4. Петрашен реакциясы. Иод суы сілті қатысында магний иондарымен қызыл - қоңыр түсті тұнба түзеді. Иод суына сілті ерітіндісін қосқанда реакция жүреді:
I2 + 2NaOH ↔ NaI + NaIO + Н2O (1)
Егер бұл ерітіндіге магнидің тұздарын қоссақ, магний гидроксиді пайда болады:
MgCl2 + 2NaOH = Mg(OH)2 ↓ + 2NaCl (2)
Mg2+ иондары ОН¯ иондарын байланыстырып, (1) реакция тепе–теңдігі солға ығысады. Түзілген бос иод магний гидроксидімен адсорбцияланады да, тұнба қызыл–қоңыр түске айналады. Бояудың түсі магний иондарының концентрациясына байланысты.
Сондай–ақ жүретін бұл процестерді схема түрінде көрсетуге болады:
½yI2 + 2xNaOH + xMgCl2 → [Mg(OH)2]xIy + 2xNaCl
Висмут (III) катионның (Bi3+) реакциялары
1. Сілтілер КОН, NaOH висмут тұздарымен сұйылтылған қышқылдарда еритін висмут гидроксидінің ақ тұнбасын түзеді:
Bi(NO3)3 + 3КОН = Bi(OH)3↓ + 3KNO3
2. Висмут тұздарының гидролизі. Висмут тұздарының ерітінділері құрамы ауыспалы негіздік тұздардың ақ түсті аморфты тұнбаларын түзіп, жеңіл гидролизденеді:
BiCI3 + 2Н2О ↔ Bi(OH)2Cl↓ + 2HC1
Bi(OH)2Cl ↔ BiOCl + Н2O
Негіздік тұздардың түзілуі қайтымды, сондықтан BiOCl тұнбасына хлрсутек қышқылын қосқанда тұнба ериді. Висмут хлоридінің гидролиз реакциясы – висмут тұздарына аса маңызды тән реакциясының бірі болып табылады, ол үлкен талғампаздықты қажет етеді және Bi3+ ионның бөлшектік бақылауы үшін қолданылады.
3. Калий иодиді висмут (ІІІ) тұздарымен ВіІ3 қара тұнбасын түзеді:
BiCl3 + 3KI=BiI3↓ + 3KCl
Висмут (ІІІ) иодиді реактивтің артық мөлшерінде ерігіш болады және ашық-қызғылт түсті К [ВіІ4] комплексті қосылыс түзеді:
BiI3 + KI = K[BiI4]
Реакция Ві3+ иондарын ашу мақсатында қолданылады.
Алкалоидтармен (стрихнинмен, хининмен және т.б.) өзіне тән тұнбалар түзетін, комплексті тұзды К[ВіІ4] «Драгендорф реактиві» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |