78
79
фонеманың
бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(реформатский а.а.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-
ры арқылы жоғары тілдік бірлік – морфеманы ажыратуынан
көрінеді” ( реформатский а.а., 1970).
в) “Сөйтіп, тіл-тілде көптеген
артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі бір мөлшердегі дыбыстар болады” (ветвицкий в.Г.,
иванова в.м., моисеев а.и. 1974: 21).
г) “Фонема – бұл идеалды дүние, сол дыбыс жиынтығы белгі
бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді». “фо-
немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған ды-
быстар және мұндай дыбыстар әр тілде әртүрлі, бірақ белгілі бір
сандық шегі бар” ( реформатский а.а. 1970: 129).
ал фонеманың сөз мағынасын ажырататын дыбыс екенін
алғаш айтқан кавказ тілдерін зерттеуші П.К.услар болды
(Яковлев н.Ф. 1970: 129). р.и.аванесов, в.н.Сидоров фоне-
маны сөздің әлеуметтік мәні
бар дифференциалды элементі
деді (аванесов р.и. Сидоров в.н. 1970). Бұл тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема – сөз жасайтын (конститутивті), сөз айыратын (дис-
тинктивті) (Яковлев н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-
тін фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын
екшеп,
сөздің естілімін туралайды, форма айыратын, мағына
айыратын шектеулі дыбыс құрамы
арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.
Достарыңызбен бөлісу: