Жану жылуы (теплота сгорания) (ескірген –теплотворная способность) отынның негізгі технологиялық сипаттамасы. Толық жану - Толық жану деп – көміртегінің көміртек оксидіне (iv), сутегінің – суға және азоттын – молекулалық азотқа дейін тотығуын айтады.
- 1. Жанған өнімнің қандай температураға дейін суығанына байланысты отынның жану жылуы жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.
- Жоғарғы жану жылуы (Ж.Ж.Ж) (Qж) – дегеніміз 1 кг немесе 1 м3 отын толық жанып және жанған өнім 298 К- ге дейін суығанда бөлінген жылу
- мөлшері Ж.Ж.Ж түзілген су буының конденсациялену жылуын ескереді, сондықтан Ж.Ж.Ж-н калориметрикалық әдіспен эксперимент жүзінде анықтауға болады.
- Төменгі жану жылуы (Т.Ж.Ж.Qт) дегеніміз – жану жағдайында 1 кг немесе 1 м3 отын толық жанғанда бөлінген жылу мөлшері, яғни судың конденсациялау жылуын ескермейді.
- Ж.Ж.Ж-ы томенгі жану жылуының көп болатындығы айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |