Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит. 6 сынып


Есен-Бұға. Керей, наймандардағы малдың басты түрі. Жылқы мен қой



бет3/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#3135
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Есен-Бұға.

Керей, наймандардағы малдың басты түрі. Жылқы мен қой.

Керейіт мемлекетінің астанасы орналасқан жер. Битөбе.

Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі: Маркус, Құршақұз ханның кезі.

Киелі аң-құстың тісі, тырнағы, қауырсыны түрінде болып келген балының мойынына тағатын зат. Бойтұмар.

Киіз үй туралы дерекер кездесетін елдер. Араб, Қытай.

Көккесене орналасқан: Сығанақ маңында.

Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы: 8-10 шақырым.

Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы күніне 8-10 шақырымнан аспады. Бұндай көш: «Қозы көш».

Көне қыпшақ тілінде жазылған шығарма: «Кодекс куманикус».

Көне түрік альфавитіндегі әріптер саны. 35.

Көне түрік жазуының пайда болған уақыты. Б.з.д. І мыңжылдық.

Көне түрік тіліндегі жәдігерлердің саны. 200.

Көшпелілердің материалдық мәдениетінен мәлімет береді. Қару-жарақтар.

Көшім Сібірдің ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін. Ислам діні.

Көшіп-қонуға күш-көлігі жоқ, жайлауға апаратын малы жоқ, егіншілікпен айналысқан кедейлер. Жатақ.

Кутейба ибн Муслимнің Шашты басып алған жылы. 714 жыл.

Күмбездің қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған: Алаша хан күмбезі.

Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған: Көккесене.

Қағаз, қаламды қолданған ортағасырлық тайпа. Қимақтар.

Қадырғали Жалаири өзінің «Шежірелер жинағы» атты еңбегін сыйға тартқан орыс патшасы. Борис Годунов.

Қадырғали Жалаиридің еңбегі. «Шежірелер жинағы».

Қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғандығы көрсетіледі: XIV ғасырдың аяғында XV ғасырдың бірінші жартысында.

Қазақ жасағының Аңырақай маңында жоңғарларды жеңіліске ұшыратқан жыл. 1729 жыл.

Қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етті. Ислам діні.

Қазақ халқының жүзге бөлінуі: Өзі жерін қорғау қажеттілігінен туды.

Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас. Таңбалы-Нұра.

Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды: XV ғасырдың екінші жартысында.

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып мемлекет етіп құру міндеті тиді: Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне.

Қазақ халқының ұраны: «Алаш»

Қазақ халқының халық болып қалыптасу барысын бұзды: Монғол шапқыншылығы.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына басты рөл атқарғандар. Ақ Орда тайпалары.

Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы жайында айтылатын аңыздардың бірі. «Алаша хан».

Қазақ хандары мен Өзбек хандығының арасында ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі: Ташкенттің Қазақ хандығы қосылуы.

Қазақ хандарының Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылған соғысы: Сыр бойындағы қалалар үшін.

Қазақ хандығы құрылды: 1465-1466 жылдары.

Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбанидің арасындағы 30 жылдай уақыт жүргізген соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қараған қалалар. Сығанақ, Созақ.

Қазақ хандығы үшін маңызды болған, Шайбан ұрпақтарымен талас-тартыстың негізі. Сыр бойындағы қалалар.

Қазақ хандығымен одақ жасасу үшін 1573 жылы келген орыс елшісі: Т.Чебуков.

Қазақ хандығын құрды: Керей мен Жәнібек сұлтандар.

Қазақ хандығында ата-аймақты басқаратын адам. Ақсақал.

Қазақ хандығындағы он немесе он бес аймақтан құралған: Ру.

Қазақ хандығындағы ұлыс: Бірнеше арыстан құралды.

Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі: Сұлтан.

Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөлген Есім хан: Сұлтандар мен төрелерге еркіндік берді.

Қазақ хандығының бастапқы кезде алып жатқан жері: Шу мен Талас өзендерінің аумағы.

Қазақ хандығының беделін және күш-қуатын арттырып, Тәуекелдің беделін көтерген жеңіс. Ташкент түбінде Абдаллах әскерін жеңуі.

Қазақ хандығының құрылу кезіндегі халықтың өмірінде маңызды мәселеге айналды: Сырдария бойындағы қалалармен қатынас жасау.

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында наймандар мекендеген өңір. Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер.

Қазақ хандығының құрылуы жайындағы деректер: Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди».

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайларды тоқтатты: Ішкі феодалдық талас-тартыс.

Қазақ хандығының құрылуына алғышарттардың бірі: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар.

Қазақ хандығының құрылымы: Жеті саты.

Қазақ-бұхар соғысы өткен жылдар: 1603-1624 жылдар.

Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ортағасырлық ғимарат. Білеулі ғимараты.

Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуы нәтижесінде монголоидтық белгілер тереңдей түсті. VI-IX ғ.

Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырады: Монғолдардың жаулап алуынан кейін.

Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. Түрік қағанаты.

Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін түсінді: «Көк тәңір».

Қазақстанның Отырар, Тараз, Йасы сияқты қаларынан табылған шыны ыдыстар: Х ғасырға саяды.

Қазақтардың қыста түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер. Қызылқұм.

Қазақтардың орта ғасырда киген жаздыгүні ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киімі. Айыр қалпақтар.

Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен екі этникалық топ. Қыпшақ тайпалар одағы, үйсін тайпалар одағы.

Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың: Атақты, сыйлы шонжарлары қатысты.

Қазіргі кезде мұражайға айналған, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы орналасқан қала. Түркістан.

Қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-сенімдердің болғандығы анық байқалады. Жетісуда.

Қала тұрғындарының арасында қыш құмыра жасау өнерінің жақсы даму себебі. Қала тұрғындары бір жерде тұрақты өмір сүрді.

Қалалық мәдениеттің дамыған уақыты. Х-ХІІ ғасыр.

Қалалық отырықшылық мәдениеттің дамыған уақыты. Х-ХІІ ғасыр.

Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері: Оңтүстік-батыс Жетісу.



Қарақытай мемлекеті құрылған өңір. Жетісу.

Қарақытай мемлекетінде билікке келген әйел адамға қойылатын талап. Хан тұқымы болу.

Қарақытайлардың Ходжент жанында Қарахан әскеріне ойсырата соққы берген жыл. 1137 жыл.

Қарахан дәуірінің сәулет ескерткіштері: Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері.

Қарахан мелекетінің кезінде салынған сәулет өнерінің ескерткіштері. Айша-бибі, Бабаджа қатын кесенелері.

Қарахан мемлекеті біржолата құлады: 1212 жылы.

Қарахан мемлекеті өмір сүрді: 942-1212 жылдар.

Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса Боғра исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 960 жыл.



Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын. Ахмет Иүгнеки.

Қарахан мемлекетінің негізін салушы: Сатұқ Боғра хан.

Қарлұқ қағанаты өмір сүрді: 756-940 жылдар.

Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болғаны жайында айтылады: «Худуд әл-алам»

Қарлұқтар еліндегі қалалардың саны: 25 қала.

Қасым хан тұсында қазақтар өзі алдына тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы. Сығанақ қаласы.

Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғаздарға.

Қасым ханның қол астындағы халықың саны. Бір миллионға жуық.

Қасым ханның таққа отырған (билікке келген) жылы. 1511 жыл.

Қимақ қағанатының әлсіреп, құлауына себеп. Қыпшақ тайпалары көсемдерінің билік үшін таласы.

Қимақтардың екінші астанасы Карантия қаласы орналасқан жер. Алакөл көлінің жағасы.

Қимақтардың ішіндегі ең атақты тайпа. Қыпшақтар.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырған: Әмір Темір.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде залдың ортасында тұрған тайқазан жасалды: 1399 жыл.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі негізгі бөлме. Кітапхана.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің биіктігі. 37,5 м.

Қожа Ахмет Йасауи орналасқан қала: Түркістан.

Қожа Ахмет Йассауидың «Диуан-и хикмет» еңбегі: Даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады.

Қожа Ахмет Йассауидың еңбегі. «Диуан-и хикмет» («Даналық кітап»).

Қожа Ахмет Йассауидың жолын қуған шәкірті. Сүлеймен Бақырғани.

Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы. Арыстан баб.

Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл: «Қозы күзем».

Қойға табыну салты. Зооастралық фарн.

Қолданбалы өнердің небір ғажайып үлгілері сақталған ескерткіш: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

Қорқыт ата кітабы: 12 жырдан тұрады.

Қорқыт атаның туған жері: Қазақстан.

Қорқыт күмбезі орналасқан жер. Қызылорда облысы.

Қуаңшылық жылдары қасиетті бұлақ басына ақ құйып, тәңірге сыйынып көктен жаңбыр сұрау ырымы. «Тасаттық».

Құшыр: Мал өсірушілерден жиналатын салық.

Қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазақ халқы.

Қыпшақ тіліндегі «яланкуг»: Құл деген мағынаны білдіреді.

Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы. Сығанақ.

Қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың шығармасы. «Хұсрау мен Шырын».

Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр. «Қобыланды жыры».

Қырғыз халқында отқа табынуды байланыстырады. Қасиетті Ұмай анамен.

Қыста көшіп-қонып, мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауыптісі. Жұт.

Қытай деректерінің қарақытайлардың атауы. Қидан.

Қытай елінен батыс елдеріне жібек таси басталған уақыт. Б.з.б. І ғасырдың ортасы.

Қытай жазба деректеріндегі б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай өкіметімен қарым-қатынаста болған ел. Үйсін мемлекеті.

Қытай жылнамалары бойынша «түрік» сөзі: «теле» сөзінен шыққан.

Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілігі: 13 жылдан кейін оралған.

Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілді: Иран шахына.

Қытайдың әдемі фарфордан жасалған ыдыстар табылған қала. Талғар.

Лирикалық-эпостық жыр: «Айман-Шолпан».

Малшы ауылдар суық басталысымен жайлаудан көшті: Күздеуге.

Маусымды жайылым: Төрт кезеңге бөлінді.

Маусымды жайылымның көктемгі қонысы. Көктеу.

Маусымды жайылымның қысқы қонысы. Қыстау.

Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк») еңбегін жазудан бұрын түгелге жуық аралап шықты. Түріктердің елі мен жерін.

Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегі дәлелдейді: Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақын екендігі.

Махмұд Қашғаридың өмір сүрген жылдары. 1030-1090 жылдар.

Махмұд Қашғаридың үш кітаптан тұратын белгілі еңбегі. «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»)

Моғол хандығында үйсіндер атауы уақытша қолданылмай оның орнына аталды: Дулаттар.

Моғол ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу ниетімен Қазақ хандығына қарсы соғыс бастады: XVI ғасырдың 50-60 жылдары.

Моғол ханына қарсы соғыстардағы сәтсіздік, ойраттардың шапқыншылық соғыстардың салдарынан Хақназар хан: Жетісудың біршама жерін уысынан шығарып алды.

Моғолстан мемлекеті өмір сүрді: XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басы.

Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады: Абдар-Рашиддің кезінде.

Моғолстан мемлекетін құруда белді рол атқарған дулат ақсүйегі. Әмір Поладшы.

Моғолстан мемлекетінің астанасы. Алмалық.

Моғолстан ханы Есен-Бұға қайтыс болды: 1462 жылы.

Моғолстанда Есен-Бұға хан билік құрған жылдар. 1433-1462 жылдар.

Моғолстанның негізін қалады. Тоғылық-Темір.

Монғол империясының негізін қалады: Шыңғысхан.

Монғол мемлекеті құрылды: 1206 жылы.

Монғолдардың жаулап алуы нәтижесінде қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі кешеуілдеді: 150-200 жылға.

Мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан. Тоғылық Темір.

Мұхаммед Хайдардың айтуынша Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдады. 160 мың адам.

Н.А.Баскаковтың айтуынша Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазуда аталған саладағы зерттеушілердің көшбасшысы болған. Түрік тілдерін салыстыра зерттеудің.

Найман мемлекетінің астанасы Балықты қаласы орналасты: Орхон өзенінің бойында.

Найман мемлекетінің астанасы: Балықты қаласы.

Наймандардың негізгі мекендеген жерлері: Монғолияның орта және батыс аудандары.

Ноғай Ордасындағы билеушісінің титулы. Хан.

Ноғай Ордасының алып жатқан жері. Еділ мен Жайық аралығы.

Ноғай Ордасының екінші аты. Маңғыт елі.

Ноғай Ордасының орталығы. Сарайшық қаласы.

Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты. XV ғасырдың басы.

Ноғай Ордасының іргесін қалады: Едіге.

Ноғайлар мен қазақтады «екі туысқан Орда» деп атаған ғалым. Ш.Уәлиханов.

Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілері. Күл-еркіндер.

Оғыз мемлекетінің астанасы. Янгикент.

Оғыз мемлекетінің қайтадан күшейген кезі. Шахмәліктің кезі.

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты. ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы.

Оғыздар мен қимақтар туралы «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп айтты. Әл-Идриси.

Оғыздарда жабғудың мұрагерлері. Инал.

Оғыздарда иналдың тәрбиешісі: Атабек.

Оғыздардағы әскербасы. Сюбашы.

Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. Махмуд Қашғари.

Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны. 24.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағаны жайында жазды. Әл-Макдиси.

Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Х ғасырда.

Орбұлақ шайқасында Жәңгірге көмекке келіп, 20 мың қолмен Жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды: Алшын Жалаңтөс батыр.

Орда-Базарға дейінгі Әбілқайыр хандығының астанасы. Тура қаласы.

Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздернің өкілдері барлық жасақтың бас қолбасшысы етіп сайлаған адам. Әбілқайыр.

Орда-Ежен билік құрған мемлекет. Ақ Орда.

Орта ғасырда қалалардың топтаса орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан.

Орта ғасырдағы «көпестер қаласы»: Тараз.

Орта ғасырдағы егіншіліктің дамуын байқауға болады. Қалалардың Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойында орналасуы.

Орта ғасырдан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Ескендір», «Шора батыр».

Орта ғасырлардағы ірі діни құрылыстар. Мешіт.

Орта жүздің құрамындағы тайпалар: Арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ.

Орыс патшасы ІІІ Иванмен сада қарым-қатынасын орнату мақсатында шарт жасасқан Батыс Сібір ханы. Ибақ хан.

Отырар қаласының 8 ғасырдың басындағы атауы. Тарбанд.

Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене. Арыстан баб кесенесі.

Парсы тарихшысы Гардизидің айтуынша Қимақ елінің құрамындағы ең атақты тайпа. Қыпшақтар.

Поэзиядағы сопылық ілімнің насихатшысы: Қожа Ахмет Йассауи

Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесіндегі басына қойылған құлпытас табылды: Ахмет Йасауи күмбезінің ішінен.

Сайрам қаласының қытай жылнамаларындағы атауы. Испиджаб.

Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болғанын айтқан антрополог. О.Смағұлов

Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ. Селиф.

Сарайшық қаласының іргесі қаланды. Х ғасырда.

Сауда жолына байланысты 568 жылы дипломатиялық келісім жасасқан елдер. Түрік қағанаты, Византия мемлекеті.

Сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдейді: Құрылыс материалдарының сапалы болуы.

Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтты. В.В.Бартольд.

Сығанақтан кейінгі Қазақ хандығының астанасы. Түркістан қаласы.

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне көшкен уақыт. 1219-1220 жылдар.

Сырдария бойындағы қалаларды қайтаруға әрекет жасаған Ақ Орда ханы. Барақ.

Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталады. Х ғасырдан.

Сібір атауының шығу тегі болған этникалық топ. «Сыпыра».

Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы. Рашид ад-Дин.

Сібір хандығының астанасы. Искер қаласы.

Сібір ханы Көшімнің біржолата жеңіліп, Сібір хандығы құлаған жыл. 1598 жыл.

Талас-тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері келіп, мәселелерін шешті. Таңбалы Нұрада.

Тараз қаласының батысында 18 шақырым жерде орналасқан ескерткіш. Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері.

Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі кесенесінің салынған уақыты. Х-ХІІ ғасырлар.

Тарихшы Рузбиханның айтуынша Әбілқайыр хандығындағы халықтардың ең көбі және ержүректері: Қазақтар.

Ташкент қаласы 200 жылдан астам уақыт қазақтардың билігінде болды: Есім ханның кезінен.

Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598 жылдар.

Тәуекел ханның Құл-Мұхаммед бастаған елшілерінің Мәскеуге Федор патшаға достық келісім жасау үшін барған жыл. 1594 жыл.

Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала. Сауран.

Тәуке хан тағына отырды: 1680 жылы.

Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715 жылдар.

Тәуке ханның заңдар жинағы. «Жеті жарғы».

Тәуке ханның кезінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай: Тәуке ханның қырғыздар және қарақалпақтармен одақ құруы.

Тәуке ханның кезіндегі билердің міндеті: Сот билігі, атқарушы билік.

Тәуке ханның кезіндегі Қазақ хандығының астанасы. Түркістан.

Тәуке ханның сыртқы саясаттағы әрекеті: Көрші мемлекеттермен одақтасудың, бейбіт қатынас орнатудың жолын іздеді.

Тәуке ханның үш жүздің басын қосқан жиналысын (құрылтайын) шақырып отырған жер. Күлтөбе.

Терракота ол: Оюланған кірпіш.

Тоғылық-Темір Моғолстан ханы болып сайланды. 1348 жылы.

Тоқтамыс Мамай ордасын басып алады: 1380 жылы.

Тоқтамыстың Ақ Ордадан Темірге қашып бару себебі: Ұрұс хан оның әкесі Түй-Қожаны жазалайды.

Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан кесене. Көккесене.

Тұрсын сұлтанның өзін хан, ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл. 1613 жыл.

Тұрсын ханның бүлігі тарихта аталды: «Қатаған қырғыны».

Тұрсынның өзін хан жариялаумен қатар тағы бір антты бұзуы: Ақша шығаруы.

Түргеш қағанаты бөлінді: 20 әкімшілік аймаққа.

Түргеш қағанаты құлады: 756 жылы.

Түргеш қағанатын құлатып билікті қолдарына алды: Қарлұқтар.

Түргеш қағанатының Кіші ордасы Күнгіт орналасты: Іле бойында.

Түргеш қағанатының Кіші ордасы. Күнгіт.

Түргеш қағанатының негізін салды: Үшлік қаған.

Түргеш қағанатының өмір сүрген уақыты. 704-756 жылдар.

Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым. Ибн Хаукаль.

Түрік жазба әдеби ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі. «Күлтегін», «Тоныкөк».

Түрік қағанаты халқының айналысқан шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінген уақыты. 603 жыл.

Түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы болып табылаты еңбек. «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»)

Түрік тілдес тайпалардың тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұмат беретін еңбек. «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»)

Түріктер қажетті киімдердің барлығын: Өздері тікті.

Түріктерде Ұмай ана: От басына шапағатын тигізеді деп табынған.

Тіл-көз тиюге қарсы балалардың мойынына таққан зат: Бойтұмар.

Ұлы Жібек жолының маңызы. Халықаралық саудаға ықпал етті.

Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. Жетісу.

Ұлы хан атағын алғаннан кейін Үгедей тұрды: Қарақорымда.

Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған кесене. Алаша хан кесенесі.

Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. Жетісу.

Х ғасырда ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады. Қарахан мемлекеті.

Х ғасырда қимақтар қабылдаған дін. Ислам.

Х ғасырдан бастап әдеби ғылыми шығармалар жазылған тіл. Араб тілі.

Х ғасырдың аяғында немесе ХІ ғасырдың басында Жетісу жерінде салынған мешіт. Боран мұнарасы.

Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасады. Қарахан мемлекеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет