Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар



жүктеу 0.83 Mb.
бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5

5-параграф. Ықшамдалған маркшейдерлік бақылаулар
93. Карьерлерде қиябеттердің деформацияларын ықшамдалған маркшейдерлік бақылаулар қиябеттердің орнықтылықтарының қалыптасып келе жатқан белгілерін көз мөлшерімен бақылау арқылы анықталған учаскелерде жүргізіледі.

94. Егер қиябеттердің деформациялары қарқынды түрде дамитын болса, жоғары дәлдікті өлшеулердің жүргізілуі мақсатқа лайық емес. Ықшамдалған типтегі уақытша бақылау станциясы салынады. Мұндай жағдайда қада белгілер топыраққа тығындалатын қарапайым ағаш қазықшаларын немесе металл өзектерін білдіреді. Сонымен қатар тірек қада белгілер іліктастар аймағынан тыс салынады, ал өлшеулер дәлдігі-1:200 төмен болмайды. Тірек қада белгілерін қосымша жүктеу бақылаулар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

95. Қада белгілер бойынша ықшамдалған бақылаулар толық орындалатын, бақылаулардың жеке серияларының арасындағы уақыт аралығында ұзақ мерзімді бақылау станциялары салынған учаскелерде жүргізіледі.

96. Жер бетінің беткей жанындағы учаскелердің, кертпештердің немесе үйінділердің учаскелерінің шөгуін бақылау үшін жеке қада белгілерді немесе учаскеге салынатын қада белгілердің топтарын қайта нивелирлеу жүргізіледі.

Қада белгілерді нивелирлеу деформацияланатын учаскенің шегінде тіркелген тірек қада белгіден бастап жүргізіледі. Нивелирлеу кезінде бақыланатын қада белгілердің биіктік белгілерін анықтау қателігі тура және кері бағыттарда ± 3 мм артық жіберілмейді, бұл беткейлердің деформациялануының жасырын кезеңінің басын орнатуға мүмкіндік береді. Бақылаулардың жиілігі олардың міндеттерімен анықталады. Осыған ұқсас бақылаулар карсттық қуыстарда және жер асты кен қазбаларында батулардың дамуына да жүргізіледі.

97. Жарықшақтардың ашылуын бақылаулар бақыланатын жарықшақтардың екі жағынан салынатын жұпты қада белгілер бойынша жүргізіледі. Жұпты қада белгілер қазықшаларды немесе оларға бекітілген телескоптық сырғитын цифрленген қада белгілері (8-9-сурет), өлшеуіш таспалары (10-сурет) бар тіреуіштерді білдіреді. Едәуір дәл өлшемдер үшін микрометрлік бастиектер (қада белгілерге бекітілетін сағаттық механизм типтес индикаторлар) қолданылады; сонымен қатар бақылаулар автоматтандырылған болуы және сындық ығысулардың пайда болуы туралы автоматтық ақпарат қажет болған жағдайда жабдықталуы мүмкін (11-сурет). Үлкен жарықшақтарда осындай қада белгілердің бірнеше жұбы орнатылады. Жұпты қада белгілер бойынша есептеулерді алу жиілігі жарықшақтарды ашудың жылдамдығына және опырылудың пайда болу қауіптілігіне тәуелділікте анықталады. Ығысу жылдамдықтарының тез өсуі опырылыс сәтінің жақындап қалғанын білдіреді.





8-сурет-Іліктастар мен жарықшақтардың дамуын бақылау.

а, г-шпагат пен бұрыш өлшеуішті қолдану арқылы өлшемдер; б-таңбалау сызықтарын қолданумен босаңсу беті бойынша массивтің ығысуын бақылау; в-цифрленген рейкаларды пайдаланумен өлшеу.




9-сурет. Рейкалардың көмегімен жарықшақтардың ашылуын бақылау.




1-ағаш қазықша; 2-топса; 3-құрсамалар; 4-екі рейка.
10-сурет.Сымдарды және цифрланған рейканы пайдаланумен жарықшақтардың ашылуын бақылау.




1-сымды іліктіруге арналған ілгегі бар қазықша; 2-сым; 3-блок; 4-көрсеткіштің нұсқары бар жүк; 5-шкаласы бар тіреу.

11-сурет. Деформацияның берілген шамасына есептелінген сигнал беруші құрылғының сұлбасы.




6-параграф. Үйінділердің деформацияларын маркшейдерлік

бақылау ерекшеліктері
98. Үйінділердің деформацияларын бақылау үйінділердің пайда болу жағдайларымен, үйінді тау жыныстарының құрамымен, оларды тығыздаумен және бу қысымының релаксациясымен байланысты ерекшеліктердің бір қатарымен ерекшеленеді.

99. Үйінділердің тұрақтылығы, ең бастысы үйінді тау жыныстарының және үйінділердің негізделу тау жыныстарының механикалық сипаттамаларына, сонымен қатар ауданның климаттық жағдайларына тәуелді.

100. Жаңа төгілген үйінділер үшін қопсытылған тау жыныстарының (отыру шамалары олардың биіктігінен 4-7 % жетеді) тығыздалуымен байланысты шөгудің деформацияларына тән.

Үйінділерді тығыздау процесі бірінші кезеңде үйінділерді төккен соң едәуір қарқынды өтеді және уақыт өте барысымен баяулай түседі; жалпы шөгудің шамасының 90-95 % алғашқы 6 айдың ішінде бос тау жыныстарында және 10-12 айдың ішінде толық тау жыныстарында болады. Үйінділердің тығыздалуымен байланысты деформациялар тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін қауіптілік төндірмейді.

101. Едәуір қауіпті уақыт өте барысымен болатын жылжыма типті жылжымалы деформациялар болып табылады.

Үйінділер жылжымаларының келесі типтерін ажыратады: бос тау жыныстары қабаттарының көтерілуімен және үйіндінің жоғарғы алаңының шөгуімен сипатталатын астыңғы табан асты; үстіңгі табан асты-үйінді тау жыныстарының жылжымалы бел үйіндісінің қиябетінің төменгі бөлігініде пайда болуымен сипатталатын берік негізделу кезінде; табан асты жылжымалы-қабатты негізде үйінділерді орналастыру кезінде, мұнда қабаттар үйіндінің жоғары алаңының отыруымен және үйіндінің негізінде жылжыманың көрінетін белгілерінің жоқтығымен сипатталатын үйіндінің негізделу бетіне сәйкес жатады.

102. Үйінділердің деформацияларын бақылау үйіндінің жоғары ернеуіне перпендикуляр үйіндінің жоғары алаңында салынатын қада белгілердің бірқатар сызықтарынан, сондай-ақ үйіндінің және қиябеттің төменгі бөлігінің негізделуі бойынша салынатын бірқатар сызықтардан тұратын бақылау станцияларында жүргізіледі.

Жылжыма дамуының басын және оның типін объективті түрде үйіндінің негізделуінің деформациялану сипаты бойынша орнатуға болады.

Үйінділердің негізделуін бақылау үшін қол жетпестей болған кезде жылжымалы деформациялардың дамуы туралы үйінділердің жоғарғы алаңының отыру жылдамдықтарының кестесі бойынша айтуға болады:

1) егер кезекті енбені төгуден кейін алаңның шөгуі үйінді тау жыныстарының тығыздалуымен ғана байланысты болса, онда шөгу жылдамдықтары анық көрсетілген басылған сипатқа ие болады;

2) жылжымалы деформациялардың дамуы барысында алғашқы кезде төгуден кейін сондай-ақ басылатын сипатқа ие болады, ал содан кейін барып басылу азаяды және шөгу жылдамдығы тұрақты шамаға жақындайды; жылжыма процесінің дамуы кезінде жоғары алаңның отыру жылдамдығы арта түседі.

103. Бақылау станцияларының қада белгілерінің толтырымына қойылатын талаптар келесіге келіп саяды:

1) тіреуіш қада белгілерді деформациялардың аймағынан тыс орналастыру ұсынылады;

2) ең жақын тіреуіш қада белгіге дейінгі ара қашықтық кертпештің жоғары алаңындағы үйіндінің биіктігінен және үйіндінің негізі бойынша (үйіндінің негізінде орналасатын қада белгілердің сызықтарына арналған тіреуіш қада белгілері ішкі үйінділерде карьердің жұмыс беткейінің төменгі кертпешінің қиябетінде салынған) 100 м кем жіберілмейді.

104. Бақылау станцияларының кескінді сызықтарының тіреуіш қада белгілерінің қосымша жүктелуі жұмыстық негізделу нүктелеріне жүргізіледі; жұмыстық негізделу нүктелерінің орналасқан орнын анықтаудың дәлдігіне сәйкес қосымша жүктеудің дәлдігін қамтамасыз ету қажет.

105. Жұмыстық қада белгілердің арасындағы ара қашықтық енбе енінің жартысынан кем қабылданбайды; үйінділердің жоғары алаңында жұмыстық қада белгілер кезекті енбе төгілгеннен кейін толығады.

106. Бақылау станцияларында барлық қада белгілерді нивелирлеу және олардың арасындағы арақашықтықты кескінді сызықтар бойынша 71-78 пункттерімен алдын ала ескерілген дәлдікпен өлшеу жүргізіледі.

107. Бақылау серияларының арасындағы мерзімдер үйіндіні төгудің қарқындылығына және оның деформациясының жылдамдығына байланысты белгіленеді. Жоғары тау үйінділерінің төгілуі мен жылжымалы деформациялардың болуы барысында ықшамдалған бақылаулар күн сайын болуы керек.



7-параграф. Маркшейдерлік бақылаулар материалдарын талдау
108. Бақылау материалдарын талдау келесіге келтіріледі:

1) орнықтылыққа әсер ететін бірдей жағдайлармен сипатталатын учаскелердің карьерлерінің беткейлерінде бөлінуі;

2) ең үлкен созылымдардың, қысулар мен ең үлкен жылжулардың аймақларын орнату. Ескерту: қиябеттің жоғары алаңындағы ең үлкен жылжулар мен созылымдардың және ең үлкен жылжулар мен қысудың аймақтары қиябеттің негізінде күндізгі бетке сырғудың ықтимал бетіне шығуына сәйкес келеді (12-қосымша);

3) қиябеттер орнықтылығының ықтимал жылжымасының немесе болған бұзылымдарының типін орнату;

4) жеке өзіне тән қада белгілердің ығысу жылдамдықтарының өзгеру графигі бойынша-уақыттың, жыл мезгілдерінің және өндірістік процестердің карьер беткейлерінің деформацияларының дамуына әсер етуін анықтау;

5) деформациялардың қауіптілік деңгейін орнату;

6) қауіпті деформациялардың дамуын болдырмау бойынша шараларды әзірлеу.

109. Жылжымалар типін орнату және сырғу бетін құру қиябет деформацияларының келесі даму ерекшеліктерінің негізінде жүргізіледі.

Егер қада белгілердің жылжу векторлары қиябеттің негізіне бір қалыпты жаймалана отырып, өз бағыттарын заңға сыйымды өзгертіп, ал шамасы бойынша қиябеттің төменгі жағына дейін үстіңгі жағынан бастап бірдей болса, онда ол жылжымалы дене жеке учаскелердің салыстырмалы ығысуларсыз тұтас түрде бір қалыпты қисық сызықты үстіңгі бет бойынша қозғалуының белгісі болып табылады.

Мұндай жағдайда, қада белгілердің орын ауыстыру векторларының бағыттарын пайдалана отырып, сырғу бетінің жуық орны құрылады.

Құру келесі түрде орындалады (12-сурет):

12-сурет. Қада белгілердің ығысу векторлары бойынша бір текті қиябетте сырғу бетін құру (1-жылжу графигі).


1) белгілі бір масштабта жер бетінде және қиябеттің бетінде салынған қада белгілердің ығысу векторлары бейнеленген профильде векторлардың басынан массивтің жағына қарай перпендикулярларды қайта орнатады;

2) жылжудың ең үлкен мәні бар жер бетіндегі нүктеден H90 тең тік қима құрылады;

3) қиябеттің H90 ұшынан және негізінен қималар жүргізіледі, олар қада белгілердің ығысу векторларына параллель және ығысу векторларының перпендикулярларымен қиылысады; бұл қималар көршілес перпендикулярлардың арасындағы биссектрисалармен қиылысатын жерге дейін жүргізіледі (перпендикулярлардың, қиылысатын қималардың және олармен көршілес қималардың арасында);

4) жүргізілген қималар мен биссектрисалардың қиылысу нүктелерінен ығысудың кейінгі векторларына параллель, келесі екі перпендикулярдың арасындағы бұрыштардың биссектрисаларымен қиылысқанға дейін жаңа қималар жүргізіледі;

5) осындай жолмен алынған жоғары және төменгі нүктелердің арасындағы сынық сызық бір қалыпты қисыққа айналады;

6) егер сынық сызықты алу кезінде бір нүктеден (жоғары немесе төменгі) ол басқамен тұтаспайтын болса, салуды екі нүктеден бастап бір уақытта қиябеттің ортасына дейін жеткізіледі; 12-суретте көрсетілгендей, алынған тұтаспаушылық бір қалыпты қисықты жүргізумен түзетіледі.

Үлкен деформациялар кезінде профильде қада белгілердің ығысу векторлары профиль масштабында бейнеленеді, сондықтан сырғу бетін құру кезінде перпендикулярларды вектордың ортасынан қайта құрады, ал салуды бөліп алу жарықшағынан-жоғарыдан және қима сызығынан-төменнен жүргізеді.

Егер қада белгілердің жылжу векторлары тау жыныстарының қабатталуына және өзара параллель болса, онда бұл тау жыныстарының қабатталуы бойынша жылжыманы массалардың сырғуына көрсетеді; ондай деформациялар қиябеттердің байланыс жылжымалары немесе табан асты жылжымалары кезінде байқалады.

Көлденең жатысты бос жапсардың немесе бос қабаттың бар болуымен байланысты көтерілу немесе бастыру жылжымалары кезінде деформациялар өзіндік сипатқа ие болады: массивте белсенді қысымды сына, тіреу призмасы және көтерілу белі анық қалыптасады. Көтерілу жылжымасының жалпы түрі және жылжыманың осы типі дамыған кезде қада белгілердің ығысу векторларының бағыты 13-суретте көрсетілген.

Көтерілу жылжымаларының сұлама бүйірдің терең жылжымаларының ықтимал бетін салу жоғарыда келтірілген әдістемеге ұқсас жүргізіледі.





13-сурет. Көтерілу жылжымаларының дамуы кезінде қада белгілердің ығысу векторлары бойынша сырғу бетін салу (жылжулардың 1-графигі).

110. Қауіпті деформациялардың деңгейі ығысу жылдамдығынан және деформациялардың шамасынан, оларды нақты тау жыныстары үшін орнатылған мүмкін деформациялармен, зертханалық зерттеулермен, тау жынысы үлгілерінің деформациялық қасиеттерімен салыстыру арқылы анықталады (13-қосымша).

Деформациялаудың (салыстырмалы жылжуды) белгіленген жылдамдығы кезінде қиябеттің опырылуына дейінгі уақыт келесі өрнектен анықталады:

, (19)

мұнда γ пр-тау жыныстарын сынаумен немесе табиғи бақылаулармен орнатылған жылжудың шекті салыстырмалы деформациясы;



γуст-алынған соң деформациялаудың тұрақты жылдамдығы байқалатын жылжу деформациясы;

ψ-деформациялаудың тұрақты жылдамдығы учаскесіндегі тәуелділік γ =f (t) графигі қимасының көлбеулік бұрышы (tg φ мәні сандық түрде жылжу деформациясының жылдамдығына сәйкес келеді).

Басылатын сусымалылық кезеңінде жылжу деформациясының жылдамдығы оның кез келген интервалында белгіленген сусымалылықтың соңғы кезеңінде деформациялану жылдамдығының үлкен екенін назарға ала отырып, басылатын сусымалылық кезеңінде деформациялау жылдамдығы бойынша қиябеттің бұзылуына дейінгі уақыттың шамамен бағалануын келесі өрнекпен іске асырылады:



, (20)

мұнда γί -берілген есептің сәтінде жылжудың деформациясы;



tg ψ ι = υ γ жалпы жылжуға γί жету бойынша басылатын сусымалылық кезеңінде жылжу деформациясының жылдамдығы.

111. Үйінділердің деформацияларын осы бақылауларын талдау, сондай-ақ жылжыманың типін орнату және жылжыманың дамуын болжау болып табылады.

Жылжыманың типі оның негізін деформациялау сипаты бойынша орнатылады. Сонымен қатар ажыратады:

1) негіздің «көтерілу белінің» пайда болуымен сипатталатын үйінділердің үстіңгі табанасты жылжымалары; үйінділердің негізі бойынша салынған қада белгілердің ығысу векторлары бойынша шамамен анықталуы мүмкін сырғу бетінің жату тереңдіктері;

2) «бүрлеу белінің» пайда болуымен сипатталатын үйінділердің үстіңгі табанасты жылжымалары;

3) көшудің көзбен шолып анықталатын белгілері жоқ және үйіндінің негізіне жататын үстіңгі беті бойынша үйінді тау жыныстарын орналастырумен сипатталатын үйінділердің табан асты жылжымалары; табан асты жылжымасының контуры маркшейдерлік бақылаулармен орнатылады.

112. Маркшейдерлік бақылаулар үшін үйінділердің негізі мүмкін емес болған жағдайларда, үйінділердің жылжымалы деформациясының дамуы үйінділердің үстіңгі алаңдарының ығысу жылдамдығының өзгеруі бойынша белгіленеді; үйінділердің жаңа шашылған жоғарғы бөлігі барлық жағдайларда да отыруға шалдығады, ол үйінділер массасының тығыздығымен байланысты, шөгудің жылдамдығы уақыт өткен сайын басылады; күшейетін сипатқа ие жылжымалы ығысулардың пайда болуы кезінде жұмыс алаңының жалпы ығысуының жылдамдығы қысқа уақыт барысында тұрақты бола бастайды, ал содан кейін арта түседі.

113. Үйінділер жылжымаларының уақытта дамуын болжау кезінде ығысу жылдамдықтарының ұлғаюымен қатар, жылжыма флангыларындағы жұлып алудың жылжымасын жиектеуінің дамуы (жылжыманың өрбитін кезеңі флангтарда жұлып алу жарықшағын толық жиектеу кезінде ғана пайда болады) мүмкін екенін назарға алған дұрыс; орталық бөлігінде жылжыманың жылдамдығының ұлғаюын және жұлып алу жарықшақтарының дамуын бірлесіп бақылаулардың деректері бойынша берілген инженерлік-геологиялық және тау-кен техникалық жағдайлар үшін жылжыманың ығысуының сындық жылдамдығы белгіленеді.

114. Кертпештерді қиябеттерінің шашылуының дамуы туралы маркшейдерлік бақылаулардың берілгендерін талдау карьер беткейлерінің жеке учаскелеріндегі кертпештердің қиябеттерінің бұрыштарының шамасына тәуелділікте орнатуға келіп саяды (тау жыныстарының литологиялық құрамын, олардың жарықшақтығын және сындық беріктігін, жарық жақтарына қатысты қиябеттердің орналасу орнын ескерумен). Белгіленген тәуелділіктің негізінде сәйкес техника-экономикалық есепту жолымен жұмыс істемейтін беткейлердің бұрыштары анықталады.

4-тарау. Карьер беткейлерінің, кертпештер мен үйінділер қиябеттерінің деформацияларын қарапайым бақылау

1-параграф. Сүзілу деформацияларын бақылау
115. Кертпештердің қиябеттерінің сүзілу деформацияларын бақылау деформацияның басын анықтау, оларды оқшаулау бойынша шараларды дамыту мен әзірлеуді болжау мақсатында жүргізіледі.

Бақылауларды бақылау станцияларының бейінді сызықтары бойынша жүргізген дұрыс. Бақылаулардың әрбір сериясында сарқылатын учаскесінде қиябет кескінін бөлшектік түсіру жүргізіледі; қосылған сериялардағы сүзетін учаскелердің бейіндері бойынша бақылаулардың нәтижелерін салыстыру осы бақылау серияларының арасындағы кезеңде деформацияның даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

116. Кескінде уақыттағы деформациялардың дамуын болжау үшін бейнеленеді: тау жыныстарының сүзілетін және жататын қабаттарының су өткізбеу орны, құрамы және қасиеттері, депрессиялық бет, сүзілетін ағынның үлесті шығыны. Қуыстар мен жармалардың дамуына әкелетін шоғырланған көздері бар болған кезде қуыстардың көлемін және олардың қиябеттің түбінде таралуын анықтаған, сонымен қатар ағынның шығыны мен уақыт бірлігінде ағынмен шығарылатын материалдың көлемін ауыстырған жөн.

117. Бақылауды кезекті экскаваторлық кірмені алғаннан кейін тікелей басталады. Сүзілу деформацияларының даму динамикасын анықтау мақсатында, бақылаулар бірінші кезеңде күн сайын жүргізіледі.

118. Жеңіл ерігіш тау жыныстарында барлық көздер тіркеледі, үстінгі карьерді, ал сонымен қатар пайда болған жағдайда ойылымдық шұнқырларды байқау және дер кезінде жою үшін кертпештердің алаңын тексеру жүйелі түрде жүргізіледі. Жырмаланатын табандарда топталған жер бетіндегі су ағыстарының болуы барысында дамитын эрозиялы деформацияларды бақылау жүргізіледі. Қада белгілердің орналасуының сұлбасы мен жырмалардың дамуын бақылау кезіндегі өлшеу тәртібі 14-суретте көрсетілген.





14-сурет. Жырмалардың дамуын бақылау.
2-параграф. Кертпештердің қиябеттерінде тау жыныстарының

сусымалану процесін бақылау
119. Мору әсерінен кертпештердің қиябеттерінде тау жыныстарының сусымалануы шарасыз және қиябеттердің деформациясы түрінде карьерлерде едәуір кең таралған болып табылады, сондықтан сусымалардың дамуын бақылау карьер беткейлерінің деформациясын бақылаудың міндетті құрамды бөлігі болып саналады.

120. Сусыманың дамуы кезінде қиябеттің жайпақталуы, бұзылуы, ал кейде кертпештердің арасында қалдырылатын сақтандырғыш бермалардың таусылуы да шығады, осының нәтижесінде беткей жоғары биіктікті тұтас қиябет түріне ие болады, ал мұндай жағдайда жұмыс істеу қауіпті.

Құмды тау жыныстары сусымасының қауіптілігі сусымаланған массалар ылғалдың жиналуына арналған аккумуляторды білдіретіндігінде және алдағы кезде жылжымалар мен қалқымаларға ауысады. Қиябеттің қатты бөлігінің бұзылу және сусымалану процесі тау жыныстарының қасиеттеріне, климаттық жағдайларға, кертпеш қиябетінің бұрышына және оның орналасу орнына тәуелді белгілі бір жылдамдықпен өте отырып кертпештің жоғарғы жарқабаққа жеткеннен кейін аяқталады.

121. Сусымаланудың қарқындылығы, көбінесе, тау жыныстарының моруына, кертпештер қиябеттерінің бұрыштарына және кертпештердің қиябет артқы тәсілдеріне тәуелді болып табылады. Морылу, яғни тау жыныстарының мору агенттерінің әсерінен беріктігін өзгерту бейімділігі олардың келесі геология-петрографиялық белгілерімен анықталады: минералдық құрамымен, құрылымымен, текстурасымен, қабаттардың жатысы жағдайларымен, литификация деңгейімен, жарықшақтық сипатымен, дәрежесімен және қиябеттердің климаттық жағдайлары мен орнына тәуелді. Жарылыс жұмыстарының және тау-кен көлік жабдығының жұмысының әсерімен тау жыныстарының шайқалуы сусымалардың дамуын белсендетеді.

122. Тау жыныстарының моруы мен сусымалануын бақылаудың мақсаты анықталатын келесі көрсеткіштерге тәуелділікте қиябеттің қолайлы бұрыштарын және кертпештердің бермаларының еңін, қызмет ету мерзімінің ұзақтылығын анықтау болып табылады:

әр түрлі қиябеттер экспозициясы кезінде әр түрлі литологиялық құрамның тау жыныстарының қиябеттерінде сусымаланудың басталу уақытына және сусымалану қарқындылығына, сонымен қатар қиябет бұрыштарының шамасына;

қиябеттің биіктігі бойынша сусымалану заңдылығына, кертпештің жоғары алаңының таусылуына (жоғарғы жарқабақтың шегінуі) және уақытта сусыманың төменгі шекарасының қозғалысына:

1) сусымалану қарқындылығы сипатталады:

уақыт бірілігінде морудың нәтижесінде тау жыныстарының қиябетінің үстінгі бетінен сусымаланған қабаттың қуаттылығымен;

уақыт бірлігінде жоғарғы алаңның таусылуымен;

уақыт бірілігінде пайда болған беткейдің 1 қума метр ұзындығына сусыма көлемімен;

уақыт бірлігінде сусыманың төменгі шекарасының орын ауыстыруымен. Көрсетілген көрсеткіштердің уақыт бірлігіндегі қарқындылығына тәуелділікте жылы, айы және тағы сол сияқты қабылданады.

123. Мору кезіндегі қатты қиябеттің үстіңгі бетіндегі тау жыныстарының тұрақты тепе-теңдігінің бұзылуы және олардың сусымалануы сындық деп аталатын осы тау жынысына тән беріктіктің белгілі шамасы кезінде болады. Тау жыныстарының бастапқы беріктігінің сындық мәнге дейін төмендеуі әр түрлі тау жыныстарында түрлі уақыт интервалдарымен сипатталады.

124. Қатты және нашар тау жыныстарында қиябеттердің үстіңгі бетінде мору процесі әр түрлі өтеді.

Қатты тау жыныстарында бастапқы беріктіктің сындық беріктікке дейін төмендеу кезеңі, басқа осыған ұқсас жағдайларда, олардың жарықшақтық деңгейіне тәуелді болады. Орташа бекемдік тау жыныстарында жиналған қиябеттерде мору процесі қатты тау жыныстарына қарағанда, аса қарқындылықпен ерекшеленеді, нәтижесінде сусыздану (кеуіп қалу), мұнда жиі және ретсіз жарықшақтық пайда болады. Құм-сазды тау жыныстарынан құралған қиябеттерді мору процесі жартылай жартасты тау жыныстарындағыға қарағанда, едәуір қарқынды өтеді, өйткені қиябеттердің үстіңгі бетіндегі бұл тау жыныстары кеуіп қалады және отыруға, қарқынды шатынауға және түлеп түсуге шалдығады. Осы тау жыныстарындағы сусымалану кезекті кіруден кейін көп кешікпей басталады.

125. Қатты және орташа бекемдікті тау жыныстарының сусымалдануының басталу уақыты олардың сындық беріктігін және уақыттың өзгеру заңдылығын анықтау жолымен белгіленеді (15-сурет).

126. Әрбір литологиялық айырымы үшін тау жыныстарының сындық беріктігі табиғи қиябеттің бұрышын артатын (α > 45° кезінде) беткей артқы әр түрлі бұрыштары бар бірнеше сусымаланатын қиябеттердің үстіңгі бетінде анықталады.

15-сурет. Қиябеттердің үстіңгі бетіндегі тау жыныстары беріктігінің уақытта өзгеруі.
127. Қиябеттің үстіңгі бетінде тау жынысы беріктігінің өзгеруі жұмыссыз күйде келуінің әр түрлі мерзімнің бірнеше қиябеттердің үстіңгі бетінде литологиялық айырымның беріктігін анықтау жолымен орнатылады.

128. Қатты тау жыныстарының беріктігі қиябеттің үстіңгі бетінен іріктеп алынған дұрыс емес және жартылай дұрыс пішінді үлгілерді бір ысырымды қысуға сынаумен анықталады. Мұндай сынаулардың әдістемесі 14-қосымшада берілген.

129. Орташа бекемдік тау жыныстарының беріктігі қысуға дұрыс емес және жартылай дұрыс пішінді үлгілерді сынаумен және қиябеттің үстіңгі бетінде тікелей динамикалық сынауышпен (пенетрометрмен) анықталады.

130. Қиябеттің үстіңгі бетінен тау жыныстарының сусымалану қарқындылығы мен оның уақытта өзгеруі тау жыныстарының сусымалануын ұзақ алаптық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталады.

Ол үшін жүргізіледі:

1) кертпештің қиябеттерінде бақылау станцияларының толтырымы;

2) кертпештердің үстіңгі ернеулері және бермалардағы сусыма шекаралары ретінде мерзімді аспаптық түсіру;

3) кертпештерді мерзімді аспаптық кескінді түсіру.

131. Кертпештер қиябеттерінде бақылау станциялары жұмыссыз кертпештердің немесе кемінде 1 жыл жұмыссыз күйде тұрған қиябеттерде салынады. Бақылау станциясы көлденең және тік бағыттарда бірінен бірі 1 м ара қашықтықта сусыма деңгейінен жоғары қиябет бойынша көлденең салынатын қада белгілердің бір-екі қатарынан тұрады.




Тау жыныстарының сусымалануын бақылау қада белгілердің бастарын біріктіретін (16-сурет) рейкаға (рулетканың керілген таспаға) дейін қиябеттің үстіңгі бетінен бастап ара қашықтықтарда (екі көршілес қада белгілер арасындағы әрбір 10 см ұзындық арқылы) өлшеуді, сондай-ақ көршілес қада белгілер арасындағы учаскелердегі қиябет бұрышының өлшемдерін және әр қада белгіден бастап сусымаға дейінгі ара қашықтықты білдіреді.
16-сурет. Қиябеттің үстіңгі бетінен қада белгілердің артуын өлшеу

(үстінен қарағандағы түрі).


Кертпештің үстіңгі ернеуінің сусымалануын бақылау үшін қада белгілер ернеуден 2-3 ара қашықтықта үстіңгі алаңда қағылады, ал пайда болатын сусыманы өлшеу үшін кертпеш табанастысына қағылады.

Қада белгі диаметрі 15-20 мм және ұзындығы 300-700 металл істікті білдіреді; қада белгінің ұзындығы тау жыныстарының бекемдігімен және оның орналасқан орнымен анықталады.

Өлшемдер жылына кемінде екі рет жүргізіледі (көктемде және күзде). Кертпештердің сусымалануына бақылау жүргізудің мысалы 15-қосымшада келтірілген.

132. Бақылау станциясын салу кезінде келесілер тіркеледі:

1) тау жыныстарының литологиялық атауы, олардың құрамы, жатысы, жарықшақтығы (құрылымдық блоктардың өлшемі мен пішіні, жарықшақтардың негізгі жүйелерінің жатыс элементтері), беріктігі, тау жыныстарының жарылыспен бұзылуы (кертпештерді жайпақтау тәсілі);

2) биіктігі бойынша кертпештің орны (оның биіктік белгісі), беткейдің экспозициясы;

3) кертпеш қиябетінің орташа биіктігі және бұрышы, бақылау сәтіне дейін жұмыссыз күйде кертпештің болу уақытының ұзақтылығы.

Қайталап өлшеу барысында сусымаланған материалдың сипаттамасы беріледі (сусымадағы кесектердің пішіні мен өлшемі).

133. Кертпештердің үстіңгі ернеулерін және бермаларда сусыма шекарасын мерзімді түсіру (жыл сайын) кертпеш ернеуінің сусымалану қарқындылығының өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді.

134. Ұзақ уақыт барысында (карьерде жұмыс істеу уақытына) кертпештердің орнықтылығын, сонымен қатар жобалық контур бойынша шекті орынға жеткен кертпештерге арналған төменгі горизонттарда жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қиябет бұрыштары мен бермалардың еңін қиябеттердің сусымалану қарқындылығы мен олардың қызмет ету мерзімін ескерумен есептеген дұрыс. Жеке жағдайларда морудың әсерінен қиябеттерді алдын ала сақтау үшін нығайту шараларын алдын ала қарастырған мақсатқа лайық болып табылады.

135. Қиябет бұрышына сусымаланудың сындық беріктігі мен қарқындылығының тәуелділігі келесі формуламен анықталады:

Rα=R90·cosα(tgα-tgρ), (21)

m α=m90·cosα(tgα-tgρ), (22)

мұнда α-кертпеш қиябетінің бұрышы;



ρ-сусыманың табиғи қиябетінің бұрышы;

R90 m90-тік қиябеттің сусымалануының сындық беріктігі және қарқындылығы;

Rα , mα-α бұрышында қиябеттің сусымалануының сындық беріктігі және қарқындылығы.
1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет