Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет103/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Н.Ф.Яковлев: «… как гласные, так и парно различаемые по 
признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах од-
наго и того же слова могут быть в языке этого типа или только 
твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах однаго и 
того же слова не может быть одновременно и твердых, и мягких 
как гласных, так и согласных, для которых существует в языке 
парное различение по твердости – мягкости». 
«н.Ф.Яковлевтің бұл сөздері де» дейді м.Жүсіпұлы, 
«а.Байтұрсынұлының ойын қаз қалпында сақтаған. егер біз 
бұл цитатаны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, сол ой – сол ой 
болып қалады, яғни мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ 
н.Ф.Яковлевтің осы ойды жазғанында көп сөзділікке ұрынып кет-
кендігі айқын байқалады. н.Ф.Яковлев еңбегінде математикалық 
формулаға бөліп, ұсынған алфавит жасау принциптері (ғылыми 
тұжырымдары) а.Байтұрсыновтың алфавит жасау принциптері-
нен (ғылыми тұжырымдарынан) айнымайды. Бар айырмашылығы 
тек жазу (дәлелдеу) дағдысында: а.Байтұрсынов өзінің алфавит 
жасау принциптерін, ойларын математикалық формулаларының 
таңбаларымен белгілемесе де, математикалық дәлдікпен берген, 
сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке 
түсінікті, ұтымды шыққан. н.Ф.Яковлев сол принциптерді
ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайда-
ланып жасаған. ал, әріп санының айырмашылығының себебі 
мынада: а.Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз дыбыстарын жеке 
фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да, 


186
187
артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, 
сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан 
соң олар жеке әріптермен таңбаланады. н.Ф.Яковлев бұл дау-
ыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп 
түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған». 
Проф. Н.Уәли: “таңба теориясы тұрғысынан алғанда бұл 
жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің 
бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бір-
ліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бір-
ліктерін белгіледі” деп бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет