«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОӨЖ
«АУРУ МЕХАНИЗМДЕРІ. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ»
«ФАРМАКОЛОГИЯ» ПӘНІ
НҰСҚА 7
Тақырыбы: «Қалқанша безінің ауруларын фармакологиялық түзету принциптері»
Қалқанша бездің ауруында қолданылатын зат науқасқа тағайындалды. Ол келесі әсерлер шақырады:
Гипогликемиялық дәрілік заттардың әсерін төмендетеді.
Тікелей емес антикоагулянттардың әсерін - күшейтеді
Тамыр тарылтқыш дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.
СҰРАҚТАР:
1. Қандай препарат тағайындалған?
2. Препараттың әсер ету механизмі қандай ?
3. Препаратқа қандай жағымсыз әсерлер тән?
4. Тиреотоксикалық кризде терапияның тактикасы.
Тақырыбы: «Қант диабетін фармакологиялық түзету принциптері»
Науқас М., 54 жаста зәрдің жиі бөлінуіне, шөлдеу, шаршағыштыққа, шағымданады. Қосымша ауруы гипертониялық ауру. Антигипертензивті зат – верапамилды қабылдайды. Пациентке α-глюкозидаза ингибиторлар тобынан диабетке қарсы препарат тағайындалды.
СҰРАҚТАР:
Науқаста қант диабетінің қандай түрі?
Науқасқа қандай препарат тағайындалды ?
Тағайындалған препараттың әсер ету механизмін сипаттаңыз.
Диабетке қарсы және гипертонияға қарсы заттарды бірге қолданғанда қандай әсер болу мүмкін?
Тақырыбы: « Гипо- және гиперкортицизм синдромында қолданылатын гормональды препараттар »
Пациент Кушинг синдромның ауыр түрімен аурады, хирургиялық ем мүмкін емес.
СҰРАҚТАР:
1. Глюкокортикоид синтезінің қандай ингибиторын тағайындауға болады?
2 .Осы препараттардың фармакологиялық әсерін сипаттаңыз?
3. Емдеу курсы.
4. Мүмкі болатын жағымсыз әсерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |