Карточканы ауыстыру
12.1. Карточканы ауыстыру және бұл үшін карточка ұстаушының тарифтерге сәйкес сыйақы төлеуі мына жағдайларда:
- карточка жоғалған/ ұрланған жағдайда;
- ДСН-коды жария етілген жағдайда;
- карточка ұстаушы ДСН-кодын ұмытып қалғанда;
- карточка бүлінгенде және одан әрі оны пайдалану мүмкін болмағанда;
- Карточка ұстаушы өзінің тегін /атын өзгерткенде;
- карточканың магнит жолағы тозғандықтан немесе оған сызат түскендіктен Банкомат/ POS-терминал ондағы ақпаратты оқи алмайтын жағдайда.
-
Мына жағдайларда карточка тегін ауыстырылады:
- Карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
- ДСН-коды айқын басылмағанда;
- Карточка ұстаушының өтінішінде көрсетілген аты-жөні, тегі карточкадағы аты-жөні мен тегіне сәйкес келмегенде;
-Ккарточка бойынша алғашқы операция жүргізілгенде Банкомат немесе POS-терминал карточканың магнит жолағындағы ақпаратты оқи алмаған жағдайда;
- Карточка Банктің өз бастамасымен ауыстырылғанда жүргізіледі.
-
Жоғалған/ұрланған ISIC кобрендинг карточкасының орнына жаңа карточка бұрынғы ISIC нөмірімен және қолданылу мерзімін сақтай отырып шығарылады.
-
Қолданылу мерзімі аяқталған ISIC кобрендинг карточкасы ауыстырылғанда жаңа ISIC нөмірі беріледі және тарифтерге сәйкес карточкаға қызмет көрсетудің келесі/кейінгі кезеңдері үшін, сондай-ақ Тарифтерге сәйкес карточканы шығарған ISIC қауымдастығына тиесілі сыйақы төленеді.
-
Карточканы ауыстыруды Банк Карточка ұстаушының берген жазбаша өтініші негізінде/Банктің Байланыс орталығына мына телефондар арқылы: +7 (727) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) ауызша өтініш білдірген жағдайда жүргізеді.
-
Дауларды реттеу
13.1. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақшаның жұмсалуына есеп жүргізу және мүмкін болатын дауларды реттестіру үшін Карточканы ұстаушы слиптер мен чектерді сақтап отырғаны жөн.
13.2. Банк Карточка ұстаушыға Ай сайынғы үзінді беруді, қосымша үзінді беруді, сондай-ақ өзге құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан ақша алудың дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелерін беруді ҚР заңнамасында, Банктің ішкі ережелерінде белгіленген тәртіп пен мерзімде, Тарифтерді есепке алғанда, сұрату бойынша жүзеге асырады.
13.3. Барлық даулы мәселелер бойынша Карточка ұстаушы Банкке жазбаша сұрату жасайды, кінәрат талабы қабылданған жағдайда Банк Төлем карточкалары жүйесінің алдында Карточка ұстаушының атынан оның мүддесін білдіре алады. Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес даулы карточкалық операцияны қарастырудың ескіру мерзімі операция жасалған күннен бастап 45 (қырық бес) күн деп белгіленген. Транзакцияның санкциясыздығын негізді деп кінәраттың анықталған жағдайда, Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы карточкалық операция сомасының орнын толтырып береді. Негізсіз қойылған кінәрат талаптары үшін (транзакцияның санкциясыздығын дәлелдеу мүмкін болмағанда) Төлем карточкалары жүйесі айып санкцияларын белгілейді, ол даулы Карточкалық операция сомасынан асып кетуі мүмкін. Банк Төлем карточкаларының жүйесі белгілеген айыппұл мен негізсіз кінәрат талабының сомасын Карточка ұстаушының келісімінсіз (сөзсіз және даусыз тәртіппен) Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан тікелей дебеттеу жолымен алып алуға құқылы. Банк Карточка ұстаушының жазбаша өтінішін қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Карточка ұстаушыға алдын ала жүргізілген тергеулердің нәтижесі мен түпкілікті тергеулердің мерзімдері туралы хабарлайды. Тергеу аяқталған соң, Карточка ұстаушыға ақшаны өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда Банк клиенттің ағымдағы шотына бес банктік күн ішінде өтейді.
14. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану
14.1. «Телебанкинг» жүйесінің мүмкіндіктері:
1) Карточканы ұстаушыға мынадай анықтамалық ақпарат алуға мүмкіндік береді:
- валюталар бағамы туралы;
- «Халық» қаржылық тобының банктік өнімдері мен қызметтері туралы;
2) Карточканы ұстаушыға шоттары туралы мәлімет алып отыруға мүмкіндік береді:
- шоттарының (ағымдағы шоты, карточкалар базасындағы ағымдағы шоты, жинақ шоты, несиелік шоты) жай-күйі туралы;
- ағымдағы шоты /карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша соңғы 5 (бес) операцияның тарихы туралы;
3) Карточканы ұстаушыға төлем карточкасын оқшаулауға мүмкіндік береді;
4) Карточканы ұстаушыға шот бойынша үзіндіні электрондық почтаға жөнелтуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Осы тармақта көрсетілген «Телебанкинг» жүйесі бойынша операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және жүйені дамыту барысында толықтырылып отырады. «Телебанкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама Банктің web-сайтының беттерінде тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
14.2. Банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында «Телебанкинг» жүйесіндегі шоттар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі Клиенттің енгізетін сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) негізінде Клиентке «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру жасалғаннан кейін ғана беріледі.
14.3. Клиентке «Телебанкинг» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді Банк тәулік бойы жүргізеді.
14.4. Клиенттің карточканы оқшаулау туралы, сондай-ақ шоттар туралы ақпарат алу жөніндегі телефонмен немесе басқа да байланыс арналары арқылы қабылданған нұсқаулары, егер паролі дұрыс көрсетілген болса, Клиенттің қағаздық нұсқада берілген және қолы қойылып расталған жазбаша нұсқауына теңестіріледі.
15. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану
15.1. Клиент жүйеде өз бетімен тіркелу арқылы «Интернет-банкинг» жүйесінде банктік операцияларды жасауға қолжетімділік алады.
15.3. Клиенттерді тіркеу және «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін ұсыну:
- Интернет желісіндегі қорғаулы арна арқылы Банктің https://www.myhalyk.kz web-сайтында қашықтықтан. Клиентке өзінің жеке компьютерінен көрсетілген Банктің web-сайтына кіріп, осы web-сайтта орналастырылған Клиентті тіркеу нұсқаулығына сай тіркеу рәсімдерінен өту керек.
- банкомат арқылы жүргізіледі.
15.4. Жүргізілген тіркелу рәсімінің нәтижесінде Клиент өзінің «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру бойынша жеке көрсеткіштерін (логин, пароль) есінде сақтауға және ешкімге жария етпеуге тиіс. Одан әрі клиенттің жүйеге кіруі логин мен парольді енгізу арқылы іске асырылады.
15.5. «Интернет-банкинг» жүйесі Клиентке тәулік бойы қолжетімді, жүйе арқылы ұсынылатын қызметтердің тізбесі мынадай:
1) банктік-ақпараттық қызметтер:
- Банкте ашылған Клиенттің шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы ақпаратты беру;
- Банкте ашылған барлық шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы ақпаратты беру, сондай-ақ шоттар бойынша үзінділерді алу, соның ішінде белгілі күнгі несиелік берешектің жай-күйі туралы ақпаратты алу;
- жүйеде жүргізілген төлемдер мен аударымдардың тарихын қарап көру;
- келешекте бір типті аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін үлгілерін жасау, редакциялау және жою;
- карточканы уақытша оқшаулау/оқшаулаудан алу;
- жүйеге кіру үшін парольді өзгерту;
2) транзакциялық банктік қызметтер:
а) өз карточкаларыңнан мынадай:
- коммуналдық;
- бюджеттік (салық төлемі, алымдар, баж салықтары, айыппұлдар);
- телекоммуникация байланысының қызметтері үшін;
- қаржылық қызметтер үшін;
- сақтандыру үшін;
- білім алу қызметтері үшін;
- өзге (тауарлар мен қызметтер) төлемдерді жүргізу;
b) Банкке алдағы күні төлемдерді апта сайынғы/ай сайынғы жүргізетін туралы тапсырмаларды (нұқсауларды) (ұзақ нұсқауларды) жасау, өзгерту немесе үнемі қолданыстағы тасырмаларды бодырмау;
c) Банктің бағдарламалық жасақтамаларына олардың қолжетімділік режіміне қарай мынадай:
- өз шоттары мен карточкалары арасындағы;
- өз карточкасынан Банкте ашылған кез келген карточкаға;
- өзінің Visa карточкасынан кез келген Visa карточкасына және MasterCard карточкасынан MasterCard карточкасына аударымдарды жүргізу;
d) ағымдағы шоты арқылы өзінің жинақтаушы шотын толтыру;
e) Банкте ашылған шоттарының арасында аударым жасағанда Банктің төлем жүйелерінде опреация жүргізілетін сәтке белгіленген қолма-қол валюта сатып алу/сату бағамына қарай шетел валютасын сатып алу және сату;
f) қолданыстағы карточкалық шотқа карочаны бермей-ақ виртуалды карточканың шығарылуына өтінім ресімдеу;
g) шетелде карточкалық опреациялардың жүргізілуіне шектеулерді және банокматтан қолма-қол ақшаны шешуге шектеулерді алып тастау/орнату.
Жүргізілетін операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және «Интернет-банкинг» жүйесін дамыту барысында толықтырылып отырады.
15.6. «Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама жасау Банк web-сайтының беттерінде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
15.7. Операцияларды жүргізу Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
15.8. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесіндегі операциялары Клиенттің өзі жүргізген операциялар болып есептеледі және Клиенттен алынған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Клиент Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттардың мазмұны мен деректемелердің дұрыс енгізілуі үшін толығымен жауапкершілік арқалайды. Даулы жағдайлар туындайтын болса, Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізген операциясы оның аударым жасауға келісімінің растамасы болып табылады.
15.9. «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы қызмет көрсету кезінде Банк пен Клиент арасында ақпарат алмасу клиентті серпінді сәйкестендіру жүргізу арқылы, яғни Клиентті аутентификациялау және оның бір мәртелік парольді (бір уақыттағы код) пайдалана отырып, электрондық банктік қызмет алу құқығын растау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.
15.10. Бір мәртелік парольдер клиентке «Мобильдік банкинг» қызметін ұсыну шеңберінде мобильдік байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламасы түрінде беріледі.
-
Қозғалыссыз шоттарға қызмет көрсету шарттары
-
Клиент немесе Ағымдағы шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк соңғы шығыс операциясы жүргізілген күннен бастап он екі ай ішінде шығыс операцияларын жүргізбеген болса, Банк шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесін береді.
-
Present карточкалары, Кредиттік карточкалар және Виртуалды Карточкалар үшін ашылған Шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесі берілмейді.
-
Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және келесі айдан бастап және Шотта ақша қалдығы бар болған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Шоттан тікелей дебеттеу жолымен жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Шартпен белгіленген берешек сомасын дебеттеу жолымен жүргізуге құқылы және бұл туралы Клиент өзінің сөзсіз келісімін береді.
-
Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілген жағдайда және осы Шотқа ашылған соңғы карточка жабылған жағдайда қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасы есептен шығарылады.
-
Қозғалыссыз шот мәртебесі бар Ағымдағы шотқа ақша түскен жағдайда қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиялық сыйақысының есептелуі және есептен шығарылуы 12 ай мерзімге тоқтатылады, бұл ретте Шоттың мәртебесі өзгермейді. Қозғалыссыз шот мәртебесі бар шотқа ақша түскеннен кейін 12 ай бойы Шоттан кіріс/шығыс операциялары жүргізілмеген жағдайда Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеуді және есептен шығаруды қайта бастайды.
-
Карточкалық базадағы Ағымдағы шот бойынша қозғалыссыз шот мәртебесін жою Клиенттің ДСН-кодын қолдана отырып опреацияларды жүргізуі арқылы немесе Банк Клиентті аутентификациядан өткізгеннен кейін автоматты түрде іске асырылады.
-
Жүргізілген шығыс операцияларының тізімі Карточкалық базадағы Ағымдағы шотқа қозғалыссыз шот мәртебесін бермейді немесе берілген мәртебесі алынып тасталады.
Операция коды
|
Операциялардың атауы
|
FS
|
«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы баланс сұрату
|
CA
|
Картадан картаға ақша аудару (жіберуші)
|
LL
|
ДСН-кодының есептеуішін нөлге айналдыру
|
CR
|
Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа кредит лимитін белгілеу
|
FO
|
«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы үзінді алу
|
I5
|
Бейілділік үшін сатып алу
|
LA
|
Банк желісінен баланс алу
|
BV
|
Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі басқа банктердің желілерінің көмегімен баланс алу
|
BH
|
«Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «НУРБАНК» АҚ, «ТемiрБанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «DeltaBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ВТБ» (Казахстан) АҚ ЕҰ, «Bank RBK» АҚ желілерінде баланс алу
|
B0
|
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы үзінді алу
|
A1
|
Карточка бойынша қолма-қол ақшаны банкоматтардың көмегімен беру
|
L7
|
Карт-шот, жинақ/ағымдағы шот бойынша шағын үзінділер алу (соңғы 120 күнтізбелік күн ішіндегі соңғы 10 операция)
|
PF
|
«Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ жеке зейнетақылық шоттардың үзінді алу (соңғы 120 күнтізбелік күнгі 10 операция үшін)
|
B1
|
«Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ жеке зейнетақылық шоттардынан жыл сайынғы үзіндіні алу
|
I5
|
Сауда/сервис кәсіпорындарында банкоматтар, банк терминалдары, "Мобильдік банкинг" немесе "Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг" жүйелерінің көмегімен карточка бойынша төлемдер жасау
|
J6
|
Казинода карточка бойынша төлемдер
|
B1
|
Банк бөлімшесі арқылы карточка бойынша қолма-қол ақша беру
|
BK
|
Cash In арқылы карт-шотқа қолма-қол ақша қабылдау
|
I0
|
сауда/сервис кәсіпорындарында карточка бойынша бонустармен төлемдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |