Катонқарағай ауданының 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 24.32 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі24.32 Kb.
Катонқарағай ауданының 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері – 934,2 млн. теңгені немесе 94 пайызды, ал табиғи көлем индексі 73,4 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 4 097,6 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,5 пайызды құрады. Өнімнің табиғи көлем индексі 96,0 пайыз. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет – 93,9 пайызды құрады, сүт – 101,7 жұмыртқа – 101,6 пайызға өсті.

Ауданда ірі-қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,7 пайызды, жылқы – 101,4 пайызды, шошқа – 91,4 пайызға, құс – 96 пайызды құрады, қой мен ешкі –100,2 пайызды құрады.



Құрылыс. Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде – 846,8 млн. теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция өнімінің табиғи индексі 101 пайызды құрады. Өз қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі– 352,2, ТКИ-114,3%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 419,5 млн.теңгеге жетті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 87,5 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексі 84,5 пайызды құрады.

2013 жылдың 1 шілдесіне өз қаражаты есебінен 481 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың қаңтар-маусым айларында салушылардың өз қаражаты есебінен 1141 шаршы метр тұрғын үй берілген болатын.



Бюджет. Ауданның өздік бюджетіне 256,0 млн. теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті (2012 жылдың 1 шілдесіне – 250,9 млн.теңге), немесе болжамның 107,2 пайызы, өсу темпі – 102 пайыз.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2 218,9 млн. теңгеге орындалды (2012 жылғы 1 шілднсіне – 1899,1 млн.теңге немесе игерілуі – 99,5%), немесе қаржылардың игерілуі 99,5 пайызды құрады.



Шағын кәсіпкерлік. Аудан бойынша белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының өсу қарқыны 102,7 пайызды құрады. Белсенді кәсіпорындар саны 2-ге көбейіп, 75 кәсіпорынды құрады.

2013 жылдың 1 шілдесіне тауар айналымының көлемі  1038,2 млн. теңгені құрады (2012 жылдың қаңтар-маусым айында – 906,6 млн. теңге), өсу қарқыны 114,5%. Тауар айналымының табиғи көлем индексі 111 пайыз.

Жұмыспен қамту. Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 178 адам жүгінген болса, оның 112 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 62 пайызды құрады.

2013 жылдың 1 шілдесіне тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 азайып, 120 адамды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 780 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ауданда 860 жаңа жұмыс орны ашылды.

Білім беру. Мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 4,1 пайыз өсіммен 98,8 пайызды құрады.

2013 жылдың 1 шілдесіне 161 нәресте туды (былтыр осы кезеңде – 186 бала туған), немесе 86,6 пайыз.

Өлім деңгейі, 2013 жылдың 1 шілдесіне 170 адам қайтыс болды (былтыр осы кезеңде – 165 адам) немесе 103 пайыз.

2013 жылдың 1 шілдесіне ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 12 адам анықталды (Үлкен Нарын, Ново-Хайрузовка, Өрел, Ново-Березовка, Коробиха ауылдық округтер), өткен жылдың тиісті кезеңінде 12 адам ауырған, немесе 100 пайыз, 100 адамға шаққанда 40,6.



Қылмыс деңгейі, қаңтар-маусым аралығында 118 қылмыс жасалған, былтырғы жылмен салыстырғанда 21 қылмысқа көбейді немесе 121,6 пайыз. Қылмыстарды ашу – 68,2 пайызды, 2012 жылдың сәйкес кезеңінде – 68,8 пайыз болған.

Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстар саны - 9, былтырғы жылы – 3 болған. (12 орын). Аса ауыр қылмыстарды ашу – 37,5 пайыз, былтыр - 100 пайыз болған.




Экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы Ж. Большманова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет