«Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»



жүктеу 102.48 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі102.48 Kb.
«Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің

Жалпы (үлгі) шарттары
Осы «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің жалпы (үлгі) шарттары (бұдан әрі – Жалпы шарттар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен тұтынушылық несие беру туралы Клиент пен Банк арасындағы жасалған банк қарызы шартын жасасумен және орындаумен байланысты Клиент пен Банк арасындағы қарым-қатынасты реттейді.



  1. Терминдер мен анықтамалар

1.1. Осы Жалпы шарттардың, сондай-ақ Шарттың мақсаты үшін Банк пен Қарыз алушының арасында жасалған тұтынушылық несиелерін беру бағдарламалары бойынша банк қарызы шартында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ, егер мәтінде тікелей өзгеше көрсетілмесе, мынадай мағынадағы терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1.1.1. Банк – “Kaspi Bank” акционерлік қоғамы;

1.1.2. Дефолт – Қарыз алушының Шартта және/немесе Жалпы шарттарда көзделген, соның ішінде Қарыз алушыға қатысы жоқ себептер бойынша, төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы;

1.1.3. Шарт – Банктің тұтынушылық несиелерін беру бағдарламалары бойынша банк қарызын беру туралы Банк пен Клиенттің арасында жасалған банк қарызы шарты;

1.1.4. Қарыз – Банктің Шартқа сәйкес Клиентке мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттарымен берген банк қарызы;

1.1.5. Берешек – Қарыз алушының белгілі бір күнгі ақшалай міндеттемелерінің сомасы, оған Қарыз алушының төлемеген (өтемеген) Негізгі борыш, есептелген Сыйақы, Шартта және/немесе Банк тарифтерінде көзделген комиссиялар, өсімпұл және өзге де айып санкцияларының сомасы кіреді;

1.1.6. Клиент/Қарыз алушы – Шарт бойынша Қарыз алушы;

1.1.7. Негізгі борыш – Клиенттің Банктен алған, Клиенттің қайтармаған (төлемеген) ақша сомасын білдіретін, Клиенттің Берешегінің бір бөлігі;

1.1.8. Банктің тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен, оның қызметіне байланысты, Банк қызметіне ақы төлейтін күнгі қолданыстағы комиссиялар мен сыйақы мөлшерлемелері.


  1. Жалпы ережелер

    1. Шарттың Тараптары Шартқа қол қойған сәтке дейін Банк осы Жалпы шарттарда көзделген қызметті көрсетуге және міндеттемелерді көтеруге міндетті емес.

    2. Банктің жаңа Тарифтерін Банктің операциялық залында, сондай-ақ Интернет жүйесіндегі Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған жағдайда, Банк Қарыз алушыны Банк Тарифтерінің өзгерісі туралы тиісінше хабардар еткен болып саналады.

    3. Қарыз алушы Банктің жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін кез келген үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ. Бұл кезде Берешекті өтеу бойынша міндеттемені Қарыз алушы үшін үшінші тұлға орындауы мүмкін, бұл жағдайда Банк мұндай үшінші тұлғаның Қарыз алушы үшін міндеттемені орындағаны жайлы Клиентті хабардар етуге міндетті емес.

    4. Банк Шарт бойынша өзінің талап ету құқықтарын кез келген үшінші тұлғаға толық немесе ішінара беруге құқылы, бұл кезде:

2.4.1. Банк мұндай үшінші тұлғаға, сондай-ақ оның агенттері мен олардың өзге де уәкілетті өкілдеріне мұндайды беру үшін қажетті Қарыз, Берешек, Клиент туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ мұндай тұлғаларға тиісті құжаттарды беруге;

2.4.2. Банк немесе Банк оған Шарт бойынша өзінің талап ету құқығын толық немесе ішінара беретін тұлға, сондай-ақ оның агенті мен оларға уәкілетті тұлғалар Клиентке берілген талап ету құқығына қатысты төлемдерді жасау үшін шотты көрсетіп, (Банктің Шарт бойынша талап ету құқығын бергені туралы тиісті құжаттарды қоса тіркеп) Клиентке оны бергені туралы хабарлама жіберуге/табыс етуге құқылы. Бұл жағдайда Клиенттің берілген талап ету құқықтары бойынша өзінің міндеттемелерін орындауы тиісті хабарламада көрсетілген шотқа және сол тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

2.5. Клиент Банкке өзінің Сауалнамада көрсетілген деректерінің, атап айтқанда: тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының, жеке басын куәландыратын құжаттарының, СТН, ЖСН, ӘЖК, үйінің телефон нөмірінің, мобильді/ұялы телефон нөмірінің, жұмыс орнының (кіріс табу көзінің) өзгергені, шағын кәсіпкер субъектісі мәртебесін алғаны, сондай-ақ Клиенттің Қарызды қайтару және сыйақы төлеу мүмкіндігіне және/немесе Клиентті бірегейлендіруге әсер ететін кез келген жағдайлар туралы үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

2.6. Қарызды пайдаланғаны үшін Қарыз алушы Банкке Шартта көзделген мөлшерлеме бойынша Сыйақы төлейді, оның мөлшерлемесі бекітілген жәге өзгертілмеуі тиіс.

2.7. Шарттың талаптарында кепіл беру көзделген жағдайда, Клиент кепіл ретінде берілген мүлікті Шартта көзделген тәртіппен және мерзімде сақтандыруға міндеттенеді.

2.8. Банктің Кепіл саясатына сай Клиенттің Қарызды қайтару бойынша міндеттемелерін тиісінше орындалуын қамтамасыз етуі Банкпен ерекше қарым-қатынасы бар тұлға болып табылатын Клиентке Қарыз берудің қосымша шарты болып табылады.

2.9. Қарыз алушының Берешекті өтеу есебіне төлейтін сомасын Банк берешекті мына кезекпен өтеуге жібереді: 1) айып санкцияларының сомасы; 2) Шартта, Жалпы шарттарда немесе Банк тарифтерінде көзделген комиссия сомасы; 3) Сыйақы сомасы;4) Қарыз (негізгі борыш) сомасы.


  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Қарыз алушының қосымша келісімінсіз Банк Қарыз алушының Шарттың талаптарын орындамауының және/немесе тиісінше орындамауының нәтижесінде пайда болған Берешек сомасын Қарыз алушының Банкте, Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жердегі басқа банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда ашылған кез келген банк шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы, төлемдік талап-тапсырмаларды көрсету арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да тәсілдермен акцептсіз (даусыз) тәртіппен алып қоюға құқылы.

3.1.2. Қарыз тәуекелдерін азайту мақсатында, қаржы және/немесе несие нарығы; Банк операцияларын қаржыландыру көзі, қарыз ресурстарын тарту (қалыптастыру) шарттары немесе көзі өзгерген (оған қоса, бірақ шектелмей: Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және/немесе банктік, азаматтық және/немесе қаржылық қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілері қабылданған), Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің және/немесе инфляция, девальвация көрсеткіштерінің Банк үшін жағымсыз өзгерісі орын алған жағдайда, Банктің тартатын депозиттері қымбаттағанда, сондай-ақ Дефолт жағдайында, сондай-ақ кез келген басқа жағдайда, Шарттың талаптарын, оған қоса, бірақ шектелмей: Қарыз алушыны хабардар етіп, Қарызды және/немесе Сыйақыны өтеу тәртібін және айып санкцияларының мөлшерін өзгертуге құқылы. Бұл кезде Қарыз алушы жаңа шарттарды қабылдауға немесе Шарт талаптарының өзгергені туралы Банктің хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қарызды пайдаланған нақты күн санына есептелген Сыйақыны төлеп, алған Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге міндетті. Егер Қарыз алушы аталған хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қарыз алушы жаңа талаптарды қабылдаудан бас тартатыны туралы жазбаша хабарлама жібермесе және Қарызды пайдаланған нақты күн санына есептелген Сыйақыны төлеу арқылы алған Қарызды мерзімінен бұрын өтемесе, Қарыз алушы жаңа талаптарды қабылдаған болып есептеледі. Банк осы тармақта көзделген құқықтарды пайдаланған жағдайда, егер Банк өзге неғұрлым кешірек мерзімді анықтамаса, Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап отыз бірінші үнтізбелік күннен бастап күшіне енеді;

3.1.3. Дефолт жағдайында Шарт бойынша барлық міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға, сондай-ақ берешекті өндіріп алу үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға, оған қоса, бірақ шектелмей, кез келген мүлікті кепілге қоюды талап етуге, заңда анықталған тәртіппен Қарыз алушыға тиесілі кез келген мүлікті және т.б. өндіріп алуға;

3.1.4. Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге жағдайларда Қарыз алушыға тиісті жазбаша хабарламаны жіберу арқылы Несие бойынша сыйақы түріндегі кірістерді мойындауды және Несие бойынша сыйақы есептеуді біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы. Мұндай хабарламаны жіберу Қарыз алушының Несиені қайтару және сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін айып санкцияларын есептеуді тоқтатуға алып келеді;

3.1.5. Шарт бойынша Берешекті өтеудің өзге кезектілігін өздігінен бір жақты тәртіппен белгілеуге құқылы.

3.2. Қарыз алушы:

3.2.1. Шарттың талаптарын Шартта немесе Жалпы шарттарда көзделген тәртіппен біржақты өзгерткен жағдайда, Қарызды пайдаланған нақты күн санына Сыйақы төлеп, сондай-ақ төлеген күнгі жағдай бойынша Берешектің өзге де сомасын төлеп, Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге;

3.2.2. Шартта мұндай құқық көзделген жағдайда Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге/барлық Берешекті толық көлемде өтеуге құқылы.

3.3. Банк:

3.3.1. Шартта және Жалпы шарттарда айтылған сомада, мерзімде және талаптарда Қарыз беруге;

3.3.2. Банк Қарыз алушының Қарызды мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарламасы мен жазбаша келісімін уақтылы алған жағдайда, Шартта мұндай құқық көзделген жағдайда Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда Қарызды пайдаланған нақты мерзімге Сыйақыны қайта есептеуге міндеттенеді.

3.4. Қарыз алушы:

3.4.1. Берешегін уақтылы өтеуге, атап айтқанда, Банкке Қарызды қайтаруға, Банкке Қарызды пайдаланғаны үшін есептелген Сыйақыны, комиссияларды, төлемақылар мен Шартқа және Жалпы шарттарға сәйкес өзге де төлемдерді төлеуге;

3.4.2. Шартта көзделген мерзімде және мөлшерде Қарызды толық өтеуге және Сыйақы төлеуге;

3.4.3. Шарт жасауға және оған қол қоюға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қарыз алушының Шарт және/немесе Жалпы шарттар бойынша өзінің кез келген міндеттемелерін бұзуының нәтижесінде Банктің шеккен шығындарын көтеруге міндетті.
4. Міндеттемелерді тиісінше орындамаудың салдары

4.1. Банк Қарыз алушының Берешек сомасын толық көлемде есептелген Сыйақымен, Банктің тарифтерінде көзделген комиссиялармен және Шарт бойынша Қарыз алушыдан алуға тиесілі өзге сомамен бірге мерзімінен бұрын өндіріп алуға, сондай-ақ Шартта көзделген жағдайларда, сонымен қатар:

4.1.1. Дефолт басталғанда немесе оның нақты басталу қаупі болғанда;

4.1.2. Қарыз алушының Қарыз бойынша кезекті төлемін өтеуі үшін қаражаты болмағанда және оның түсуінің болашағы жоқ болғанда;

4.1.3. Қарызды ресімдеген кезде Қарыз алушының жалған мәліметтерді беру фактісі анықталғанда;

4.1.4. Банктің пікірінше, Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне және оның Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындауына кері әсер етуі мүмкін өзге жағдайларда.

4.2. Жалпы шарттардың 4.1-тармағында аатлған шарттардың кез келгені басталғанда, сондай-ақ Банк Қарыз алушыны жазбаша хабардар етіп, Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Қарыз алушы Банкке осыған байланысты Банктің шеккен барлық шығыстары мен шығындарын өтейді. Егер Банк басқа мерзімді анықтамаса, Банктен Шартты бұзу туралы хабарламаны алғаннан кейінгі келесі күні Шарт бұзылған болып саналады.

4.3. Банк Қарыз алушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап етеді.

4.4. Қарыз сомасын қайтару және/немесе Сыйақы төлеу және/немесе Берешектің өзге сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, Банк Қарыз алушыдан орындаудың мерзімін өткізген әр күн үшін мерзімі өткен Берешек сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге құқылы.

4.5. Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банк Қарыз алушыдан Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруын және Сыйақы төлеуін талап етуге, Берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға, Қарыз беруді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, Қарыз алушының Шарт бойынша Берешегін өтеу кезектілігін қалауы бойынша өзгертуге, тұрақсыздық айыбының мөлшерін өзгертуге, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға, Қарыз алушының банк шоттарынан ақшаны акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кез келген өзге шараларды қолдануға құқылы.


5. Кепілдіктер мен растамалар

5.1. Қарыз алушы Шартқа қол қою арқылы Банкті:

5.1.1. Жалпы шарттармен толық танысқанын және Жалпы шарттар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатынын және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен Тараптардың қарым-қатынасын реттейтінін растайды және Шарт пен Жалпы шарттардың барлық ережелерін мүлтіксіз сақтауға міндеттенеді;

5.1.2. Салық төлеу, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу бойынша берешегі жоқ екенін, сонымен қатар үшінші тұлғалардың алдында, соның ішінде Қарызды алуға берілген өтінішінде олардың бары туралы Банкті жазбаша түрде хабардар етпеген қарыздар бойынша берешегі жоқ екенін растайды;

5.1.3. Қарыз алуға берілген өтінішінде хабарланған барлық мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін әрі дұрыс екенін, дұрыс көрсетілмеген мәліметтермен байланысты барлық келеңсіз, соның ішінде қаржылық салдар Қарыз алушыға жүктелетінен растайды;

5.1.4. Ол туралы мәліметтерді, соның ішінде банк құпиясын несие бюросына беруге және несие бюросы Банкке ол туралы несие есебін, сондай-ақ Тараптардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты ақпаратты байланыс қызметін, сақтандыру қызметін, өзге де қызметті, оған қоса, бірақ шектелмей, Шарт бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу қызметін ұсынатын, сондай-ақ Қарыз алушыға талап ету құқығын беру үшін үшінші тұлғаларға беруге Банкке өз келісімін береді;

5.1.5. Қарыз алушының Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жердегі кез келген банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан банк шоттарына акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмаларды көрсету арқылы Қарыз алушының кез келген банк шоттарынан айып санкцияларын қоса алғанда берешек сомасын Банктің акцептсіз (даусыз) есептен шығаруына келісім береді.
6. Өзге шарттар

6.1. Шарттың талаптарын орындау барысында Тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Банктің орналасқан жері бойынша сотқа қарауға беріледі.

6.2. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қосымша келісім түрінде ресімделеді. Шартта және Жалпы шарттарда көзделген біржақты бұзу жағдайларынан басқа кезде, ол кезде Банктің жазбаша хабарламасы бойынша бұзылады, Шартты бұзу Шартты бұзу туралы келісім түрінде ресімделеді. Шартта, Жалпы шарттарда тікелей көзделген жағдайларда Банк Шарт бойынша Сыйақының мөлшерін және/немесе оны есептеу тәртібін, сондай-ақ бұған байланысты іс-әрекеттерді және өтеу мерзімін қоса алғанда Төлемдер кестесін біржақты тәртіппен өзгертеді.

6.3. Клиентпен жасасқан Шарт, осы Жалпы шарттар, сондай-ақ Банктің Клиентке жіберетін құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 152-бабына сәйкес ресімделген, атап айтқанда, Банк пен Қарыз алушының арасындағы Қарыз беруге байланысты қарым-қатынастарын реттейтін жазбаша түрде жасалған банк қарызы шарты болып табылады.

6.4. Қарыз алушы үшін Шарт аясында талап етілетін немесе жасалатын кез келген хабарлама немесе сұрату жазбаша түрде берілетін болады. Мұндай хабарламалар жеке қолына тапсырылған, пошта бойынша немесе курьерлік байланыс, факс арқылы, Қарыз алушының Шартта көрсетілген мекенжайы бойынша жіберілсе, Қарыз алушыға тиісті түрде берілген немесе жіберілген болып қаралады. Қарыз алушы Қарыз алуға берілген өтінішінде өзінің электронды мекенжайын көрсеткен жағдайда, Банктің мұндай электронды мекенжайға сұратуды немесе хабарламаны жіберуі Қарыз алушыға тиісті түрде бергені болып саналады.

6.5. Шартта, Жалпы шарттарда көзделмеген қалған барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.



6.6. Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды, оған қол қойылды және Тараптардың әрқайсысына табыс етілді. Мәтіндерінде сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басым болады.


***


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет