йый орнына бір ғана и таңбасын жазу: ұйиды, байиды – ұиды,
баиды, и-ды қосар таңбасымен қалдыру сияқты екі жақты пікір-
лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
ал ә, ұ, ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер
тек бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл
сөздерін ескертуге шығармай (т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев,
Б.нұрғазина), а-түрінде заңдастыру; а-ә, ұ-ы әріптерінің орфог-
раммасы күдікті болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды:
Күлашқа, шайға, жайластыр..
Ащы, кеще, тұщы сөздерін екі ш-мен беру ұсынған; я, ю
әрпін миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.).
Сондай-ақ, х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер
мен ережелерде арнайы көрсетуді (құрмет-хұрмет, бұқара-
бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев);
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын, Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. ал қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді
бірыңғай жуан жазу (Б.нұрғазина); к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану: принцип-принцибі, альма-
нах-альманағы, цех-цеғы (Б.нұржекеев) сияқты пікірлер көңіл
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады:
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.мұсабаев), біріктіру ама-
лын сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан, аққұман,
ақсаусақ, желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес,
бір заттың атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық
сын есімдерді бірге жазу: қараторы, аққұба, біріккен сөзді ай-
тылуы бойынша жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған
барлық сөздерді бөлек жазу (а.абдрахманов), айтылуы бірдей,
мағынасы басқа сөздерді екі түрлі жазу: ұр да жық – ұрдажық т.б.
(Ж.Жолаев), “жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-
ге әуес болмау”, біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.).
міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды.
284
285
Достарыңызбен бөлісу: |