Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар


-тарау. Маркшейдерлік аспаптық бақылаулар



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі2 Mb.
#124680
1   2   3   4   5

3-тарау. Маркшейдерлік аспаптық бақылаулар

1-параграф. Жалпы талаптар
52. Маркшейдерлік бақылаулардың мақсаты мыналар болып табылады:

1) тау жыныстары деформацияларының таралу шекараларын және түрін анықтау;

2) деформациялар жылдамдығы мен шамаларын анықтау;

3) әр түрлі инженерлік-геологиялық кешендер үшін, белсенді сатының басталуының алдында болған ығысулардың сандық шамасын анықтау;

4) карьерді тереңдету кезінде деформациялардың уақытта дамуын алдын ала есептеу.

53. карьерлер беткейлерінің және үйінділер қиябеттерінің деформацияларын маркшейдерлік бақылау үшін арнайы бақылау станциялары салынады, оларда кезең сайын аспаптық бақылаулар жүргізіледі. Бақылау станциясы, тәртіп бойынша бірнеше кескіндік сызықтан тұрады, олар бойынша тірек және жұмыстық қада белгілерлер орналасқан.

54. Беткейлер мен үйінділердің деформацияларын аспаптық маркшейдерлік бақылаулар карьерде аршу жұмыстарын дамытудың басталуымен бір мезгілде басталады.

Кен орындарын ашық тәсілмен қазудың техникалық жобаларына тұтас алғанда беткейлердің деформацияларын және орнықтылық жағдайлары қолайсыз беткейлердің жеке учаскелерінің деформацияларын бақылау бойынша бақылау станцияларының жобаларын қосу керек. Кен орындарын қазудың техникалық жобаларында бақылау станцияларының жобалары болмаған жағдайларда, соңғыларын кәсіпорындардың геология-маркшейдерлік қызметі құрастырады. Карьерлер мен үйінділер беткейлерінің деформацияларын бақылау деректерінің жинақталуына қарай бақылау станцияларының жобалары және бақылау кезеңдері нақтылы кен-геологиялық жағдайларға сәйкес өзгеруі мүмкін.

55. Аспаптық маркшейдерлік бақылауларды пайдалану мына талаптарға негізделеді:

1) қиябеттердің жылжымалары мен опырылуының пайда болуына беткей жанындағы массивтердің ұзақ дамитын микродеформациялары (жаcырын деформациялары) алдында болады;

2) кен орындарын ашық қазудың қолданылатын жүйелерінде карьерлер беткейлерін шекті (жобалық) контуры бойынша салу едәуір уақыт аралығын алады, оның салдарынан белсенді сатының алдында болатын беткейлердің деформациялануының жасырын сатысы кезеңі, уақытта созылған, бұл бақылаулар нәтижелері бойынша сол немесе өзге деформациялардың сипаты мен қауіптілігі дәрежесі туралы жорамалдауға мүмкіндік береді;

3) беткейлер деформацияларының сипатын дұрыс түсіндіру үшін аспаптық ұзақ бақылауларды, мүмкіндігінше, кен орнының жеке учаскелерінің геологиялық құрылысын және тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін (әсіресе деформациялық қасиеттерін, соның ішінде шекті деформацияларды) толық зерделеумен бірлестіру керек;

4) карьерлер беткейлерінің орнықтылығына көптеген факторлар әсер етеді, олардың бір бөлігі орнықтылықты есептеу кезінде қордың елеулі коэффициенттерін енгізу қажеттілігін анықтайтын, үлкен қателікпен есепке алынады; карьерлер мен үйінділер беткейлерінің деформацияларын аспаптық бақылау материалдары үйінділердің беткейлері мен қиябеттерінің еңіс бұрыштарын қордың кіші коэффициентімен анықтау мүмкіндігін береді;

5) қиябет деформациясына сандық баға беруге мүмкіндік бере отырып, маркшейдерлік аспаптық бақылаулар, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулермен кешенде, басталған деформацияның сипатын айқындауға мүмкіндік береді, бұл уақытта, кеңістікте дамуға қатысты болжамдар жасауға және қауіпті деформациялардың дамуын тудыратын себептерді жою бойынша шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.

56. Бақылау станциясының қада белгілерлері карьер беткейлерінің шекті қалыптағы созылымына перпендикуляр сызықтар бойынша орнатылады (4-сурет). Алдымен бақылау станциясының жобасы құрастырылады, ол бақылау станциясының масштабы 1:1000 немесе 1:2000 планынан, қысқаша түсіндірме хаттан, сондай-ақ сәйкес геологиялық карталар мен қималардан құралады.

2-параграф. Бақылау станцияларын орнату
1). Бақылау станциясының планында мыналарды көрсетіледі:

тау-кен жұмыстарының жобаны құрастыру сәтіндегі жағдайы;

тау-кен жұмыстарын әрі қарай дамыту жобасы;

карьер беткейлерінде немес үйіндінің жанында болатын ғимараттар;

жобаланған кескінді сызықтар мен оларда қада белгілердің орналасуы;

жергілікті жер бедері;

2) толық геологиялық қималарды бақылау станциясының планымен қоса беру керек:

тау жыныстарының литологиялық айырымдарының шекаралары;

әрбір литологиялық айырым жарықшақтығының дәрежесі мен сипаты;

бағыты мен олардың құлау бұрышы көрсетілген үлкен ұзындықты дизъюнктивті бұзылыстар мен тектоникалық жарықшақтар;

ығысуға кедергі сипаттамалары (ρ және К);

босаңсу беттері бойынша ығысуға кедергінің сипаттамалары (ρ' және К')-тектоникалық жарықшақтар, дизъюнктивті бұзылыстар, қабаттар арасындағы жапсарлар немесе тақта тастылық бойынша.




4-сурет-Карьердегі бақылау станциясының жобасы


3) Түсіндірме хатқа мыналар енгізіледі:

кен орнының және тау-кен жұмыстарының жалпы қысқаша сипаттамасы;

бақылау станциясын орнату бойынша есептеулер (қада белгілер санын, кескінді сызықтардың ұзындығын, қада белгілер арасындағы ара қашықтықты, ұңғымаларды қада белгілерге бұрғылау бойынша жұмыстар көлемін, материалдардың-дөңгелек темірдің, цементтің, құмның және тағы сол сияқты шығынын анықтау);

бақылаулар жүргізу мерзімдерін және қолданылуы болжанатын аспаптарды көрсету арқылы бақылаулардың қысқаша әдістемесі. Бақылау станциясының жобасы бойынша барлық материалдар брошюралануы және оған жобаны құрастырған тұлға қол қояды. Бақылау станциясының жобасын кәсіпорынның бас инженері бекітеді.

57. Бақылау станциясының кескінді сызықтары әр түрлі кен-геологиялық жағдайларда орнатылады. Бірінші кезекте, кескінді сызықтар беткейдің орнықтылығы аз учаскелерінде орнатылады.

Карьерлер беткейлерінің орнықтылығы аз учаскелері мына белгілермен сипатталады:

1) беткейді жайпақтаудың қия бұрышымен немесе көп жік қабатты үйінді қиябетінің жалпы қия бұрышымен;

2) карьердің үлкен тереңдігімен немесе үйіндінің биіктігімен;

3) беткейлер негізіндегі қабаттарды кесумен және үйінділердің қабатты негізімен;

4) тектоникалық бұзылыстардың бар болуымен;

5) беткейлердің немесе үйінділердің негізінде бос жапсарлардың және икемді қабаттардың, жеке учаскелердегі ежелгі және қазіргі бедердің ерекшелігімен себептелген босаңсулардың (арқалықтар, ағыс қолаттары, карсттық айқындалулар және тағы сол сияқты) бар болуымен;

6) тау жыныстарының суландырылғандығымен, үйінді массаларының атмосфералық жауын-шашындармен ылғалдануымен және үйінділер негізінің суландырылғандығымен;

7) беткейлерде немесе жеке керпештерде тау жынысының үлкен үймелерінің бар болуымен;

8) жарылыстардың сейсмикалық әсерімен және кен-көлік жабдықтарының (жеке кертпештердің орнықтылығына әсер ететін) жұмысынан болатын дірілмен.

58. Кескінді сызықтың шеткі пункттері карьерді жобалық тереңдігіне дейін тереңдету кезінде пайда болатын, деформациялар аймағынан тыс орнатылады.

Кескінді сызықтар барлық карьер бойында жүргізіледі (карьердің қарама-қарсы екі беткейі және түбі арқылы) жүргізіледі, ал карьердің тереңдігі үлкен болғанда олар карьердің әрбір беткейінде дербес орнатылады.

Кескінді сызық тірек және жұмыстық қада белгілерден тұрады. Карьерге жанасатын беттегі тірек қада белгілерсіз кескінді сызық бөлігінің ұзындығы (5-сурет), орнықтылықты есептеу негізінде (орнықтылық қорының 1,2-1,3 тең коэффициенті кезінде) алынған, беткейлердің шекті рауалы еңіс бұрыштары кезінде 1,5 Н кем емес болу керек (мұнда Н-карьердің тереңдігі).

Кескінді сызықтардың тіректі қада белгілері деформациялар аймағынан тыс орнатылады. Әрқайсысында әрбір жағынан кем дегенде екі қада белгі орнатылады (5-сурет).

59. Жұмыстық қада белгілер арасындағы арақашықтық олардың кескінді сызықта орналасуына байланысты болады. Кертпештің немесе үйінді жік қабатының әрбір алаңында (бермасында) кем дегенде екі қада белгі орнату керек, біреуін-кертпеш ернеуінің жанында, екіншісін жоғарыда жатқан кертпеш табанының жанында. Қада белгілері осы қада белгілермен жұмыс істегенде бақылаушының қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей орнатылады. Жер бетінде орналасқан қада белгілер арасындағы арақашықтық, олардың карьер беткейінің жоғарғы ернеуінен қашықтауына байланысты келесідей қабылданады:

5-сурет
1) жылжу (опырылу) мүмкін болатын призма учаскесінде-5-10-15 м;

2) карьердің жоғарғы ернеуін қашықтату арқылы-15-30 м дейін.

Тірек қада белгілер арасындағы арақашықтық-20 м кем емес.

60. Бақылау станцияларын орнатумен бір мезгілде алғашқы қада белгілерді орнату ұсынылады, олармен барлық сызықтардың тірек қада белгілері байланыстырылады. Алғашқы қада белгілер кем дегенде үшеу болу керек. Осы қада белгілерді орнату бақылау жүргізудің барлық уақыты бойында, олардың орнының өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін жерлерде жүргізіледі. Алғашқы қада белгілер тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс, сондай-ақ карьер алабын құрғату кезінде жер асты суларының деңгейін төмендеуі әсерінен жер бетінің отыруы мүмкін болатын аймағынан тыс орнатылады.

61. Бақылау станциясының жобасын натураға ауыстыру жергілікті жерде сәйкес бұрыштар мен ұзындықтарды салу жолымен жүргізіледі.

62. Қада белгілер конструкциясы қарапайым болу керек, ал оларды орнату тәсілі мыналарды қамтамасыз етіледі:

1) қада белгінің жылжуы тау жыныстарының жылжуына дәл сәйкес келетіндей, қада белгінің тау жынысымен берік байланысы;

2) қада белгілердің қызмет етуінің барлық мерзіміне олардың орнының сақталуын және өзгермеуін, сондай-ақ оларды пайдалану ыңғайлылығы;

3) қада белгінің горизонталь жазықтықта жылжуын бақылау дәлдігін қамтамасыз ету үшін қада белгінің бастиегінде (жартылай сферасында) белгіленген центрдің анықтылығы;

4) температураның маусымдық өзгеруі және тау жыныстарының ылғалдылығы және тау жыныстарының тоңдануы мен еруі жағдайларында қада белгінің орнықтылығы.

63. Ұзақ мерзім қызмет етуі үшін қада белгіні орнатуды келесі түрде жүзеге асыру ұсынылады: диаметрі 160-220 мм бұрғыланған ұңғымаға тоңдану аймағынан 0,5 м төмен тереңдікке, диаметрі 20-30 мм металл істік бетондалады. Цементтік ерітінді ұңғыманың төменгі бөлігіне ғана 0,4-0,5 м құйылады (6-сурет). Қада белгінің металл өзегінің жоғарғы ұшы жартылай сфераға өңделеді, оған диаметрі 2 мм артық емес және тереңдігі 4-5 мм саңылау түрінде центр салынады. Ұңғыма қабырғалары және істік арасындағы бетонды жастықтан жоғары кеңістік құммен немесе қожбен толтырылады және тығыз емес түрде нығыздалады.

Тоңданған кезде мұзды жастықтың түзілуін болдырмау үшін қада белгінің негізінде, сондай-ақ капилляр қасиеттерді иеленбейтін материалдардан (қож, ірі түйіршікті құм және басқа материалдар) жасалған кеуекті негізді төсеу ұсынылады.

Қада белгіге аяздан қабару күштерінің әсерін азайту үшін қада белгі істігінің жоғарғы ұшын жер бетінен 20-30 см тереңдікке тереңдетіледі.

Қада белгіні орнату тереңдігі h жер бетіне қатысты мына түрде анықталады:

h=hmax+a+ b, (5)

мұнда h max – грунт тоңдануының максимум тереңдігі;



а-қада белгі зәкірінің биіктігі (0,4-0,5 м);

b-кеуекті негіз қуатымен қосындысында, тоңдану тереңдігін анықтаудың мүмкін болатын қатесінің шамасымен анықталатын қор.

Грунттың ылғалдылығының өзгеруінен туындайтын, оның деформациялары есебінен қада белгінің тігінен жылжуын болдырмау үшін, қада белгілерді орнату тереңдігі 1,5 м кем емес болып қабылданады.

3-5 жылға дейін қызмет ету мерзіміне қағылатын қада белгілері ұсынылуы мүмкін. 7-суретте бір ұшынан үшкірленген, диаметрі 25-35 мм металл істікті білдіретін, қағылатын қада белгі көрсетілген; істіктің жоғарғы ұшы оған центр салынатын, жартылай сфераға өңделеді.

Мұндай қада белгілердің ұзындығы грунттың тығыздығына байланысты-0,7-1,0 м, 1,5 м және одан артық таңдалады. Үйінді грунттарда грунттарды бекі-ту беріктігін жоғарылату үшін қағылатын қада белгілердің ұзындығын 2,0-2,5 м дейін ұлғайтады. Қағылатын қада белгі ретінде диаметрі 80-120 мм және ұзындығы 0,5-0,7 м ағаш қазықты білдіретін, ағаш қада белгі пайдаланылуы мүмкін. Қазық қағылған соң, оның шеткі бөлігіне металл центрді қағады.



6-сурет-Ұзақ мерзім қызмет еткен қада белгінің конструкциясы

1-құрғақ құм, қож; 2-темір істік; 3-бетон

7-сурет-Қағылатын қада белгі типі.


Қада белгілерді орнату үшін қатты тау жыныстарында тереңдету бұрғыланады, онда диаметрі 20-30 мм және ұзындығы 30-50 см металл істік бетондалады.

Мәңгі тоң ауданында қада белгілердің конструкциясы және оларды орнату тереңдігі берілген ауданда грунттың тоңдануының қада белгілердің орнықтылығына әсері туралы мәліметтер негізінде таңдалады.

64. Тірек қада белгілерді бекіткен соң олардың жергілікті жердің тұрақты заттарына қатысты орналасуын және алғашқы қада белгілердің толық абрисін құрастыру керек. Тірек қада белгілерді іздеу ыңғайлы болу үшін олардың жанында қадалар орнатылады.

65. Кескінді сызықтар бойынша қада белгілерге қосымша сырғанау бетін, жылжыма массивінің қуатын айқындау мақсатында шурфтарда және жылжу учаскелерінде болатын басқа қазбаларда бақылау пункттерін орнатылады.



3-параграф. Маркшейдерлік бақылаулар әдістемесі
66. Бақылау станциясында келесі жұмыстар орындалады:

1) аспаптық бақылаулар нәтижелері бойынша бақылау станциясының қада белгілерінің горизонталь және вертикаль жазықтықтарда жылжу шамаларын анықтау;

2) жер бетінде және кертпештер бермаларындағы жарықшақтардың енін және ұзындығын өлшеу;

3) сәйкес түсірулер, олардың нәтижесінде тау-кен жұмыстарының жеке операцияларын (жаппай жарылыстарды, аршу жұмыстарын және тағы сол сияқты) жүргізу уақытын көрсету арқылы әрбір бақылау күніне тау-кен жұмыстарының пландары мен қималарын толықтыру жүргізіледі.

67. Станцияда аспаптық бақылаулар мына жұмыстарда жасалады:

1) бақылау станциясының тірек және алғашқы қада белгілерін кеніштік маркшейдерлік тірек торабымен (триангуляция, полигонометрия пункттерімен және нивелирлік қада белгілермен) байланыстыру;

2) бақылау станциясының қада белгілерінің алғашқы орнын анықтау үшін (горизонталь және вертикаль жазықтықтарда) бақылаулардың бастапқы сериясын жүргізу;

3) қада белгілердің жылжу шамасын анықтау үшін олардың орнын жүйелі бақылау жүргізу.

68. Бақылау станциясының алғашқы және тірек қада белгілерін горизонталь жазықтықта байланыстыру триангуляция арқылы немесе полигонометрияның жақын жатқан пункттерінен тұйықталған полигонометриялық жүрістерді салумен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге салыстырмалы қате 1:8000 артық емес және бұрыштарды өлшеудің орташа қатесі 8" рұқсат етіледі. Тірек қада белгілерді кері жүрісті салған жағдайда аспалы полигонометриялық жүрісті салу жолымен бір триангуляциялық немесе полигонометриялық пунктпен байланыстыруға рұқсат етіледі.

Бақылау станциясының алғашқы және тірек қада белгілерін биіктіктік байланыстыру II-класты нивелирлеумен триангуляция пункттерінен жүргізіледі. Нивелирлеу башмақтар бойынша ортасынан тура және кері бағыттарда жүргізіледі. Тура және кері жүрістердің үйлеспеушілігі ∆h мына шамадан артық болмайды

h (6)

мұнда L-жүрістің ұзындығы (бір бағыттағы), км.

69. Станциядағы бастапқы бақылаулар мынадан тұрады:

1) бақылау станциясының қада белгілерін нивелирлеуден;

2) кескінді сызықтар бойынша қада белгілер арасындағы арақашықтықтарды өлшеуден;

3) бақылау станциясының учаскесіндегі жарықшақтарды түсіруден.

70. Бақылау станциясының қада белгілерінің бастапқы орнын анықтау үшін 3-5 күн интервалмен өлшеудің екі тәуелсіз сериясы орындалады.

71. Горизонталь учаскелерде және шағын еңісті (10-15° дейін) учаскелерде қада белгілерді кескінді сызықтар бойынша нивелирлеу-геометриялық тәсілмен, ал көлбеу учаскелерде тригонометриялық тәсілмен орындалады. Нивелирлеу қада белгілер арасындағы ұзындықтары өлшеумен бір мезгілде жүргізіледі.

Геометриялық нивелирлеу кезінде тұйықталған жүрістердің үйлеспеушілігі ∆h (мм) ± немесе ± артық бола алмайды, мұнда n-штативтер саны, ал L-жүрістің ұзындығы, км.

72. Бақылау станциясының қада белгілерін нивелирлеу үшін түтіктегі деңгейімен және түтік кем дегенде 25х ұлғайғанда деңгей бөлігінің бағасы 2 мм 20" артық емес болатын нивелирлер қолданылуы мүмкін. Үш метрлі, екі және бір жақты, деңгейлері бар рейкалар қолданылады.

73. Нивелирлеудің алдында станцияда сәйкес нұсқаулардың талаптарына сәйкес барлық аспаптар тексеріледі.

74. Әрбір бақылау сериясында қада белгілерді нивелирлеу екі рет-тура және кері бағыттарда жүргізіледі. Нивелирлеу 2-3 м артық емес ауытқумен байланыстырушы қада белгілердің арасында ортасынан жүргізіледі. Аспаптан рейкаларға дейінгі арақашықтық 50 м артық емес болу керек. Рейкалар тікелей қада белгілерге орнатылады.

75. Тригонометриялық нивелирлеу қада белгілердің биіктіктік белгілерін және үлкен еңісті учаскелерде, олардың арасындағы горизонталь салынуын анықтау үшін жүргізіледі.

Бақылаулар кезінде вертикаль дөңгелек бөлігінің бағасы 30″ артық емес теодолиттер қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеу кезінде сызықтардың еңіс бұрыштарын өлшеуді түтіктің екі қалпында жүргізу керек; интервалдар ұзындықтарын өлшеуді рулетка төсемін тұрақты тарту (10 кг күшпен) арқылы салыстырушы болат рулеткамен жүргізу керек. Әрбір интервалда рулетка температурасын («пращ» типті термометрмен), 1° дейінгі дәлдікпен өлшеу керек. Интервалды әрбір өлшеу кезінде, бастапқы өлшемді 5-10 см ығыстыру арқылы рулетка бойынша кем дегенде үш жұп өлшем алу керек. Өлшеу арасындағы айырмашылықтар 2 мм аспайды.

Аспаптың биіктігін және сигналды өлшеу қатесі 1 мм артық рұқсат етілмейді.

Барлық қада белгілердің биіктіктік белгілері әрбір серияда екі рет анықталады, тура және кері бағыттарда, не болмаса аспаптың екі горизонтында бір бағытта анықталады.

Еңіс бұрышын өлшеу кезінде мүмкіндігінше, тікелей қада белгінің центрін көздейді; бұл жағдайда сигнал биіктігін анықтауда қате болмайды.

Еңіс бұрышын әрбір өлшеу кезінде «нольдің орны» есептеледі. «Нольдің орны» мәндерінің рауалы ауытқуылары вертикаль дөңгелек нониусының қосарлы дәлдігінен артық бола алмайды.

76. Тригонометриялық нивелирлеу кезінде жеке биік айырымдарды анықтау қателігі, қада белгілер мен еңіс бұрышы арасындағы арақашықтыққа байланысты 21-қосымшаның кестесі бойынша анықталады.

77. Кескінді сызықтардың қада белгілері арасындағы арақашықтықтарды өлшеу ұзындығы 30 м кем емес салыстырушы болат рулеткалармен жүргізіледі. Рулетканы салыстыруды бақылау станциясында бақылаудың әрбір 2-3 сериясынан кейін жүргізіледі. Жасырын центрлерді шығару лот-аппараттардың, қатты немесе шнурлы тіктеуіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Қатты тіктеуіштің сипаттамасы және интервалдар ұзындықтарын өлшеу сұлбасы 11-қосымшада келтірілген.

78. Ұзындықтарды өлшеу рулетка температурасын әрбір өлшенетін интервалда ± 1° дейінгі дәлдікпен термистормен немесе термометр-пращпен өлшеу арқылы, динамометрлердің көмегімен анықталатын, тұрақты тартумен (10 кг) жүргізіледі. Әрбір серияда ұзындықтарды өлшеуді екі рет-тура және кері бағыттарды жүргізу ұсынылады. (Желді ауа-райында үлкен еңіс интервалдардың ұзындықтарын өлшеу кезінде рулеткалар иілген жерінің жебесі елеулі өседі және жел қимылдары өзгереді; мұндай жағдайларда ұзындықтарды салыстырылған сымдармен өлшеу керек 11-қосымша).

79. Қада белгілер арасындағы ұзындықты тікелей өлшеу қиынға соғатын, жеке жағдайларда, қада белгілердің жылжуын анықтау үшін тригонометриялық әдістерді тура және кері қиылыстыруды қолдануға болады.

80. Үлкен жылжымаларды түсіру, олардың уақытта және кеңістікте дамуын анықтау үшін жер үстінде стереофотограмметриялық түсіру қолданылады.

81. Қайта бақылаулар жүргізу мерзімдері жобада қойылған міндеттерге және жылжу процесінің дамуына байланысты анықталады.

Бақылау станциясын орнатқан соң алғашқы уақытта, бақылаулар ай сайын жүргізіледі. 3-4 сериядан, бақылаудан кейін және беткей жанындағы массивтің жылжу жылдамдығын анықтаған соң бақылаулар кезеңділігі өзгереді.

Егер қада белгілердің ығысу жылдамдығы тәулігіне 1 мм аспаса және уақытта өшсе, бақылау сериялары арасындағы уақыт интервалдары 3-4 және одан көп айларға дейін ұлғаюы мүмкін, алайда бақылауларды кем дегенде жылына 1-2 рет жүргізіледі.

Егер қада белгілердің ығысу жылдамдығы тұрақты болса және тәулігіне 0,5-1,0 мм құраса, бақылаулар сәйкес түрде екі айда бір рет және ай сайын жүргізіледі.

Жылжу процесін белсенділендіргенде бақылау сериялары арасындағы интервалдар бірнеше аптаға және күндерге дейін қысқарады.

Тәулігіне 10 мм және одан артық жылдамдықпен жылжитын, белсенді жылжымаларды бақылау кезінде, бақылау сериялары күн сайын жүргізіледі; егер қада белгілердің жылжу жылдамдығы уақытта ұлғайса, онда жылжымалардың үзілуінің алдында болатын, ығысудың сындық жылдамдықтарын анықтау үшін, бақылаулар сериялары арасындағы уақыт интервалдары бірнеше сағатқа дейін қысқарады, жеке жағдайларда деформациялар жылдамдықтарының автоматтық сигнализаторлары орнатылады.

82. Жұмыстық қада белгілердің орнын анықтаудың орташа квадраттық қателігі тірек қада белгілерге қатысты мынадан артық емес болады:

1) вертикаль жазықтықта, mh, мм (геометриялық нивелирлеу кезінде):



;

2) горизонталь жазықтықта m ι .мм:



мұнда L-берілген қада белгінің жақын жатқан тірек қада белгіден қашықтауы, км.

Беткейлердің онда тригонометриялық нивелирлеу қолданылатын учаскелерінде орташа квадраттық қателер 21-қосымшада келтірілген, формулалар бойынша анықталады.

83. Шурфтар қабырғаларында орнатылған қада белгілердің X ,У және Z координаталарының мәндерін, «Маркшейдерлік іс» курсынан белгілі, ұқсас есептер шешудің ықшамдалған әдістерімен анықтайды.



4-параграф. Маркшейдерлік бақылаулар нәтижелерін өңдеу
84. Далалық бақылаулар нәтижелері аналикалық және графикалық өңделуге жатады.

Бақылаулар нәтижелерін камералық өңдеу тікелей әрбір өлшеу сериясы аяқталған соң жүргізіледі және келесіден тұрады:

1) далалық журналдарды тексеру;

2) бақылау станцияларының барлық қада белгілерінің биіктіктік белгілерін есептеу;

3) өлшенген ұзындықтарға сәйкес түзетулер енгізу арқылы кескінді сызықтардың қада белгілері арасындағы горизонталь арақашықтықтарды есептеу;

4) әрбір кескінді сызық бойынша ведомость құрастыру:

қада белгілердің вертикаль ығысу;

қада белгілердің кескінді сызықтар бойында горизонталь ығысу;

горизонталь деформациялар (созылу және қысылу);

ығысулар шамалары;

ығысу векторларының бағыты бойынша қада белгілердің ығысу жылдамдықтары;

5) графикалық материалдарды құрастыру және толықтыру:

бақылау станциясының және карьердің толықтырылған планын;

тау жыныстарының литологиясын және тау-кен жұмыстарының станцияны орнату кезеңіндегі орнын, бақылау жүргізуді және жарықшақтардың, іліктастардың пайда болуын нақтылау арқылы әрбір кескінді сызық бойынша вертикаль қималарды;

әрбір кескінді сызық бойынша вертикаль және горизонталь жылжулар мен деформациялар графиктерін;

қада белгілердің векторлар бағыты бойынша ығысу жылдамдықтарының графиктерін.

85. Геометриялық нивелирлеу кезінде қада белгілердің биік айырымдары мен белгілерін есептеу-нивелирлеу журналында, ал тригонометриялық нивелирлеу кезінде арнайы журналда жүргізіледі.

Әрбір бақылау сериясын өңдеген соң қада белгілер белгілері отыру ведомостіне жазылады.

Отырулар η, мм, мына формула бойынша анықталады:

η =Н η –Н η+1 , (7)

мұнда Нη-қада белгіні алдыңғы немесе бастапқы бақылаудан белгілеу;



Н η+1 -қада белгіні келесі бақылаудан белгілеу.

86. Кескінді сызықтардың қада белгілері арасындағы горизонталь арақашықтықтарды есептеу арнайы журналда жүргізіледі, сонымен бірге келесі түзетулер есептеледі және есепке алынады:

1) температура үшін түзету ∆ l1, мм:

l 1= l α (t-tК), (8)

мұнда l-өлшенген сызықтың ұзындығы, мм;

α-сызықтық кеңейту коэффициенті (болатты рулеткалар үшін α = 1,15 х10-5



t-өзгерістер кезіндегі ауа температурасы, градус;

tк-рулетканы салыстыру температурасы;

2) салыстыруға түзету ∆l2, мм берілген рулетканы салыстыру паспортынан алынады;

3) иілген жерді түзету ∆ l 3, мм:

l3 = ∆Ll3/L3 , (9)

мұнда L-барлық рулетканың ұзындығы;



l-интервалдың өлшенген ұзындығы;

L-келесі формула бойынша есептелінетін рулетканың барлық ұзындығына иілген жерді түзету:



(10)

мұнда f-берілген тартылыс кезіндегі барлық рулетканың иілген жердің жебесі



(11)

мұнда Т-кг, тартылыстың шамасы;



θ-кг/м, рулетканың бір қума метрінің салмағы.

Иілген жерді түзету рулетканы салыстыру таразыда емес, ал жазықтықта жүргізілген болған жағдайда ғана енгізіледі. Иілген жерді түзетулерді есептеуді ықшамдау мақсатымен түзету шамаларының графигі немесе кестесі құрастырылуы мүмкін. Ұзындығы 50 м рулеткалар үшін Д.Н. Оглоблиннің кестелерін пайдалану ұсынылады;

4) еңіс жерді ∆ l 4 (мм) және тұстамадан ауытқуды 1 (мм) түзету келесі формулалар бойынша есептеледі:

, (12)

1 = - h2/2 l,

l 2 = l1 2 /2 l= h4 /8 l 3, где

l-интервалдың өлшенген ұзындығы,

h-рулетканың немесе ординаталар ұштарының арасындағы биік айырым.

87. Қада белгілерді тригонометриялық нивелирлеу кезінде қада белгілердің α арасындағы көлденең ара қашықтық төмендегі формула бойынша анықталады:



α= l испр ·соsδ, (13)

мұнда -еңістің өлшенген бұрышы;



lucnp-иілген жерді, температураны, салыстыруды көздеу және түзету сәулесінің бағыты бойынша өлшенген еңістік ұзындық.

Қада белгілердің арасындағы биік айырымдарды есептеу келесі формула бойынша шығарылады:

Z= lиспр·sin δ +i-v, (14)

мұнда i-аспаптың биіктігі (қада белгіден бастап құбырдың айналым осіне дейін);



v-сигналдың жоғарылығы.

Бақылаулардың әрбір сериясынан қада белгілердің арасындағы есептелген көлденең ара қашықтықтар көлденең ығысулардың ведомостіне жазылады.

88. Екі бақылау арасындағы кезеңдегі интервалдың көлденең деформациялары келесі формула бойынша анықталады:

, (15)

мұнда α, α1, α2-бастапқы, алдыңғы және кейінгі бақылауларға сәйкес интервалдың көлденең ұзындығы.

Барлық бақылаулар кезеңіндегі көлденең деформациялар-бастапқыдан бастап берілгенге дейінгі-төмендегі формула бойынша анықталады:

(16)

мұнда αп -берілген бақылаудан интервалдың көлденең ұзындығы.

Интервалдың ұлғаюына сәйкес көлденең деформациялар «+» белгісімен белгіленеді және созылымдар деп аталады, ал интервалдардың азаюына сәйкес деформациялар «-» белгісімен белгіленеді және қысылымдар деп аталады.

89. Қада белгілердің арасындағы есептелінген көлденең ара қашықтықтар бойынша, сомалау жолымен тірек қада белгіден кескінді сызықты қада белгілердің әрбіреуіне дейінгі ара қашықтықтар анықталады, олар көлденең ығысулардың ведомостіне жазылады.

Кескінді сызықтар бойынша бақылау материалдарын өңдеу кезінде көлденең ығысулар шамалары (мм) келесі формула бойынша анықталады:

=D2-D1 , (17)

мұнда D1, D2 -бастапқы бақылаудан және кейінгі бақылаудан шығатын тірек қада белгісінен бастап берілген қада белгіге дейінгі ара қашықтықтар.

Көлденең және тік ығысулар, сондай-ақ бақылаулардың салыстырылатын серияларындағы аралас қада белгілердің арасындағы интервалдар мен биік айырымдар ұзындықтарының айырымдары бойынша есептелінуі мүмкін.

90. Қада белгілердің ығысулары бойынша тау жыныстары массивінің беткей жанындағы аймақтың жылжу шамаларының ведомості құрастырылады. Жылжу шамасы γкөршілес қада белгілердің осы қада белгілердің арасындағы арақашықтыққа, олардың ығысу бағытына қарай нормаль бойынша арақашықтыққа қарай толық ығысулардың айырымы ретінде анықталады:



, (18)

мұнда ∆bn+1 -алдыңғы қада белгінің толық ығысуы;

bn-артқы қада белгінің толық ығысуы;

m-векторлардың ығысу бағытына қарай нормаль бойынша қада белгілердің арасындағы арақашықтық.

Жылжу шамасын интервалдың ортасына жатқызады.

91. Кескінді сызықтар бойынша тіліктердің тік және көлденең масштабтары бірдей және бақылау станцияларының жоспарының масштабына тең болады.

92. Тік және көлденең ығысулардың, жылжулардың, көлденең деформациялардың графиктерінің масштабтары суреттің ыңғайына және көрнекілігіне қарай таңдап алынады. Сонымен қатар, қада белгілердің арасындағы арақашықтықтар масштабы тік қималардағы сияқты қабылданады.

Жылжулар мен деформациялардың графиктерін, тау-кен жұмыстарының орналасуын, жыныс қыртыстарының құрылымын, карьердің беткейлерін және басқа да кен-геологиялық факторларды бірлесіп қарастыру ыңғайлы болу үшін, осы факторлардың деформациялардың даму процесіне әсер ету деңгейін орнату мақсатында графиктер мен тік қималарды бір бетте құрастыру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет