Карточканы пайдалану ережесі



бет2/3
Дата05.07.2016
өлшемі398.03 Kb.
#180719
1   2   3

ДСН-коды

  1. Карточка ДСН-конверті басылымымен бірге шығарылған жағдайда, Карточка берілген соң Карточка Ұстаушыға ДСН-коды басылған астары бар, жапсырылған арнайы конверт қоса беріледі. Конвертті алған соң бірден ашып, ДСН-кодын есте сақтап қалу керек, ал конверт пен оның ішіндегі қағазды жою қажет.

Карточка ДСН-конверті басылымынсыз шығарылуы мүмкін, бұл жағдайда Карточканы алған соң, Карточка Ұстаушы Карточканы активтендірудің уақытша кодын алу үшін 8080 нөміріне SMS-сұрату жіберуі керек. ДСН-кодын Карточка Ұстаушы өз бетінше банкомат арқылы белгілейді.

    1. Маңызды! ДСН-коды Банк қызметкерлеріне белгісіз, Карточканы ұстаушы оны карточка пайдаланылатын уақыт бойы құпия ақпарат ретінде құпияда сақтауға тиіс.

    2. ДСН-кодының құпиялығын қамтамасыз ету үшін мына ережелерді сақтау қажет:

- егер Карточканы ұстаушы ДСН-кодын бір жерге жазып қоятын болса, бұл жазбаны карточкадан бөлек сақтау керек;

- электрондық құрылғының пернетақтасында ДСН-кодын тергенде сандар үйлесімін басқа біреудің көруіне мүмкіндік бермеу қажет.



    1. ДСН-кодын тергенде электронды құрылғылар дисплейіндегі сандар әдейілеп көрсетілместен, шартты белгімен алмастырылады. ДСН-кодын тергенде қате жібермеуге тырысқан жөн. ДСН-коды қатарынан алты рет қате терілген жағдайда (кез келген уақыт аралығында, бір немесе әртүрлі электрондық құрылғыны пайдалану арқылы) кодты теру әрекетінің лимиті аяқталады және одан әрі карточкамен операция жүргізу мүмкін болмайды.

    2. Авторизацияның автоматтандырылған режимінде жүргізілетін және ДСН-кодын теру арқылы расталатын карточкалық операцияларды Банк карточка ұстаушы жасаған операция деп санайды.

    3. Егер Карточка ұстаушы өзінің ДСН-кодын ұмытып қалса, карточканы Банкке өткізуге тиіс, өйткені бұл жағдайда авторизацияның автоматтандырылған режимінде карточкалық операция жүргізу мүмкін емес.




  1. Карточканы пайдалану

    1. Банк Карточкаға қызмет көрсетуді, өзінің тікелей бақылауындағы электрондық құрылғылар жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және Банкке қатысы жоқ себептермен қызмет көрсетуі тоқтаған жағдайда, оны қалпына келтіру үшін мүмкін болатын іс-шараның барлығын қолданады.

5.2. Кәсіпкерлердің барлығы Карточка ұстаушыларды карточка бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін Төлем карточкалары жүйесінің логотипі бар көрсеткішпен қамтамасыз етіледі. Карточкалық операцияны жүргізу барысында Карточка ұстаушы төлемді іске асыру процесін көзден таса қылмауға тиіс.

5.3. Карточкалық операцияларды жүргізу үшін Карточка ұстаушы қызмет көрсету орнындағы (Кәсіпкердің немесе Банктің) кассирге карточканы ұсынады немесе әрекеттерін өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысынан жүргізеді (Виртуалды карточкадан басқа).

5.4. Кассир Карточканы қабылдап, электронды терминалдың көмегімен Карточкалық операцияны авторизациялайды. Кассир карточканы терминалдың есептеуіш құрылғысына салады, пернетақтада операция сомасын тереді және Карточка ұстаушыға арнайы пернетақтадан ДСН-кодын теру арқылы операацияны растауды ұсынады. Байланыссыз карточканы пайдалану арқылы төлем жүргізілген жағдайда Карточканы терминалдың есептеуіш құрылғысына салудың қажеті жоқ, байланыссыз есептегішпен жабдықталған терминалға қысқа мерзімді жанасу арқылы операция жүргізіледі. Сұрату Банкке байланыс арналары арқылы түседі. ДСН-коды дұрыс терілген және Карточкалар базасындағы ағымдағы шотта ақша жеткілікті болған жағдайда операцияның жасалғанын растайтын екі данада чек басылып шығады. Кассир чектің бір данасын Карточка ұстаушыға береді. Карточка ұстаушы чекте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Қабылданған технологияға сәйкес қағазға басып шығарылған чекке Карточканы ұстаушының және кассирдің қолы қойылады.

5.5. Кассир карточканы ұсынушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Құжат жоқ болған жағдайда кассир карточканы ұсынушыға карточкалық операцияны жүргізуден бас тартуға құқылы.

5.6. ДСН-кодының дұрыс терілуі және/немесе Карточка ұстаушының слиптер мен чектерге қол қоюы Карточка ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан карточкалық операция сомасын есептен шығару үшін берген тапсырмасы болып табылады.

5.7. Осы Ереженің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес, жағдай анықталғанша кассир Карточканы ұстап қалуға құқылы.

5.8. Интернет желісінде немесе почталық телефондық тапсырыстар бойынша Карточканы пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу Кәсіпкерде қолданылатын тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Кәсіпкер мынадай ақпаратты: Карточканың нөмірін, Ұстаушының тегін, аты-жөнін, СVV2-кодын немесе СVС2-кодын, 3D Secure/Secure Code (болған жағдайда қосымша көрсетіледі) сұрата алады. Карточканы ұстаушы карточкасын Интернет арқылы карточкалық операция жүргізуге қосу/ажырату мүмкіндігін пайдалануды қауіпсіз жолмен, Банкке келіп жолығып, тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына мына телефон бойынша: +7 (727) 2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
қоңырау шалу арқылы іске асыра алады.

5.9. Виртуалды карточкада ақша сақтамаған жөн, себебі Интернет желісі арқылы төлемдер жүргізуге қол жеткізу үнемі ашық болады. Виртуалды карточканы пайдалана отырып операция жүргізу үшін аталған карточканы жоспарланған операция сомасымен толықтыру қажет.




  1. Қолма-қол ақша алу үшін карточканы пайдалану

    1. Карточканы пайдалана отырып, қолма-қол ақша алу Төлем карточкалары жүйесінің мүшесі болып табылатын банктердің қолма-қол ақша беретін орындарында немесе банкоматтарда жүргізіледі.

    2. Әдетте, Карточка бойынша қолма-қол ақша сол елдің валютасымен беріледі. Бір қатар елдерде карточкамен қолма-қол ақша берудің жиілігі мен ең жоғары мөлшердегі сомасы заңнамамен шектелуі мүмкін.

    3. Төлем карточкалары жүйесінің ережелері бойынша карточкамен қолма-қол ақша беретін орынның Карточка ұстаушыдан қосымша сыйақы (Банк тарифтеріне жатпайтын) ұстауға құқығы жоқ. Сыйақының мұндай түрі үшін Банк жауап бермейді.

    4. Банктердің - төлем жүйесінің мүшелерінің қолма-қол ақша беру орындарында Карточка пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу дауыстық немесе автоматтандырылған авторизация режімінде жүргізіледі. Карточкалық операцияны жүргізу амалдары жоғарыда сипатталған (осы Ереженің 5-бөлімі). Авторизация алынған жағдайда кассир слипті немесе чекті ресімдейді және Карточка ұстаушының сұратқан қолма-қол ақшасын береді.

    5. Банкоматтың көмегімен қолма-қол ақша алуды Карточка ұстаушы өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде жүргізеді.

    6. Карточкалық операция аяқталғаннан кейін және Банкоматтан банкноттар алынған соң чек басылып шығарылады. Карточка ұстаушыға қатысты ақпараттың құпиялылығын ескере отырып, алынған чекті ешқашан Банкомат қасында қалдырмай, өзімен бірге алып кеткен жөн.

    7. Қолданыстағы карточка бойынша жүргізілетін карточкалық операция ДСН-коды дұрыс терілген жағдайда мына себептерге байланысты орындалмауы мүмкін:

- сұралатын ақша сомасын банкомат кассетадағы банкноттармен бере алмауы мүмкін. Сондықтан аталған банкоматтың нұсқаулығында көрсетілген ең төменгі банкнот номиналының еселенген сомасын сұрату қажет;

- сұратылатын сома банкоматтың қолма-қол ақша беретін құрылғысының көлеміне сәйкес бір рет берілетін ақша лимитінен асып кететін болса, сұратылған ақша сомасын бөлшектеп, операцияны бірнеше рет қайталау қажет;

- Карточка ұстаушының қол жеткізе алатын сомасынан асып кетсе (егер Тарифтерде мұндай көзделсе, Банктің келешектегі сыйақысын есепке алып). Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығы басып шығарылатын функция арқылы көлемін анықтауға болатын азырақ соманы сұратуға болады;

- Қазақстан банктерінің Банкоматтары арқылы бір тәулік ішінде қолға берілуі мүмкін ақша сомасының ең жоғары мөлшері 500 000 (бес жүз мың) теңгені немесе компаниялардың – Банктің корпоративтік клиенттерінің қызметкерлерінің карточка ұстаушылары үшін белгіленген лимит сомаларын қоспағанда, басқа валютадағы осыған балама соманы құрайды. - Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары елдердегі банктердің банкоматтары арқылы алуға болатын қолма-қол ақша 185 000 (бір жүз сексен бес мың) теңгені немесе басқа валютадағы осыған балама соманы құрайды. Бұл ретте банктер өз Банкоматтары арқылы Банкте белгілеген сомадан кем қолма-қол ақша беру бойынша өз шектеулерін белгілеуі мүмкін.

Бір тәуліктің ішінде банкомат арқылы берілетін қолма-қол ақшаға қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және «Интернет-банкинг» жүйесімен тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727)2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.

6.8. Банкоматпен жұмыс істегенде егер қайтарылатын карточканы немесе берілетін банкноттарды карточка ұстаушы 20 секунд ішінде алып алмаса, банкоматтағы қорғау жүйесі іске қосылатындығын және Карточка ұстаушының ақшасын сақтап қалу мақсатында Банкомат карточканы немесе банкноттарды кейін тартып алып, арнаулы қондырғыда ұстап қалатындығын есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда карточканы ұстаушыға оның карточкасын қайтаруды осы банкоматқа қызмет көрсетуші жергілікті банк іске асырады, бірақ бұл карточканы ұстап қалу себептері анықталғаннан кейін және Эмитентпен кеңескен соң ғана мүмкін болады, ал авторизация жүргізу фактісі бойынша Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан есептен шығарылған карточкалық операцияның сомасын (немесе оның алынбаған бөлігін) қалпына келтіру тек Банкоматқа қайталап инкассация жасалғаннан кейін және Карточка ұстаушы ала алмаған қолма-қол ақшаның сомасы анықталған соң ғана жүргізілуі мүмкін. Аталған банкоматқа қызмет көрсетуші жергілікті банкпен келіссөзде қолдау көрсету үшін Карточка ұстаушы Банктен көмек сұрай алады.

6.9. ДСН-коды дұрыс терілмеген немесе сұралатын сома Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығынан асып кеткен жағдайда банкомат дисплейінде тиісті хабарлама көрінеді және операцияны жүргізуден бас тартылады.

6.10. Банкоматтың карточканы немесе қолма-қол ақшаны ұстап қалу себебін Банк карточка ұстаушы шағымданған күннен кейін 5 (бес) Банктік күннің ішінде ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша анықтайды.

6.11. Төлем карточкалары арқылы рұқсат етілмеген (алаяқтық) операциялар жүргізудің алдын алу мақсатында Банкте Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы аумағынан тыс жерлерде төлем карточкасымен жүргізілетін операциялардың (транзакциялардың) барлық түріне жүйелік шектеу қойылған. Бұл қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және «Интернет-банкинг» жүйесімен тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727) 2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.

Бұл ретте шетелде карточкалық операцияларға (транзакцияларға) қойылған шектеулердің әрекеті мынадай карточкалық операцияларға (транзакцияларға) таралмайды:



  1. шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және карточканы ұстаушы ДСН-кодын терген кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу;

  2. шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және РОS-терминалдың чегіне клиент қол қойған кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу (бұл ретте операцияны жүргізу кезінде ДСН-кодын теру қажет емес).




  1. Кәсіпкердің тауарлары мен қызметіне ақы төлеу үшін

карточканы пайдалану

7.1. Төлем карточкалары жүйесінің ережелері бойынша Кәсіпкер карточканы төлемге қабылдағанда тауарлар мен қызмет құнын қолма-қол есеп айырысу кезіндегі бағадан асырмауға тиіс. Мұндай жәйттер орын алған жағдайда Карточка ұстаушы Банкті хабардар етуге тиіс.

7.2. Карточкалық операция Дауыстық немесе автоматтандырылған авторизация режимінде жүргізілуі мүмкін. Карточкалық операцияны жүргізу амалдары жоғарыда (осы Ереженің 5-бөлімінде) сипатталған. Авторизация алынған жағдайда кассир слипті немесе чекті ресімдейді және Карточка ұстаушымен есеп айырысуды аяқтайды.

7.3. Карточка ұстаушы құны карточкамен төленіп сатып алынған затты қайтаруға немесе ақысы карточкамен алдын ала төленген қызмет түрінен бас тартуға (мәселен, сатып алынған авиабилетін кері өткізуге) құқылы. Бұл үшін Карточка ұстаушының талап етуі негізінде және қызмет көрсетуші Кәсіпорынның келісімі бойынша кассир «сатып алынған затты қайтару» операциясын жүзеге асырады. Сатып алынған заттың құнын қолма-қол ақшамен қайтару қарастырылмаған.

7.4. Сатып алынған затты қайтару Авторизация жүргізілгенге дейін немесе одан кейін іске асырылуы мүмкін:

- бірінші жағдайда операцияны ресімдеуді доғару арқылы тікелей Кәсіпкердің өзінде тоқтатылады. Карточка ұстаушы карточка бедері түсірілген слиптің жойылуын қадағалауға тиіс, тіпті слипке оның қолы қойылмаған жағдайдың өзінде;

- екінші жағдайда Карточка ұстаушы қайтару операциясын жүргізуді талап етеді, өйткені Авторизациядан кейін операция сомасы карточка ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотынан алынып қойылады. Қайтару операциясын жүргізу үшін кассир Карточка ұстаушы мен кассирдің қолы қойылатын арнайы қайтарым (кредиттік) слипін («reversal slip») ресімдейді немесе электрондық терминалдың чек басып шығаратын арнайы функциясын («reversal») іске қосады. Бұл ретте Карточканы ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы карточкалық операцияның сомасы Банк Төлем карточкалары жүйесінен карточкалар бойынша қайтару операциясын жүргізгендігі туралы мәліметті алғаннан кейін келесі банк күні қалпына келтіріледі. Аталған жағдай карточка бойынша қол жетімді соманың есебі шығарылғанда ескерілуге тиіс.

7.5. Кәсіпкердің тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін жүргізген операция сомасы Карточка ұстаушының карточка базасындағы ағымдағы шотында орналасқан ақша сомасымен шектеледі.

7.6. Карточка бойынша Бонус клубынан сауда жасалғанда және /немесе қызмет үшін ақы төленгенде Карточка ұстаушының бонустық шотына бонустар есептелуі мүмкін.

7.7. Карточка ұстаушының Бонустық шотына бонус есептеуді Бонустық клуб Сатып алушылардың қатысу ережесіне сәйкес жүргізеді.

7.8. Карточканы ұстаушы Бонустар сомасынан тауарлар және /немесе қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлеуді аталған бонусты есептеген Бонус клубының өзінде ғана жүргізуге құқылы.

7.9. Карточканы ұстаушы мен Бонус клубының ара-қатынасына және/немесе өзара есеп айырысуларына Банк араласпайды.

7.10. Карточка ұстаушы мен Бонус клубы арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер бойынша Банк жауап бермейді.

7.11. Төлем карточкалары арқылы рұқсат етілмеген (алаяқтық) операциялар жүргізудің алдын алу мақсатында Банкте Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде төлем карточкасымен жүргізілетін операциялардың (транзакциялардың) барлық түріне жүйелік шектеу қойылған. Бұл қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және «Интернет-банкинг» жүйесімен тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727) 2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.

Бұл ретте шетелде карточкалық операцияларға (транзакцияларға) қойылған шектеулердің әрекеті мынадай карточкалық операцияларға (транзакцияларға) таралмайды:


  1. шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және карточканы ұстаушы ДСН-кодын терген кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу;

  2. шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және РОS-терминалдың чегіне клиент қол қойған кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу (бұл ретте операцияны жүргізу кезінде ДСН-кодын теру қажет емес).

7.12. Байланыссыз төлем карточкасын пайдалану арқылы жүргізілетін операцияны ДСН-кодын қолданумен, сондай-ақ қолданбай жүргізуге болады. ДСН-кодын қолданусыз төлем жүргізілген кезде операцияның ең жоғарғы сомасы 4000 (төрт мың) теңгеден аспауға тиіс.

Байланыссыз төлем карточкасы жоғалған жағдайда Карточка ұстаушы карточканы оқшаулау қажеттігі туралы Банкті дереу хабардар етуге тиіс. Карточканы оқшаулау туралы Банкті уақтылы хабардар етпеген жағдайда Банк Карточка жоғалғаннан кейін жүргізілген рұқсат етілмеген төлемдер үшін жауап бермейді.


8. Карточканы өзіне өзі қызмет көрсету режиміндегі

қызметтер үшін пайдалану

8.1. Қызметтерді пайдалану Карточка бойынша автоматтандырылған операциялар жүргізуге арналған Банкомат, Киоск, Cash-Іn, «Мобильдік банкинг» жүйесі, «Интернет-банкинг» жүйесі және басқа да электрондық-механикалық құрылғылардың көмегімен Карточка ұстаушының сұратуы бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режімінде жүргізіледі.

8.2. Карточкалық операция аяқталғаннан кейін Банктің қызметтер алуға арналған сұратуды қабылдағаны болып табылатын чек басып шығарылады (мобильдік байланыс операторының SMS-хабарламасы жіберіледі).

8.3. Карточкалық операцияны өзіне өзі қызмет көрсету режімінде жүргізу кезінде Банктің Клиенттен алған сұратуы Банктің Карточка ұстаушының қолы қойылып расталған, қағаз жүзінде алған құжатқа заңды баламалы құжаты болып саналады.

8.4. Қолданыстағы карточка бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режімінде қызметтер алу ДСН-коды дұрыс терілген жағдайда мына себептерге байланысты:

- Карточкалық операцияны жүргізу ҚР заңнамасына қайшы келетін болса;

- осы Ереженің 6.7. тармағында қарастырылған себептер бойынша орындалмауы мүмкін.

8.5. Карточкалық операция қате жүргізілген жағдайда Карточканы ұстаушы Банкке барып жолығуы қажет немесе осы Ереженің 9.5. тармағында көрсетілген телефондар арқылы Банкпен хабарласуы керек.

8.6. Банкомат, Киоск, Cash-Іn бір-бірінің функцияларымен толықтырылуы мүмкін, сондай-ақ төменде аталған операциялардың барлығын немесе кейбіреуін:

- Карточка бойынша қолма-қол ақша беруді;

- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот жөнінде ақпарат беруді;

- банк шоттары бойынша ақпарат беруді;

- қолма-қол ақша қабылдауды;

- қолма-қол ақшасыз төлемдер жасауды;

- Банктің басқа қызметтерін пайдалануды орындауы мүмкін.
9. Карточканы оқшаулау

9.1. Alert және скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, Карточканы ұстаушының рұқсаты берілмеген операция жүргізу қаупі туындағанда Банк өзінің карточканы уақытша оқшаулау құқығын сақтап қалады. Карточканы уақытша оқшаулаудың негіздемесін Банк Alert және Скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, өз қарастыруымен анықтайды.

9.2. Карточкалық операциялардың қандайының болсын заңдылық дәрежесін (Карточканы ұстаушының оған қатысуын немесе қатыспауын) анықтау үшін Карточка ұстаушы Банкпен жедел байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

9.3. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу Банкке (Банктің Байланыс орталығына немесе Банктің жергілікті жердегі кез келген филиалына) хабарласып, ауызша немесе жазбаша түрде карточканы оқшаулауды талап ету қажет (бұдан әрі – «Талап»), ал Банкпен байланысу мүмкін болмаған жағдайда – Төлем карточкалары жүйесінің мүшесі болып табылатын кез келген жергілікті банкке баруға болады.



    1. Талапта карточка ұстаушының тегі, аты-жөні, сонымен қатар, мүмкіндігінше, қосымша ақпарат беріледі: туған күні, айы, жылы, кодтық сөз, карточканың нөмірі мен қолданылу мерзімі және карточканы Оқшаулау себебі атап көрсетіледі. Сондай-ақ байланысу үшін қажетті мәліметтер – мекенжайы мен телефоны да берілгені жөн.

    2. Банктің Байланыс орталығының телефондары (Алматы қ.): + 7 (327) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59, Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін), жеделхат үшін почталық мекенжайы: 050009, Алматы қ., Абай даңғ., 109 «В», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

    3. Банктің Байланыс орталығы Талапты арнаулы журналда уақытын көрсете отырып тіркейді және оны Төлем карточкалары жүйесіне жібереді.

    4. Банктің Байланыс орталығы Талапты құжаттық тіркеуден өткізген сәттен бастап 6 (алты) сағаттан кейін Карточканы оқшаулау күшіне енеді.

    5. Карточка ұстаушы карточканы оқшаулаудан бұрын жүргізілген операциялар үшін жауапты болады және карточканы оқшаулау күшіне енген сәттен бастап жауапкершіліктен босатылады.

    6. Банкке ауызша түрде берілген талап Карточка ұстаушының Банк филиалы орналасқан жерге 2 (екі) банк күні ішінде берілетін жазбаша өтінішімен расталады. Карточка ұстаушы шет елде болғандықтан немесе басқа себеппен тиісті мерзімде Банкке келе алмайтын болса, үш сағаттан кейін Авторизация орталығымен телефон арқылы қайта хабарласуға тиіс, одан әрі шетелден қайтып келгеннен кейін немесе Банкке жолығудың қандай да бір мүмкіндігі тусымен бірден Талапты растайтын жазбаша өтініш тапсырады.

    7. Банктің Байланыс орталығына телефон шалу арқылы жасалған өтініштер мүмкін болатын кез келген даулы жағдайларға талдау жасау үшін магниттік таспада тіркеледі.

    8. Талап Банк филиалына немесе Төлем карточкалары жүйесінің кез келген басқа мүшесіне берілген жағдайда аталған филиал немесе Төлем жүйесінің мүшесі карточка ұстаушының атынан Банктің байланыс орталығында Талапты тіркегеннен кейін карточканы оқшаулау күшіне енгізіледі.

    9. Талап карточка ұстаушыдан түскен болып табылады және Банк карточканы оқшаулаудың салдары үшін жасалған кінәрат талаптарын қабылдамайды.

    10. Карточка ұстаушының жазбаша өтініші негізінде карточка оқшауланған соң Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша нөмірі және ДСН-коды жаңартылған жаңа карточка шығарады.

    11. Карточка ұстаушы карточканы сақтауда салақтық танытса немесе карточка оқшауланғаннан кейін де ДСН-кодының құпиялығын сақтамаған болса, сондай-ақ Карточка ұстаушы тарапынан қасақана заңсыз әрекеттерге жол берілгендігі анықталған жағдайда Банк Карточка ұстаушыны жауапкершілікке тарту шарасының заңдық жолын белгілеу құқығын сақтап қалады.

    12. Бұрын жоғалды деп танылған карточка табылған жағдайда Карточканы ұстаушы бұл жөнінде дереу Банкті хабардар етуге және одан кейін карточканы Банкке қайтаруға тиіс.




  1. Карточканы ұстап қалу/ алып алу

10.1. Кәсіпкер карточканы ұстап қалуды/ алып алуды мына жағдайларда:

- Карточка оқшауланғанда;

- Карточканы ұсынушы оның ұстаушысы болып табылмаса;

- Карточканың жалғандық белгілері айқын білінетін жағдайда;

- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Карточканы ұстаушының кәсіпкерлік қызметімен байланысты операциялар іске асырылатын болса;

- Карточка ұстаушы операцияны жүргізгеннен кейін карточканы Кәсіпкерде ұмытып кеткен жағдайда жүргізеді.

10.2. Карточканы ұстап қалуды /алып қоюды Банкомат, Кәсіпкердің кассирі немесе Банктің қауіпсіздік қызметі іске асырады. Карточканы ұстап қалғанда/алып қойғанда (банкомат ұстап қалған жағдайды қоспағанда) тиісті акт жасалады.

10.3. Карточканы ұстап қалу /алып қою себептерін Банк карточка ұстаушы Банкке немесе Төлем жүйесіне кіретін жергілікті банкке, ауызша (телефонмен) немесе жазбаша шағымданған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей анықтайды.



    1. Ұсталған карточкаға қатысты жергілікті банк немесе Банктің өзі (ұстап қалған /алынып қойған карточка Банкке жеткізілген жағдайда) тиісті шешім қабылдағаннан кейін Банк оны тікелей Карточка ұстаушыға жазбаша өтініші негізінде қайтарады.




  1. Карточканың қолданылу мерзімі, Карточканы пайдалануды кідірту және тоқтату

11.1. Карточкада оның қолданылу мерзімі аяқталатын мерзім (жыл, ай) көрсетіледі. Карточка ондағы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды болады.

11.2. Банк мерзімі өткен карточкаға оқшаулау жасауға құқылы, одан әрі Банк оқшаулаудан кейін 10 (он) күннің ішінде даулы жағдай реттелгенше карточка ұстаушыны хабардар етеді.

11.3. Карточканы ұстаушы карточканы пайдаланудан бас тартқан жағдайда Банкке тиісті өтініш жазып, карточканы өткізуге тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет