің дамуына, химияны оқытуды түрлі экологиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның проблемаларын, сол құбылыстардың химиялық аспектілерін түсіндіретін заңдылықтарын қарастыру негізінде ынталандыруды күшейтуге бағытталған.

4. Ұсынылып отырған химиялық және экологиялық білімдер жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделінің тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оны оқу процесінде пайдалану химияны оқыту мотивациясын мазмұнға экологиялық компонентті енгізген кезде күшейтуге мүмкіндік береді.

5. Экологиялық және химиялық білімдерді жүйелі қарастыру негізінде, оқушыларды оқытудың тиімді әдістері, формалары мен құралдарын таңдағанда ғана жасалған дидактикалық материалдар нәтижелі болмақ.

6. Сандық есептер мен экологиялық мазмұндағы эксперименттік жұмыстарды пайдалану бойынша ұсынылған әдістемелік ұсынымдар сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекет қызметінің сипатына сәйкес оқушылардың жаңа білімдерді қалыптастыру сабақтарында алған экологиялық білімдерді өзектендіруге бағытталған.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:

1.Қалекеева М.С., Еспенбетова Ш.О. Орта мектепте экологиялық білім берудің мәселелері. //Хабаршы ҚМУ-2011 ж.

2.Қалекеева М.С., Еспенбетова Ш.О. Студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудағы химиялық олимпиаданың ролі.//Енбектер жинағы.Әли Мүсілімовтың 70 жылдығына орай Республикалық ғылыми конференция. 2011 ж.

3. Қалекеева М.С. Педагогикалық практикада химик студенттердің экологиядан шығармашылық қабілеттілігін жетілдіру.// Академик Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың 40 жылдық мерейтойына арналған химия және химиялық технология бойынша II халықаралық Қазақстан - Ресейлік конференциясы 28 ақпан – 2 наурыз 2012 ж.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назаренко, В.М. Система непрерывного экологического образования в средней и высшей школе Текст.: Автореф. дисс. . док. пед. наук. -М., 1994. — 39 с., 15-16.

2. Ерыгин, Д.П. Изучение вопросов экологии и охраны природы в курсе химии средней школы Текст. /Д.П. Ерыгин, В.М. Назаренко. М.: НИИ школ MHO1. РСФСР, 1989.- 141 с., 101-105.

3. Кузнецова, Н.Е. Проблемы химико-экологического образования и пути их решения Текст. /Н.Е. Кузнецова //Проблемы Северо-запада: Экология и образование. Тезисы докл. юбилейной научно-практич. конф. — СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 1999. 156 с., 105-106.

4. Тарасова, О.В. Системный подход к построению экологизированного курса химии Текст. /О.В. Тарасова, Л.Ф. Зюзина, О.С. Зайцев //Химия: методика преподавания в школе. 2002. - № 7. - С. 74-77.

5. Егорова Н.В. Вопросы экологического образования при изучении химии / Н.В. Егорова // Химия в школе. − 2001. − №5. − С. 46-48.

6. Кузьменок М.Н., Стрельцова Е.А., Кумачев А.И. Экология на уроках химии / М.Н. Кузьменок, Е.А. Стрельцова, А.И. Кумачев. − Минск: Изд. ООО «Красикоприкт», 1999. − 208 с., 178-180.

7. Алексеев, С.В. Экологическое образование в старших классах Текст. /С.В. Алексеев //Концептуальные подходы к развитию муниципальной системы непрерывного экологического образования в Санкт-Петербурге. — СПб.: Крисмас, 1998. С. 84-89.

8. Аутлева, А.Н. Комплексные самостоятельные исследования учащихся в процессе экологического образования Текст.: Автореферат дисс. . канд. пед. наук: 13.00.01 /А.Н. Аутлева-СПб.: 1992. 18 с., 10-15.

9. Барбье, М. Введение в химическую экологию Текст. /М. Барбье. М.: Мир, 1983.-237с., 211-216.



РЕЗЮМЕ
Постоянно увеличивающийся объем новой химической, экологической, производственно-технической информации требуют от школьников усвоения все большего числа теорий, законов, понятий. В то же время многочисленные наблюдения и исследования показывают, что интерес учащихся к изучаемым предметам, в частности к химии, падает. Одним из возможных путей повышения уровня химических знаний является включение в курс химии экологического компонента, содержащего сведения из окружающей учащихся действительности.

Системы включения экологического компонента в содержание курса химии не прослеживается. Имеющиеся учебно-методические пособия, в том числе и учебные издания, не охватывают химические аспекты многих экологических проблем из-за несистематичности их рассмотрения, что создает определенные трудности у учителей химии при формировании химико-экологических знаний учащихся.

С целью создания экологизированного курса предложено его системное построение из пяти блоков, в котором главным является отбор содержания блоков и организация усвоения курса на основе многостороннего рассмотрения химико-экологических объектов. Изучение вопросов химической термодинамики, кинетики, строения вещества, свойств элементов и их соединений осуществляется на примерах экологически важных объектов (реакций, веществ), а при изложении материала, касающегося химических аспектов экологии, используются теоретические положения четырех блоков содержания химии. Они имеют приблизительно одинаковую информационную емкость и одинаковую плотность связей между ними. Выравнивание разделов по объему и превращение их в собственно блоки обучения осуществляются путем удаления из традиционного содержания материала, не способного соединять блоки внутридисциплинарными связями, и введения связывающего материала, показывающего внутрипредметные связи между блоками.

Введение экологического компонента в содержание обучения может осуществляться несколькими путями:

- изучение экологических знаний о влиянии различных химических соединений на живые организмы и человека при теоретическом изложении материала;

-формирование экологических знаний при рассмотрении термодинамических и кинетических характеристик поведения различных соединений в окружающей среде;

- проведение экологически ориентированного лабораторного практикума и решение задач с экологическим содержанием.

На основе анализа научной, учебно-методической и психолого-педагогической литературы, а также предложенных этапов усвоения химико-экологических знаний нами разработана методическая модель формирования системы химических и экологических знаний на основе их системного рассмотрения, включающая целевой, содержательный, деятельностный и диагностико-результативный компоненты химии экологического компонента при системном рассмотрении химических и экологических знаний на лекционных и семинарских занятиях путем многостороннего рассмотрения объектов с точки зрения блоков содержания, решении экологизированных задач, выполнении экологически ориентированных лабораторных работ вызывает интерес у учащихся к рассматриваемым вопросам, усиливает мотивацию изучения химии и повышает эффективность усвоения системы химических знаний.

Результаты экспериментального исследования показывают, что включение в курс химии экологического компонента при системном рассмотрении химических и экологических знаний на лекционных и семинарских занятиях путем многостороннего рассмотрения объектов с точки зрения блоков содержания, решении экологизированных задач, выполнении экологически ориентированных лабораторных работ вызывает интерес у учащихся к рассматриваемым вопросам, усиливает мотивацию изучения химии и повышает эффективность усвоения системы химических знаний.
SUMMARY

Ever-increasing amount of new chemical, environmental, industrial and technical information required by students learning more and more theories, laws, and concepts. At the same time, numerous observations and studies show that students' interest in the subjects studied, particularly in chemistry, is falling. One possible way to increase the level of chemical knowledge is the inclusion of environmental chemistry course component contains information from the students' environmental reality.

System include the environmental dimension in the chemistry course content can not be traced. Existing training manuals, including training and publications do not cover the chemical aspects of many environmental problems because of the unsystematic consideration, which creates some difficulties for teachers of chemistry in the formation of chemical and environmental knowledge of students.

In order to create ecologized course offered to build a system of five units, which is the main selection of the content and organization of the learning units of the course based on the consideration of multilateral environmental chemical facilities. The study of chemical thermodynamics, kinetics, structure of matter, properties of elements and their compounds is carried out on examples of ecologically important sites (reaction products), and in presenting the material on the chemical aspects of the ecology, theoretical concepts used four blocks of the content of chemistry. They have roughly the same information capacity and the same density of connections between them. Aligning partitions for the volume and turn them into proper blocks of training carried out by the removal of the traditional content of the material, not able to connect the internal disciplinary power relations, and the introduction of binding material, which shows the relationship between INTER blocks.

The introduction of the environmental dimension in the learning content can be done in several ways:



  • The study of environmental knowledge about the influence of various chemical compounds on living organisms and humans in the theoretical presentation of the material;

  • -The formation of environmental knowledge in the consideration of thermodynamic and kinetic characteristics of the behavior of different compounds in the environment;

  • Carrying out environmentally-oriented laboratory practical and problem solving with an environmental content.

Based on the analysis of scientific, educational, methodological and psychological and educational literature, as well as the proposed stages of assimilation of chemical-environmental knowledge we have developed a methodological model for the formation of chemical and ecological knowledge on the basis of their systematic review, including the target, informative, activity, and effective diagnostic and components Chemistry of the environmental component of the system when considering chemical and ecological knowledge on the lecture and seminar sessions by multidisciplinary review of facilities in terms of blocks of content, ecologized solving problems, the implementation of environmentally-oriented laboratory work is of interest in students to the issues, enhances the motivation of studying chemistry and increases the efficiency of absorption
system of chemical knowledge.

The experimental results show that the inclusion of environmental chemistry course component in the system considering chemical and ecological knowledge on the lecture and seminar sessions by multidisciplinary review of facilities in terms of blocks of content, ecologized solving problems, the implementation of environmentally-oriented laboratory work is of interest in students to the issues , increases the motivation to study chemistry and increases the efficiency of absorption of chemical knowledge.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет