Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар


-тарау. Тау массивтерінің геологиялық құрылысы, жарықшақтығы мен физика-механикалық қасиеттерін зерделеу



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі2 Mb.
#124680
1   2   3   4   5

2-тарау. Тау массивтерінің геологиялық құрылысы, жарықшақтығы мен физика-механикалық қасиеттерін зерделеу




1-параграф. Тау қиябет геологиялық құрылысы мен

физика-механикалық қасиеттерін зерделеу
12. Кен орындарының геологиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын зерделеу, сонымен қатар тау қиябет физика-механикалық қасиеттерін карьерді салу және пайдалану кезеңінде зерделеуді кен орындарының тау жыныстарының инженерлік-геологиялық кешен типі кен орнын барлау кезеңінде осы шарттарды зерделеу есебінен жасаған дұрыс (2, 3-қосымшалар).

13. Кертпештердің қиябеттері мен карьерлердің беткейлері мықты тау жыныстарының кешенінен құралған жағдайда мына қасиеттерді зерделеуге болады: жарықшақтылық, қатпарлық пен тау жыныстарының дизьюнктивті бұзылулары мен ұзақ қашықтықтағы тектоникалық жарықтар. Бұл жағдайларда гидрогеологиялық факторлар негізінен, беткейлерге ерекше бір әсерін тигізе қоймайды.

14. Орташа беріктікті тау жыныстарының кешенімен салынған кен орындарда 13-тармақта көрсетілген факторлар зерттеуге жатады және массивтің қосалқы-құрылымдық ерекшеліктері: жыныстың үлгідегі беріктілігі мен кен орнының гидрогеологиялық шарттары. Біршама маңызды гидрогеологиялық көрсеткіш болып табылатын гидростатикалық ағын (не болмаса пьезометрикалық деңгей) барлық су қабатының нүктелерінде мүмкін сусыма шегінде.

15. Жай сазды және байланыспаған тау жыныстарының кешенінен жиналған кен орындарында зерделеуге мыналар жатады: тау жыныстарының минералогиялық құрамы мен беріктігі, олардың қопсуға икемділігі, пластикалық деформациялардың шығуы, қатпарлы қабатта босаңсу қабаты мен гидрогеологиялық жағдайлар.

16. Тау жыныстарының беріктігінің негізгі сипаттамасы-ілінісу мен ішкі үйкелу бұрышы-зертханалық жағдайларда кесуге немесе аз габаритті үлгілерді осьті қысуда немесе керн кесіндісі ретінде инженерлік-техникалық ұңғымалардан анықталады.

17. Массивтерде тау жыныстарының жылжуына кедергіні анықтау олардың қатпарлы, жарықшақты болуын есепке алумен тау жыныстарын кесуге сынау арқылы өлшемі шамамен 40 x 60 x 120 см3.

Нағыз сынау сандарын әр жыныс түрлері үшін үшеуден аз ұсынбайды, мұнда массивтің жарықшаққа төзімділігі сияқты, босаңсу бет бойынша төзімділік сипаттары анықталады.

Нағыз сынауларды 4-қосымшада берілген әдістеме бойынша өткізген дұрыс.

18. Тау жыныстарын массивке іліп алу шамасын оның жарықшақтығын есепке ала отырып (К, т/м3), эмпирикалық тәуелдік бойынша анықталады, ол сынаудың мына сандарына негізделген:
, (2)

мұндағы Н-мүмкін деформацияның ең үлкен өлшем аймағы (карьерлер үшін-борт биіктігі), м;



l-жарықшақтармен шектелген блоктардың орташа сызықтық ұзындығы;

α-кесектегі жыныстың беріктілігіне байланысты және жарықшақтық сипатына байланысты коэффициент (α=0-3 құм-сазды тау жыныстары үшін және α=3-10 жар және жартылай тау жыныстары үшін-5 қосымша;

Кк-кесектегі ілінісу, т/м2;

К'-жарықшақтар бойынша ілінісу, т/м2.

Кк және К' шамаларын тау жыныстарының зертханалық сынау нәтижелері бойынша алады.

19. Тау жыныстарының кедергі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсерін тигізетін физикалық және су қасиеттерін, құрамын зерттеу, сәйкес нормативтік-әдістемелік құжаттарда берілген әдістеме бойынша жүзеге асады.

20. Құм-сазды тау жыныстарының беріктік сипаттамаларын негізінен бір тегісті жазықтықта, қисық кесек пен тұрақтылықты өлшеуіште анықтаған дұрыс. Карьерлер беткейлерінің беріктігі мәселелерін шешуге арналған сұрақтарды шешуге қажет тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін зертханалық анықтау тізімі мен көлемі 6-қосымшада көрсетілген.

21. Қатты және жартылай қатты тау жыныстарының беріктілік сипаттамалары үлгілерді бір осьті қысумен цилиндрлік формада анықтайды; үлгінің биіктігі цилиндр диаметрінен 2 есе артық болады. Үлгілерді дайындау керннен жасалады және шет жақ жазықтықтарын кесіп, жону керек (сонымен қатар тік бұрышты үлгіде); мұнда үлгілердің шет жақ беттері өзара параллель болып бойлық осіне перпендикуляр болады.

Ілінісу шамасы К, кг/см2 сынау нәтижелері бойынша мына формуламен анықталады:

, (3)

мұндағы σсж -бір осьті қысу кедергісі, кг/см2;



ρ-ішкі үйкелу күші, бұл шама литологиялық құрамы мен тау жынысының сипатына байланысты болады, градус (7-қосымша).

Қатты және жартылай қатты, сонымен қатар тығыз құмды тау жыныстарының беріктілігі «қисық кесу» приборларында 30-70 мм диаметрдегі үлгілерді сынау жолымен анықталған болатын.

22. Босаңсу беті бойынша жылжу кедергісін анықтау (жарықшақтар, қатпарлылық, тектоникалық бұзушылықтар) зертхана жағдайларында кесетін аспаппен жасалады, онда қалыпты және оған байланысты күш салынып, не болмаса басқа жағдайларда-табиғи сынау жолымен. Үйкеліс бұрыштарының дөңгелектенген мәндері босаңсу беттері бойынша 8-қосымшадағы мәндерден таңдалып алынады.

23. Құм-сазды тау жыныстарының сынауларын өткізу сұлбасы мына екі талап негізінде алынады:

1) сыналатын үлгі, мүмкіндігіне қарай бастапқы күйде болады (тығыздық пен ылғалдық), ол карьер бортында болады;

2) үлгінің бастапқы күйі сынау аяғына дейін сақталады, ол тез кесу сұлбасы бойынша кесуге сынауды өткізумен жетеді (жалпы ұзақтығы 8-10 минуттан көп емес).

Өндірістік жағдайларда тұрақтылықты өлшеуіш болмағанда кесуге сынауды бір жазық иінтіректі приборларда немесе «қиғаш кесу» приборларында жасайды.

24. Карьерлерді пайдаланғанда құм-сазды тау жыныстарының үлгілерін іріктеу, жартылай қатты және қатты тау жыныстарын іріктеуді тікелей карьерде барлық литологиялық айырмашылықтарды қамтумен есепке ала отырып кертпештердің қиябеттерінен алады. Үлгілерді іріктеу 20х20х30 см3 өлшемдері түрінде жасалады.

25. Инженерлік-геологиялық ұңғымаларды карьерлік өріс шекарасына жақын орналастырған дұрыс және бастапқы тау жыныстарын өткізу учаскелерінде. Олардың орналасатын орындары әрбір нақты жағдайда жергілікті жердің геологиялық құрылымы мен бедердің күрделілігіне байланысты анықталады; ұңғымаларды олар призмалалары жобаланатын карьердің жұмыстық емес беткейлерінің бұзылуы мүмкін болатындай болса.

26. Құм-сазды тау жыныстарында инженерлік-геологиялық ұңғымаларды бұрғылау әдісіне қойылатын негізгі талаптар керннің максимум шығуы (80 % аз емес) және тау жыныстарының үлгілерінің құрылымы мен нағыз табиғи сақталады.

Қатты және жартылай қатты тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін іріктелетін геология-құрылымдық ұңғымадан жүзеге асырылады.

Зертаханалық сынау үшін керннің физика-механикалық қасиеттерін анықтау: қатты тау жыныстары үшін-40 мм, жартылай қатты тау жыныстары-55-60 мм, бос тау жыныстары үшін-100 мм.

27. Құм-сазды тау жыныстарында ұңғымаларды бұрғылағанда шайғыш сұйық ретінде ісінудің алдын алу үшін қою құмды ерітінді қолданылады.

Бұрғылау бағанды құбырмен шайғыш сұйықтықтың минимум берілуімен (120-180 айн/мин) жасалады.

Инеженерлік-геологиялық ұңғымалардан үлгілерді іріктеу әдістемесі мен олардың парафиндеу реті 9-қосымшада берілген.

28. Кесуге сынау алдында құм-сазды тау жыныстары, іріктеу процесінде тығыздалып кетуі мүмкін, тығыздағыштарда табиғи кернеуде толық тұрақталғанға дейін ұсталады; тығыздалмаған тау жыныстары алдын ала тығыздаусыз кесіледі.

Құм-сазды тау жыныстарының массивіндегі σ (т/м2) табиғи күш жыныстың көлемді салмағының (қатпарлы массивте қуаты бойынша орташа өлшенген) γ (т/м3) үлгілерді іріктеу тереңдігіне Н (м) мына формула бойынша нықталады: σ = γH. Табиғи кернеу мәндерін анықтағанда жер асты суларының депрессионды бетінен төмен жатқан тау жыныстарының өлшенуін есепке алынады.

29. Құм-сазды тау жыныстарының кесілуге сыналуы қалыпты 3-4 жүктемеде жасалады. Максимум жүктеме табиғи жүктемеден ең кем дегенде 80 % құрау керек, ал минимумы-15-20 %. Кесуге барлық сынаулар жылдам кесу сұлбасы бойынша жасалады; кесуде жүктеме баспалдақтар бойынша 1 минут сайын беріледі, ал деформацияны санау 30 секунд сайын жасалады.

30. Қиябеттердағы ісіну есебін алғанда құмды тау жыныстарының кедергісі суда тығыздағышта біршама жүктемеде (әдетте, 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 3,0 кг/см2) шыдайтын үлгілер алынады, үлгілердің кесілуінде қалыпты жүктеме, суды сығып алуды болдырмас үшін тау жынысты қораптар арасында саңылауға тығыздау тығыздағыштағы жүктемеге қарағанда 20-30 % азаяды. Мұндай сынау саны әрбір қалыпты жүктемеде 3-4 құрайды.

31. Жапсарлар мен жарықшақтар бойынша ығысуға кедергі, сондай-ақ зертханалық жағдайларда қайта ығысу сұлбасы бойынша рычагты бір жазықтықты аспаптарда тау жыныстарының үлгілерін ығысуға сынаулар жүргізу жолымен анықталады.

32. Сазды тау жыныстарын сынаулар өшпейтін икемді деформациялар (сусымалылық шегін) тудыратын, кернеулерді анықтаумен жалғасады.

Сусымалылық шегін анықтау 10-қосымшада баяндалған, ықшамдалған тәсілдердің біреуімен жүргізіледі.

33. Сазды құрамның үйінді тау жыныстарының кесуге кедергісін анықтау кәдімгі кесу аспаптарында жүргізіледі. Іріктелген үлгілерден өлшемі 2-5 мм жоңқа жасалады, ол тығыздауыштарға салынады және үйіндідегі тау жынысы сыналатын кернеудің шамасына байланысты, 3-4 қалыпты жүктемелер болғанда 1-2 сағат бойы ұсталынып тұрады. Талғамды үйінділеу кезінде барлық литологиялық айырылымдар сынауға ұшырайды, ал жаппай төгу кезінде геологиялық қимадағы тау жыныстарының ара қатысына жауап беретін пропорцияда қоспалар жасалады.

Кесу кезінде қалыпты кернеулер тәжірибе уақытында су сығымдалмайтындай, табалдырықты қысым сейілмейтіндей және үлгілер қосымша тығыздалмайтындай түрде беріледі.

Максимум қалыпты кернеу үйінді массасын сынау кезінде екі шарттан алынып беріледі:

1) үйінді тау жыныстары үйіндіде тау жынысы сыналатын кернеулер кезінде кесіледі;

2) сазды үйінді тау жыныстарын кесуге шекті кедергі деп, ол кезде су сығылуы басталатын, қалыпты кернеуге сәйкес келетін кедергі саналады, үйінді тау жыныстарын үлкен кернеулер кезінде сынау мақсатқа сәйкес емес.

Кесуге кедергінің азаюына әкелетін, үйінділердің төменгі бөлігінде қосымша ылғалданудың мүмкін болуына, сол және бір тау жыныстарын сынауды табиғи ылғалдылықты 2-6 % арттыратын, ылғалдылықтың 2-3 мәні болғанда жүргізіледі.

34. Саздар мен өрескел сынықты қатты тау жыныстарының қоспасымен берілген, үйінді тау жыныстарын сынауды кесу ауданы ұлғайтылған аспаптарда жүргізу қажет; кесу қорабы диаметрінің және 15-тен кем емес аса ірі қатты қосындылар диаметрінің ара қатысы ұсынылады.

Литологиялық айырылымдарды және үйінді тау жыныстары қоспаларын сынау нәтижелері бойынша үйінділердің орнықтылығын есептеу кезінде пайдаланылатын, қалыпты жүктемелерге байланысты кесуге кедергі графиктері салынады.

35. Карьерлерде сүзілу деформацияларының (сырғудың, механикалық суффозияның, сүзілу тіреуінің және жарықшақтар бойында шығарудың), сондай-ақ жер асты суларының бұзылуымен байланысты деформациялардың айқындалуын болжау мақсатында, сонымен бірге механикалық сипаттамаларды (28-33-тармақтар) зерделеуден басқа, келесі көрсеткіштер қосымша анықталады: құмды тау жыныстарының түйіршік өлшемдік құрамы (біртексіздік коэффициентін анықтау үшін), құмдар мен құмды саздардың сүзілу коэффициенті, сулы горизонттар арындарының шамалары.

36. Тұзды карьерлерде тау жыныстарын ерітінділеу және еріту процестері туралы алғашқы деректер алу үшін еритін тау жыныстарының, цементтеуші материалдың химиялық құрамын және жер асты суларының химиялық құрамын анықталады.

Аталған алғашқы шамаларды алу әдістемесі анықтамалық әдебиеттер бойынша қабылдануы мүмкін.

37. Карьер алабы учаскелерінің геологиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері туралы барлық деректер толық инженерлік-геологиялық горизонттар бойынша карталарда және карьер беткейінің сәйкес учаскелерінің созылымына перпендикуляр бағытта бағдарланатын, көлденең қималарда көрсетіледі. Горизонттар бойынша карталар мен қималарды құрастыру үшін негіз ретінде кәсіпорындағы маркшейдерлік-геологиялық құжаттама пайдаланылады.

38. Горизонттар бойынша инженерлік-геологиялық карталар масштабы 1:2000 тау-кен жұмыстарының маркшейдерлік пландарының жұмыстық негізінде биіктігі бойынша кем дегенде 50 м сирек емес түрде құрастырылады және кезекті енбелердің қазымдалу шамасына қарай үздіксіз толықтырылады. Сонымен бірге тау жыныстары қабаттарының созылымына (немесе атқылама және метаморфты тау жыныстарының литологиялық айырылымдарының созылымына) айқастырма инженерлік-геологиялық қималар құрастырылады және толықтырылады.

Инженерлік-геологиялық карталар мен қималарды құрастыру үшін алғашқы материалдар инженерлік-геологиялық түсіру және суреттер болып табылады.

Горизонттар бойынша инженерлік-геологиялық карталар мен қималар карьерлер беткейлерінің орнықтылығына әсер ететін, барлық инженерлік-геологиялық факторлардың өзгерістерін (тереңдікпен және созылымы бойынша) болжау үшін, карьерлер беткейлерінің және кертпештер қиябеттерінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жедел мәселелерді шешу, сондай-ақ карьерлерді қайта салу жобаларын құрастыру үшін негізгі алғашқы құжаттар болып табылады.

2-параграф. Массивтің құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу
39. Кен орнын құрайтын тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу, кен орнын барлау, карьердегі далалық бақылаулар материалдарына негізделеді және мыналардан тұрады:

1) негізгі босаңсу беттерінің бағытын және сипатын (тектоникалық бұзылыстарды, қабаттар мен өзге беттер арасындағы жапсарларды) анықтау;

2) жарықшақтардың негізгі жүйелері кеңістігінде ұзындық пен бағдарлауды анықтау;

3) тау жыныстары жарықшақтығының қарқындылығын анықтау;

4) карьердің тиесілі құрылымдық ерекшеліктері бар учаскелерін атап көрсету.

40. Карьерлер беткейлерінің орнықтылығын зерттеу кезінде жарықшақтың екі түрін ажыратады: үлкен ұзындықты тұтас жарықшақтар (10 м дейін және одан артық) және кіші жарықшақтар немесе жақпарлық жарықшақтар. Тұтас жарықшақтарға қарағанда, жақпарлық жарықшақтар аса жиі болып табылады; олармен негізінде тау жынысының элементар блоктарының түрі мен өлшемдері анықталады; жақпарлық жарықшақтар сатылы түрде орналасады.

Сол және бір бағытты бірқатар жарықшақтар жарықшақтар жүйесі деп аталады. Тау жыныстары массивінің белгілі көлеміндегі жарықшақтар жүйелерінің жиынтығы массивтің берілген учаскесінің жарықшақтылығы деп аталады.

41. Жарықшақтар жазықтығына перпендикуляр бағытта 1 қума м келетін, бір жүйе жарықшақтарының саны жүйенің қарқындылығын сипаттайды. Жарықшақтықтың орташа қарқындылығы өзара перпендикуляр жүйелерге жақын үш жүйенің қарқындылығымен анықталады. Жарықшақтық қарқындылығы тау жынысының элементар құрылымдық блоктарының өлшемі мен пішінін сипаттайды.

Аналитикалық түрде жарықшақтық қарқындылығы мына түрде өрнектеледі:

, (4)

мұнда lΙ,, lΙΙ, lΙΙΙ -Ι, ΙΙ және ΙΙΙ-жүйелердің жарықшақтары арасындағы арақашықтық.

42. Қиябеттердің орнықтылығына тектоникалық бұзылыстарға және сатылы жақпарлық жарықшақтардың негізгі жүйесіне параллель, қабаттылығы, тақта тастылығы бойынша дамыған, үлкен ұзындықты жарықшақтар (тұтас жарықшақтар) аса үлкен әсер етеді. Тұтас жарықшақтарды ерекше мұқият зерделеу керек. Зерделеу тақырыбы мыналар болып табылады:

1) әрбір жарықшақтың бірнеше нүктеде жатысының элементтерін анықтау;

2) өлшеу нүктелерін пландық және биіктіктік байланыстыру;

3) жарықшақтар бетінің сипаты және оларды толтыратын материал.

Тұтас жарықшақтар барлау жұмыстарын жүргізу процесінде де, тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде түзілген, тікелей жасанды жалаңаштануларда да, сондай-ақ табиғи жалаңаштануларда да құжаттандырылады.

43. Қарқындылығы 3 артық емес, сатылы орналасқан жақпарлық жарықшақтар жүйелері, яғни элементар құрылымдық блоктарының ірілігі 0,30 м кем емес болғанда толық зерделенеді. Ол үшін біртекті литологиялық құрылыммен, сондай-ақ жарықшақтар пішінінің және бағдарлануының қандай да бір жалпы заңдылығымен сипатталатын жеке учаскелер бойынша, әрбір жүйе жарықшақтарының 10-20 дейін өлшемдері алынады. Мұндай учаскелердің ұзындығы елеулі шектерде: 10-нан 100-150 м дейін, ал кейде 200 м дейін ауытқуы мүмкін.

44. Сатылы жақпарлық жарықшақтар жатысының элементтерін жарықшақтық қарқындылығы үштен артық болғанда зерделемеуге болады, өйткені мұндай қарқындылық кезінде бұл жарықшақтардың жатысы (жарықшақтардың бағдарлануы) қиябеттердің орнықтылығына әсер етпейді: бұл жағдайларда қиябет квазиизотропты массив ретінде деформацияланады. Жарықшақтығының қарқындылығы үлкен учаскелер бойынша тау жыныстары блоктарының және олардың өлшемдерінің шектелген жарықшақтарының пішінін сипаттау беріледі.

45. Жарықшақтарды өлшеу учаскелерінің саны мен ұзындығы және олардың өзара орналасуы кен орнының геологиялық құрылысының күрделілігімен анықталады. Оларды кен орнын құрайтын тау жыныстарының барлық кешені және кен орны құрылымдарының барлық элементтері (қатпарлар қанаттары, осьтік бөліктер және тағы басқа) зерделенетіндей етіп орналастыру керек. Ірі геологиялық бұзылыстармен мүшеленген, тау жыныстарының массивтеріне екі өлшеу учаскесі (әрқайсысы) кіреді. Кен орнының құрылысы қарапайым болғанда өлшеу учаскелері арасындағы арақашықтық 150-200 м тең болып қабылданады. Өлшеу пунктінде жарықшақтар жатысының элементтерін өлшеудің жалпы саны жарықшақтар жүйелерінің санымен және олардың беттерінің сипатымен анықталады. Сонымен бірге жарықшақтардың әрбір жүйесінде жатыс элементтерінің кем дегенде 15-20 өлшемі болуынан бастау керек. Деректерді қатты бытыратқанда жеке жүйелер үшін өлшеулер саны 30 дейін ұлғайтылады.

Жарықшақтықты өлшеу учаскелері маркшейдерлік нүктелермен немесе тау-кен жұмыстарының планында 3-5 м дейінгі дәлдікпен белгіленген, тиесілі заттармен байланыстырылады.

46. Жарықшақтықты өлшеудің әрбір учаскесінде келесі параметрлер анықталады:

1) жарықшақтардың барлық жүйелері жатысының элементтері;

2) қатталу, тақта тастылық және тектоникалық бұзылыстар жатысының элементтері;

3) әрбір жүйенің жарықшақтары арасындағы орташа арақашықтықтар (жүйе қарқындылығы);

4) жеке ірі жарықшақтардың сызықтық өлшемдері;

5) материалды толтыратын жарықшақтар бетінің сипаттамасы;

6) құрылымдық блоктар пішіні.


Далалық деректерді журналда жазу мына нысанда жүргізіледі

Тау жынысының атауы, өлшеу орны және күні



Қабаттасу, тақта тастылық жатысының немесе жарықшақ-тардың негізгі жүйесінің элементтері

Жарықшақтар жатысының элементтері



Жүйе жарықшақтары арасындағы ара қашықтық


Жарықшақтар бетінің сипаттама


Ескертпелер және нобайы





А

α

А1

α 1

l







1

2

3

4

5

б

7

8

мұнда А және А1-босаңсу беттері созылымының азимуттары; α және α 1-құлау бұрыштары.

47. Карьерде тікелей босаңсу беттері жатысының элементтерін өлшеудің бірлік нүктелері тең аралықты дөңгелек торларға салынады (2-сурет). Дөңгелек диаграммада торға салынған әрбір жүйе нүктелерінің тобына арналған медианалық мәндер сияқты жүйелер жатысы элементтерінің орташа мәндері анықталады.

Кен орнындағы жарықшақтардың негізгі жүйелерін айқындау үшін әрбір жеке жүйенің жатысы элементтерінің орташа мәндері жарықшақтықтың жиынтық дөңгелек диаграммасына салынады.

48. Жарықшақтар жатысының элементтерін өлшеу кен компасымен жүргізіледі; магниттік тау жыныстарында әрбір өлшеу учаскесінде магниттік бұрылу анықталады, ол үшін созылым азимуты белгілі бағыт бойынша кен компасымен көздеу жүргізіледі.

Магниттік бұрылуды анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда, күн компасын (бағдарды) пайдалану ұсынылады, онда кен компасының дөңгелек шкаласының центрінде кәдімгі магниттік нұсқардың орнына, оның жазықтығына қалыпты түрде, биіктігі 4-5 см металл өзек орнатылады. Күн компасымен өлшеген кезде өзек көлеңкесінің азимуты және бақылау уақыты белгіленеді. Күннің ақиқат бағыты әрбір моментте жергілікті уақыт бойынша белгіленеді. Ыңғайлы болу үшін Күнге ақиқат бағыты көрсетілген кесте алдын ала құрастырылады, ол берілген жер үшін тәулік уақытына байланысты болады.




2-сурет-Тең аралықты дөңгелек тор

1-қабаттасу жатысының элементтері; 2-бірлік өлшеу бойынша жарықшақтар жүйелері жатысының элементтері; 3-орташа мәндер


Сол немесе өзге себептер бойынша жатыс элементтерін күн компасымен немесе магниттік бұрылу үшін түзетулер енгізумен анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда (мысалы, шахтада, карьердің көлеңке жағында жатыс элементтерін, босаңсу беттерін және тағы басқа өлшеу кезінде), 3 бөліктен: Т-тәрізді сызғыштан, бөлік бағасы 1-2º лимбтен, бұрыш өлшеуіш лимбімен қатаң бекітілген, көздеуіштен тұратын, жарықшақты бұрыш өлшеуіш пайдаланылады.

Жарықшақты бұрыш өлшеуішпен бақылау мына түрде жүргізіледі: лимбтің вертикаль осінің маңында айналатын, бұрыш өлшеуіш сызғышы, жарықшақ созылымының сызығы бойынша салынады, содан кейін лимбпен байланысқан көздеуіш теодолитке немесе көздеу үшін ыңғайлы бағдарға бағытталады (мысалы триангуляциялық пункт, шахта копері және тағы сол сияқты) және лимб бойынша есептеу жүргізіледі. Жарықшақ созылымының азимуты тікелей натурада анықталады.

49. Жарықшақтар бетінің сипатын сипаттау кезінде беттің ирек немесе тегіс, кедір-бұдыр немесе тегіс болып табылатынын не табылмайтынын, жарықшақтың инсүзілу материалмен және атап айтқанда қандай материалмен (балшық, темір тотықтары және тағы сол сияқты) толтырылғаны не толтырылмағаны көрсетіледі.

Жарықшақтар арасындағы ара қашықтықтар сызғышпен, нивелирлік рейкамен немесе рулеткамен тікелей өлшеумен анықталады. Жарықшақтық қарқындылығын зерделеу кезінде қиябеттерді масштабты суретке түсіру пайдаланылады.

Масштабты суретке түсіру келесі тізбектілікте орындалады:

1) кертпештің зерделенетін учаскесінде екі нивелирлік рейка орнатылады (біреуі-кертпеш қиябетінің құлауы бойынша, екіншісі-кертпеш созылымының бойымен көлденең);

2) кертпеш кадрға рейкалар, сондай-ақ кертпештің жоғарғы және төменгі ернеулері түсетіндей есеппен суретке түсіріледі;

3) фотосуреттерді камералық өңдеу орындалады:

бейнелеу масштабы М анықталады (өлшемі 9x12 см фотосуреттерде; М шамасы 1:100-1:300 дейін ауытқиды);

фотосуретте 2-3 өлшемдік учаске белгіленеді-өлшемі 3x3 см «терезе» (кертпештің жоғарғы ернеуінен 2-3 м жоғары емес);

сызғыштың көмегімен «терезеге» түскен барлық құрылымдық блоктардың өлшемдері өлшенеді;

М шамасын біле тұрып, құрылымдық блоктардың ақиқат өлшемдерін және зерделенетін учаскедегі жарықшақтық қарқындылығының орташа мәнін табады.

50. Кен орнының тау жыныстары массивінің құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу нәтижелері бойынша құрылымдық план-карталар (3-сурет) және кескіндер құрастырылады, оларға әрбір кертпеш бойынша және әрбір учаске бойынша тұтас жарықшақтарды өлшеудің барлық нүктелері және қабаттасу, тақта тастылық жатысы және сатылы орналасқан жақпарлық жарықшақтар жүйелері элементтерінің орташа мәндері салынады. Тұтас жарықшақтың құлау азимуты-нұсқармен, жанында цифрмен-жарықшақтың құлау бұрышы және оның өлшемдері көрсетіледі, бірінші цифр-созылым бойынша, ал екінші цифр құлау бойынша өлшемді білдіреді. Қабаттасудың, тақта тастылықтың, жарықшақтықтың бас жүйесінің, сондай-ақ жарықшақтық жүйелерінің құлау азимутының орташа мәні әрбір учаскеде - нұсқармен, құлау бұрышы-цифрмен көрсетіледі. Жарықшақтық қарқындылығы 3 шартты белгіден артық учаскелерде элементар құрылымдық блоктардың пішіні (кубтық, параллелепипед түрінде, қиғаш бұрышты немесе көп қырлы) белгіленеді, ал белгінің жанында цифрмен жарықшақтық қарқындылығы белгіленеді. Кен орнының қазымдалу шамасына қарай құрылымдық жоспар үнемі толықтырылып отырылады.

51. Құрылымдық пландар мен кескіндер карьерлер беткейлеріне қатысты беріктікті босаңдату беттерінің негізгі бағыттарының орнын, олардың өзара орналасуын көрнекті көрсетеді және тұтас алғанда беткей үшін де, жеке учаскелер мен кертпештер үшін де есептік сұлбаларды таңдауға мүмкіндік береді. Элементар құрылымдық блоктардың орташаланған өлшемдері тау жыныстары массивінің құрылымдық босаңдау коэффициентін жеткілікті дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.




3-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет