3. Натрий сульфиді Na2S қышқылдық ортада арсенит-ионымен мышьяк (ІІІ) сульфидінің ашық-сары түсті тұнбасы түзіледі:
2Na3AsO3 + 3Na2S + 12НСl = As2S3↓ + 12NaCl + 6H2O
Реакция фармакопеялық болып табылады.
Мышьяк (ІІІ) сульфиді концентрацияланған азот қышқылында ериді.
3As2S3 + 28HNO3 + 4H2O = 6H3AsO4 + 9H2SO4 + 28NO↑
полисульфид аммонийде
As2S3 + 2(NH4)2S2= As2S5↓ + 2(NH4)2S
As2S5 + 3(NH4)2S = 2(NH4)3AsS4
сілтілерде
As2S3 + 6NaOH = Na3AsS3 + Na3AsO3 + 3H2O
сілтілік металдардың карбонаттарында
As2S3 + 3Na2CO3 = Na3AsO3 + Na3AsS3 + 3CO2↑
Мышьяк (V) ионның (AsO43-) реакциялары
As (V) ерітіндіде AsO43- арсенат-иондар түрінде болады. As (V) қосылыстары да улы.
1. Күміс нитраты AgNO3 арсенат-иондарымен шоколад түсті күміс арсенатының тұнбасы түзіледі:
Na3AsO4 + 3AgNO3 = Ag3AsO4↓ + 3NaNO3
AsO43- +3Ag+=Ag3AsO4↓
Тұнба азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
2. Калий иодиді KI қышқылдық ортада арсенат- және гидроарсенат-иондармен бос иодқа дейін тотығады:
2Na2HAsO4 + 4KI + 4H2SO4 = As2O3 + 2I2 + 2Na2SO4 + 2K2SO4 + 5H2O
Бұл реакцияның жылдамдығы шамалы, сондықтан ерітінді біртіндеп бөлінген иодтың салдарынан сары түске боялады. Хлороформ қосқан кезде оны қарқынды түрде сілкілеу керек, пайда болған хлороформды қабат күлгін түске боялады.
3. Натрий сульфиді Na2S тұзқышқылды ортада арсенат-иондармен сары түсті тұнба As2S5 түзеді:
2Na3AsO4 + 5Na2S + 16НСl = As2S5↓ + 16NaCl + 8H2O
Бастапқыда түзілген ақшыл-сары тұнба біртіндеп ашық-сары болады. Тұнба түсі біртекті емес екендігі байқалады, яғни ақшыл-сарыдан ашық сарыға ауысады. Реакция жүру салдарынан тұнба As2S5 құрамында аздап As2S3 болады:
2Na3AsO4 + 5Na2S + 16HCI = As2S3↓+ 2S↓ + 16NaCl + 8H2O
Мышьяк(V) сульфидінің тұнбасы натрий сульфидінің артық мөлшерінде, аммоний полисульфидінде, сілтілер және сілтілік металдардың карбонаттарында ериді, бірақ концентрацияланған НСІ ерімейді.
4. Магнезиаль қоспасы (MgCl2+NH4Cl+NH4OH) арсенат-иондармен ақ кристалды арсенат-магний-аммоний тұнбасын түзеді:
Na2HAsO4 + MgCl2 + NH4OH = MgNH4AsO4↓ + 2NaCl + H2O
Арсенит-иондармен магнезиаль қоспасы тұнба түзбейді. Бұл реакциямен мышьяк (ІІІ) қатысында мышьяк (V) иондарын ашып, оларды бөліп алуға болады. Реакция фармакопеялық болып табылады.
5. Аммоний молибдатын (NH4)2MoO4 көп артық мөлшерде арсенат ерітіндісіне қосқанда, азот қышқыл ерітіндісінде сары кристалды тұнбасы түзіледі. Реакцияны аммоний нитраты қатысында жүргізеді:
H3AsO4 + 12(NH4)2MoO4 + 21HNO3= (NH4)3[AsMo12040] ↓ + 21NH4NO3 + 12H2O
Бұл реакция бойынша жүргізуге фосфат-иондары кедергі жасайды, себебі суықта аммоний молибдатымен тұнба (NH4)3[PMo12O40] түзеді. Ал (NH4)3[AsMo12O40] тұнбаны алу кезінде реакцияны 1000С дейін қыздырып жүргізу қажет.
Бұл реакцияны микрокристаллоскопиялық түрде жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |