Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі



Дата23.02.2016
өлшемі45.5 Kb.
#10085
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
2015-2016 оқу жылында 44 мектеп ( 28 орта, 13 негізгі орта, 3 бастауыш мектеп),10 балабақша,3 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

Оқушылар контингентінің азаюына байланысты аудан әкімінің 2015 жылғы №317 қаулысына сәйкес Ақшарбақ негізгі орта мектебі таратылып, Бесүй бастауыш мектебінің жұмысы уақытша тоқтатылды.Ал 2015 жылғы 06 тамыздағы №321 қаулы бойынша Сөгір негізгі орта мектебінің статусы бастауыш мектеп болып ауыстырылды.

44 мектептің 2 мектебі өз қазандығымен (Өрел, )Қ.Дамитов атындағы орта мектептері), 38 мектеп электр қуатымен, ал 3 мектеп орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылады.

Бүгінгі таңда ауданымызда 10 балабақшада 802 бала тәрбиеленуде, 3-6 жастағы балаларды қамту 2012 жылы 96 пайыз болса, 2015 жылы 100 %-ды құрады (2011 - 65,4 %). Мектеп жанындағы 32 шағын орталықта 568 бала тәрбиеленуде.

Қазіргі уақытта ауданның білім беру ұйымдарында барлығы 827 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде білімі бойынша: жоғары білімді 671 (81,14%), арнаулы орта 149 (18,02%), 7-уі (0,84%) орта білімді. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 42,6% құрайды. Жаңа оқу жылында облыс әкімінің гранты бойынша оқыған 6 жас маман келді. Оның1-уі математика, 2-уі информатика,1-уі бастауыш сынып, 1-уі биология пәні бойынша бітірген. Олар аудан мектептеріне жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар аудан мектептеріне 3 ағылшын тілі, 4 математика,3 орыс тілі пәні мұғалімдері, жалпы саны 10 маман қажет.

Сұранысқа сәйкес 2012-2013 оқу жылында жоспар бойынша қысқа мерзімді курстан барлығы 183 мұғалім, 2013-2014 жылы-315 мұғалім, 2014-2015 жылы барлығы 263 мұғалім өтті.

Балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасау мақсатында қазіргі заман талабына сай жаңа оқу кабинеттерімен, мектеп жиһаздарымен жабдықтау мәселесі де назардан тыс қалған емес.2014 жылы Сенное негізгі орта мектебіне қосымша бастауыш сынып блогы, ал Аршаты мектебіне спорт зал және бастауыш сыныптар блогы салынып қолдануға берілсе, 2015 жылы 1 қарашда аудан орталығында 500 орындық Қ.Дамитов атындағы қазақ орта мектебінің құрылысы аяқталды.

Білім сапасын сырттай бағалаудың қазіргі тетігі – мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруы. 2014-2015 оқу жылында барлығы 232 түлек мектеп бітірді. Оның 141-і (60,77%) ҰБТ түрінде тапсырды. Дәстүрлі емтихан түрінде - 87 (37,5%) түлек тапсырды ( 2014 жылы – 38,4%). Халықаралық ғылыми жобалар сайысына қатысушы 2 оқушы Тоқтасын Жандос пен Тоқтасын Назерке ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша ҰБТ тапсырудан босатылды.

«Алтын белгі» белгісіне үміткер 7 оқушының тек 2-уі ғана (28,6%) өз білімдерін дәлелдеді.Ал Жұлдыз, Жамбыл, Ақсу мектептерінің үміткерлері ақтай алмады. Өткен 2014 жылы 10 үміткердің 7-уі (70%) дәлелдеген. Үздік аттестатқа үміткер 1 оқушы (0,43%) ( 2014 жылы -1 түлек) өз білімін дәлелдемеді. Пән бойынша орта балдарын сараласақ, аудан бойынша математикадан 14 балл, физикадан 12,8 балл, биологиядан 18,1 балл, географиядан 17,7, химиядан 15,6

Аудан оқушыларының 2015-2016 оқу жылындағы білім сапасы 2-ші жартыжылдықта -50,8%, (376 үздік, 1375 екпінді) үлгерімі -100 %.

Биылғы жылы Топқайың орта мектептерінің 4-сынып оқушылары TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысса, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға ауданның 8 мектебінен 105 оқушы қатысып, аудан бойынша орта балл 53,5-ті құрады.

Дарынды балаларды айқындап, анықтап, дамытып, оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға көп көңіл бөлінуде. 5-8 сыныптар арасында жыл сайынғы «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадада ауданның командасы жүлделі үшінші орынды, Санкт-Петербург қаласында халықаралық бейіндік ауысымда  Үлкен Нарын ауылдық лицейінің оқушысы Оралғазина Қаламқас III дәрежелі дипломды КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қ.О. Бітібаева атындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін Ленин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Уазирханова Нұрай IІ дәрежелі дипломмен, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 11 сынып оқушысы Құнашова Әйгерім дәрежелі дипломмен Ленин атындағы (К) мектептің 10 сынып оқушысы Сайлаухан Нурай IІІ дәрежелі Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық олимпиадада Рыков мектебінің оқушысы Қадылқанова Меруерт; ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ауданымыздан облыстық ғылыми жарыстарға 7 оқушы қатысып, үшеуі жүлделі 3-орынды иеленді. Оңтүстік Корея Дэджон қаласында өткен халқаралық ғылыми конкурсқа Топқайың орта мектебінің оқушысы Тоқтасын Назерке және Королев қаласында (Ресей) өткен «Адам-Жер-Ғарыш» халықаралық ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияға Топқайың орта мектебінен Тоқтасын Жандос сертификатпен марапатталды, сонымен қатар ҚР Бжәне ҒМ-нің бұйрығы бойынша ҰБТ тапсырудан босатылып, үздік аттестатпен бітіріп мемлекеттік грант бойынша Гумилев атындағы ЕҰУ-ге түсті.

Аудан бойынша 5 мектептен тыс мекемелер жұмыс істейді. Бұл мекемелерге 1382 бала қамтылды. 2015 жылы қосымша білім берумен қамтылған балалар үлесі оқушылар санының 36,4%-ын құрады.

Жыл сайын қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері республикалық сайыстардың жеңімпазы немесе жүлдегерлері болып жүр. Сәлем, Астана” республикалық байқауында Рахымбеков Алтайбек бас жүлдені, Толқынқызы Лаула-2-орынды, республикалық “Күншуақ”, “Шоқ жұлдыз” байқауларында Садыбекова Айзат 1,2-орындарды, Халықаралық “Күншуақ” фестваль-байқауында “Инструментальды музыка, домбыра, соло” номинациясы бойынша Советканова Арна Гран-Приді, Шығармашылық Үйдің «Балауса» би тобы Халықаралық “Күншуақ” фестваль-байқауында «хореография, ансамбль» номинациясы бойынша 2 орынды иеленіп, кубокпен және дипломмен марапатталды.

Былтыр «Мектепке жол» акциясы аясында 310 балаға бюджет қаражаты есебінен 1 млн 044 мың теңге, 270 балға демеушілер арқылы 1 млн 180 мың теңгеге көмек көрсетілді, яғни 580 бала мектепке қажетті дүниелермен қамтамасыз етілді.Оқушыларды оқумен толық қамтамасыз ету мақсатында мектептен шалғай тұратын елді мекендердегі балалар тегін тасымалданады.

Оқушылардың тамақпен қамтылуы – жалпы білім беретін мектеп жұмыстарында білім сапасын арттыру және оқушылардың денсаулығын шыңдаудағы маңызды құрамды бөлігінің бірі. Тамақпен қамтуды ұйымдастыруда жүргізілген жұмыстар-балалар денсаулығын нығайтуға бағытталады. 45 мектептің 27 мектебінде (83,2%) 3505 балаға асхана түрінде ыстық тамақ, ал 11 мектепте 710 бала буфет түрінде (16,8%),ал 7(Ақшарбақ,Қабырға,Мойылды,Огнево,Приморск,Бесүй)мектепте альтернативті түрінде тамақтандырылды. 1-4 сыныптарындағы 1473 оқушы (100%), аз қамтылған, көп балалы, жайсыз жанұяның, жетім және ата-анасынан айрылған – 356 бала, барлығы 1829 оқушысы тегін ыстық тамақпен үнемі қамтамасыз етілді. Осы шараларды ұйымдастыруға 2014 жылы аудандық бюджеттен 51 млн 319 мың,ал 2015жылы 97млн 055 мың теңге бөлінді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сүт және сүт өнімі апта сайын қажетті мөлшерімен беріліп отырды.(1 оқушыға 200 грамм сүт 3 рет аптасына берілді, 1 рет айран-200 гр т.б.(ТОО «Турайда»)..



Биылғы жылы  жазғы демалыстың барлық түрлерімен  аудандағы 1-10 сыныптағы  3956 оқушының  3729-ы (98%) қамтылды.

Оқушылардың жазғы демалыс күндеріндегі демалысы мен сауықтырылуының негізгі түрі мектеп жанында жазғы сауықтыру лагерлері болып табылады, сондықтан аудан бойынша ата-ананың демеушілігімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 28 лагерь ұйымдастырылып, онда 950 оқушы, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары осы санаттағы оқушылар үшін тамақпен қамтамасыз ететін 25 лагерь жұмыс істеп онда 1610 оқушы демалды. 1 бала Италияның Адриатико теңізінің жағасында орналасқан Чезенатико қаласында демалды. Аудан бойынша қауіпті топтағы, мектепішілік және аудандық есепте тұрған оқушыларға ерекше көңіл бөлінді. Аталған топтағы оқушылар мектеп жанындағы және «Сұңқар»-180 бала, «Матросово»-42, «Дарын жұлдыздары»-46 бала жазғы сауықтыру лагерлеріне, спорттық секцияларға, көгалдандыру және құрылыс-жөндеу бригадаларына тартылды. Астана қаласына 50 бала, Семейдегі Жидебайға-46 бала, Өскеменге 88, Рахман қайнарына-682 бала, Берел қорғанына 721,О.Бөкей мұражайына 396 бала саяхатқа барды.

Құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыруда қабылданып отырған шараларға қарамастан, жасөспірімдердің арасында тәуекелге барушылық, құқық бұзушылық алаңдатады.

Маңызды және әлеуметтік мақсаттың бірі - біздің қоғамның алдында тұрған құқықбұзушылықты төмендету, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың артуын азайту және алдын алу шаралары жұмысының тиімділігін дамыту. Бүгінгі таңда 31 бала мектепшілік,ал 4-і кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімде бақылауда тұр. Өткен оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алуда «Түнгі қала» шараларының шеңберінде 266 рейд өткізілді. Оған 310 педагог, инспекторлар, ата-аналар қоғамы қатысып, кафелерді, аулаларды, автобекетті тексерді.

Қазіргі уақытта аудан бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 39 бала, тұл жетім-30 бала бар.

Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі 291 бала, 18 бала үйде оқытылады.7 бала компьютермен қамтылған. Зырян қаласындағы түзету интернатында 33 бала, аудандағы түзету-психологиялық кабинетінде оңалту курсынан 86 бала өтті.



Мектептердің ескі ғимараттарын жаңғырту, келбетін қазіргі сәулетке теңестіруде де үлкен жұмыстар атқарылды. Бүгінде Солдатово, Юбилейное орта мектептеріне күрделі жөндеу, Майемер,Печи орта мектептерінің есік-терезелері ауыстырылып, Коробиха мектебінің шатыры,Солоновка мектебінің спорт залының төбесі ағымдағы жөндеуден өткізілді. Өрт қауіпсіздігін сақтау шараларының алдын алу мақсатында Балғын, Жұлдыз, Жазаба негізгі орта мектептерінде өрт дабылдары орнатылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет