Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет67/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

– [ый], [ій], [ұй], [үй]; у – [ұу], [үу]; я – [йа], [иә], [а], [ә]; ю 
– [йұу], [йүу] дыбыс, дыбыс тіркесін де береді. 
Жалпы, әліпбидегі әріп таңбасын қысқартудың мынадай жол-
дары болды: 1) дәйекше арқылы дауысты дыбысты таңбалауды 
үнемдеу; 2) дауысты таңбасын көбейтіп, дауыссыз таңбасын 


108
109
азайту; 3) дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар 
таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін-
шісі а.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды. 
Сонымен, қазақ
әліпбиі саясаттың және басқа себептерден 
сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға 
(латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін 
қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар 
әліпбиге айналып отыр. 
Әліпбидегі я, ю, ё әріптері орыс әліпбиіндегі сөзді жіңіш- 
кертетін белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек й+а, й+ұ+у, 
й+ү+у, й+о дыбыс тіркесін беретін болды. э – әрпі тек кірме 
сөздерде, ал у, и таңбалары ый, ій, ұу, үу – дыбыс тіркестерін 
белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу], [у];
/и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш]. 
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз. Және соңғы 
қатынасты көре отырып, әріп саны фонема санынан артық 
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты 
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3 
әріп, сонда 26 фонема: 33 әріп (мұнда цитаталық принцип үшін 
алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ). 
Бүгінде, қазақ жазуының латын графикасын қабылдау 
қарсаңында алдымен әліпбидегі әріп саны мен тілдегі фо-
нема қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр. Өйткені 
қолданыстағы әліпбиде 42 әріп, латын әліпбиінде 26 әріп бар. 
Жалпы жазу теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби 
– жетілген, әріп саны фонема санына тең әліпби – жетілдіруге 
болатын, әріп саны фонема санынан көп әліпби – жетілмеген, 
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу 
дәстүрі қалыптанған, жазу графикасы тұрақты ағылшын, фран-
цуз, неміс жазулары тарапынан шығарылған теория. Сондықтан 
жазу үнемділігін жасаған қазіргі әліпбидегі таңбалар туралы 
ойлану керек. мысалы, и, у, ю (и әрпінен басқа тіркесімде), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет