Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет1/7
Дата24.04.2016
өлшемі482.5 Kb.
#79033
  1   2   3   4   5   6   7

Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СМЖ 3 деңгейлі құжаты

Басылым №1 ___ _____2012ж.


Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Таңдау бойынша пәндердің каталогы





БЕКІТЕМІН


Оку iсi жөнiндегi проректор __________Б.А.Рскелдиев

«_____» ___________________ 2012 жыл


ТАҢДАУ БОЙЫНША ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГЫ
Мамандық: 5В020700 – “ Аударма ісі ”


Р/с


Пәннің коды

Пән циклының атауы

Пәннің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы білім беру пәндері

1

Psi 0101

Психология

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизит – студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша :Адам анатомиясы, Биология, Валеология, Адам және коғам, Жанұяның этикасы мен психологиясы деген арнайы пәндерді окып үйренеді.

Постреквизит – философия, социология

Зерттеу мақсаты: Студенттердің негізгі психологияны айналысатын мәселелері жайында ой пікірлерін студенттердің білуі. Адамның психикалық феномені бейсаналық және саналық қарым-қатынас заңдылықтар және механизімдері психикалық процесстердің өзіндік ерекшелігі мен жағдайы, жеке мәселелелері.

Қысқаша мазмұны: Псхология пәніні, әдіс-тәсілдері. Психология пәнінің объективтік шындықпен қатынасы заманауи психологияның сатылары. Психология және басқа да ғылым салалары. Іс-әрекет психологиясы және өзіндік тану процессі. Жеке тұлға психологиясы. Қабілет. Темперамент. Мінез. Эмоция және сезім. Мотивация. Ерік.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: жалпы психололгияның негізгі түсініктерін; психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын; бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін; педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Іскерлік: -окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

-психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.



Дағды: тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: Бураханова А.Т., аға оқытушы

2

OT 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерлік: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағды: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзіреттілігі: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Кейкова Т.Қ., оқытушы

3

Mad 0103

Мәдениеттану

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит –жоқ

Зерттеу мақсаты: Студенттерге мәдениеттану пәні, отандық және әлемдік мәдениет тарихымен таныстыру. Болашақ мамандардың мәдениеттілігін дамыту,

Қысқаша мазмұны: Заман талабына сай Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарында, мәдениеттану пәні міндетті курстарының қатарына енгізген. Мәдениеттану-мәдениетті біртұтастай барлық тарихи көпжақтылығын және бүгінгі күнгі тұрмыс тіршілігін, қызметін жан-жақты зерттеитін теоретикалық пән. Мәдениеттану келесі бөлімдерден тұрады: мәдениет теориясы; мәдениет тарихы; қолданбалы мәдениеттану. Мәдениет теориясы кейде мәдениеттану ілімімен тұтастай қабылданады және ол өз сипатында мәдениеттің қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғаның үйлесімділігін, т. б сол сияқты мәселелерді зерделейді. Мәдениет тарихы, мәдениеттің тарихи даму процесіндегі әртүрлі түрлерінің тұрмысын зерттейді.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Мәдениеттін тарихын, қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғанын т.б. мәселелерді зерделей білу.

Іскерлік: Қоғамдағы мәдениет мәселелерін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуге қалыптастыру.

Дағды: Практикалық білім бойынша мәдениеттану пәніне дағдылану және оқып-түсіну.

Құзіреттілігі: Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарымен мәдениеттін басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып адамзат баласынын біртұтас мәдени даму процесінін жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Татиев Е.Е.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизит- жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы.

Постреквизит- 4 курстағы пед. практика

Зерттеу мақсаты: студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлік: педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағды: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: Бураханова А.Т., аға оқытушы

5

MTIK 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит саны– 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Іскерлік: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға Іскерлік қалыптасады.

Дағды: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге Іскерлік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: Секей Ж., аға оқытушы, филол.ғ.к.

6

Val 0106

Валеология

Кредит саны – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Іскерлік: жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағды: студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзіреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

7

EAZE 0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 2 кредит

Пререквизит: Экономикалық теория, Халықаралық экономика.

Постреквизит: Мамандық бойынша профильдік пәндер.

Зерттеу мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі. «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Іскерлік: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағды: халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: базалық және жалпы білімін , алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: С.Қ. Жұмашбекова, аға оқытушы

8

Shak 0108

Шәкәрімтану

Кредит саны – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 2 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы. Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Іскерлік: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағды: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге Іскерлік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: Ж.М.Әубәкір, аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет