119
дислокациялық синдром. Олар тек ісіктен ғана емес, ликвор
циркуляциясының бұзылуынан, венада қан жүруі нашарлауынан,
мидың ісінуінен дамуы мүмкін. 2) Мидың жергілікті, әсіресе
функциялық маңызды бөліктерінің зақымдануы.
Ота жасауға болмайтын ісіктердің түрі
бірінші кезекте
олардың сәтті хирургиялық әрекетке келмейтін жерлерде
орналасуына
байланысты
(мысалы,
бассүйек
қысымын
жоғарылатпайтын бағана ішінде орналасқан ісіктер) және қарт
адамдарда аса үлкен қатерлі ісік болуына
байланысты, ота
уақытша болатын декомпрессиядан қауіптірек. Операциялық
әрекеттің радикалдық дәрежесі ісіктердің сипаттамасы мен
локализациясына және аурудың
кезеңіне байланысты. Егер мүмкін
болса, әр уақытта ісікті толық алып тастайды. Тек келесі
көрсетілетін сәттерді еске алу керек: ісікті алып тастағанда
мидың
өмірге қауіпті аудандарының дисфунциясын болдырмай,
функциялық орталықтарды бұзбау керек (афазия, гемиплегия т.б).
Мида орналасқан
ісікті
жеңіл алып тастау мүмкіндігін, яғни оның
ми
ұлпасына енбей, одан жақсы бөлінуі, бассүйек ісіктерінің
инфильтрациялық өсуін операция жолымен алып тастау өте қиын
(көбінесе мүмкін емес). Ісіктің қатерлік дәрежесі, ауыр және
қауіпті ота жасау керектігі аурудың жалпы жағдайы оның оталық
салаларын көтере алатындығы. [44]
Егер ота кезінде
ісікті толық алып тастау мүмкін емес болса,
немесе бассүйек
қысымы жоғарылауының қауіпті симптомдарын,
жұлын-ми сұйықтығы айналымы бұзылуын
жою керек болса, онда
ісікті жартылай алады. Бассүйектің артқы
шұңқыры сүйегін негізгі
қысқышпен қысып алып тастайды, қатты ми қабықшасын
операциядан
кейін тікпейді, сондықтан жұмсақ ұлпаларды
қабаттап
тіккеннен кейін декомпрессия пайда болады.
Сүйек-ет тілімдерін аудару әдістемесін көбірек қолданатын
супратенториумдық ауданда
отаның басқа түрін
жасайды. Егер ота
аяғында мидың көлемі орнына келсе және оның ісінуі қауіпті
болмаса, қатты ми қабықшасын тігеді, сүйек кесіндісін орнына
қояды, ал жараға тігіс салады.
Көп жағдайда ісікті жартылай алып
тастау отасы декомпрессиямен аяқталады,
сол кезде қабаттан
бөлінген қатты ми қабықшасын, шығып тұрған
мидың бетіне тігеді
120
немесе
субарахноидальды кеңістікті герметизациялау
үшін жамбас
фасциясының кең тілімдісімен қатты ми қабықшасының
аутопластикасын жасайды. Сүйек кесіндісін алып тастайды, ал
жүмсақ ұлпаларды қабат-қабат тігеді. Сол себепті, сүйек саңылауы
"терезесі" пайда болады, сол арқылы мидың шығуы ісіктің әрі
қарай өсуі кезіндегі бассүйек қысымын төмендетеді.
Егер ісік жартылай алынып, оның гистологиялық құрылысы
келсе, онда радиоактивтік сәуле терапиясы дұрыс деп табылса, оны
ота біткен соң тағайындайды, айта кету керек, бұл тек ісіктің өсуін
тоқтатады да, қайта дамуын тежемейді.
Окклюзиялық гидроцефалия белгілері туу қауіпті болатын,
ота жасауға болмайтын ісіктерде (мысалы, III қарыншаның немесе
сильвий су құбырындағы инфильтрациялық ісіктерде) тек
поллиативтік ота керек. Бұдан көбінесе көпке созылған ауру үшін
жеңілдену басталады, өйткені
жұлын-ми сұйықтығы айналымы
бұзылуынан болатын бассүйек ішілік қысым жоғарылайтын
синдром жойылады.
Отаға келмейтін немесе анықталмаған ми ісіктерінде
паллиативтік ота, көбінесе Кушинг әдісімен самай еті астында
сүйекті ашу арқылы декомпрессия жасау кең қолданылады. Үлкен
жарты шар ісіктерінде кейде ұзақ уақытқа жеңілдік бергенмен,
жиналған тәжірибе көрсеткендей, бұл ота уақытша ғана әсер береді.
Сонымен, бассүйегінде ота жасауға болмайтын ми ісіктерінде
радиоактивтік сәуле терапиясын көбінесе жүргізуге болмайды,
өйткені мидың ісініп,
қабынуы басталады, сондықтан летальды
жағдайға түсіретін сыналану синдромы басталуы мүмкін.
Радиоактивтік сәуле терапиясын тек алдын ала декомпрессия
жасағаннан кейін жүргізеді. Егер операция жасауға болмайтын
жағдайда алдын ала декомпрессиясыз сәуле терапиясын жүргізетін
болса, онда оны тек бассүйек қысымы жоғарыламайтын ісіктерге
ғана пайдаланады (гипофиз ісіктері, бағана ісіктері).
Ми ісіктеріне жасалған операциядан кейінгі өлім біртіндеп
азайып
келеді.
Егер
XX
ғасыр
басында
тәжірибелі
нейрохирургтарда
ол
60-80%
болса,
кейінгі
жылдары
нейрохирургиялық клиникаларда ол 10-20%, ал кейбір ісіктерде
одан да төмен.
121
Ісіктердің супра- немесе субтенториумдық аудандарда
орналасуына байланысты, оларда әртүрлі хирургиялық жол
ашылуына сәйкес бассүйек іші жаңа өсінділерін хирургиялық
емдеу принциптерін тиімді баяндауы керек. Соған сәйкес төменде
мынадай ісіктердің топтары қаралады:
1.Үлкен жарты шар ісіктері; а) мидан (жарты шардан) тыс
ісіктер; б) ми іші (жарты шар іші) ісіктері; в) қарынша іші
супратенториумдық ісіктер.
2. Гипофиз – гипоталамус ауданы ісіктері: а) гипофиз ісіктері;
б) краниофарингеомалар; в) түрік ершігі арқашығының
менингеомасы.
3. Бассүйек
артқы шұңқыры ісіктері; а) мишық және IV
қарынша ісіктері; б) артқы менингеомасы; в) кіріберіс-есту жүйкесі
невриномасы; г) ми бағанасы ісігі.
4. Метастаздық ісіктер.
5. Басқа көлемді бассүйек іші үрдістері: а) ми абсцессі; б) ми
паразиттері (цистицерк, эхинококк); в) ми гранулемалары
(туберкулома, гумма).
Достарыңызбен бөлісу: