2. Қорғасын иондарын бөлу. Тұнбаға 10%-тік NaOH ерітіндісін қосады, араластырады және 10-15 мин су моншасында қыздырады. Осы кезде қорғасын сульфаты ерітіндіге өтеді. Тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Құрамында [Pb(OH)4]2- бар центрифугатты, СН3СООН ерітіндісімен қышқылдық реакцияға дейін қышқылдайды.
Рb2+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. 2-3 тамшы қышқылданған центрифугатқа 2-3 тамшы калий хроматын қосады. Сары түсті тұнбаның түзілуі қорғасының қатысын дәлелдейді. Егер қорғасын байқалса, NaOH ерітіндісімен сульфаттардың тұнбасын өңдеу, тұнбаның бетіндегі ерітіндіде калий хроматы ерітіндісінің қорғасын ионына оң реакция беруін тоқтатқанша қайталанады.
3. Үшінші топтың сульфаттарын карбонаттарға ауыстыру. Сілтімен өңдегеннен кейін тұнбада барий және кальций сульфаттары болуы мүмкін. Тұнбаға қаныққан натрий карбонаты ерітіндісі қосылады және араластыра отырып қыздырады. Центрифугалайды, центрифугатты бөледіде төгіп тастайды. Тұнбаны жаңа натрий карбонаты порциясымен өңдейді. Өңдеуді бірнеше рет қайталайды, сульфаттар толық карбонаттарға ауысқанша.
Натрий карбонатымен бірнеше мәрте өңдегеннен кейін тұнбаға 8-10 тамшы 2н СН3СООН қосады және араластыра отырып қыздырады. Тұнба толығымен еру керек. Егер тұнба толық ерімесе, оны бөліп алады, сіркеқышқылды центрифугатты сақтайды. Тұнбаны тағы 2-3 рет натрий карбонатымен өңдейді, өңдегеннен кейін цетрифугатты төгіп тастайды. Тұнбаны 2н СН3СООН ерітеді және бұл ерітіндіні бірінші сіркеқышқылды ерітіндісіне қосады. Ерітіндіде кальций және барий иондары болады.
4. Құрамында барий және кальций иондары бар ерітіндіге зерттеу жүргізу өзіне тән реакцияларды орындау арқылы іске асады.
3.8. Төртінші аналитикалық топтың катиондары
Төртінші топтың катиондарына жататын иондар: Al3+, Cr3+, Zn2+, As (III) және As (V). Мышьяк (ІІІ) қосылыстары арсениттер (AsO2- ионы) түрінде, ал мышьяк (V) арсенаттар (AsO43- ионы) түрінде болады. Бірақ күшті қышқылдық ортада As (III) және As (V) тұздары түзіледі. Алюминий, мырыш және хром (ІІІ) сульфаттары, хлоридтері, бромидтері және иодиттері суда жақсы ериді.
А13+ және Zn2+ иондары түссіз, Сr (III) қосылыстары жасыл немесе күлгін түсті болады.
Төртінші топтың катиондарының гидроксидтері қиын ериді және әлсіз электролиттерге жатады. Сонымен қатар амфотерлі қасиеттер көрсетеді. Бұл гидроксидтердің қасиеттері бөлшектеу анализ барысында қолданылады.
Топтық реактивіне NaOH артық мөлшері жатады. Алюминий, мырыш және хром гидроксидтері сілтінің артық мөлшерінде ериді және топтық реактивпен әсер еткенде ерітіндіге мынадай қосылыс түрінде өтеді: Na[Al(OH)4], Na2[Zn(OH)4], Na3[Cr(OH)6].
Төртінші аналитикалық топтың катиондарының гидроксидтері өте әлсіз негіз болғандықтан, бұл катиондардың тұздары сулы ерітінділерінде күшті гидролизденген. А13+, Сr3+ және Zn2+ иондары комплекс түзуге қабілетті.
Хром және мышьяк қосылыстары үшін анализ кезінде қолданылатын тотығу-тотықсыздану реакциялары бейім. Тән реакциялардың бірі Сг3+ катионның ашылуы оның сары түсті СrO42- ионына дейін тотығуы жатады.
Төртінші топтың катиондарының қосылыстары көптеген дәрілік препараттардың құрамына кіреді. Алюминий гидроксиді Аl(ОН)3 адсорбциялық қасиетке ие, сондықтан ұнтақ түрінде сыртқа және улану кезінде ішке қолданады. Оны асқазан-ішек жолы аурулар кезінде де қолданылады. Ашудастар KAl(SO4)2 қан тоқтатқыш зат ретінде және күйдіру үшін қолданады. Мырыш сульфаты ZnSO4 көз тамшылары ретінде, ал мырыш оксиді ZnO тері ауруларын емдеу үшін көптеген жақпа майлар құрамына кіреді. Мышьяк (III) және мышьяк (V) қосылыстары көптеген дәрілік препараттардың құрамына кіреді, ал мышьяк (ІІІ) оксиді тіс дәрігерлік практикасында қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |