Калий катионның (K+) реакциялары
1. Жалынның боялу реакциясы. Калийдің ұшқыш тұздары жалынды күлгін түске бояйды. Берілген реакция фармакопеялыққа жатады.
2. Шарап қышқылы Н2С4Н4О6 немесе натрий гидротартраты NaНС4Н4О6 калий ионның жеткілікті концентрациясы кезінде ерітіндіде калий гидротартыратының ақ түсті кристалды тұнбасы түзіледі.
KCl + Н2С4Н4О6 = KНС4Н4О6↓ +HCl
Тұнба минералды қышқылдарда ериді. Реакцияны бейтарап немесе әлсіз қышқыл ортада суықта жүргізеді және пробирка қабырғасын шыны таяқшамен үйкеу арқылы. Аммоний ионы анықтауға кедергі жасайды себебі ол реактивпен ақ кристалды тұнба түзеді. Реакция сезімталдығы аз және фармакопеялыққа жатады.
3. Na3[Co(NO2)6] натрий гексанитрокобальтатын (III) бейтарап немесе әлсіз қышқыл ерітіндісінен сары кристалды калий-натрий гексанитрокобальтаты (III) тұнбасы түзіледі:
Na3[Co(NO2)6] + 2KCl = K2Na[Co(NO2)6]↓ + 2NaCl
Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады. Бұл реакцияның сезгіштігі өте жоғары және калий ионы үшін неғұрлым тән реакция. Реакция фармакопеялыққа жатады.
4. Микрокристаллоскопиялық реакция –натрий, қорғасын және мыс (II) бірлескен нитриты Na2PbCu(NO2)6 калий тұздармен әрекеттесіп, өзіне тән коңыр немесе қара түсті куб тәрізді кристалдар түзеді:
2KCl + Na2PbCu(NO2)6 = K2PbCu(NO2)6 + 2NaCl
Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |