Бақылау сұрақтары:
Стихиялық апаттар дегеніміз?
Өрттің жіктелуі?
Өрт кезіндегі халықтың тәртібі?
Практикалық жұмыс №14
Тақырыбы: Құрама эвакуациялық пунктті орналастыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Сабақтың мақсаты: Эвакуация жайлы түсінік қалыптастыру, атқарылатын жұмыстар жоспарымен таныстыру.
Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;
8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;
9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады.Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады.Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |