Казахские сказки Перевел Гайдар Утешев Метод чтения Ильи Франка Өнеге



Дата20.06.2016
өлшемі103.32 Kb.
#149101
Казахские сказки
Перевел Гайдар Утешев


Метод чтения Ильи Франка


Өнеге

(Пример)


Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен (в древние времена один большой город был/имелся оказывается). Бұл шаһардың ханы болыпты (этого города хан был). Ол күнде жаман киініп (он ежедневно плохо одеваясь), жай кісі болып (простым человеком будучи = под видом простого человека), шахарды, базарды аралап жүреді екен (город, базар обходя передвигается/ходит оказывается; жүру — передвигаться; /вспомогательный глагол, подчеркивающий продолжительность действия/). Күндердің бір күнінде аралап келе жатып (дней в один день = как-то в один день обходя передвигаясь), басына бір кесек алтын (на голову один кусок золота), аяғына бір кесек алтын (под ноги один кусок золота) қойып жатқан бір адамды көреді (кладущего одного человека видит). Мұны көріп (это завидев), хан таң қалып (хан удивившись; таң — заря/рассвет; қалу — оставить/остаться, таң қалу — озариться/удивиться), неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді (сколько дней этого /человека/ = к этому человеку со стороны присматривается: «присматриваясь ходит»).

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шахарды, базарды аралап жүреді екен. Күндердің бір күнінде аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді.

Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта (этот человек рано и поздно и в одном состоянии/положении): басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады (на голову, под ноги по одному куску золота кладет: «кладя лежит/пребывает»). Ақырында, бір күні хан (в конце концов, в один день хан):

— Сен не қылған адамсың (ты что сделавшим человеком являешься = что за человек ты)? — деп сұрайды (спрашивает: «молвив спрашивает»). Ол адам басын көтеріп (тот человек, голову свою приподняв):

— Мен ақыл сатушымын (я ум/совет продающим/продавцом являюсь), — дейді (молвит).

— Олай болса (в таком случае: «так есть если»), маған бір ақыл сатшы (мне один совет продай, пожалуйста; сатшы — продай, пожалуйста), — дейді патша (молвит правитель). Сонда ол адам (тогда тот человек):

— Құп болады (хорошо/будет сделано; құп — ладно, хорошо), бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын (однако каждого совета цена тысяча алтынов /золотых монет/), — дейді (молвит). Хан санап (хан, посчитав = отсчитав), мың алтын береді (тысячу золотых дает). Сонда ақыл сатушы (тогда ума/советов продавец):

— Не істесең де ойлап істе (что делать будешь если, подумав делай), ойламай іс қылсаң (не подумав, дело совершать будешь если), қор боласың (страдающим будешь = пострадаешь), — дейді (молвит).

Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан:

— Сен не қылған адамсың? — деп сұрайды. Ол адам басын көтеріп:

— Мен ақыл сатушымын, — дейді.

— Олай болса, маған бір ақыл сатшы, — дейді патша. Сонда ол адам:

— Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын, — дейді. Хан санап, мың алтын береді. Сонда ақыл сатушы:

— Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боласың, — дейді.

Мұнан соң хан ордасына келіп (этого после хан, в ставку свою придя), баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге (предыдущее слово/фразу на любому глазу попадающие места), орамал-дастарқанға дейін (до платка и дастархана /скатерти/ вплоть) жазып қояды (пишет: «написав оставляет»). Бір күні хан шашын алғызатын болып (в один день хан, собираясь постричься: «волосы свои постричь будучи»; алу/алғызу — взять/заставить взять): «Шаштараз алып кел (парикмахера приведи)», — деп, бас уәзірге әмір қылады (молвив, главному везирю повеление делает).

Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал-дастарқанға дейін жазып қояды. Бір күні хан шашын алғызатын болып: «Шаштараз алып кел», — деп, бас уәзірге әмір қылады.

Уәзір дереу бір шаштаразға барып (везирь тотчас же к одному парикмахеру пойдя): «Ертең келіп, ханның шашын ал (завтра придя, хана волосы постриги: «возьми»)» — деп бұйырады (приказывает: «молвив приказывает»). Ертең ерте шаштараз ханның ордасына келе жатса (завтра = на следующий день рано парикмахер к хана ставке идет если = когда), алдынан уәзір шығады (перед ним везирь выходит/появляется).

Уәзір дереу бір шаштаразға барып: «Ертең келіп, ханның шашын ал» — деп бұйырады. Ертең ерте шаштараз ханның ордасына келе жатса, алдынан уәзір шығады.

Уәзір (везирь):

— Ей, шаштараз (эй, парикмахер), ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы едің (хана волосы какой бритвой стричь: «брать» намеревался ты; ұстара — бритва)? — дейді (молвит). Шаштараз (парикмахер):

— Ай, тақсыр, күндегі (ой, милостивый, ежедневно) ұстап жүрген жай ұстарамен аламындағы (держа ходящей = которая постоянно при мне простой бритвой брать/стричь буду). Жақсы ұстараны мен байғұс қайдан табамын (хорошую бритву я, бедняга, откуда = где найду)? — дейді (молвит).

Уәзір:


— Ей, шаштараз, ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы едің? — дейді. Шаштараз:

— Ай, тақсыр, күндегі ұстап жүрген жай ұстарамен аламындағы. Жақсы ұстараны мен байғұс қайдан табамын? — дейді.

Сонда уәзір (тогда везирь):

— Ей, ақымақ (эй, дурень)! Ханның шашын жай ұстарамен алуға болмайды (хана волосы простой бритвой стричь нельзя). Мә, мынау ұстарамен ал (на, этой бритвой стриги), — деп, қалтасынан шығарып (молвив, из кармана своего вытащив; қалта — карман), бір алтын сапты ұстара береді (одну с золотой рукояткой бритву подает; сап — рукоятка, черенок, ручка).

Сонда уәзір:

— Ей, ақымақ! Ханның шашын жай ұстарамен алуға болмайды. Мә, мынау ұстарамен ал, — деп, қалтасынан шығарып, бір алтын сапты ұстара береді.

Шаштараз қуанып (парикмахер, обрадовавшись), ханның құзырына келіп (хана в подчинение/ведение придя), шашын жібіте бастайды (волосы его увлажнять начинает). Сол уақытта шаштараз (в тот момент парикмахер): «Не істесең де ойлап істе (что делать будешь если, подумав делай), ойламай іс қылсаң (не подумав дело совершишь если), қор боларсың (пострадаешь)! — деп, әр жерге жазылған сөздерді (молвив, на каждом месте написанные слова) көреді де ішінен (видит и внутренне = про себя): «Қой, уәзірдің ұстарасын қояйын (погоди, везиря бритву отложу /пусть/лучше/), өзімнің үйренген жаман ұстараммен-ақ ханның шашын алайын (сам наученной/привыкшей плохой бритвой хана волосы постригу: «возьму» /пусть/лучше/; -ақ — /частица ограничения/)», — деп, уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып (молвив, везиря с золотой рукояткой бритву так отложив), өзінің ағаш сапты ұстарасымен ала бастайды (своей с деревянной рукояткой бритвой стричь начинает).

Шаштараз қуанып, ханның құзырына келіп, шашын жібіте бастайды. Сол уақытта шаштараз: «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың! — деп, әр жерге жазылған сөздерді көреді де ішінен: «Қой, уәзірдің ұстарасын қояйын, өзімнің үйренген жаман ұстараммен-ақ ханның шашын алайын», — деп, уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып, өзінің ағаш сапты ұстарасымен ала бастайды.

Мұны көріп хан ішінен (это завидев хан изнутри/про себя): «Бұл ақымақ алтын сапты ұстарасын (этот дурень с золотой рукояткой бритву) менің шашымды алуға аяды ғой (мои волосы состричь чтобы пожалел ведь)! Онымен менен артық кімнің шашын алады (ею меня помимо чьи волосы стрижет)? Тоқтай тұр (остановись = ну погоди; тоқтау — остановиться; тұру — стоять; /используется для придания продолжительного или прерывистого оттенка значения предыдущему глаголу), мен саған көрсетейін (я тебе покажу)!» — деп шашын алғызып болған соң хан (молвил хан, после того как ему состригли волосы: «волос состриженности будучи после»):

— Дереу жендетті шақырып келіңдер (срочно/немедленно палача позовите: «позвав придите»; жендет — палач), мен бұл шаштараздың басын аламын (я этого парикмахера голову возьму = я прикажу отрубить ему голову)! — деп, кісілеріне әмір қылады (молвив, людям своим приказ делает = отдает).

Мұны көріп хан ішінен: «Бұл ақымақ алтын сапты ұстарасын менің шашымды алуға аяды ғой! Онымен менен артық кімнің шашын алады? Тоқтай тұр, мен саған көрсетейін!» — деп шашын алғызып болған соң хан:

— Дереу жендетті шақырып келіңдер, мен бұл шаштараздың басын аламын! — деп, кісілеріне әмір қылады.

Шаштараз мұны естіп (парикмахер, это услышав), неге қылмысты болғанын білмей (почему преступным стал, не зная; қылмыс — преступление), қайран қалып тұр еді (/совсем/ жалким став было), жендет келген соң (палач пришедши поскольку = после того, как пришел палач), бейшара шаштараз ханның аяғына жығылып (бедный парикмахер, хана в ноги повалившись/упав):

— Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр (о владыка, мою голову возьмете если даже, воля /ваша на это/), бірақ менің кінәмды айтып алсаңыз екен (однако мою вину высказав смогли вы если бы = если бы вы могли сказать, в чем моя вина)! — дейді (молвит).

Шаштараз мұны естіп, неге қылмысты болғанын білмей, қайран қалып тұр еді, жендет келген соң, бейшара шаштараз ханның аяғына жығылып:

— Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр, бірақ менің кінәмды айтып алсаңыз екен! — дейді.

Хан:

— Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болдың (ты вначале мои волосы с золотой рукояткой бритвой состричь с намерением был/собирался). Ақырында оны менен аяп (в конце концов ее от меня = мне пожалев), ағаш сапты жай ұстарамен алып (с деревянной рукояткой простой бритвой взяв = постригши), мені қорладың (меня оскорбил ты). Сенің кінәң осы (твоя вина это), — дейді (молвит).



Хан:

— Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болдың. Ақырында оны менен аяп, ағаш сапты жай ұстарамен алып, мені қорладың. Сенің кінәң осы, — дейді.

Сонда шаштараз (тогда парикмахер):

— Жаңа сіздің шашыңызды алуға (вот только ваши волосы состричь чтобы) ордаға келе жатқанымда (в ставку когда шел я) алдымнан бас уәзіріңіз шығып (передо мной ваш главный везирь, выйдя): «Ханның шашын алуға мына ұстара лайық (хана волосы стричь чтобы, эта бритва подходящая)», — деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді (молвив, эту с золотой рукояткой бритву вручил: «вручив был»). Мен сіздің шашыңызды жібітіп жатып (я, ваши волосы увлажняя), әр жерде жазылған (в каждом месте написанные) «Не істесең де ойлап істе (что делаешь если, подумав делай), ойламай іс қылсаң қор боларсың (не подумав дело совершись если, пострадаешь)», — деген сөздерді көріп (сказанные слова увидев): «Бұл уәзір берген ұстараның қандай екенін білмеймін (этим везирем данная бритва какой оказывается = что это за бритва не знаю), ханға бір зиян келтіріп жүрмейін (хану один/какой-либо вред причинить не желаю я). Жаман да болса (плохой и является если), үйренген өзімнің ұстараммен алайын (привычной своей бритвой возьму/состригу пусть/лучше; үйрену — учиться, научаться; привыкать)», — деп ойладым (мол подумал). Шашыңызды ағаш ұстарамен алғанымның себебі осы еді (волосы ваши деревянной бритвой то что состриг я, причина в этом заключается), — дейді (молвит).

Сонда шаштараз:

— Жаңа сіздің шашыңызды алуға ордаға келе жатқанымда алдымнан бас уәзіріңіз шығып: «Ханның шашын алуға мына ұстара лайық», — деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді. Мен сіздің шашыңызды жібітіп жатып, әр жерде жазылған «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң қор боларсың», — деген сөздерді көріп: «Бұл уәзір берген ұстараның қандай екенін білмеймін, ханға бір зиян келтіріп жүрмейін. Жаман да болса, үйренген өзімнің ұстараммен алайын», — деп ойладым. Шашыңызды ағаш ұстарамен алғанымның себебі осы еді, — дейді.

Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп (этого после хан есаулов своих отправив) бас уәзірін шақыртып алдырып (главного везиря вызвав: «позвав приведя»):

— Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе (эту бритву парикмахеру ты дал ли)? — деп сұрайды (молвив спрашивает). Уәзір (везирь):

— Мен бердім (я дал), — дейді (молвит).

— Олай болса (так является если), бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал (этой бритвой везиря волосы состриги), — деп, Хан шаштаразға бұйырады (молвив, хан парикмахеру приказывает). Шаштараз уәзірдің шашын жібітіп (парикмахер везиря волосы смягчив/увлажнив), алтын ұстарамен бір сипағанда (золотой бритвой раз погладив когда), уәзірдің жаны шығып кетеді (везиря душа выйдя уходит/умирает). Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас екен (итак, этот везирь хану враг/недруг оказывается). Соны өлтірмекші болып (того умертвить с намерением будучи), ұстарасын зәрге суарған екен (бритву свою в отраве обмочил оказывается). Мұны көріп (это завидев), хан шаштаразға қатты риза болады (хан парикмахеру сильно благодарен будет). Көп алтын (много золота), күміс сыйлық беріп (серебра подарков дав), үйіне қайтарады (в его дом = домой отправляет).

Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп бас уәзірін шақыртып алдырып:

— Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе? — деп сұрайды. Уәзір:

— Мен бердім, — дейді.

— Олай болса, бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал, — деп, Хан шаштаразға бұйырады. Шаштараз уәзірдің шашын жібітіп, алтын ұстарамен бір сипағанда, уәзірдің жаны шығып кетеді. Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас екен. Соны өлтірмекші болып, ұстарасын зәрге суарған екен. Мұны көріп, хан шаштаразға қатты риза болады. Көп алтын, күміс сыйлық беріп, үйіне қайтарады.



Полный текст книги Вы можете приобрести на сайте http://www.franklang.ru в разделе «Тексты на казахском языке, адаптированные по методу чтения Ильи Франка» после выхода бумажной версии книги.




Мультиязыковой проект Ильи Франка www.franklang.ru


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет