Катонқарағай ауданының 2008 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама



жүктеу 85.78 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі85.78 Kb.
Катонқарағай ауданының  2008  жылғы  III-ші тоқсандағы  әлеуметтік-экономикалық даму  қорытындылары туралы АНЫҚТАМА

Ауданның 2008 жылғы Ш-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының тұрақты өсуін көрсетті. Сонымен, ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 102,4 пайызға орындалып 912,5 млн. теңгені құрады.


Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 109 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май өндіру орны, 19 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цех.
2008 жылдың Ш -ші  тоқсанында 2595,2 тонна  ет, 12462 тонна сүт, 3,2 млн. дана жұмыртқа, 184,34 тонна жүн өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет – 102,0 пайызға, сүт - 102,7 пайызға, жүн – 108 пайызға және жұмыртқа – 104 пайызға артық өндірілді.
Ауданда  сиырды жасанды ұрықтандыру үшін 12 жасанды ұрықтандыру пункттері ашылды. 7 бордақылау алаңдары құрылды. Мал тұқымын асылдандырумен 6 шаруа қожалықтары шұғылданады, 4 марал шаруашылығы,  1 қой шаруашылығы, 1  жылқы шаруашылығы.
2008 жылы көктемгі себу егістік көлемі – 41614 га, оның ішінде дәнді дақылдар алқабы – 21214 га, күнбағыс – 17567 га, картоп және көкөніс – 1236,5 га.
Дәнді дақылдар өнімінің  жалпы жиынтығы 6,1 мың тоннаны құрады. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарынан 3,9  центнерді құрады. Картоптың жалпы өнімі 8,3 мың тоннаны құрады, көкөніс - 1,9 мың тонна. Күнбағыс толығымен жиналды, орылғаны 4,3 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі – гектарынан 2,8 центнер.
Малды қыстан шығынсыз алып шығу үшін ауданда 130 мың тонна шөп даярланды, былтырғы жылдан қалған қалдық шөп – 3,8 мың тоннаны құрады, 1,25 мың тонна пішендеме, 10 мың тонна сабан, 3 мың тонна сүрлем  дайындалды.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында 2008 жылы 84,8 млн. теңге субсидия бөлінді және толығымен игерілді.
2008 жылы барлық ауылшаруашылық бірлестіктері сақтандыру келісім-шарт жасады.  Оның жалпы көлемі 38980 га немесе 100 пайыз.
Өңірлік бағдарламаға сәйкес агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. Жыл басынан бері  аудан шаруашылықтарының  машина-трактор паркін жаңалу үшін лизинг арқылы 85 млн. теңгеге 18 бірлік әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Басқа да көздерден 16,6 млн. теңгеге 3 бірлік техникалар алынды.

Өнеркәсіп

2008 жылдың Ш-ші тоқсанында  меншіктің барлық түріндегі  кәсіпорындар өндірген  өнеркәсіп өнім мөлшері 57 млн. 796  мың теңгені құрады. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның  бөлімшесі 8 млн. 265  мың теңгенің өнімін өндіріп іске асырды. 1-ден - 50-ге дейін  адамы бар кәсіпорындар 9 млн. 580 мың теңгенің өнімін өндірді және қосалқы кәсіпорындармен – 36 млн. 951 мың теңгенің өнімі өндірілді.



Автомобиль жолдары және көлік

 Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км -  гравиймен жабылған.


2008 жылдың Ш-ші  тоқсанында  автомобиль жолдарын қысқы және жазғы  жағдайда ұстап тұру үшін 37421,5 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылдың Ш-ші  тоқсанында   183,7  мың тонна көлемінде әр түрлі жүк тасымалданды, жүк айналымы 698,2 мың тонна/км құрады. 12 млн. 254 мың теңге  кіріс түсті.
Сметалық құны 122 млн теңгенің  «Согорное-Белое»  автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 млн. теңгеге «Большенарым-Күршім» автожолдарының  күрделі жөндеу жұмыстары үшін   жобалық сметалық құжаттамаларын түзетуге қаржылар бөлінді. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен осы нысанды күрделі жөндеу жұмыстарына 120 млн теңге бөлініп игерілген.
Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

 2008 жылдың Ш-ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызмет көлемі 3238 мың теңгені құрады, олардың ішінде жылумен қамтудың көрсеткен қызметі 2559,2 мың теңге, сумен қамтудан 678 мың теңге түсті. Тұрғындарға 175,0  мың теңгенің қызметі көрсетілді.


Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде  Большенарым және Катонқарағай ауылдардағы сумен қамту желілерін күрделі жөндеуге 52,3 млн. теңгенің қаржысы бөлініп, есеп беру кезеңінде оның 44,8 млн. теңге игерілді немесе жоспардың 85,7 пайызы. Мало-Нарым және Ново-Березовка ауылдарындағы сумен қамту желілерін  қайта жаңарту үшін  ЖСҚ сатып алуға  жергілікті бюжеттен 3 млн. теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен Катонқарағай ауылындағы орталық қазандықтың жылумен қамту желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 20 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.
Құрылыс

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орынды құрылыс алады. Ағымдағы жылдың Ш-ші  тоқсанында жалпы көлемі 709,0 шаршы метр 10 тұрғын үй қолданысқа берілді. Үйлер құрылысшылардың  жеке қаржы есебінен салынды. Жаңа-Үлгі ауылындағы орталау орта мектеп қолданысқа берілді.  Ағымдағы жылы Өрел ауылында 320 орынды орта мектептің  және Катонқарағай ауылында 75 орынды аурухананың құрылыстары басталды. Берел ауылында тарихи-мәдени мұражайдың құрылысы аяқталуға таяп қалды.



Орман шаруашылығы

Большенарым мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. құрайды, оның ішінде 29386 га.  орман алқаптары алып жатыр. 2008 жылдың Ш-ші тоқсанында орман  шаруашылығының қорынан бөлінген 8850 текше метр ағаштардың 500,2 мың теңгенің  немесе 748 текше метр ағашы дайындалған. 44 рейд жүргізіліп, 44 тексеру өткізілді, табиғатты қорғау низамында 3 заң бұзу оқиғалары анықталды, 62,1 мың теңге айып-пұл салынып, бюджетке  қайтарылды.



Шағын кәсіпкерлік

Ауданда ағымдағы жылдың  1-ші қазанында 2156 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 109 заңды тұлға, 1432 шаруа қожалықтары, 205 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 20, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер - 280. Шағын бизнес саласында 4316 адам қызмет істейді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің 103 пайызы.


2008 жылдың Ш-ші  тоқсанында   шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 7980,4 мың теңге салықтық төлемдер түсті.
Ауданда 239 дүкен, 3 базар, 25 кафе, 1 ресторан, 14 ЖЖС, 21 дәріхана,  14 қызмет көрсету саласы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Катонқарағай ауылында «Тұлпар» шаруа қожалығында қымыз және минералды табиғи су құю бойынша цех ашылды. №2 бұрынғы бала бақша ғимараты жеке кәсіпкер А. Кемпербаевқа сенімді басқаруға берілген, жиһаздар және пластикалық әйнектер шығаратын цех ашылды, осыған қоса қонақ үй, асхана, дүкен ашу жапарланған. Қазіргі уақытта ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Өрел ауылында  тәулігіне 300 бөлке нан пісіретін наубайхана ашылып, өз жұмысына  кірісті.
Кәсіпкерлікті дамытуда туризмді өркендетуге айырықша орын берілген. Катонқарағай ауылында 20 орынды қонақжай-сауықтандыру кешені ашылды. Ақмарал ауылында 150 жұмыс орны құрылатын «Катонқарағай сауықтандыру-туристік кешенінің» және  Топқайың ауылының жанында демалу базасының құрылыстары жалғасуда. Сондай-ақ Приморск және Свинчатка ауылдарында  дем алу базаларының құрылыстары жоспарлануда.
Еңбек нарығы

2008 жылғы  1-ші қазандағы мәлімет бойынша ресми түрде 177 адам жұмыссыз деп тіркелді. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың Ш-ші тоқсанында  жұмыспен қамту қызметіне  жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 83 адам өтініш жасады, олардың 57 адамы жұмысқа орналастырылды. 2008 жылдың Ш-ші  тоқсанында 277 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 46 жұмыссыз тартылды.



Әлеуметтік қорғау

Ауданда тұрмысы төмендерді қолдау үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету іске асырылған.  2008 жылы аудандық бюджет бойынша МАӘК-ті төлеуге 36048,0 мың теңге қарастырылған. 2008 жылдың 1-ші қыркүйегінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1837 алушыға 26766 мың теңге мөлшерінде төленді. Тағайындалған жәрдемақының орташа мөлшері 1618,9 теңгені құрады.


2008 жылы балалар жәрдемақысын төлеуге 26930,0 мың теңге қарастырылған.  2008 жылдың 1-ші қазанында  1026 отбасына,  оның ішінде 2353  балаға 19972,7 мың теңге төленді. Балалар жәрдемақысының орташа мөлшері 943,1 теңгені құрады.
2008 жылы тұрғын-үй көмегіне 6156,0 мың  теңге қарастырылған. 2008 жылдың  1-ші қазанында 3200 мың теңге тұрғын-үй көмегі төленді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артық. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 1234,56 теңгені құрады. Тұрғын-үй көмегін алушылар саны 550 отбасы.
2008 жылы үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекті қамтамасыз ету үшін 2934,0 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 2008 жылдың 1-ші қазанында 40 алушыға 2395 мың теңге көлемінде төленді. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің орташа мөлшері 6652,77 теңгені құрады.
2008 жылдың 1-ші қазанында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратын адамдардың  саны аудан бойынша 2155 адамды құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 329 адамға азайды.

Бюджеттің орындалуы

Ағымдағы жылдың Ш-ші тоқсанында  бюджеттің кіріс бөлігі 101 % орындалды. Аудан  бюджетіне  жоспардағы 453496 мың теңгенің орнына, 449462,7 мың теңге түсті, оның ішінде жеке кіріс бойынша болжамдағы 73989 мың теңгенің орнына 69955,7 мың теңге түсті, 95 пайызға орындалды.


Ауданда 2008 жылдың 9 айында  орташа айлық еңбекақы 31643 теңгені құрады  немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  өсім 111,9 пайызды құрады. Осы кезең ішінде еңбекақы төлеу қоры 11,4 пайызға өсті

Білім беру

2008 жылғы 1-ші қазанында  жағдай   бойынша ауданда күндізгі жалпы білім беретін 54  мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш  мектептер. 54 мектептің ішінде 32 мектепте оқу қазақ тілінде, 5 - мектепте орыс тілінде, 17  мектеп аралас мектеп, 9 мектептің жанында  оқу-кеңестік пункттері құрылған, оларда 47 оқушы оқиды. Шағын орталықтардың саны – 50 немесе олардағы  оқушылардың саны 4114.


Мектеп жанынан ашылған үш интернат жұмыс істейді: Катонқарағай ауылындағы  Ленин атындағы орта  мектептегі 60 орынды 1 интернат, Жамбыл ауылындағы орта мектептегі 40 орынды 1 интернат, Белое орта мектебіндегі 20 орынды 1 интернат.
Мектептен тыс ұйымдар - 1  балалар музыка мектебі (БММ) құрамында  - 140 бала, 14 - топ. 2007 жылы балалар музыка мектебіне жалға бөлек жай бөлінді.
Ауданда қазіргі уақытта 4 мектепке дейінгі балалар ұйымы бар. Ондағы  9 топта 208 бала тәрбиеленеді.
Малонарым ауылында 3269 мың теңгеге балабақшаның шатырын жабу үшін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, Катонқарағай ауылындағы балабақшаға 45222 мың. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 65 компьютер сыныбы және 14 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлердің жалпы саны - 760.
54 мектептің 23-і типтік мектеп, ал 31-і бейімделген ғимараттарда орналасқан. Қазіргі уақытта ауданның 13 мектебі өз қазандықтарымен, 30 мектеп электр қуатымен, 9         мектеп пешпен, ал 2 мектеп орталық жылу жүйесімен жылытылады. Биылғы жылы 9 мектеп және 1 мектеп (Ақсу ауылы) жанындағы интернат қатты отыннан электр жүйесіне ауыстырылды.
Осы жылы білім беру мекемелерін ұстау үшін 1082 млн. теңге бөлінді. 53 млн. 136 мын теңге білім беру объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға, 20 млн. 452 мын теңге білім беру обьектілерінің күрделі жөңдеу жұмыстарына, 17 млн. 604 мын теңге оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге бөлінді. Ағымдағы жылы жалпыға бірдей білім беру қоры 7524 мын теңгені құрады.
Аудан мұғалімдері жүйелі түрде өздерінің кәсіптік деңгейін жоғарылатып отыруына байланысты, білім берудің сапасы артады. Бұл өзінің оңды нәтижелерін көрсетіп отыр. Ағымдағы жылы біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша біздің ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иеленді. Аудан бойынша орташа бал 78,6 балды құрады.

Денсаулық сақтау

Қазіргі уақытта ауданның  денсаулық сақтау жүйесі: Большенарым ауылындағы орталық  аудандық аурухана 70 төсектен тұрады, Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухана - 60 төсек; Ново-Березовка ауылында 2 учаскелік аурухана және Өрел ауылында 10 төсекті аурухана, 9-мемлекеттік отбасылық  дәрігерлік амбулатория, 8 - фельдшерлік акушерлік пункт және 34 фельдшерлік пункт, Сенное ауылындағы бір медицина қызметкерінің арнайы жайы жоқ.  Ауданның төсек қоры - 150 төсек-орын және 20 төсек күндізгі  стационарда  емделушілерге арналған. Аудан тұрғындарына 3 кабинет және 1 жеке стоматологиялық кабинет стоматологиялық көмек көрсетеді.


Ауданда 70 дәрігер және 264 орта медицина қызметкерлері қызмет етеді. Ағымдағы жылдың Ш-ші тоқсанында емделіп шыққандар саны 2007 жылмен салыстырғанда 892-ден 637 адамға көбейді, төсек-күн саны 7801-ді құрады. 2008 жылдың Ш-ші тоқсанында дәрігерге қатынау – 30715, өткен жылы 25471 болған. Дүниеге келген сәби саны 67 немесе өткен жылмен салыстырғанда 1-ге аз. Дүниеден өткен адам саны биыл 70, ал 2007 жылы 60 болған.
АҚТҚ - жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ауданда АҚТҚ  жұқпалы ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, қазіргі уақытта АҚТҚ жұқпалы ауруымен науқастанғандар жоқ.
Мәдениет

2008 жылдың Ш-ші тоқсанында  мәдениет мекемелерінде 69 іс-шаралар өткізілді. Аудандағы осы өткізілген іс-шараларға 900 адам қатысты. 67 бірлескен көркемөнерпаздар үйірмелерінде  мыңға жуық адамдар шұғылданады. Ауданда барлығы 16 клуб мекемелері және 16 кітапхана, О.Бөкейдің мұражай-үйі және аудандық мәдениет үйінде өлкетану мұражайы жұмыс істейді. 2008 жылдың Ш-ші тоқсанында ақылы қызметтің көлемі 158400,0 теңгені құрады. 2007 жылы Катонқарағай ауданында мәдениет мекемелері жүйесін кеңейтуге және келешекте мәдениет демалыс жұмыстарын жақсарту мақсатында Черемошка, Печи, Қабырға, Жаңа-Үлгі, Қызыл-Жұлдыз, Жамбыл ауылдарындағы клуб иелерімен клуб ғимараттарын коммуналдық меншікке ақысыз қайтару үшін жұмыстар жүргізіп, 7 клуб иелерімен қайта қайтару жөнінде меморандум жасалды.


Кітап қоры - 195383 дананы құрайды, соның ішінде қазақ тілінде – 58122 дана кітап бар.
Ағымдағы жылдың Ш-ші тоқсанында аудан кітапханаларымен 268 бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Құқықтық тәртіп

Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай алдын алу іс-шаралары өткізілді.


Сонымен, 2008 жылдың Ш-ші тоқсанындағы талдау мынаны көрсетті,  тіркелген қылмыстық істер, 51-ден 46-ға  дейін төмендеді немесе  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 қылмысқа азайды.   

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет