Казахстан


Сурет 23. Мойын омыртқасының Pyramesh USA-мен алдыңғы



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
дек. Нейрохирургия

 
Сурет 23. Мойын омыртқасының Pyramesh USA-мен алдыңғы 
тіректік спондилодезі 
Омыртқа жотасының бел және сегізкөз бөлігінің 
остеохондрозы. Осы аймақтағы ауырсыну синдромдар (люмбаго, 
люмбалгия, радикулит, радикулоневрит), көбінесе механикалық 
факторлар себебінен болады. Олардың негізінде омыртқа 


112 
жотасының дегенерациялық өзгерістері жатады. Дисктің пролапсы 
өте жиі болатын деңгейлері: бірінші L4-L5, екінші L5-S1 және L3- 
L4 омыртқалар арасында. Артқы протрузиялар кездесетін түрлері: 
1) ортаңғы; 2) парамедиалды; 3) бүйір жақтағы; 4) латералды. 
Бел аймағындағы остеохондроздың негізгі синдромдары: 
1. Ауырсыну синдромы. 
2. Монорадикулярлы синдром. 
3. Полирадикулярлы сиңдром. 
4. Ат құйрығына кіретін барлық түбіршектердің жаншылу 
синдромы. 
 
Сурет 24. Бел бөлімі L4-L5 деңгейі омыртқаларының дискінің 
жарығы 


113 
Емі. Ауырсынудың көпшілік түрлері консервативтік 
әдістермен емделіп, жазылып шығады. Ауырсыну түрлерінің тек 
қана 10%-ын хирургиялық әдіспен емдейді. Бірақ бұл да өте 
жоғары көрсеткіш. Кей жағдайда дисктің жарығын химиялық 
жолмен емдейді. Дискті пункциялап папаин енгізіледі. Бұл дәрі 
шеміршектің мукополисахарид кешенін бұзып, дегенерациялық 
өзгерістер пайда болған пульпозды ядроның дегенерациялық 
фрагменттерін ерітеді және қайтадан шеміршектің дамуына көмек 
береді. Осы себептен ауырсыну жоғалады, сонан кейін омыртқалар 
арасында қимыл азаяды. 
Соңғы жылдарда алдыңғы спондилодезге көрсеткіштер 
азайып, интраламинарлы дискэктомияға жол ашылуда. Операция- 
ның бірінші түрі омыртқалы сегменттің тұрақсыздығында ғана 
пайдаланады, ал екінші түрі түбіршектердің компрессиясында 
типті деп саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет