Казахская академия труда и социальных отношений


№10  дәрістің  тақырыбы:  Экспериментке  дейінгі  және  квазиэксперименталды



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#452297
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Экспериментальная психол. каз.

 

№10  дәрістің  тақырыбы:  Экспериментке  дейінгі  және  квазиэксперименталды 

жоспарлар. 

Экспериментке  дейінгі  және  квазиэксперименталды  жоспарлар  арасында  мәнді 

айырмашылық  бар.  Экспериментке  дейінгі  жоспарлар  психология  ғылымының  бұрынғы 

ескі  жоспары  болып  саналады.  Ал  квазиэксперименталды    жоспарлау  -    қазіргі  заманғы 

зерттеудің атрибуты болып саналады. 

Экспериментке  дейінгі  жоспарлар  белгілі  бір  сызба  бойынша  жүргізіледі  және 

эксперименталды зерттеудің классикалық жоспарына қойылатын талаптарды ескермейді. 

Оның  себебі  –  осы  талаптарды  білмеу  немесе  нақты  жағдайларда  реалды  экспериментті 

жүргізудегі  талаптарды  ескеру  мүмкіндігінің  болмауы  болып  саналады.  Экспериментке 

дейінгі  жоспар  сызбасы  бойынша  жүргізілетін  зерттеулер  экспериментті  жоспарлау 

теориясы пайда болғанға дейін жүргізілді. 

Квазиэксперименталды жоспарлар эмпирикалық зерттеу жүргізудегі ӛмір шындығын 

ескеруге  талпыныс  болып  саналады.  Квазиэксперимент  әдіснамалық  нұсқаулардағы 

шынайылық  пен  «қаталдықтың»  арасындағы  келісу  болып  саналады.    Психологиялық 

зерттеуде квазиэксперименталды жоспарды қолданудың теориялық негіздерін Т.Кук және 

Д.Кэмпбелл  1976  жылы  құрастырды.  Д.Кэмпбелл  экспериментке  дейінгі  жоспардың  3 

түрін анықтады: 

1. 


Бір  жағдайды  зерттеу  жоспары  –  бұл  жоспар  бұрынғы  ғылыми  зерттеуге 

жатады.  Бір  топ  бір  рет  тесілеуден  ӛтеді.  Зерттеуде  ішкі  және  тәуелді  ауыспалы 

тексерілмейді.  Мұндай  зерттеуде  салыстыру  үшін  материал  болмайды.  Осындай 

зерттеулер  ғылыми  жұмыстың  алғашқы  сатысында    нәтижелерді  салыстыру  үшін 

жүргізіледі. Оларда ғылыми ақпарат болмайды. 

2. 


Бір  топты  алдын-ала  және  қорытынды  тестілеу  жоспары  –  кӛп  жағдайда 

әлеуметтану,  әлеуметтік  психология,  педагогикалық  зерттеулерде  қолданылады.  Мұндай 

жоспарды    тексеру  таңдамалы  болмайды.  Тест  барысында  тәуелді  ауыспалының 

ӛзгерістері  тіркеледі.  Алғашқы  және  соңғы  тестілеудің  барысында  сыналушыға  тәуелсіз 

ауыспалымен қатар, әсер ететін басқа фондық жағдайлар болады. Бұл жоспар табиғи даму 

эффектісін тексеруге мүмкіндік бермейді. 

3. 

Статистикалық  топтарды  салыстыру  жоспары  –  екі  топқа  арналған  жоспар 



деп аталады. Бұл жоспар арқылы бақылау тобын енгізіп тестілеудің эффектісін тексеруге 

болады.  Бұл  жоспар  психологиялық  зерттеу  практикасында  кең  тараған.  Бұл  жоспарды 

кӛп  жағдайда  корреляциялық  зерттеуде  қолданады.  Бірақ  оны  екі  ауыспалының 

арасындағы себепті байланыс туралы болжамды тексеруге қолдануға болмайды. 

Корреляциялық зерттеудің екі түрі бар: 

1.  кросс-мәдени зерттеулер. 

2.  психогенетикалық  зерттеу. 

Кросс-мәдени  зерттеу  мәніне    байланысты  топты  салыстыру  жоспарларының  жеке 

жағдайы болып саналады. Шартты түрде кросс-мәдени зерттеуде қолданылатын және екі 

негізгі жоспарды атауға болады. 

1.  Екі немесе одан кӛп табиғи топтарды салыстыру жоспары. 

2.  екі немесе одан кӛп лонгитюдті топтарды салыстыру жоспары. 

Кросс-мәдени  зерттеудің  негізін  ең  алғаш  В.Вундт,  20  ғасырдың  басында  француз 

әлеуметтанушылары  Г.Лебон,  А.Фулье,  Г.Тард    ӛз  еңбектерінда  қарастырады.  Кросс-

мәдени психологиядағы әдіснаманың негізін В.Вундт қалады. Ол 1920 жылы алғаш рет 10 

томдық «Халықтар психологиясы» кітабын шығарды. Осы еңбегіндегі негізгі әдіс ретінде 

халықтар  психологиясындағы  мәдениет  элементтерін  салыстыра  интерпретациялауды 

атады.  Қазіргі  заманғы  кросс-мәдени  зерттеуде  эмпирикалық  әдіс  –  негізгі  болып 

саналады.  Кросс-мәдени  зерттеудің  пәні  ретінде  адамның  әлеуметтік  мәдени  факторлар 

тұрғысында психикасының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. 




 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

Кросс-мәдени  зерттеудің  болжамы  қоршаған  ортаға  тәуелді  психикалық 



ерекшеліктерді  сипаттау  арқылы  құрылады.  Мәдениеттің  психикалық  ерекшеліктерін 

сипаттайтын  кӛптеген  классификациялар  бар.  Олардың  ішінде  Х.Триандистің 

классификациясы  танымал.  Ол  мәдени  синдром  ұғымын  құрастырды.  Мәні  бойынша 

басқа топтардан ерекшелігін мәдени топтың құндылықтарының құрылымы нормасы  мен 

мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып саналады. Ол мәдениеттің негізгі ӛлшемдері 

ретінде  қарапайымдылық,  күрделілік,  даралық,  ұжымшылдық,  ашықтық  ұғымдарын 

атайды. Кӛп жағдайда мәдени ерекшеліктерді этностық ерекшелігіне ұқсас қарастырады. 

Әртүрлі мәдениетке жатаатын адамдар тобын 3 критерий бойынша анықтауға болады: 

1.  тұрғылықты жері –ауыл, қала мәдениеті

2.  дінге қатысы – ислам, христиан, католик және т.б; 

3.  еуропалық ӛркениетке енуі. 

Кросс-мәдени зерттеудің эксперименталды емес жоспар  арқылы құрылатын әдістік 

бағыты мен мазмұны бойынша 3 түрі анықталады: 

1. 


қорытынды  зерттеу  –  бұл  бір  мәдени  қауымдастықты  зерттеуде  алынған 

нәтижелерді жалпылау немесе тұжырымдау мүмкіндігі болғанда жүргізіледі. Бұл зерттеу 

болжамды бекіту үшін және ішкі валидтілікті нақтылау үшін жүргізіледі. 

2. 


теорияға негізделген зерттеу – мұнда мәдени және психикалық ауыспалылар 

арасындағы нақты байланыс туралы болжам тексеріледі. 

3. 

ішкі  валидтілікті    арнайы  зерттеу  немесе  экологиялық  зерттеу  –  мәдени 



факторлар  әсерімен  психикалық  қасиеттердің  ӛзгешеліктерін  зерттеу  болып  табылады. 

Әрбір зерттеуші топтарға арналған ӛзіндік тестілерді құрастырады. Кросс мәдени зерттеу 

үшін ӛлшеу әдістерін құрастыру процесін 3 кезеңге бӛлуге болады: 

1.  ауыспалының тобын таңдау және мәдени әмбебап әдістемені құру. 

2.  арнайы мәдени ауыспалыларды белгілеу және әдістемені толықтыру. 

3.  әдістемені кросс-мәдени валидтілік арқылы түзету. 

Ресейде  кросс-мәдени  зерттеуге  арналған  әдістемелер  аз.  Кӛп  жағдайда 

Р.У.Солдатова,  С.В.Рыжова  құрастырған  тұлғалық-ұқсастық  типті  тестісі,  мәдени-

құндылық дифференциал тесті қолданылады. Бұл әдістемелің мақсаты топтық құндылық 

бағдарларды ӛлшеу болып саналады. 

Кросс  мәдени  зерттеудің  ең  шешуші  стәі  –  топтарды  таңдау  мен  құрудағы 

популляция  таңдау  болып  табылады.  Популляция  зерттеуге  қатысушылар,  белгілі 

қасиеттер  жиынтығы  бар  индивидтердің  табиғи  кӛпшілік  тобы  болып  табылады. 

Популляцияны таңдағаннан кейін, сыналушыларды топтарға бӛледі. 

Психогенетиканың  негізгі  міндеті  –  қоршаған  орта  мен  тұқым  қуалаудың  жеке 

психологиялық  ерекшеліктерге  әсерін  қалыптастыру  болып  саналады.  Тұқым 

қуалаушылық  деп  ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  гендер  аталады,  барлық  гендердің 

жиынтығы  генотип  деп    аталады.  Ал  индивидтің  ӛмірі  барысындағы  қалыптасатын 

сыртқы кӛріністері фенотип деп аталады. 

Психологияда  орта  ұғымын  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік-

психологиялық тұрғыда жеке  адамды дамыту жүйесі  деп қарастырады. Психогенетикада 

орта  ұғымына  кез  келген  сыртқы  әсерлер  жатады.  Психогенетикада  адамға  эксперимент 

жүргізуге  болмайды.  Кӛп  жағдайда  жүйелі  бақылау  әдістері  қолданылады. 

Психогенетикалық әдістердің негізгі 4 түрі бар. 

1.  Генеалогиялық әдістер. 

2.  Егіздер әдісі. 

3.  Отбасылық әдіс. 

4.  Асыранды балалар әдісі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет