Темір (ІІ) катионның (Fe2+) реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер темір (ІІ) гидроксидінің ашық-жасыл түсті тұнбасын береді:
FeSO4 + 2KOH = Fe(OH)2 ↓ + K2SO4
Тұнба ауада жылдам темір (ІІІ) гидроксидіне дейін тотығады соның салдарынан түсі қоңырланады:
4Fe(OH)2 + O2 + 2Н2O= 4Fe(OH)3↓
2. Аммиак темір (ІІ) гидроксидінің ашық-жасыл тұнбасын түзеді:
FeSO4 + 2NH3 + 2H2O= Fe(OH)2↓ + (NH4)2SO4
Аммонийлі тұздар жеткілікті мөлшерде болса, тұнба түзілмейді. Тұнба толық түспейді. Дегенмен біраз тұрған соң лайлану жылдам байқалады, өйткені Fe(OH)2 ауадағы оттегімен тотығады.
3. Калий гексацианоферрат (III) K3[Fe(CN)6] көк түсті турунбуль көгі деп аталатын тұнбаны береді:
3FeSO4 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 ↓ + 3K2SO4
Тұнба қышқылдарда іс жүзінде ерімейді, ал сілтілер ыдыратады. Бұл темір (ІІ) тұздарына ең сезімтал реакция болып табылады. Темір тұздарының гидролизін тоқтату үшін реакцияны қышқылдық ортада (рН 3) жүргізеді. Реактивтің артық мөлшерін болдырмауға тырысу керек, өйткені оның сары түсі тұнбаға жасыл рең береді. Реакция фармакопеялық болып табылады.
4. Аммоний сульфиді (NH4)2S темір (ІІ) тұздарынан қара түсті темір (ІІ) сульфидін тұнбаға түсіреді:
FeSO4 + (NH4)2S = FeS↓ + (NH4)2SO4
Тұнба қышқылдарда ериді. Реакция фармакопеялық болып табылады.
5. Калий перманганаты КМnO4 және басқа тотықтырғыштар Fe2+ ионын Fe3+ ионына тотықтырады. Реакция теңдеу бойынша жүреді:
10FeSO4 + 2КМnO4 + 8H2SO4 = 2MnSO4 + K2SO4 + 5Fe2(SO4)3 + 8H2O
Достарыңызбен бөлісу: |