Fe3+ тамір (ІІІ) катионның реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер және аммиак қызғылт-қоңыр темір (ІІІ) гидроксиді тұнбасын береді:
FeCl3 + 3КОН = Fe(OH)3↓ + 3KCl
Темір (ІІІ) гидроксиді қышқылдарда ериді, ал сілтінің артық мөлшерінде ерімейді.
2. Калий роданиді KSCN темір (ІІІ) тұздары ерітіндісімен әлсіз қышқылдық ортада қызыл-қан түсті темірдің роданиді түзіледі. Реакция Ғе (ІІІ) сапалық және сандық мөлшерін анықтауда қолданылады, қарапайым теңдеуі:
FeCl3 + 3KSCN ↔ Fe(SCN)3 + 3KCl
Реакция қайтымды болғандықтан оның сезімталдығын жоғарлату үшін реактив артық мөлшерде алыну қажет.
3. Калий (II) гексацианоферраты K4[Fe(CN)6] темір (ІІІ) тұздарының бейтарап немесе қышқыл ерітінділерінен қоңыр-көк түсті берлин лазурі тұнбасын тұндырады:
4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12KCl
Сілтілер берлин лазурін ыдыратады. Реагенттің артық мөлшері пайда болған комплексті тұзды қайта ерітіп жібереді. Реакция өте сезімтал, сондықтан әдетте зерттелетін ерітінділерде Fе3+ иондарын анықтау мақсатында қоланылады.
4. Аммоний сульфидін (NH4)2S темір (ІІІ) тұздары ерітіндісіне қосқанда қара түсті темір (ІІІ) сульфиді тұнбасын береді:
2FeCl3 + 3(NH4)2S = Fe2S3↓ + 6NH4Cl
Бұл тұнба қышқылдарда ериді.
5. Калий немесе натрий иодиді қышқылдық ортада темір (ІІІ) тұздарымен бос иодқа дейін тотығады:
2FeCl3 + 2KI = 2FeCl2 + 2КСl + I2
Бір тамшы крахмалды қосқан кезде дақ көк түске боялады.
6 Натрий ацетаты CH3COONa Fe3+ иондарымен қызыл – қоңыр түсті темір (III) ацетатын құрайды. Қыздырғанда бұл тұздың гидролизі күшейеді және негіздік тұздың қоңыр тұнбасы түседі:
FeCl3 + 3CH3COONa = Fe(CH3COO)3 + 3NaCl
Fe(CH3COO)3 + 2H2O = Fe(OH)2CH3COO↓ + 2CH3COOH
Достарыңызбен бөлісу: |