Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар



жүктеу 0.83 Mb.
бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5

3-параграф. Жарылыстардың сейсмикалық әсер етуі кезінде деформацияларды қарапайым бақылау
136. Тау-кен жұмыстарын бұрғы-жарылыс тәсілімен жүргізу кезінде жарылыс жұмыстарының әсерінен карьер беткейлері қиябеттерінің деформациясына бақылау жүргізу қажет. Бақылау нәтижелері қалдық деформация аймақтарын анықтау үшін қолданылады. Аталған аймақтардың шеңберінде шекті жобалау контурына беткейдің жақындау кезінде массив деформациясына (микрокідіртпелі жарылыс, ылдилы жайпақтаушы ұңғымаларды және тағы сол сияқты қолдану) жарылыстардың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін бұрғы-жарылыс жұмыстарын жүргізудің арнайы технологиясы қолданылады.

137. Бақылаулар жоғары дәлдікті өлшеу аппаратурасын (сейсмостанциялар, тензометрлік датчиктер және басқа да приборлар) және едәуір қарапайым әдістерді (металл қада белгілерімен немесе конус-индикаторлармен бақылау станциялары, бетонды және гипс төсеніштері құрылғысы, әк ерітіндісімен немесе арнайы бояумен қиябеттің үстіңгі бетінің жабылуы) қолданумен жүргізіледі.

138. Металл қада белгілерімен бақылау станциялары жаппай жарылыстарға әзірленетін горизонттарда салынады. Станциялар 1-3 кескінді сызықтан тұрады, олар кертпештің созылымына қиғаш бағытталған. Сызықтар, әдеттегідей, 10-12 жұмыстық және 1-2 тірек қада белгілерден тұрады. Көршілес қада белгілер арасындағы ара қашықтық шамамен 2 м құрайды. Тірек қада белгілер мүмкіндігінше қалдық деформациялардың аймағынан тыс салынады. Тірек және жұмыстық қада белгілер ұзындығы 3 м және диаметрі 15-20 мм болат істіктерді білдіреді. Станцияда бақылаудың екі сериясы жүргізіледі: біріншісі-жарылыс күні және екіншісі-жарылыстан кейін. Бақылаулар қада белгілерді нивелирлеуден және олардың арасындағы арақашықтықтарды өлшеуден тұрады. Сонымен қатар, кертпештің үстіңгі және төменгі ернеулерді (жарылысқа дейін және жарылыстан кейін), сондай-ақ жарылатын ұңғымалардың және кертпештің бермасында барлық көрініп тұрған жарықшақтардың орналасуын түсіру жүргізіледі. Кескінді сызықтар бойынша қада белгілердің ығысуын тіркеу деформацияланған учаскенің өлшемдері мен қалдық деформациялардың шамасын белгілеуге мүмкіндік береді.

139. Конус-индикаторлар әдісі жарылыстың әсерінен пайда болатын қиябеттегі қосымша кернеулерді тіркеу үшін қазылған кеңістіктің бетіне салынған гипс конустардың жұлып алу шамасын анықтауды білдіреді.

Конус-индикаторларды орнатпас бұрын, кертпеште зертханалық жағдайларда, тәуелділіктің sί =f(σί) тарифтік кестесін алу мақсатында, айырылымға тәжірибелі сегіздіктер-үлгілеріне сынау жүргізеді. Табиғи жағдайларда жарылыс пункттерінің және салынған конус-индикаторлардың арасындағы арақашықтықтар өлшенеді. Жарылыстан кейін конустың бөлігін (Si) бөліп алу ауданы өлшенеді. Пайда болатын қалыпты кернеулер (σί) анықталады. Қиябеттің орнықтылығын бағалау кезінде соңғылардың шамалары жылжымалы кернеулермен (τί) оларды қосу жолымен ескеріледі. Егер есептеу нәтижесінде кертпештің (бірнеше кертпештердің) тұрақтылығы қорының коэффициенті n < 1, онда карьердің жобалау контурларын рәсімдеу кезінде сейсмикалық күштерді төмендету мақсатымен жарылыс жұмыстардың технологиясы өзгертіледі.

140. Бетон, гипсті жолдар беткей алаңдарында салынады және үстіңгі беттің микродеформацияларын анықтау үшін қызмет етеді.

Қиябеттерді гипсті ерітінділермен немесе арнайы бояулармен жабындау жарықшақтық тау жыныстарының деформацияланудың сипаты мен облысы туралы айтуға мүмкіндік береді.

5-тарау. Карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын

қамтамасыз ету бойынша шаралар

1-параграф. Жалпы талаптар
141. Карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу қиябеттердің деформацияларын бақылаудың нәтижелері, олардың орнықтылығын есептеудің және өзіндік техника-экономикалық есептеулердің негізінде іске асырылады.

142. Қатты және жартылай қатты тау жыныстарынан құрылған карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың мәні, көбінесе, контур жанындағы аймақларда бұрғы-жарылыс жұмыстарын (блокта ұңғымалардың микрокідіртпелі жарылыс) жүргізу технологияларын пайдалануда, кертпештерді арнайы жайпақтауда (алдын ала қысаңның пайда болуы, тегістем жарылыс) және әлсізденген учаскелердің жасанды бекітілуінде.

Балшықты және құм-балшықты тау жыныстарынан құрылған карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету, көбінесе, тиімді құрғатым, үстіңгі суларды ағып кетуін қамтамасыз ету, қиябеттің сүзу учаскелерін жүктеу болып табылады.

Үйінділердің қиябеттерінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін осы шаралар, көп жағдайларда құм-балшықты негіздің құрғатымын және орнықтылық шарттары бойынша мүмкін жалпы қабаттар екпінінің бұрышын орнатуды білдіреді.

143. Карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша барлық шаралардың орындалуына кәсіпорынның бас инженері бекітетін арнайы жобаны құрылады.

Жобада көрсетіледі:

1) қиябеттің күтілетін деформациялары;

2) осы деформациялардан күтілетін зиян;

3) деформацияларды болдырмаудың едәуір мақсатқа лайық шаралары;

4) деформацияға қарсы күресу шараларын және алдын ала қаралған шаралардың техника-экономикалық негіздеуді орындауға жұмсалатын шығындар.

Жобада ескерілген шаралардың әрқайсысын орындағаннан кейін кәсіпорынның бас инженері бекітетін акт құрастырылады.

2-параграф. Кертпештерді олардың шекті орындарында жайпақтау
144. Тау жыныстарының қасиеттеріне және жарықшақтық сипатына сәйкес келетін бұрыштарда өздерінің шекті орындарында кертпештерді жайпақтау шекті орынға қойылған жұмыссыз беткейлердің немесе олардың учаскелерінің ұзақ орнықтылығын қамтамасыз ететін негізгі шаралардың бірі болып табылады. Жұмыссыз кертпештердің қиябеттері бұрыштарының жақын мәндері 16-қосымшада берілген.

145. Кертпештерді, олардың шекті орындарында жайпақтау іске асырылады:

1) қатты және жартылай қатты тау жыныстарында-араларында 3 м артық арақашықтық рұқсат етілмейтін, диаметрі 80-100 мм арнайы жайпақтаушы ұңғымалармен; әрбір нақты жағдайда тәжірибелі жолмен орнатылады;

жайпақтаушы ұңғымалар кертпештердің бұрыштарына тең бұрыштарда карьердің шекті контурының сызығы бойынша бұрғыланады (16-қосымша); жайпақтаушы ұңғымалардың алдын ала және негізгі оқтамдардың жарылысынан кейінгі жарылысы мүмкін; шекті орында кертпештердің арнайы жайпақталуы кезінде бұрғы-жарылыс жұмыстарын жүргізу әдістемесі 17-қосымшада баяндалған;

2) бос балшықты және құм-балшықты тау жыныстарында драглайндармен, сонымен қатар тістердегі арнайы салмалары бар механикалық күректермен.

3-параграф. Карьерлерде бос қиябеттердің бекітілуі
146. Кертпештер қиябеттерінің жеке учаскелері олардың қарқынды жарықшақтықтың қатты және жартылай қатты тау жыныстарынан құрылған немесе тау жыныстарының арасында қолайсыз орналасқан жарықшақтармен, дизъюнктивті бұзылымдармен, бос жапсарлармен босаңдаған шекті контурында орналасуында бекітілуі керек. Қатты және жартылай қатты тау жыныстарының қиябетерін бекіту үшін қолданған дұрыс:

1) опырылу призмасын механикалық сақтау тәсілдері, оларға қарнақ бекітпесімен, шпунттармен, темір бетон қадаларымен, иілгіш арқан сымды тартқыштармен, сонымен қатар қорғаушы және контрфорстық қабырғалармен бекіту жатады. Бұл тәсілдер дербес және кешенді қолданылады;

2) массивке бекітуші ерітінділерді енгізу жолымен массивтің беріктік қасиеттерін жақсарту бойынша тәсілдер; осы тәсілдердің ішінде ең кең тарағаны көміртектендіру болып табылады;

3) тез және қарқынды моруға, ерітінділеуге немесе дифляцияға бейім тау жыныстарының қиябеттері торкрет-бетонмен, шприц-бетонмен, битуммен, карамидті, формальдегидтік және эпоксидті шайырлар тұрақты жабындардың көмегімен оқшауланады; тәсілдер металл тормен және штангалармен үйлесілімдікте қолданылады.

1-кестеде қатты және жартылай қатты тау жыныстарында қиябеттерді бекіту тәсілдерін қолдану жағдайлары берілген.

147. Құм-балшықты тау жыныстары қиябеттерінің сүзу учаскелері қиябеттің сүзу учаскесінің малта тас-қиыршық тас жүктемесімен бекітіледі.

148. Құм тасты және құм тасты-балшықты тау жыныстарының қиябеттерінің моруын бодырмау үшін оларды өсімдік қабатпен немесе шымтезекпен қапталады. Құм тас-балшықты қиябеттердің жырмалануының және мүжілуінің жаңбыр суының ағындарымен алдын алу, сондай-ақ жаңбыр және кертпеш алаңдарынан еріген сулардың бір ізге салынған ағындарының құрылу жолымен іске асырылады. Осы мақсатта кертпештердің алаңдарына жоғарыда жатқан қиябеттің түбінде орналасқан және көлденең қарықтарға 3-5 % еңісі бар су бұру қарығына қарай еңіс беріледі, онда төменгі алаңға су жіберу үшін темір бетон құбырлары жатқызылады.

17-сурет.Қосымша жүктеу призмасының параметрлеріне арналған сұлба.

q-қиябетке келетін шығын; k және kпр-қосымша жүктеу материалы мен топырағын сүзудің коэффициенттері; пр-қосымша жүктеудің көлемі-салмағы; ρ-топырақтың үйкеліс бұрышы.

Ескерту: 1. α шамасы үшін 1,2-1,4. тең қор коэффициенті ұсынылады.

2. Өткір негізде қиябет үшін α шамасы қосымша 15 % ұлғаяды.

18-сурет. Сүзуші құм-балшықты қиябеттің қосымша жүктемесінің сұлбасы.


1-саздақ, 2-балшық құм, сулылығы; 3-илемді саз; 4-қиыршық тас

17-кесте



Қолданылатын тәсілдер

Бекіту әдісі

Тәсілдердің қолданылу шарттары

1. Механикалық Механикалық ұстап тұру тәсілдері

Темір бетон қадалары (кейде кейін массивтік көміртектен-дірумен)

Бос дамыған жарықшақтығы бар массивтер, босаңсу беттері қазылған кеңістікке 25-45º бұрыштарда түседі

Қарнақтар және иілгіш арқан сымды тартпалар

Ірі блокты аз моритын массивтер және 25-55º бұрыштарда алу жағына құлаумен тақта тасты тау жыныстары

Қорғаушы тежеме көтерілімді және контрфорстық қабырғалар

Тау жыныстарының көп қабатталуымен күрделі құрылымның қатты бұзылған массивтері

2. Тау жыныстарының беріктеуі

Көміртектендіру (кейде темір бетон қадаларымен қисында-суында), полимер заттардан бекітуші ерітінділердің массивіне толтырылуы

Молтатастар және 0,1 л/мин астам салыстырмалы су сіңірумен ірі дәнді құмдар, жарықшақты қатты тау жыныстары

3. Ажыратқыш қаптамалар

Полимер шайырлардың көмегімен шегендеу немесе бүрікпе, шайырландыру, ажырату

Қарқынды үстірт моруға немесе ерітінділеуге бейім тау жыныстары, құм тасты қиябеттер.

Су ағар қарықтарының жырмаланатын учаскелері темір бетон науашалармен бекітіледі.



4-параграф. Карьерлердің, кертпештер мен үйінділердің жалпы орнықтылығын қамтамасыз ету
150. Беткейлердің, кертпештердің және үйінділердің маңызды учаскелерінің жалпы орнықтылығының бұзылуы едәуір бос бет, шамасы бойынша әрекет ететін жылжымалы күштер ұстап тұрушы күштерге тең болатын жағдайда, яғни шекті тепе-теңдік күйінің пайда болуы кезінде байқалады:

Τ ί= ∑ k ί li + ∑f ί ( N ί- D ί,) (23)

мұнда Σ Τ ί,-жылжымалы күштердің сомасы;

k ί және f ί-тау жыныстары массивтерінің ішкі кедергісінің ілінісу және коэффициентінің шамалары;

lί -k ί және f ί сипаттамаларымен сырғанау беті алаңының ұзындығы;

Nί-алаңға lί сүйенетін жоғарыда жатқан тау жыныстарының қалыпты құрамды салмағы;

Dί-алаңға lί гидростатикалық қысымның күші.

151. Аспаптық маркшейдерлік бақылаулармен анықталған басталған жылжыманың дамуын тоқтату бойынша шаралар туралы мәселені шешу кезінде деформацияның пайда болуына әкелген негізгі факторлар мен себептер, сонымен қатар жылжыманың типі белгіленеді.

152. Егер үлкен беткей учаскесінің басталған деформациясының себебі беткей еңісінің немесе оның биіктігінің (мысалы, қаттың жүктелуі немесе жер беті белгілерінің жоғарылауы барысында жұмыс беткейінің жалпы биіктігінің жоғарылауы кезінде) геологиялық жағдайларға сәйкес келмеуі болып табылса, онда мұндай жағдайда беткейге едәуір еңіс көлбеулік бұрышын беру қажет.

Егер ұқсас жағдайларда беткей деформациясына негізінде бар қысымды сулар да әсер ететін болса, онда деформацияның алдын алудың бірінші шарасы қысымдарды сөндіру болып табылады.

153. Егер беткейдің үлкен учаскесінің қауіпті (опырылыстар мен жылжымаларға әкелетін) деформацияларының пайда болуына әсерін тигізетін факторлар массивтің бұзылуын жергілікті қолайсыз шоғырландыратын-тектоникалық бұзылымдар, ескі жылжымалардың сырғанау беттері, литологиялық айырымдардың арасындағы байланыстар болып табылса, онда жергілікті сипаттағы келесі шаралар қолданылады:

1) босаңсудың үстіңгі бетімен шектелген учаскенің шеңберінде белсенді қысымның призмасын жүктен босату;

2) көтерілу призмасын қосымша жүктеу;

3) контрфорстар мен тіректерді құру.

154. Бірқатар жағдайларда карьерлердің, кертпештердің және үйінділердің беткейлерінің үлкен учаскелерінің қауіпті деформациялары жер бетінің, кертпештердің алаңдарының, карьер табан астысының және үйінділер негізінің суландырылуымен пайда болады; осындай жағдайларда қиябеттердің деформацияларын болдырмаудың негізгі шарасы карьердің жанындағы жер бетін уақытында кептіру және кертпештердің алаңдарынан, карьер табан астысынан және үйінділердің негізінен су ағысын қамтамасыз ету болып табылады.

155. Үйінділердің үлкен учаскелерінің басталған жылжымаларының дамуына жол бермеу үшін олардың жалпы биіктігін азайту керек немесе сырғу бетінде әрекет ететін ұстап тұрушы және жылжитын қатынасы бақылаулармен басталған деформациялары тіркелген жағдаймен салыстырғанда 10-15 % өсетіндей азайтылады.

Үйінділердің орнықтылығын бағалау (сырғу бетіне әсер ететін ұстап тұрушы және жылжытатын күштердің қатынасын орнату) орындалу әдістемесі сәйкес әдістемелік құжаттарда баяндалған есептердің негізінде орындалады.

156. Бірқатар жағдайлармен қатар, үйінділер жылжымаларының дамуын болдырмау мүмкін емес немесе қиын болған жағдайларда, аспаптық бақылаулармен ықтимал жылжыманың призмасы шектелген болуы мүмкін, онда үйінділердің пайда болуы барысында қолданылатын жабдықты орналастыру ұсынылмайды; осы жағдайлар үшін арнайы үйінділерді шығару технологиясы әзірленеді, ол көшетін үйіндіде жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



6-тарау. Карьерлердегі қиябеттер орнықтылығының бұзылу құжаттамасы

1-параграф. Орнықтылықтың бұзылуын құжаттандыру
157. Карьерлердегі қиябеттер орнықтылығының (опырылыстардың жылжымаларының, қалқымалардың, сүзу деформацияларының сусымаларының) бұзылуын паспорттандыру орнықтылықтың бұзылуының әр түрлі түрлерінің сипаты мен себептері туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелендіру мақсатымен жүргізіледі. Бұл мәліметтер жалпыланып талданған-нан кейін деформацияларды болжау және жылжымаға қарсы шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.

Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығының әрбір бұзылуына бірыңғай белгіленген нысан бойынша паспорт құрастырылады, ол графикалық құжаттама жинағымен жабдықталады (19, 20-қосымшалары).

158. Құжаттамалар тау-кен кәсіпорнының жұмыс режимін бұзатын және жұмыстардың жүргізілуіне қауіп төндіретін кертпештердің, беткейлер мен үйінділердің, жұмыс алаңдарының, сақтаушы және көліктік бермалардың бұзылуына арналған; көлемі 1 мың м3 астам және 500 м2 астам ауданды қамтитын карьер қиябеттерінің орнықтылығының барлық бұзылымдары құжатталады; сонымен қатар карьер алабына жататын табиғи беткейлердің орнықтылығының бұзылуы да құжатталады.

159. Қиябеттер тұрақтылығы бұзылымының паспорты 2 данада құрастырылады және арнайы маркшейдерлік құжаттамаға сәйкес кәсіпорынның маркшейдерлік қызмет мұрағатында сақталады.

160. Паспорт маркшейдерлік, инженерлік геологиялық және гидрогеологиялық түсірулердің және зерттеу-жобалау құжаттамасының негізінде жылжыманың, опырылыстың, қалқыманың пайда болу сәтінен бір айлық мерзімнен кешіктірмей құрастырылады. Егер деформациялар көп уақыт кезеңінде дамыған немесе циклдік сипатқа ие болған жағдайда, олардың дами бастаған уақытынан бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей алғашқы паспорт құрастырылады. Деформациялардың даму шамасына қарай осы паспорт қайта-қайта толығып отырады және жылжыманы, опырылысты немесе қалқыманы жойғаннан кейін барып ақырғы құжат құрастырылады.

Құрылыс кезінде пайда болған қиябеттердің орнықтылығының бұзылуы құрылыстық мекемелердің геология-маркшейдерлік қызметпен құжатталады және басқа да маркшейдерлік құжаттамалармен қатар маркшейдерлік пайдалану қызметіне тапсырылады.

161. Егер опырылыстар немесе жылжымалар артынан адам өліміне, жарақаттарға, жабдықтар мехнизмінің, ғимараттардың бұзылуына және тағы сол сияқты әкелетін болса, онда белгілі бір талаптарға сәйкес актілер құрастырылады, ал олардың көшірмелері қиябет орнықтылығының бұзылымының құжатына қосымша ұсынылады.

162. Паспортта деформацияланатын учаскелердің параметрлері және уақытта деформациялардың (жылдамдықтың, ығысудың абсолют шамасының және тағы басқа) дамуы туралы алынған деректердің әдістемесі белгіленеді.

163. Паспортты кәсіпорынның (карьердің, кен басқармасының, комбинаттың) бас инженері бекітеді. Артынан ерекше ауыр зардап шегуге әкелген деформациялар жоғарыда тұрған мекемелерде (серіктестік немесе Бас басқармалар комбинаты) талданады. Опырылыстар және жылжымалар паспорттарының нысандары 19, 20-қосымшаларда берілген.

164. Паспортта қиябет орнықтылығының бұзылуының ең үлкен өлшемдері-деформациялардың даму тереңдігі, ығысу шамасы және паспортты құрастыру сәтінде опырылған (жылжымаланған) тау жыныстарының көлемі көрсетіледі (19-қосымша және 1-сурет)

Деформацияның (жылжыманың, опырылыстың, қалқыманың) даму тереңдігі деп көзбен шолып байқалатын қиябеттің үстіңгі ернеуінің бастапқы орнынан бастап соңғы орнына дейінгі ара қашықтықты, деформацияланған массалардың қозғалысына қарама-қарсы (көлденең орын) бағыттағы жарықшақтарды түсінеміз. Деформациялар дамуының орташа және ең үлкен тереңдіктері көрсетіледі.

Жылжыманың (опырылыстың) ығысу шамасы ығысу бағыты бойынша қиябеттің төменгі ернеуінен ығысқан тау жыныстарымен жүргізілген жолдың көлденең салынуына тең.


19-сурет. Ішкі үйінділер жылжымасының дамуы.

Ығысудың орташа және ең үлкен шамасы анықталады. Опырылыс немесе қалқыма жылжымасының көлемі нақты қиябеттің ығысқан бөлігі мен оның жылжымалы емес бөлігінің арасында шекаралар орнатқаннан кейін ғана есептелінеді. Егер бұл шекара тікелей тазалаумен анықталмаған болса, онда оны қада белгілердің ығысу векторлары бойынша маркшейдерлік бақылаулардың деректері немесе қиябетті геологиялық салуды талдау негізінде құрылады.

165. Опырылған (жылжымалы) қиябеттердің параметрлері графикалық түрде аспаптық маркшейдерлік түсірудің деректері бойынша құрылған тіліктерден анықталады (20-сурет).

166. Қиябеттің тұру уақыты қиябет жұмыссыз күйде болатын уақытпен өлшенеді. Егер осындай күйде болу уақыты кемінде 3 тәулік болса, онда ол сағаттарда көрсетіледі.

167. Паспортта қиябет орнықтылығының бұзылу учаскесінде жүргізілген бақылаулардың барлық түрлеріне қысқаша сипаттама беріледі. Бақылаулар мен зерттеулердің нәтижелері паспорттың бөлімдерінде баяндалады. Қада белгілердің салыну орындары, қада белгілердің типі, тау жыныстарының үлгілерін іріктеу орнын геологиялық түсіру, жер асты суларының деңгейін өлшеу учаскелері планда және қимада аталады.
Деформациялардың даму тереңдігі


20-сурет. Карьердің жұмыс беткейі жылжымасының өлшемдері.

168. Паспортта деформацияланатын учаскенің шеңберінде бұрын байқалған қиябеттердің орнықтылығының бұзылу күні, көлемі және түрлері көрсетіледі. Егер осы деформациялар паспортталған болса, онда олардың паспорттарының нөмірлері көрсетіледі.

169. Қиябеттің орнықтылығының бұзылуымен келген зиян ақшалай түрде анықталады. Егер келген зиянның ақшалай түрде анықталуы мүмкін болмаса, онда паспортта деформациялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың түрлері мен көлемдеріне ғана сипаттама беріледі.

170. Құжатта қиябеттің тұрақтылығы (кертпештердің параметрлері, жұмыс алаңдарының өлшемдері, экскаватордың типі, көліктің түрі және тағы сол сияқты) бұзылатын учаскедегі тау-кен жұмыстарының күйі сипатталады және жоба бойынша тау-кен жұмыстарының іс жүзіндегі күйі сәйкес келу және келмеуі белгіленеді.

171. Құжаттың «Қысқаша инженерлік-геологиялық сипаттама» бөлімінде геологиялық қиманың, жыныстарының беріктігі көрсеткіштерінің, тау жыныстарының құрылымы мен жатысы жағдайларының, учаскенің гидрогеологиялық ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы беріледі, су ағар горизонттарының сүзілу сипаттамалары мен өнімділігі, жер асты суларының, деформациялардың алдында болған атмосфералық жауын-шашындардың қоректендіру көздері келтіріледі және тағы сол сияқты.

172. Құжатта қиябет орнықтылығының бұзылуы салдарын жою немесе оның одан әрі дамуын болдырмау үшін қабылданған шаралар баяндалады.

Жылжымаға қарсы қолданылған шаралардың тиімділігі бағаланады және олардың құны белгіленеді.

173. Құжатта, сондай-ақ келесі деректер келтіріледі: бұрғы-жарылыс жұмыстарының параметрлері (ұңғымалардың тереңдігі, саны, бағыты және диаметрі, заряд конструкциясы, микрокідіртпе шамасы, жару тәсілі, ЖЗ типі, бір мезгілде жарылатын ЖЗ саны), кептіру бойынша жұмыстардың күйі және тағы басқа қиябеттердің орнықтылығын бағалаған мекеме, қиябеттердің орнықтылығын есептеу әдісі және орнықтылық қорының есептік коэффициенті көрсетіледі.

174. Құжатта қиябет орнықтылығының бұзылу себептерін анықтауға және оның салдарын жою бойынша шараларды әзірлеуге қатысқан тұлғалар көрсетіледі.

2-параграф. Паспортқа графикалық қосымшалар
175. Жылжыма, опырылыс, қалқыма жоспарда карьердің горизонт бойынша жоспарларында олардың басталу және аяқталу уақыты мен реттін нөмірін көрсетумен бекітіледі. Паспортқа толық экспликациясымен геологиялық барлау ұңғымалары, өндіру және көлік механизмдерінің, автожолдардың, теміржол жолдарының талаптары, электр беріліс желілері, бөліп алу жарықшақтары мен массивтің деформациялану кезіндегі жұмыс қада белгілерінің ығысу векторлары қосымша тіркеледі.

176. Жоспарға деформацияланатын учаскенің өзін тән кескіндері бойынша қималар (2-3 қима) қосымша тіркеледі, бірақ қиябет орнықтылығының бұзылу фронты бойынша 50 м сайын ғана болады. Қималарды жоспармен бірдей тік және көлденең масштабтарда орындаған дұрыс. Деформацияның күрделі пішін үйлесімі жағдайында қозғалыс бағытына (ескі бедердің ойыстары бойынша қалқыма-ағындар және тағы сол сияқты) перпендикуляр қималар беріледі. Қималарға қиябеттердің, кертпештердің және беткейлердің бұрыштарын жобалау кезінде қолданылған немесе қосымша бақылаулардың нәтижесінде алынған физика-механикалық сипаттамаларын (γ, ρ, k,) нұсқау арқылы жеке ұстынмен қиябеттің геологиялық құрылымы; деформацияға дейінгі жер асты суларының деңгейлерінің тәртібі, олардың бұзылымға дейін және бұзылымнан кейін қиябет құрылымының деформациясы процесі кезінде өзгеруі (бұзылымға дейін қиябет контурының дәл орнын орнату қиын болған жағдайда, контурдың сызығы пункт арқылы жүргізіледі) көрсетіледі. Бақылау станцияларының кескінді сызықтарының бағыты бойынша қималар олардың ығысуының қада белгілерінің, векторларының салыну орындарын көрсетумен беріледі; қада белгілердің отырулары мен ығысуларының ведомості ұсынылады.

Планға және қималарға жылжымаға қарсы ғимараттардың талаптары енгізіледі. Құжаттар фотосуреттермен безендіріледі.

3-параграф. Карьерлерде қиябеттердің деформацияларын

бақылау бойынша есептілік
177. Карьерлер мен үйінділер қиябеттерінің кертпештерінің және беткейлерінің күйін бақылау бойынша жиналатын материалды жүйелі (жылына 1 рет) түрде жиынтық есепке рәсімделеді.

178. Карьерлерде қиябеттердің деформацияларын бақылау нәтижелері бар есеп келесі мына бөлімдерден тұрады:

1-бөлім. Деформацияланатын учаскелердің инженерлік-геологиялық сипаттамасы.

Бөлімде тау жыныстарының литологиялық құрамына, олардың жатысы жағдайларына, жарықшақтығы мен жекелілігіне қысқаша сипаттама беріледі, тектоникалық бұзылымдардың және ұзаққа созылған жарықшақтықтың бар болуы, су молдылығы және тау жыныстарының сулармен қоректену көздері атап өтіледі; учаске жыныстарының негізгі физика-механикалық сипаттамаларының шамалары келтіріледі.

Қиябеттердің орнықтылығының бұзылымдары тіркелген учаскелердің инженерлік-геологиялық сипаттамасы паспорттардың сәйкес бөлімдерінде көрсетіледі, олар есептің құрамды бөлігі болып табылады немесе есепте толығырақ баяндалады (егер өз өлшемдері немесе сипаты бойынша орнықтылық бұзылымдары паспорттандыруға жарамды болмаса).

2-бөлім. Тау-кен жұмыстары.

Бөлімде тау-кен жұмыстарының жағдайы (үйінділердің қиябеттерінің, карьерлер беткейлері мен кертпештерінің жобалық және іс жүзіндегі параметрлері, жобаланған технологиядан, жобадан ауытқудың себептері және басқа сол сияқтылар); тау-кен жұмыстарының алдағы даму бағыты белгіленеді; тау-кен көліктік және үйінділеу жұмыстарының технологиясы (жабдығы, параметрлері, паспорттар және тағы сол сияқты); тау-кен және үйінділеу жұмыстарының режимінің бұзылуына қиябеттер деформациясының әсері (бос тұру, өнімділіктің төмендеуі, жұмыс бағыттарының өзгеруі және тағы басқа) баяндалады.

3-бөлім. Карьерде қиябеттердің күйін бақылау.

Бөлімде деформацияларды бақылау бойынша жұмыстардың әдістемесі және бақылау нәтижелері баяндалады (өткен кезеңде пайда болған орнықтылық бұзылымдарының, сонымен қатар паспорттандыруға жатпайтын орнықтылық бұзылымдарының: опырылыстардың шағын өлшемдерінің, сусымалардың, жергілікті сүзілу деформациялардың, үйінділердің шөгінділерінің, қабақтардың опырылуына, жер бетінің және жұмыс алаңдарының деформацияларының сипаттамасы беріледі); орнықтылық бұзылымдарының паспорттары келтіріледі.

Деформацияларды талдаудың негізінде орнықтылық бұзылымдарының пайда болу мүмкіндігін болжау орындалады, алдағы бақылаулардың мазмұны мен көлемі анықталады, жылжыма қауіпті аймақтар орнатылады.

4-бөлім. Карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар.

Бөлімде жобамен алдын ала ескірілген және орындалған карьерлерде қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар (көрік және су су бұру қарықтарының желілері, құрғатым орлары, кертпештерді жайпақтау, үстіңгі бетті жоспарлау, құрғату, сүзілетін қосымша жүктеме, қиябеттерді жасанды бекіту және тағы басқа) баяндалады. Есептілік кезеңінде қолданылған технологиялық сипаттағы қауіпті деформацияларды болдырмау немесе олардың карьердің жұмысына және өндіру және үйінділеу жұмыстарының режиміне кері әсерін азайту бойынша шаралар сипатталады. Осы шаралардың алдағы кезеңде дамуы, олардың іске асырылуы және арзаңдатылуы бойынша өткізілген шаралар мен ұсынымдардың тиімділігі бағаланады.

179. Карьерлерде қиябеттердің күйін бақылау туралы есептер кен басқармасының әрбір карьеріне жеке құрастырылады, техникалық кеңесте қарастырылып, жоғарыда тұрған мекеменің бас инженерімен бекітіледі. Есептер тікелей кәсіпорында, аталмыш кәсіпорын таратылғанша сақталады, содан кейін орнықтылықты бақылау бойынша бірінші, есептік және графикалық құжаттамамен қоса жоғарыда тұрған мекемеге тапсырылады.

180. Карьерлерде қиябеттердің деформациясын бақылау бойынша құжаттама:

1) бірінші құжаттама:

қиябеттердің күйін қарау журналы;

ашылымдардың суретін салу журналы;

жарықшақтықты өлшеу журналы;

геометриялық нивелирлеу журналы;

тригонометриялық нивелирлеу журналы;

ұзындықтарды өлшеу журналы;

арнайы бақылаулар журналы.

Журналдар қолданыстағы «Маркшейдерлік жұмыстардың өнімділігі бойынша техникалық нұсқаулардың» талаптарына сәйкес қосымшалармен ұсынылған нышандар бойынша құрастырылады. Бақылау станцияларын байланыстыру міндетті құжаттама журналдары мен ведомостерінде жүргізіледі;

2) есептік құжаттамасы:

тригонометриялық нивелирлеудің асып түсуін есептеу ведомостісі;

шөгулер ведомостісі;

көлденең жылжулардың ведомостісі;

қада белгілердің шөгу және көлденең жылжу жылдамдықтарының ведомостісі;

көлденең салыстырмалы деформациялар ведомостісі;

тік деформациялар тізімі.

Тідімдер қолданыстағы «Маркшейдерлік жұмыстардың өнімділігі бойынша техникалық нұсқаулардың» талаптарына сәйкес қосымшалармен ұсынылған нышандар бойынша құрастырылады;

3) графикалық құжаттама:

орнықтылық бұзылымдары көрсетілген 1:2000, 1:5000 тау-кен әзірлемелерінің жиынтық планы;

бақылау станцияларының сұлбасы;

қиябеттердің орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың сұлбасы;

орнықтылық бұзылымдары және деформациялардың байқалу учаскелері салынған горизонт-кертпештер бойынша тау-кен жұмыстарының пландары;

инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық пландар;

орнықтылық бұзылымдарының пайда болу орындары салынған үйінділердің пландары;

орнықтылық бұзылымдарына ұшыраған учаскелер бойынша қималар;

деформациялардың графиктері бойынша бақылау станцияларының кескінді сызықтары бойынша қималар.

Графикалық құжаттама қолданыстағы «Маркшейдерлік жұмыстардың өнімділігі бойынша техникалық нұсқауларының» талаптарына және «Тау-кен графикалық құжаттамасына арналған шартты белгілерге» сәйкес толықтыруларды (18-қосымша) ескеру арқылы құрастырылады.

_______________



1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет