мағынаны білдіреді, яғни экспериментті жоспарлау операциясының нақты жүйесінде
жүзеге асырылатын эксперименталды зерттеудің тактикасы аталады. Жоспарларды
классификациялаудағы негізгі критерийлер топтардың саны, тәуелсіз ауыспалының саны,
олардың ӛзгеру нұсқалары, тәуелсіз ауыспалының кӛріну шкалаларының түрлері,
эксперименталды мәліметтерді жинау әдістері, эксперименттің жүргізілуінің орны мен
деңгейлері немесе нұсқалары интервалдық, рангілік немесе пропорционалды шкалаларда
деңгейлері немесе нұсқалары классификациялық шкалаларда беріліп, екі немесе одан кӛп
мен эксперименталды эффектіні ӛлшеу бір ғана топта жүргізіледі. Экспериментте
әртүрлі эксперименталды топтарда жүргізіледі, экспериментте сыналушылардың бірнеше
703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым
2.
Факторлық жоспарлар – бұнда зерттеуші бір немесе одан кӛп тәуелсіз
ауыспалыны басқара алады, олардың кӛрінуінің әртүрлі деңгейлері зерттеледі.
3.
Эксперимент сериялары бар жоспарлар – олардың мақсаты бәсекелес
болжамдарды эксперименттер шығару болып табылады. Бұндай жоспардың соңы бір
болжамды дәлелдеу болып табылады.
Эксперименттің шынайылығына байланысты эксперименталды жоспардың типтері:
1.
Экспериментке дейінгі жоспарлар – классикалық эксперименттік зерттеу
жоспарына қойылған талаптарды ескермей, белгілі бір сызба бойынша жүргізілетін
зерттеулер. Оның себебі – осы талаптарды білмеу немесе нақты жағдайда реалды зерттеу
жүргізуде оларды ескермеу. Экспериментке дейінгі жоспар сызбасы бойынша жүргізілетін
зерттеулер экспериментті жоспарлау теориясынан бұрын жүргізіледі.
2.
Шынайы эксперимент жоспарлары – идеалды экспериментке ұқсас, ішкі
және сыртқы валидтілікке ешқанадй зиян келмейді.
3.
Квазиэксперименталды жоспарлар - эмпирикалық зерттеу жүргізуде ӛмір
шындығын ескеру арқылы зерттеу жүргізу болып табылады.Бұл жоспарлар шынайы
эксперименттің сызбасынан арнайы ауытқу арқылы құрылады. Шынайы эксперименттің
жоспары бұзылғанда пайда болатын эффектілерді тексеру үшін зерттеушілер жасанды
сызбаларды қолданады, міне, олар квазиэксперименталды жоспар деп аталады.
Эксперимент жоспарын талдауда қолданылатын символдар мен графикалық
белгілер:
Х – эксперименталды әсер ету.
О – эксперименталды әсер етуді ӛлшеу (зерттеу, бақылау, тестілеу)
R – эксперименталды топтардың эквиваленттілігі (рандомизация)
ХО – бір таңдама бойынша ӛлшеу және әсер ету (ӛлшеу алдындағы әсер ету).
ХОО – Бір таңдамада эксперименталды ӛлшеу мен әсер ету жүзеге асады,
екіншісінде тек ӛлшеу жүргізіледі, екі таңдамадағы ӛлшеу бір уақытты жүргізіледі.
Таңдамалар эквивалентті болып саналмайды (рандомизацияланбаған).
RХОRО – Бір таңдамада эксперименталды әсер ету мен ӛлшеу жүргізіледі,
екіншісінде тек ӛлшеу жүргізіледі, екі таңдамадағы ӛлшеу бір уақытта жүргізіледі.
Таңдамалар эквивалентті (рандомизацияланған).
+ - Эксперименттің валидтілігіне кедергі келтіретін фактор тексеріледі.
- - эксперименттің валидтілігін кедергі келтіретін фактор тексерілмейді.
? – бір немесе басқа фактордың эксперименттің валидтілігіне кедергі келтіру
мүмкіндігі.
Психологиялық зерттеуде квазиэксперименталды жоспарды қолданудың теориялық
негіздерін Т.Д.Кук және Д.Т.Кэмпбелл 1976 жылы құрастырды. Д.Кэмпбелл
экспериментке дейінгі жоспардың үш түрін анықтады. Оның екі түрін Ф.Мак-Гиган
квазиэксперименталды жоспарға жатқызды.
1. Бір жағдайды зерттеу.
2. бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары.
3. статистикалық топтарды салыстыру.
Бір жағдайды зерттеу бұрынғы ғылыми зерттеуге жатады. Бір топ бір рет тестілеуден
ӛтеді. Мұнда ішкі ауыспалыны және тәуелді ауыспалыны тексеру жүргізілмейді. Мұндай
зерттеуде салыстыру үшін материал болмайды. Осындай зерттеулер ғылыми жұмыстың
алғашқы сатысында нәтижелерді салыстыру үшін жүргізіледі. Оларда ғылыми ақпарат
болмайды.
Бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары кӛп жағдайда әлеуметтану,
әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қолданылады. Мұндай жоспарда
тексеру таңдамалары болмайды, сондықтан тестілеу барысында тіркелген тәуелді
ауыспалының ӛзгерістері оның ӛзгерісі арқылы жүзеге асады. Бастапқы және соңғы
тестілеу арасында сыналушыларға тәуелсіз ауыспалымен қатар әсер ететін басқа фондық
жағдайлар болады. Бұл жоспар табиғи даму эффектісін тексеруге мүмкіндік бермейді.
Статистикалық топтарды салыстыру немесе эквивалентті емес екі топқа арналған
703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым
жоспар деп аталады. Бұл жоспар алдыңғы жоспардан жақсы, себебі бақылау тобының
енгзілуі арқылы тестілеудің эффектісін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл экспериментке
дейінгі жоспар психологиялық зерттеу практикасында кең тараған. Бұл жоспарды
корреляциялық зерттеуге қолдануға болады, бірақ оны екі ауыспалы арасындағы себепті
байланыс туралы болжамды тексеруге қолдануға болмайды.
Корреляциялық зерттеу – ағылшын тілінен аударғанда арақатынас, ӛзара байланыс
деген мағынаны білдіреді. Бұл зерттеу екі немесе одан кӛп құбылыстар арасындағы
байланыс туралы статистикалық болжамды тексеру мақсатында жүргізіледі. Оның негізгі
типтері:
1.
Екі топты салыстыру – екі топ ӛкілдерінің белгілі сапалары, жағдайларын
психологиялық зерттеудің нәтижелері салыстырылады. Мысалы: ерлер мен әйелдердің
қиын жағдайларға реакциясының айырмашылығы.
2.
Бір топты әртүрлі жағдайларда біржақты зерттеу – бір топтың ӛкілдерінің
сапаларына әртүрлі жағдайда психологиялық зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелері
салыстырылады. Мысалы: 1-сынып оқушыларының оқытуға бейімделу жағдайында және
оқу жылының соңында мазасыздану деңгейін салыстыру.
3.
Кӛпжақты корреляциялық зерттеу – үш немесе одан кӛп топтың ӛкілдерінің
сапаларына психологиялық зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелері салыстырылады.
Мысалы: әртүрлі жастағы балалардың сәтсіздік жағдайына реакцияларын салыстыру.
4.
Құрылымдық корреляциялық зерттеу - әртүрлі топтағы сыналушылардың
кӛрсеткіштері арасындағы корреляциялық тәуелділіктерінің маңызды деңгейлері
зерттеледі. Мысалы: баланың тұлғалық белгілеріне әкесі немесе анасының жынысының
әсерін зерттеу.
5.
Лонгитюдті корреляциялық зерттеу – белгілі уақыт ішінде құбылыстар
арасындағы корреляциялық байланыстың динамикалық ерекшеліктері зерттеледі.
Мысалы: мектеп оқуы кезеңінде оқу тапсырмаларын орындау жетістігі.
Достарыңызбен бөлісу: