Каменка ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 73.46 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі73.46 Kb.
Каменка ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Құрметті Каменка ауылдық округінің тұрғындары, шақырылғандар!
Округ әкімінің есептік кездесуін тұрғындарға ашуға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Тұрғылықты орындарда қызметін атқарушы басқарушыларының тұрғындарға есеп беруі туралы» Ұлан ауданында жыл сайын әкімдерге бекітілген жерлерде есептік кездесулер өтіп тұрады. Бұл жұмыс тұрғындардың мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық және саясаттық реформаларының жүргізуі туралы ақпараттандырылуының дамуы үшін бағытталған, сонымен қатар, БІЗ, Каменка ауылдық округінің тұрғындары мемлекеттің экономикалық дамуына өз үлесіміздің бір бөлігін қосып отырмыз.

Округ тұрғындарымен кездесуде: облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі

А.И. Лысенко, Ұлан ауданының білім, сәулет, қала құрылыс бөлімінің бастығы

А.З. Аханов қатысуда.

Қазіргі уақытта Каменка ауылдық округінде 1015 адам тұруда, соның ішінде 165 – зейнеткер, 128 – оқушы, мектепке дейінгі жаста – 38, мұғалім саны – 39, мектеп тех. қызметкері – 31, 47 – студент, 18 – жеке кәсіпкер, өзін өзі қамтамасыз етушілер – 178, шаруа қожалық жұмысшылары – 285 адам.

Каменка ауылдық округінің басты бағыты шаруа қожалығын дамыту болып табылады, округте 1 ЖШС және 62 шаруа қожалығы жұмыс жасауда, осы шаруа қожалықтарымен егілген және алынған 2012 жылы 8347 – га бидай, тары – 129,2, арпа – 985, күнбағыс 4231 га, 10 га картоп. Өткен жылдардағы көп жылдық шөп 1620 га, және 177 га бидайды арпаның астында егілген, сонымен қатар 63 га жүгері егілген, демалуға 694 га қалдырылған.

Егістік дақылдарын өнімін арттыру және бағасын төмендету үшін жаңа техникалар алынуда: трактор, комбайн, культиватор, күнбағыс жинауға арналған техника және т.б.

Сонымен қатар асыл тұқымды дақылдар алынуда, жартылай азотты – фосфорлық локальдық тыңайтқыштар енгізілуде. Қоқыстанған егістік алқаптарын арамшөптерден тазарту мақсатында гербицидтармен өңделуде.

Шаруа қожалықтарының алдында 2012 жылы егістік өсіруде жаңа ылғал ұстап тұрушы техналогияға біртіндеп көшу тапсырмасы қойылған. Тапсырманы орындауда мемлекеттен субсидия бөлінуде. Біздің округтегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 2011 жылы 29 млн. 494 мың теңге субсидия бөлінсе, 2012 жылы 40 млн. 990 мың теңге алынды.

Оның ішінде мал шаруашылығына –15 млн 268 мың теңге, егістікке 25 млн. 722 мың теңге, асылтұқымды малдар алу үшін 10 млн 700 мың теңге берілді.

Округ бойынша өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы, жеке шаруашылық, шаруа қожалықтары дамуда. Округте мал өсіру көп салалы болып келеді. Осы ретте «Қайрат» шаруа қожалығында сүтті мал шаруашылығының дамуымен қатар, «асыл тұқымды сүтті табын» атты статусты иеленді.

«Құнжыра» шаруа қожалығы «асыл тұқымды етті шаруашылық» бағытында статусты иеленді, сонымен қатар қой мен жылқы шаруашылығы дамуда.

2013 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал шаруашылық есепке алу кітабы бойынша:

Ірі қара мал – 1389, соның ішінде сиыр – 636, қой мен ешкі -1548, жылқы – 181, шошқа -183, құс – 3660.

Шаруа қожалықтары кітабының мәліметтері бойынша: Ірі қара мал –901, соның ішінде сиыр- 372, қой -1601, жылқы -827 бас.

Округ бойынша 2012 жылы:

Өндірілген Шығарылған

Ет 2 609 ц 2 084 ц

Молоко 16 332 ц 13 013 ц


4 сүт қабылдаушы орын қамтамасыз етілген.

Ірі қара мал өнімін жақсарту үшін «Қайрат» шаруа қожалығында қолдан ұрықтандыру пункті ашылып жұмыс жасауда.

Халықты тамақ өнімдері мен бірінші қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде округ аймағында 9 сауда орын жұмыс жасауда, 2 кіші – нан пісіру орны, олар барлық халықты қажетті нан өнімімен толық қамтамасыз етуде.

Округ әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықпен жұмыс жасау болып табылады. Өткен жылы ауызша 107 өтініш қаралды, жазбаша жоқ.

Барлық ауызша түскен өтініштер округ әкімімен уақытында қаралып, шаралар қабылданды.

Әкімшілік бекітілген қалыпты жағдай бойынша жұмыс жасайды. Барлық әлеуметтік төлемақылар түрлерін толтыруда көмек көрсетіледі, зейнетақы мен барлық құжаттар толығымен округ әкімі аппаратының мамандары арқылы аудандық орталыққа Молодежный кентіне жеткізіледі.

Әскерге барушылардың құжаттарын толтыруда, медециналық тексеруден өткенде және әскери міндеттілердің құжаттарымен жұмыс жасалады.

Округ бойынша әскери міндеттілер 134, әскерге барушылар қатарында -39,

2- әскерде.

Жыл сайын жалғыз басты зейнеткерлерге құжаттарын толтырумен бір жолғы тұрмыстық көмек көрсетіледі. Жыл ағымында 27 іс – қағаз бойынша жұмыс жасалды.

Жыл бойында округтегі қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасауда- әйелдер және ақсақалдар кеңесі. Осы комиссия мүшелерімен көптеген маңызды мәселелер отырыстарда шешіледі.

Кедейлікті төмендету, тұрғындардың жағдайын жақсарту, азқамтылғандарға әлеуметтік қолдау көрсету және әлеуметтік төмен қатардағыларға қолдау көрсету Қазақстан Республикасының саясатының ең маңызды қойылған тапсырмаларының бірі. «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек » туралы ҚР заңын орындай отырып, комиссия жұмыс жасауда, олар келіп түскен өтініштерді қарастырады және жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды, ал округ мамандарымен құжаттарды толтыруда көмек көрсетіледі.

Аудандық бюджет атынан 2013 жылы зейнеткерлермен мүгедектерге округте 20 «Ұлан таңы» газетіне тегін жазылу ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына «Дидар» - 5, «Рудный Алтай»- 5, «Казахстанская правда» 3, «Егемен Қазақстан» 4 газет ұйымдастырылды.

Округ аймағында нотариус болмағандықтан, округ бас маманы әр 2 жыл сайын Облыстық жергілікті юстиция департаментінде нотариалдық жұмыс жасау үшін атестациядан өтеді. 2012 жылы 12 281 теңгеге 85 нотариалдық жұмыс атқарылды.

2012 жылы түскен және жиналған салық:

Мүліктік – 2218 теңге 100 %,

жер салығы – 7154 теңге 100 %.

Бір жолғы талондар бойынша: жоспар бойынша 12 200 теңге, жиналғаны 15 197 теңге. Атап кететін жайт, округтегілер салық төлеуге түсіністікпен қарайды, уақтылы салық төлемдерін жинауда округ әкімінің мамандарының еңбегі аз емес.

«Екі айлық тұрғылықты орындарда санитарлық, көгалдандыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу» туралы Ұлан ауданы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық округ тұрғындары қатысты. Асу-булақ орман шаруашылығынан 40 қайың және 50 қарағай әкелінді және ұйымдар мен округ тұрғындарына таратылды. Екі айлық жұмыс атқаруда округ мектептері белсенді жұмыс атқарды. Шаруа қожалық басшылары С.В. Бельчуевский., А.Р.Усмаев., Д.Е.Алимбаевпен механикалық отрядтар құрылып, тұрмыстық қалдықпен қысқы жиналған тұрғындардың қоқыстарды шығаруда ұйымдастыру жұмыстарын атқарды.

Каменка ауылында ЭМС -240 электрлі автоматтық станциясы 210 абонентке орнатылып жұмыс жасауда, осыдан телефондық байланыс сапасы жақсарды, интернетке шығу жұмыс сапасының мүмкіндігі жақсара түсті. Тройницкое ауылында сымсыз терминал VVL (вэ эл эл) 55 абонентке орнатылды. Жыл басында ауылдық округі және жеке кәсіпкерлер арасында әлеуметтік өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. Көмек көрсету іс-шарасының жоба тізімі және қаржысы көрсетіліп, жоспары бекітіледі. «Масалимова» ЖК-23000, «Аубакирова» ЖК-43000, «Алимбаев» ЖК-25000, «Крыкбаев»- 62000, «Каретин» 22 500, «Боромбаева» 26000, және «Жанузаков» -15000 мың теңгеге меморандумға қол қойылды. Ағымдағы жылы мәдени – массалық мерекелер өткізілді, өткізуге шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысты, ерекше атап кететіндер, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламалары және тұрғындардың да қатысуы.

«Наурыз» мейрамын өткізуде жеке кәсіпкерлердің қатысуымен М.А., Крыкбаева В.Л. Каретина, Г.Р. Аубакирова, К.Ж. Боромбаева және «Степное», шаруа қожалығымен қой еті бөлініп, мерекелік дастархан жайылды. Спорттық шара «Көкпар» ұлттық ойынымен басталып, Каменка Тройницкое, Привольное, Пролетарка, Гагарино және Жаңа-Қанай ауылының спортшылары қатысты. Барлық командалар ақшалай қаржымен марапатталды. Сонымен қатар волейбол, армреслинг, гир көтеру, арқан тарту ойын түрлері өткізілді. Барлық спорттық ойын түрлері ақшалай және ауылдық округ әкімінің грамоталарымен марапатталды. Мерекеде ақшалай сыйлықтың демеушісі ретінде «Қайрат» шаруа қожалығы қатысты.

8 наурыз мерекесіне зейнеткер әйелдер, тыл жұмыскерлеріне «Голубой огонек» ұйымдастырылып өткізілді. Барлық әйелдер сыйлықтармен марапатталды.

«Қарттар күніне» дастархан жаю әдетке айналдырылды, ал зейнеткер әйелдер сыйлыққа үтік және графиндер алды. Демеушілері, шаруа қожалықтар және жеке кәсіпкерлер.

Алғаш рет ауылдық округте «Құрбан айт» мерекесі және «Бірінші Президент» мерекесі ұйымдастырылып, дастархан жайылып, мерекелік концерттік бағдарламасымен аталып өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясын өткізу кезінде біздің округ бойынша Ұлан ауданы әкімімен және бизнес жүйедегі өкілдермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен білім, мәдениет және әлеуметтік жүйені дамытуда мемарандум бекітілді.

«Степное» шаруа қожалығының басшысы С.В. Бельчуевский Каменка ауылында автобус аялдамасының құрылысын ұйымдастырып, құны 150000 теңге тұратын жаңа насос сатып алып, оны орнатуға жағдай жасады. Каменка ауылы Центральная көшесінде су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмек көрсетті.

«Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Усмаев Асвад Рамзанович Каменка ауылында Студенческая және Садовая көшесінде су жүйелерінің құбырларын ауыстыру жұмыстарына көмегін көрсетті.

Құны 2 млн. 700 мың теңгені құрайтын «Жеңіс» паркінің құрылысын бастады.

«Синельников» шаруа қожалығымен көшені жарықтандыруға 15 лампа, «Тройницкое» шаруа қожалығымен –Тройницкое ауылында Средняя көшесін жарықтандыруға кабель алынды.

Каменка ауылы Қазақстан көшесінде аудандық бюджеттен су жүйелерінің құбырларын ауыстыруға 1 млн 350 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

МҚМ «Каменка орта мектебіне» мектепшілік лагерлерге «Степное» шаруа қожалығымен 15 000 теңге және жеке кәсіпкерлер К.Ж. Боромбаева, М.А Крыкбаева., В.Л Каретин., Г.Р Аубакирова 5 000 теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді. Оқушыларды жаз мезгілінде Өскемен қаласындағы этноауылдарға баруына В.П Шумский, М.Б. Масалимова көліктер берді. Каменка орта мектебіне жаңа жылдық мерекеге орай «Степное» шаруа қожалығы 5000 теңге бөлді жеке кәсіпкерлерде К.Ж. Боромбаева, М.А. Крыкбаев, В.Л. Каретин, Д.Е Алимбаев, М.Б. Масалимова сырт қалмай өз үлестерін қосты. Қыс мезгілінде мектеп алаңын тазалауға «Қайрат» және «Степное» шқ көлік қызметімен көмектерін көрсетеді.

12 км –ге Таврия- Каменка жолына 740 млн теңге, 2011 жылы Таврия –Пролетарка жолында 100 млн теңге қолданылды, ағымдағы жылда 340 млн теңге бөлініп, 2013 жылы 300 млн теңге жоспарлануда.

2013 жыл жоспарында келесі мерекелер жоспарлануда:


  1. Каменка ауылында бұрынғы совхоз асханасын қайта қалпына келтіру

  2. Жеңіс саябағын салу құрылысын аяқтау.

  3. Бұрынғы Каменка мектеп ғимаратында пима шығару зауытын ашу жоспарлануда

  4. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Каменка ауылындағы клубтың ғимаратын «Дарын» балансына беру.

  5. Тройницкое ауылындағы негізгі мектебіндегі оң жақ қанатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сауық кешенін жасау.

6. Тройницкий ауылында Орталық көшесінде жарықтандыру орнату

7. Каменка ауылында Заречная көшесінде су құбыры жүйесін жөндеу.



7. «Құнжыра» шаруа қожалық базасында 150 басқа сүтті – тауарлық ферманың ашылуы, сонымен қатар 15 жұмыс орнын ашу.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Заречная көшесін жарықтандыруға 900000 теңге бөлінді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет